- •Isbn 9965-803-47-1
- •Isbn 9965-803-47-1
- •1.1 Сызба. Қоғамдық жүйедегі қатынастардың дәйектілігі (бағыныңқылығы)
- •1.2 Сызба. Қоғамдық өнімді өндіру, оның құнын бөлу және қайта бөлу
- •Сызба. Қаржы қажеттігінің факторлары
- •1.2 Ұлттық өндіріс көлемдерін өлшеу.
- •Қаржының айрықшалықты белгілері
- •1.4. Қаржының функциялары және рөлі
- •1.5. Құндық экономикалық категориялардың өзара іс-әрекеті мен өзара байланысы
- •1.6. Қаржылық ресурстар мен қорлар қаржылық қатынастардың объекті ретінде
- •1.4 Сызба. Қаржылық ресурстардың құрамы
- •1.7. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары
- •1.7 Сызба. Қаржылық қорлардың сыныптамасы
- •1.5 Сызба. Функциялық критерийі бойынша қаржы жүйесінің құрылымы
- •1.6 Сызба. Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің сызбасы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Қаржылық саясаттың мазмұны, міндеттері және қағидаттары
- •2.1 Сызба. Қоғамдық-экономикалық формацияның базис және қондырма жүйесіндегі қаржы
- •2.2. Қаржылық саясатты жасау
- •2.3 Қаржылық механизмнiң мазмұны мен құрылымы
- •2.2 Сызба. Қаржылық механизмнiң жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1 Қаржыны басқару ұғымы
- •3.2. Мемлекеттің қаржысын басқару
- •3.3. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару
- •3.4. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері, қағидаттары және әдістері
- •4.2. Қаржы жоспарларының жүйесі
- •4.3. Қаржылық көрсеткіштер
- •4.4 Қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Қаржылық құқықтық қатынастар және қаржылық-құқықтық нормалар
- •5.1 Сызба, Қаржы мен құқықтың өзара іс-әрекеті. Қаржылық-құқықтық механизмнің қалыптасуы
- •5.2. Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері
- •5.3. Қаржы заңнамасы жүйесіндегі қаржылық-құқықтық актілер
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидаттары
- •6.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы
- •6.1. Сызба. Түрлері бойынша қаржылық бақылаудың сыныпталуы
- •6.3. Аудиторлық бақылау (аудит)
- •6.4. Қаржылық бақылаудың әдістері
- •6.5. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру негіздері
- •Бақылау сұрақтары
- •7.1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны
- •7.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
- •7.1 Сызба. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
- •7.3. Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері
- •7.4 Шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігін жаңғыртудың қаржылық ерекшеліктері және оның әртараптандырылуы
- •Бақылау сұрақтары
- •8.1. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері
- •8.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қорлары
- •8.3. Өндірістік капиталдар және шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің қаржылық нәтижелері.
- •Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметі нәтижелерінің қалыптасу сызбасы
- •8.5. Компаниялардың, фирмалардың қаржылық менеджменті
- •Бақылау сұрақтары
- •9.1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру
- •9.2. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері
- •9.3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердін шығыстары
- •Бақылау сұрақтары
- •10.1. Мемлекеттің экономикалық қызметі
- •10.1 Сызба. Құйылым шығындары
- •10.2 Сызба. Құйылым пайдалары
- •10.3 Сызба. Құйылым пайдаларын реттеу
- •10.2 Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер
- •10.4 Сызба.Тауар әлеміндегі қоғамдық тауарлар, қызметтер, игіліктер
- •10.3. Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы
- •10.5 Сызба. Қазақстанның мемлекет қаржысының құрамы
- •Бақылау сұрақтары
- •11.1. Мемлекет кірістерінің мәні
- •11.1 Сызба. Қаржылық ресурстар, мемлекеттің кірістері мен шығыстары
- •11.2 Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •12.1. Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
- •12.2. Қазақстанның салық жүйесі
- •1) Салықтар:
- •2) Бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер:
- •12.3. Салық салуды ұйымдастыру
- •12.1. Сызба. Салықтық механизмнің элементтері
- •12.2. Сызба. Салық нұсқамасы
- •12.3 Сызба. Үйлесімді және прогрессивті салық салу
- •12.4. Корпоративтік табыс салығы
- •12.4 Сызба. Корпоративтік табыс салығын есептеу және өндіріп алу
- •12.5. Жеке табыс салығы
- •12.6. Шетелдік заңи және жеке тұлғалардың табыстарына салық салу
- •12.2 Кесте. Бейрезиденттердің табыстары бойынша төлем көзінен салық салу мөлшерлемелері
- •12.7. Жанама салықтар
- •12.5 Сызба. Есепке жатқызылған ққс-ты өндіріп алу
- •12.3 Кесте. Ққс-тың іс-әрекет механизмінің сызбасы
- •12.8. Экспортқа рента салығы
- •12.9. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары
- •12.10. Әлеуметтік салық
- •12.11. Меншікке салынатын салықтар
- •12.12. Құмар ойын бизнесі салығы
- •12.13. Тіркелген салық
- •12.14. Арнаулы салық режімдері
- •12.15. Басқа міндетті төлемдер
- •12.16. Салықтарды аудару
- •12.6 Сызба.
- •12.17. Салықтардан жалтарыну
- •Бақылау сұрақтары
- •13.1. Мемлекет шығыстарының мәнi, құpaмы және сыныптамасы
- •13.2. Экономиканы қаржыландыру
- •13.3. Ғылыми-техникалық прогресті қаржыландыру
- •13.4. Әлеумeттiк-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар
- •13.5. Халықты әлеуметтiк қopғay шығыстары
- •13.6. Қорғанысқa және басқаруға жұмсалатын шығыстap
- •Бақылау сұрақтары
- •14.1. Мемлекеттік бюджеттің мазмұны, әлеуметтік-экономикалық мәні және рөлі
- •14.1 Сызба. Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы
- •14.2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
- •14.2 Сызба. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
- •14.3 Сызба. Баланстандырылған бюджеттік әдістің іс-әрекеті.
- •14.3 Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік реттеу механизмі
- •14.4. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
- •14.4 Кесте. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің құрамы мен құрылымы
- •14.5. Бюджеттік сыныптама
- •14.6. Бюджет тапшылығы, оның сыныптамасы. Бюджет тапшылығының тұжырымдамалары
- •14.7. Бюджеттік үдеріс
- •Бақылау сұрақтары
- •15.1. Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
- •15.2. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
- •15.1 Кесте. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерімен шығыстарының көлемі және құрылымы (2008 ж)
- •15.3. Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс
- •15.4. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
- •Бақылау сұрақтары
- •16.1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •16.2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.3. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.4 Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
- •16.4 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
- •Бақылау сұрақтары
- •15.1. Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
- •15.2. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
- •15.1 Кесте. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерімен шығыстарының көлемі және құрылымы (2008 ж)
- •15.3. Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс
- •15.4. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
- •Бақылау сұрақтары
- •16.1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •16.2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.3. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.4 Қазақстанның Республикасының Ұлттық қоры
- •16.4 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
- •Бақылау сұрақтары
- •Пен мемлекеттік борыш
- •17.1 Мемлекеттік кредиттің мәні
- •17.2. Мемлекеттік кредиттің нысандары мен әдістері
- •17.3. Сыртқы (халықаралық) кредит
- •17.4. Мемлекеттік борыш
- •17.2 Сызба. Мемлекеттік кредиттегі себеп-салдарлық өзара байланыстар
- •17.5. Елдің сыртқы борышы
- •17.1 Кесте.Сыртқы борыштың салыстырмалы параметрлері
- •17.2 Кесте. Жалпы сыртқы борыштың динамикасы, млрд ақш долларында.
- •17.6. Мемлекеттік борышты басқару
- •17.7. Мемлекеттік борыштың экономикалық салдарлары
- •17.2 Сызба. Өндірістік мүмкіндіктердің қисық сызығы
- •17.3 Сызба.
- •17.2 Кесте. Орта мерзімді кезеңдегі мемлекеттік берешек параметрлерінің шоғырланымдық ұлғаюы
- •Бақылау сұрақтары
- •IV бөлім. Үй шаруашылықтарының қаржысы
- •18.1. Үй шаруашылықтары қаржысының ұғымы және функциялары
- •18.1 Сызба. Экономикалық жүйеде ресурстардың, өнімдердің және табыстардың толық айналымы
- •18.2. Үй шаруашылықтарының қаржылық ресурстары және бюджеті
- •18.3. Үй шаруашылықтарының табыстары және олардың құрамы
- •18.4. Халықтың тұрмыстық деңгейін мемлекеттік реттеу
- •18.2 Сызба. Лоренцтің қисық сызығы
- •18.5. Мемлекеттік әлеуметтік трансферттер
- •18.1 Кесте. Табыс тұрғысынан Қазақстандағы кедейлік деңгейі
- •18.6. Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі
- •18.7. Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстары және олардың сыныптамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •Және әлеуметтік негіздері
- •19.1. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары
- •19.2. Мүліктік және жеке басты сақтандыру ерекшеліктері
- •19.3. Әлеуметтік сақтандыру
- •19.4. Медициналық сақтандыру
- •19.5. Сақтық рыногы
- •Бақылау сұрақтары
- •20.2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы
- •20.3. Фискалдық саясаттың нұсқалары
- •20.4. Экономикалық реттеу теорияларындағы қаржы
- •20.5. Рыноктық тепе-теңдікке салықтардың әсері
- •Бақылау сұрақтары
- •21.1. Қаржы рыногы туралы ұғым
- •21.1 Сызба. Қаржы рыногы мен бағалы қағаздар рыногының өзара байланысы
- •21.2. Бағалы қағаздар рыногы. Бағалы қағаздардың сыныптамасы.
- •21.2 Сызба. Бағалы қағаздардың сыныптамасы
- •21.3. Бағалы қағаздардың шығарылымы және айналысы.
- •21.4. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары
- •21.5. Қор биржасы
- •21.6 Қор рыногының индикаторлары
- •Бақылау сұрақтары
- •Байланыстар жүйесіндегі қаржы
- •22.1. Сыртқы экономикалық қызметтің сипаттамасы және оның даму бағыттары
- •22.2. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері
- •22.1 Кесте. Валюта бағамдары өзгерімінің экспорт пен испорттың көлеміне әсері (шетелдік ақшалай өлшемдерінде – шет. Ақшалай өлш. Және ұлттық ақшалай өлшемінде – ұлт. Ақшалай өлш.)
- •22.3. Сыртқы экономикалық қызметті салықтық реттеу
- •22.2 Кесте. Кеден баждарының түрлері
- •22.3. Валюталық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану
- •22.4. Елдің төлем балансы
- •22.3 Кесте. 2008 жылғы Қазақстан Республикасының жиынтық төлем балансы
- •Бақылау сұрақтары
- •23.1. Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы.
- •2 3.1 Сызба. Қаржы мен инфляцияның өзара іс-әрекеті
- •23.3 Сызба. Инфляциялық шиыршық
- •23.2. Сызба. Инфляциның сипаттамасы және оның іс-әрекеті.
- •23.2. Инфляцияға қарсы саясат шаралары
- •Бақылау сұрақтары
15.1 Кесте. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерімен шығыстарының көлемі және құрылымы (2008 ж)
Түсімдерді атауы млрд.
|
млрд. тенге
|
жиын ға, %
|
мем. бюд-жетке % |
І. КІРІСТЕР |
1830,1 |
100,0 |
45,4 |
Салықтық түсімдер |
748,1 |
40,9 |
26,5 |
Салықтық емес түсімдер |
13,2 |
0,7 |
15,4 |
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер |
48,4 |
2,6 |
84,5 |
Трансферттер түсімдері |
1020,4 |
55,8 |
|
ІІ. ШЫҒЫНДАР |
1798,8 |
100,0 |
53,0 |
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер |
78,3 |
4,4 |
34,9 |
Қорғаныс |
12,3 |
0,7 |
5,5 |
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқық-тық, сот, қылмыстық – атқару қызметі |
51,6 |
2,9 |
19,0
|
Білім беру |
475,7 |
26,5 |
83,1 |
Денсаулық сақтау |
320,8 |
17,8 |
88,3 |
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру |
61,9 |
3,4 |
9,9
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруа-шылығы |
231,9 |
12,9 |
99,1 |
Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат-тық кеңістік |
108,5 |
6,0 |
66,2
|
Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану |
42,1 |
2,3 |
69,6
|
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары |
72,2 |
4,0 |
42,4
|
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі |
39,1 |
2,2 |
97,5
|
Көлік және коммуникация |
198,2 |
11,0 |
59,6 |
Басқадай шығындар |
11,2 |
0,6 |
11,6 |
Борышқа қызмет көрсету |
0,6 |
0,04 |
1,1 |
Трансферттер |
94,4 |
5,2 |
|
ІІІ. ОПЕРАЦИЯЛЫҚ САЛЬДО |
31,4 |
|
4,9 |
IV. ТАЗА БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕУ |
7,5 |
|
17,5 |
Бюджеттік кредиттер |
8,1 |
|
17,1 |
Бюджеттік кредиттерді өтеу |
0,6 |
|
13,5 |
V. ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕРМЕН ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША САЛЬДО |
36,7 |
|
3,9
|
Қаржылық активтерді сатып алу |
38,0 |
|
4,1 |
Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер |
1,2 |
|
92,3
|
VI. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ (ПРОФИЦИТІ) |
-12,8 |
|
3,8
|
VII. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ (ПРОФИЦИТТІ ПАЙДАЛАНУ) |
12,8 |
|
3,8
|
Қарыздарды өтеу |
|
|
|
Дереккөз: Қаржы министрлігінің статистикалық бюллетені.
Қазақстан бойынша орта есеппен жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдердің жекелеген санаттарының арасындағы ара салмағы 15.1 кестенің мәліметтері бойынша республикалық бюджеттен берілетін трансферттердің басымдығымен (55,8%) қалыптасып отыр; салықтық түсімдер, жоғарыда атып өтілгендей, 40,9%-ды құрайды, олардың ішінен әлеуметтік салық – 13,7%, жеке табыс салығы – 14,6% басым болып отыр.
Сөйтіп, түсімдердің екінші көзі республикалық бюджеттен берілетін трансферттер болып табылады. Әйтседе, орта есеппен, олар түсімдердің 55,8%-ын құрғанмен, бірқатар субвенциялық облыстардың (Шымкент, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары) бюджеттерінде әлеуметтік-экономикалық қажет-тіліктерді қаржыландырудың қолайлы деңгейіне жету үшін меншікті салықтық және басқа түсімдердің жетіспейтіндігінен бұл түсім көзі 70 пайызға дейін барады. Бұл мұндай облыстардың салық базасының нашарлығымен байланысты.
Бұл аспектіде республикалық бюджет арқылы бюджеттік алынымдар мен субвенциялар механизмінің көмегімен түсімдерді қайта бөлу проблемасы көкейтесті болып табылады, яғни объективті қағидаттарға негізделген бұл механизмді меңгеріп алуды қажет етеді. Мысалға, Алматы өңірінде айтарлықтай сәйкессіздіктер бар: тек Алматы қаласының табыстық әлеуеті бүкіл мемлекеттік бюджеттің 25%-ға жуығын құрайды, бұл уақытта қала бюджетінің шығыстары мемлекеттік бюджет шығыстарының 7%-ын құрайды, бұл қала бойынша жиналатын түсімдердің 2/3-сі республикалық бюджетке жұмылдырылатынды білдіреді. Оның үстіне, қалған 1/3 бөлігінен қала бюджеті республикалық бюджетке бюджеттік алынымдар түрінде түсімдердің тағы жартысын аударады. Қарсы жағдайда Алматы облысының жалпымемлекеттік әлуетте 2,6% салықтық әлуеті бола отырып, мемлекеттік бюджет жиынының 4%-дан жоғары шығынын жасайды, яғни бюджет субвенциялар есебінен 50%-ын қалыптастырады.
Жергілікті бюджеттердің проблемасы сондай-ақ олардың меншігін құрайтын шаруашылық салалары (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, мәдениет және шығармашылық мекемелері, коммуналдық инфрақұрылым – су құбыры, көлік, тазалау службасы және басқалары) бюджеттерді қалыптас-тыруға кіріс бермек түгіл өздері залалды болып келеді және жергілікті бюджеттер қаражаттарының едәуір бөлігін жеп қоятындығында болып отыр. Меншікті республикалық және коммуналдық етіп бөлген кезде биліктің жергілікті органдарының басқаруына залалды кәсіпорындар немесе шамалы кіріс әкелетіндері берілген.
Жергілікті бюджеттерде тиісті қаржы жылына арналған оларды әзірлеу кезінде жоспарланбаған шығындарды, олардың тосындығына және ағымдағы қаржы жылында шұғыл қаржыландыруды талап ететіндігіне байланысты қаржыландыру үшін резерв қарастырылады.
Облыстық деңгейдің атқарушы органдарының резерві мыналарды кіріктіреді: төтенше резерв; шұғыл шығындарға, соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға, ағымдағы қаржы жылында оның болжамы жағдайында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резервтер.
Аудан деңгейінің атқарушы органдарының резерві төтенше резервті, шұғыл шығындар резервін, соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резервті кіріктіреді.
Жергілікті бюджеттердің шығыстары да республикалық бюджеттің шығыстары сияқты негізінен мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады: жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету; қорғаныс, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік; білім беру, денсаулық сақтау; әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы; мәдениет спорт, туризм және ақпараттық кеңістік; ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау; өнеркәсіп және құрылыс; көлік және байланыс; экономикалық қызметті реттеу (кәсіпкерлік қызметті қолдау); басқа да бағыттар: аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін трансферттер, республикалық бюджетке берілетін трансферттер, жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің шығыстарында денсаулық сақтау, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, экономикалық қызметті реттеу бағыттары бойынша жүзеге асыру көзделінбейді.
Жергілікті бюджеттерден кадрларды қайта даярлауды және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қоса алғанда, қызмет түрлерін орындайтын мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етуге, бюджеттік инвестициялық жобаларға (бағдарламаларға), жергілікті басқару органдарының заңдарында көзделген өзге де функцияларына жұмсалатын шығындар да қаржыландырылады.
Жергілікті бюджеттерден қаржыландыратын жергілікті атқарушы органдарды ұстауға арналған шығындар Үкімет бекітетін штат санының жалпы лимиті және заттай нормалар негізінде жоспарланады.
Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің құрамында қаладағы ауданның, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары мынадай бағыттар бойынша көзделеді: қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі аппаратының жұмыс істеуі; шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асыру; азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі қызметті қамтамасыз ету; мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерін материалдық- техникалық қамтамасыз ету; ерекше жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік
көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру; мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету; елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету; жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу; елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру; мәдениет мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету және басқа да бағдарламалар.
Жергілікті бюджеттердің шығыстарында әлеуметтік инфрақұрылымдарды – білім беруді, денсаулық сақтауды, халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру экономикалық салалардан – көлікке және отын-энергетика кешеніне жұмсалған шығыстар басым болып отыр (15.1 кестені қараңыз).
Қорғанысқа жұмсалатын шығыстардың функциялық тобы азаматтық қорғаныс (төтенше уақиғалар кезінде) пен әскери комисариаттардың шығындарын қаржыландыруды білдіреді.
Трансферттерде – жоғарғы бюджетке (бұл жерде республикалық бюджетке) беру үшін жергілікті бюджеттерден қаражаттарды алуға жұмсалынған шығыстардың үлес салмағы айтарлықтай жоғары.
Бюджеттік алынымдар дамудың анағұрлым жоғары экономикалық дәрежесіне байланысты немесе табиғи жағдайы бойынша орта есеппен елдегіден жоғары салық базасы және тиісінше, салықтық түсімдердің жоғары деңгейі бар облыстарда болады. Субвенциялар да, сондай-ақ алынымдар да әкімшілік-аумақтық бөліністердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін теңестіру үшін пайдаланылады.
Жеке функциялық топтар бойынша мемлекеттік бюджет шығыстарындағы жергілікті бюджеттер шығыстарының үлесінде әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымды қаржыландыру бағыт-тары бойынша ол басым орын алады, мысалы: тұрғын Үй коммуналдық шаруашылығы – 100%, білім беру – 81,5%, денсаулық сақтау – 87,8%, мәдениет, спорт, ақпараттық кеңістік – 60,4%.
Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмекке жұмсалынған шығыстар 8,9%-ды алады, бұл олардың басқарудың жоғарғы басым әкімшілік етуімен түсіндіріледі.
Басқа топтар бойынша шығыстардың көлемдері айтарлықтай әжептәуір: басқару (жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер) – 26,8%, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік – 18,6%.
Жергілікті бюджеттердің шығыс бөлігінде жалпы экономикалық қаржыландырудың үлес салмағы азғантай – 16,1% (мемлекеттік бюджетте – 18,4%), бірақ екі жағдайда қызметтің «Көлік және коммуникация» түрі басым болып отыр – тиісінше 10,6% және 9,3%.
Жергілікті деңгейдегі қаражаттық түсімдер мен жұмсалымының құрамы мен құрылымы әкімшілік-аумақтық бөліністердің әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесін анықтайтын мынандай факторларға байланысты: өндірістік объектілердің болуы, табиғи ресурстар, әлеуметтік және тұрмыстық инфрақұрылым объектілері, бөлініс мәртебесі, халықтың жиілігі, табиғат-климат жағдайлары және т.с.с.
