Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Соңғы нұсқасы ҚҰЛПЫБАЕВ С Айгерим.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
7.15 Mб
Скачать

14.7. Бюджеттік үдеріс

Бюджеттік қаражаттарды тиімді басқару тікелей бюджеттік үдеріспен байланысты.

Бюджеттік үдеріс – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау және түзету, бюджеттік есеп пен бюджеттік есептемені, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептемені жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, бюджеттік мониторинг және нәтижелерді бағалау бойынша регламенттелген мемлекеттік органдардың қызметі. Бюджеттік үдерістің барлық стадиялары өзара байланысты және қоғамның экономикалық үдерістерін ғана емес, сонымен бірге саяси өмірінің тікелей бейнеленуі болып табылады.

Бюджеттерді жоспарлау, атқару, бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау атқарушы билік органдарының функ-циялары, қарау және бекіту Парламент пен жергілікті өкілетті органдардың функциялары болып табылады; бюджеттердің атқарылуы бақылауды биліктің екі тармағы орындайды. Қазақстан Республикасы Президентінің функциялары – елдің бюджеттік саясатының негізгі бағыттарын, республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті әзірлеу тәртібін анықтау, мемлекеттік төтенше бюджетті енгізу туралы шешім, Республикалық бюджеттік комиссияны құру, Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес басқадай өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Бюджеттік үдерісте мына құжаттар пайдаланылады:

1) республиканың немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлерінің болжамы.

2) республикалық бюджет туралы заң, жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімі;

3) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары;

4) операциялық жоспарлар.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды: макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамын, әлеуметтік параметрлердің болжамын, Қазақстан Республикасының бесжылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының үрдістері мен басымдықтарын, үш жылға арналған бюджеттік параметрлердің болжамын ескере отырып әзірленеді.

Бюджеттік параметрлердің болжамы:

Қазақстан Республикасының салықтық-бюджеттік саясатының негізгі бағыттарын;

Мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы шоғырландырылған бюджеттің болжамдарын;

Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжанатын көлемін және басқаларды қамтиды.

Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары жоспарлы кезеңге жыл сайын Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжат-тары, әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің мақұлдаған болжамы негізінде әзірленеді.

Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары бекітілгеннен кейін мемлекеттік органдардың басшылары меморандумдар әзірлейді.

Меморандум мемлекеттік орган басшысының кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген бюджеттік қаражаттар шегінде стратегиялық жоспарда көзделген мемлекеттік орган қызметінің тура және түпкі нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз ету ниетін растайтын құжатты білдіреді.

Стратегиялық жоспарды жүзеге асыру үшін мемлекеттік орган операциялық жоспар әзірлейді, ол ресурстарды, стратегиялық жоспардың мақсаттарына, міндеттеріне және нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі іс-шаралардың жауапты орындаушылары және жүзеге асыру мерзімдері бойынша байланыстырылған мемлекеттік органның ағымдағы қаржы жылындағы нақты іс-қимылдарын қамтитын құжат болып табылады.

Республикалық бюджетті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі әзірлейді.

Бюджеттік түсімдерді болжауды әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамын ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

Республикалық және жергілікті бюджеттерді тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.

Республикалық бюджет жобасын әзірлеудің кезеңдері, мерзімдегі және іс-шаралары белгіленген.

Республикалық бюджет жобасын әзірлеу үдерісі мынадай кезеңдерді:

1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлері болжамының жобасын әзірлеу және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің мақұлдауын;

2) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын, бюджеттік өтінімдерді әзірлеу және оларды Республикалық бюджет комиссиясында қарауды;

3) республикалық бюджет туралы заң жобасын әзірлеуді қамтиды. Мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің болжамдары, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша шығыстардың болжамды көлемдері және мемлекеттік органдардың страте-гиялық жоспарларының жобалары айқындалатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамы бюджетті жоспарлаудың базалық негізі болады.

Республикалық бюджет жобасы Қазақстан Республикасы заңымен, жергілікті бюджет жобасы тиісті мәслихаттардың шешімімен бекітіледі.

Республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды, жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу тәртібін Үкімет айқындайды.

Өтеусіз техникалық көмек түрінде байлаулы гранттар алынған кезде ғана, сондай-ақ тек Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімшартта көзделген жағдайларда тауарлардың (жұмыстардың, қызмет-тердің) құны түрінде бюджеттік түсімдерді көрсетуге жол беріледі. Бұл ретте шығыстарда алынған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құнына тең көлемде бюджеттік бағдарлама көзделуге тиіс.

Бюджет шығыстарын жоспалау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға стратегиялық жоспарлардың жобаларын, өткен қаржы жылындағы стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есептерді, бюджеттік өтінімдерді ұсынады.

Бюджет шығыстары базалық шығыстар және жаңа бастамалар шығыстары болып бөлінеді.

Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сонымен бірге бюджет-тен ортақ қаржыландыру шарттарында басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың шығыстары базалық шығыстар болып табылады. Тұрақты сипаттағы шығыстар деп мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер және мемлекеттік қызметтер көрсетумен, трансферттер төлеумен және мемлекеттің басқа міндеттемелерімен байланысты шығыстарды айтады.

Жаңа бастамалар шығыстарына: кейіннен жаңа бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа басым бағыттарын іске асыруға, макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің өзгеруімен байланысты емес және іс жүзіндегі бюджеттік бағдарламалар шеңберінде бюджеттік қаражаттарды жұмсаудың қосымша бағыттарын (атқарылатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің және мемлекеттік қызметтердің көлемін кеңейтуді) көздейтін базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталатын шығыстар жатады.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі шығыстардың көлемдерін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге құжаттардың жиынтығы болып табылатын бюджеттік өтінімдер жасайды.

Кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) мөлшері ішкі жалпы өнімге ақшалай тұлғалауда және пайызбен көрсетіледі.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешіктірмей ұсынады.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган стратегиялық жоспарлаудың жобаларын бюджеттік бағдарламар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, әлеуметтік-экономикалық даму бюджеттік параметрлер болжамына, Қазақстан Республикасының бюджет және басқадай заңнамасына, қолданыстағы натуралдық нормаларға және мемлекеттік қызметтердің стандарттарына олардың сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган арасындағы келіспеушіліктер бюджеттік комиссияда қаралады.

Бюджеттік комиссия бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын стратегиялық жоспарлардың жобаларымен, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдардың қорытындыларымен өзара байланыста қарайды және олар бойынша әзірлейді.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджеттік комиссия қабылдаған шешімдердің негізінде республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасы негізінде республикалық бюджет туралы заңның жобасын жасайды және оны Үкіметтің қарауына ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешіктірмей ұсынады.

Республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтінінде:

кірістердің, трансферт түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдоның, тапшылықтың (профициттің), тапшылықты қаржыландырудың (профицитті пайдаланудың) көлемі;

жалақының, зейнетақының ең төменгі мөлшері, айлық есептік көрсет-кіштің, ең төменгі күнкөріс деңгейінің және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері;

жергілікті бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттік алынымның көлемі;

республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі;

Үкімет резервінің мөлшері;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт көлемі;

мемлекет кепілгерлігін беру лимиті;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерінің лимиті;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті;

үкіметтік борыш лимиті және басқа да қағидалар қамтылуға тиіс.

Республикалық бюджет туралы заңның жобасын Үкімет ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізеді.

Республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 1 тамызынан кешіктірілмей аяқталады.

Республикалық бюджет әуелі Мәжілісте, ал сонан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы ағымдағы қаржы жылының 1 желтоқсанынан кешіктірілмей палаталардың бөлек отырысында бекітіледі.

Егер Парламент ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаса Президент кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы жарлық шығаруға құқылы, ол республикалық бюджет туралы заңды Парламент бекіткенге дейін қолданылады. Бұл республикалық қаржы жоспары кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары бекітілген жағдайда, осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуге тиіс. Бұл ретте осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескеріле отырып бекітіледі.

Республикалық бюджет туралы заң қосымшаларымен бірге, Президенттің алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы қосымшаларымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу немесе оның күшін толық немесе ішінара жою туралы жарлықтары төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу, енгізу немесе оның қолданысын тоқтату үшін негіз болып табылады. Қазақстан Республикасының бірнеше өңірінің аумағында бір мезгілде төтенше жағдайды енгізу төтенше жағдайдың салдары республиканың ұлттық мүддесі мен экономикалық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіруі мүмкін жағдайда ғана төтенше мемлекеттік бюджетті енгізу үшін негіз болып табылуы мүмкін.

Төтенше мемлекеттік бюджетті Қазақстан Республикасы заңнамасында

белгіленген тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітіледі.

Бюджетке түсімдердің түсуін, бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдар-ламалардың) іске асырылуын қамтамасыз ету, бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бюджеттің атқарылуы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысы жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 20 желтоқсанына дейін қабылданады және қаулы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға республикалық бюджеттің уақытылы атқарылуын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды көздейді.

Республикалық бюджеттің атқарылуын Үкімет, жергілікті бюджеттердің атқарылуын жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттердің атқарылуы саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асырылуын жүзеге асырады, өзінің құзыры шектерінде Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, бекітеді, Республикалық жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бухгалтерлік және бюджеттік есеп, қаржылық және бюджеттік есептеме саласында әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады.

Бюджеттің атқарылуы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталады.

Бюджеттің атқарылуы кассалық негізде жүзеге асырылады.

Бюджеттің атқарылуы республикалық бюджет туралы заңмен немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік қаражаттар көлемінің шектерінде жүзеге асырылады.

Бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттердің атқарылуы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру бюджеттің атқарылуы жөніндегі тиісті уәкілетті органға жүктеледі.

Бюджеттің атқарылу рәсімдерін және оларға кассалық қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Аударым операцияларын орталықтандырып жүзеге асыру және олардың есебін жүргізу үшін Ұлттық банкте ұлттық валютамен бірыңғай қазынашылық шот ашылады. Ол қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражаттардың қалдықтарын кіріктіреді.

Бюджеттің атқарылуы кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қаржыландырудың жылдық жоспарын – бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бойынша бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) жылдық түсімдер көлемімен теңдестірілген қаржыланды-рудың жылдық көлемдерін айқындайтын құжатты жасап, бекітеді. Қаржылан-дырудың жылдық жоспары да бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бағытталады.

Бюджеттік түсімдер бойынша атқарылуы бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органның Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің толық және уақтылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуі болып табылады.

Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы: түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жатқызуды; түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер және Ұлттық қор арасында бөлуді; бюджеттен артық (қате) төленген түсімдер сомасын қайтаруды не оларды берешекті өтеу есебіне есепке жатқызуды кіріктіреді.

Бюджетке түсетін түсімдер ақшалай нысанда жүзеге асырылады және бюджетке түсетін түсімдердің сыныптамасына сәйкес Үкімет белгілеген тәртіппен толық көлемде бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазылады.

Бюджетке шетелдік валютамен түсетін, Ұлттық банк шетелдік валютамен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шотына есепке жазылған түсімдер қайта айырбасталуға және бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазылуға тиіс.

Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер және Ұлттық қор арасында бөлуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әрбір жұмыс күні Бюджеттік кодекске сәйкес жүзеге асырады.

Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің өздеріне арналған бюджеттік қаражаттарды Бюджеттік кодекстің талаптарына, тиісті нормативтік құқықтық актілердің қағидаларына сәйкес және мемлекеттік органдар қызметінің алдын-ала белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізу мақсаттарында өздерінің пайдалануы болып табылады.

Бюджеттің шығыстары бойынша атқаруылуы мемлекеттік мекемелердің келісімшарт нысанында жасасылған тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге және басқа міндеттемелерге сәйкес төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру нәтижесінде бірыңғай қазынашылық шоттан қаражаттарды есептен шығаруды кіріктіреді.

Бюджетті атқару кезінде мемлекеттік мекемелер бюджеттік қаражаттарды бірыңғай бюджеттік сыныптамаға жасасылған азаматтық-құқықтық мәмілелерге, оларға сай бюджеттік қаражаттар бөлінген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес пайдалануға міндетті.

Мемлекеттік мекемелер тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың дара жоспарларында бекітілген сомаларға сәйкес берілген сомалар, рұқсаттар шегінде ғана міндеттемелер қабылдайды.

Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру алдын ала ақы төлеу нысанындағы төлемдерді қоспағанда, төлемдерді растайтын құжаттардың негізінде орындалады. Бюджеттен төленетін төлем сомасы мемлекеттік мекемелер міндеттемелерінің сомасынан аспауға тиіс.

Бюджеттен төленетін төлемдер тиісті бюджеттегі қолма-қол ақшаның бақылау шотындағы бюджеттік қаражаттардың қалдығы шегінде жүзеге асырылады.

Төлемдердің уақытылы және толық төленуін қамтамасыз ету үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган республикалық және жерілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтарын және ағымдағы қаржы жылының тиісті кезеңіне арналған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) деңгейіндегі төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүргізілетін төлемдерді есепке ала отырып, бюджет қаражатының (қолма-қол ақшаның) күтілетін көлемін айқындайды.

Төлемдердің бюджетке түсетін түсімдердің мерзімдеріне сәйкес төлемдердің уақтылы төленуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешені бюджеттік ақшаны басқару деп аталады. Оны басқаруды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. Ол түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген көлемде төлемдерді қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды.

Бюджеттің орындалу барысында бюджеттерді нақтылау – тиісті қаржы жылы ішінде республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттардың шешіміне өзгерістер мене толықтырулар енгізу арқылы бюджеттік көрсеткіштердің өзгертілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тұрақтылығына қауіп төндіретін ахуалды жою қажет болған, республикалық және жергілікті бюджеттер кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері қабылданған немесе өзгертілген және бюджеттерді атқару барысында түсімдері ағымдағы қаржы жылы олардың бекітілген жылдық көлемінен он пайыздан астам сомаға кеміген, жоғарғы бюджеттен қосымша бөлінген және бөлінген нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемдері өзгерген жағдайларда міндетті түрде бюджеттерді нақтылау жүргізіледі.

Республикалық бюджетті нақтылау Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес Үкіметтің және (немесе) Парламент депуттаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады. Республикалық бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстарды Республикалық бюджеттік комисия қарайды. Республикалық бюджетті нақтылау кезінде Бюджеттік кодексте белгіленген республикалық бюджетті әзірлеу мен бекіту кезіндегі талаптар сақталады.

Бюджеттерді атқару кезінде бекітілген түсімдер бюджеттерге толық түспеуі салдарынан бекітілген бюджеттік бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкін болмаған жағдайларда секвестр – бюджеттік қаражаттардың шығыстарын белгілі бір шектерде қысқартуды көздейтін арнайы тетік енгізіледі.

Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі белгіленеді.

Бюджеттік бағдарламаларды олардың бекітілген жылдық көлемінің он пайызынан кем сомаға секвестрлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша, ал он пайыздан астам сомаға секвестрлеу заңның немесе мәслихат шешімінің негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Алайда бюджеттік бағдарламалар қысқартылған кезде олардың басымдығы мен әлеуметтік бағыттылығы ескеріледі.

Республикалық және жергілікті бюджеттерді секвестрлеу кезінде бюджеттік қаражаттар есебінен жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша туындаған қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңдамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бюджетті түзету деп кезекті қаржы жылына арналған міндеттемелер

бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың қаулылары және өзге нормативтік құқықтық актілер негізінде түсімдер мен төлемдер бойынша, өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бекітілген (нақтыланған) республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы бюджеттік көрсеткіштерді өзгертуді айтады.

Республикалық және жергілікті бюджеттерді түзету орталық мемлекеттік органдар және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен оларға ведомстволық бағыныштағы мемлекеттік мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, функциялары өзгертілген жағдайларда, бюджетте бюджеттік бағдарламалардың белгілі бір әкімшісінің бюджеттік бағдарламалары құрамында бекітілген бюджеттік бағдарлама қаражаты бюджеттік бағдарламалардың түрлі әкімшілері арасында бөлінген жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл ретте түзету аталған жағдайларға байланысты тиісті бюджеттік бағдарламаларды республикалық бюджет туралы заңмен және мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімінде бекітілген (нақтыланған) осы бюджеттік бағдарламалардың жалпы сомасы шегінде біріктіруді, бөлуді, беруді білдіреді.

Міндеттемелердің уақтылы қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақтылы жүргізілмеу себептерін анықтау, бюджеттік түсімдер мен шығыстардың атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында айқындалған нәтиженің көрсеткіштері бойынша деректерді тұрақты және жүйелі жинау, бақылап отыру және талдау мақсаттарында бюджеттік мониторинг жүргізіледі.

Бюджеттік мониторингті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады.

Бюджеттік мониторинг бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдардың бюджеттік есептемесі бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынатын ақпарат негізінде жүзеге асырылады.

Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есептер береді.

Өткен қаржы жылындағы Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті айдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей Үкіметке, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына ұсынады.

Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп бекітілген, нақтыланған түзетілген республикалық бюджетті, тіркелген міндеттемелерді, өзге нормативтік құқықтың актілер негізінде түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына төленбеген міндеттемелерді және республикалық бюджеттің бюджеттік бағдарлама (ішкі бағдарлама) бойынша төленген міндеттемелерін көрсетеді.

Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне ұсынады.

Парламент республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің жылдық есебін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін алғаннан кейін өз кезегімен, қарау арқылы алдымен – Мәжілісте, содан кейін Сенатта талқылайды. Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептері Парламенттің Мәжілісі мен Сенатында талқылағаннан кейін Парламент Палаталарының бірлескен отырысында бекітіледі.

Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептеме жүргізуге, олардың атқарылуын бақылауға республикалық деңгейде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, жергілікті деңгейде мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асырады.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті бюджеттік қатынастарды реттеу саласында республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүргізу тәртібін белгілейді, ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік қаржылық бақылаудың стандарттарын әзірлейді, сондай-ақ оларды бекітеді және олардың сақталуына, республикалық бюджеттің және төтенше мемлекеттік бюджеттің атқарылуына, бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешімердің орындалуына бақылауды және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.