
- •Isbn 9965-803-47-1
- •Isbn 9965-803-47-1
- •1.1 Сызба. Қоғамдық жүйедегі қатынастардың дәйектілігі (бағыныңқылығы)
- •1.2 Сызба. Қоғамдық өнімді өндіру, оның құнын бөлу және қайта бөлу
- •Сызба. Қаржы қажеттігінің факторлары
- •1.2 Ұлттық өндіріс көлемдерін өлшеу.
- •Қаржының айрықшалықты белгілері
- •1.4. Қаржының функциялары және рөлі
- •1.5. Құндық экономикалық категориялардың өзара іс-әрекеті мен өзара байланысы
- •1.6. Қаржылық ресурстар мен қорлар қаржылық қатынастардың объекті ретінде
- •1.4 Сызба. Қаржылық ресурстардың құрамы
- •1.7. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары
- •1.7 Сызба. Қаржылық қорлардың сыныптамасы
- •1.5 Сызба. Функциялық критерийі бойынша қаржы жүйесінің құрылымы
- •1.6 Сызба. Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің сызбасы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Қаржылық саясаттың мазмұны, міндеттері және қағидаттары
- •2.1 Сызба. Қоғамдық-экономикалық формацияның базис және қондырма жүйесіндегі қаржы
- •2.2. Қаржылық саясатты жасау
- •2.3 Қаржылық механизмнiң мазмұны мен құрылымы
- •2.2 Сызба. Қаржылық механизмнiң жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1 Қаржыны басқару ұғымы
- •3.2. Мемлекеттің қаржысын басқару
- •3.3. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару
- •3.4. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері, қағидаттары және әдістері
- •4.2. Қаржы жоспарларының жүйесі
- •4.3. Қаржылық көрсеткіштер
- •4.4 Қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Қаржылық құқықтық қатынастар және қаржылық-құқықтық нормалар
- •5.1 Сызба, Қаржы мен құқықтың өзара іс-әрекеті. Қаржылық-құқықтық механизмнің қалыптасуы
- •5.2. Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері
- •5.3. Қаржы заңнамасы жүйесіндегі қаржылық-құқықтық актілер
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидаттары
- •6.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы
- •6.1. Сызба. Түрлері бойынша қаржылық бақылаудың сыныпталуы
- •6.3. Аудиторлық бақылау (аудит)
- •6.4. Қаржылық бақылаудың әдістері
- •6.5. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру негіздері
- •Бақылау сұрақтары
- •7.1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны
- •7.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
- •7.1 Сызба. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
- •7.3. Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері
- •7.4 Шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігін жаңғыртудың қаржылық ерекшеліктері және оның әртараптандырылуы
- •Бақылау сұрақтары
- •8.1. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері
- •8.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қорлары
- •8.3. Өндірістік капиталдар және шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің қаржылық нәтижелері.
- •Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметі нәтижелерінің қалыптасу сызбасы
- •8.5. Компаниялардың, фирмалардың қаржылық менеджменті
- •Бақылау сұрақтары
- •9.1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру
- •9.2. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері
- •9.3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердін шығыстары
- •Бақылау сұрақтары
- •10.1. Мемлекеттің экономикалық қызметі
- •10.1 Сызба. Құйылым шығындары
- •10.2 Сызба. Құйылым пайдалары
- •10.3 Сызба. Құйылым пайдаларын реттеу
- •10.2 Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер
- •10.4 Сызба.Тауар әлеміндегі қоғамдық тауарлар, қызметтер, игіліктер
- •10.3. Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы
- •10.5 Сызба. Қазақстанның мемлекет қаржысының құрамы
- •Бақылау сұрақтары
- •11.1. Мемлекет кірістерінің мәні
- •11.1 Сызба. Қаржылық ресурстар, мемлекеттің кірістері мен шығыстары
- •11.2 Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •12.1. Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
- •12.2. Қазақстанның салық жүйесі
- •1) Салықтар:
- •2) Бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер:
- •12.3. Салық салуды ұйымдастыру
- •12.1. Сызба. Салықтық механизмнің элементтері
- •12.2. Сызба. Салық нұсқамасы
- •12.3 Сызба. Үйлесімді және прогрессивті салық салу
- •12.4. Корпоративтік табыс салығы
- •12.4 Сызба. Корпоративтік табыс салығын есептеу және өндіріп алу
- •12.5. Жеке табыс салығы
- •12.6. Шетелдік заңи және жеке тұлғалардың табыстарына салық салу
- •12.2 Кесте. Бейрезиденттердің табыстары бойынша төлем көзінен салық салу мөлшерлемелері
- •12.7. Жанама салықтар
- •12.5 Сызба. Есепке жатқызылған ққс-ты өндіріп алу
- •12.3 Кесте. Ққс-тың іс-әрекет механизмінің сызбасы
- •12.8. Экспортқа рента салығы
- •12.9. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары
- •12.10. Әлеуметтік салық
- •12.11. Меншікке салынатын салықтар
- •12.12. Құмар ойын бизнесі салығы
- •12.13. Тіркелген салық
- •12.14. Арнаулы салық режімдері
- •12.15. Басқа міндетті төлемдер
- •12.16. Салықтарды аудару
- •12.6 Сызба.
- •12.17. Салықтардан жалтарыну
- •Бақылау сұрақтары
- •13.1. Мемлекет шығыстарының мәнi, құpaмы және сыныптамасы
- •13.2. Экономиканы қаржыландыру
- •13.3. Ғылыми-техникалық прогресті қаржыландыру
- •13.4. Әлеумeттiк-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар
- •13.5. Халықты әлеуметтiк қopғay шығыстары
- •13.6. Қорғанысқa және басқаруға жұмсалатын шығыстap
- •Бақылау сұрақтары
- •14.1. Мемлекеттік бюджеттің мазмұны, әлеуметтік-экономикалық мәні және рөлі
- •14.1 Сызба. Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы
- •14.2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
- •14.2 Сызба. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
- •14.3 Сызба. Баланстандырылған бюджеттік әдістің іс-әрекеті.
- •14.3 Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік реттеу механизмі
- •14.4. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
- •14.4 Кесте. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің құрамы мен құрылымы
- •14.5. Бюджеттік сыныптама
- •14.6. Бюджет тапшылығы, оның сыныптамасы. Бюджет тапшылығының тұжырымдамалары
- •14.7. Бюджеттік үдеріс
- •Бақылау сұрақтары
- •15.1. Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
- •15.2. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
- •15.1 Кесте. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерімен шығыстарының көлемі және құрылымы (2008 ж)
- •15.3. Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс
- •15.4. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
- •Бақылау сұрақтары
- •16.1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •16.2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.3. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.4 Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
- •16.4 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
- •Бақылау сұрақтары
- •15.1. Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
- •15.2. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
- •15.1 Кесте. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерімен шығыстарының көлемі және құрылымы (2008 ж)
- •15.3. Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс
- •15.4. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
- •Бақылау сұрақтары
- •16.1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •16.2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.3. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.4 Қазақстанның Республикасының Ұлттық қоры
- •16.4 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
- •Бақылау сұрақтары
- •Пен мемлекеттік борыш
- •17.1 Мемлекеттік кредиттің мәні
- •17.2. Мемлекеттік кредиттің нысандары мен әдістері
- •17.3. Сыртқы (халықаралық) кредит
- •17.4. Мемлекеттік борыш
- •17.2 Сызба. Мемлекеттік кредиттегі себеп-салдарлық өзара байланыстар
- •17.5. Елдің сыртқы борышы
- •17.1 Кесте.Сыртқы борыштың салыстырмалы параметрлері
- •17.2 Кесте. Жалпы сыртқы борыштың динамикасы, млрд ақш долларында.
- •17.6. Мемлекеттік борышты басқару
- •17.7. Мемлекеттік борыштың экономикалық салдарлары
- •17.2 Сызба. Өндірістік мүмкіндіктердің қисық сызығы
- •17.3 Сызба.
- •17.2 Кесте. Орта мерзімді кезеңдегі мемлекеттік берешек параметрлерінің шоғырланымдық ұлғаюы
- •Бақылау сұрақтары
- •IV бөлім. Үй шаруашылықтарының қаржысы
- •18.1. Үй шаруашылықтары қаржысының ұғымы және функциялары
- •18.1 Сызба. Экономикалық жүйеде ресурстардың, өнімдердің және табыстардың толық айналымы
- •18.2. Үй шаруашылықтарының қаржылық ресурстары және бюджеті
- •18.3. Үй шаруашылықтарының табыстары және олардың құрамы
- •18.4. Халықтың тұрмыстық деңгейін мемлекеттік реттеу
- •18.2 Сызба. Лоренцтің қисық сызығы
- •18.5. Мемлекеттік әлеуметтік трансферттер
- •18.1 Кесте. Табыс тұрғысынан Қазақстандағы кедейлік деңгейі
- •18.6. Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі
- •18.7. Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстары және олардың сыныптамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •Және әлеуметтік негіздері
- •19.1. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары
- •19.2. Мүліктік және жеке басты сақтандыру ерекшеліктері
- •19.3. Әлеуметтік сақтандыру
- •19.4. Медициналық сақтандыру
- •19.5. Сақтық рыногы
- •Бақылау сұрақтары
- •20.2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы
- •20.3. Фискалдық саясаттың нұсқалары
- •20.4. Экономикалық реттеу теорияларындағы қаржы
- •20.5. Рыноктық тепе-теңдікке салықтардың әсері
- •Бақылау сұрақтары
- •21.1. Қаржы рыногы туралы ұғым
- •21.1 Сызба. Қаржы рыногы мен бағалы қағаздар рыногының өзара байланысы
- •21.2. Бағалы қағаздар рыногы. Бағалы қағаздардың сыныптамасы.
- •21.2 Сызба. Бағалы қағаздардың сыныптамасы
- •21.3. Бағалы қағаздардың шығарылымы және айналысы.
- •21.4. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары
- •21.5. Қор биржасы
- •21.6 Қор рыногының индикаторлары
- •Бақылау сұрақтары
- •Байланыстар жүйесіндегі қаржы
- •22.1. Сыртқы экономикалық қызметтің сипаттамасы және оның даму бағыттары
- •22.2. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері
- •22.1 Кесте. Валюта бағамдары өзгерімінің экспорт пен испорттың көлеміне әсері (шетелдік ақшалай өлшемдерінде – шет. Ақшалай өлш. Және ұлттық ақшалай өлшемінде – ұлт. Ақшалай өлш.)
- •22.3. Сыртқы экономикалық қызметті салықтық реттеу
- •22.2 Кесте. Кеден баждарының түрлері
- •22.3. Валюталық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану
- •22.4. Елдің төлем балансы
- •22.3 Кесте. 2008 жылғы Қазақстан Республикасының жиынтық төлем балансы
- •Бақылау сұрақтары
- •23.1. Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы.
- •2 3.1 Сызба. Қаржы мен инфляцияның өзара іс-әрекеті
- •23.3 Сызба. Инфляциялық шиыршық
- •23.2. Сызба. Инфляциның сипаттамасы және оның іс-әрекеті.
- •23.2. Инфляцияға қарсы саясат шаралары
- •Бақылау сұрақтары
14.6. Бюджет тапшылығы, оның сыныптамасы. Бюджет тапшылығының тұжырымдамалары
Бюджет тапшылығы инфляция басылғаннан кейін ел экономикасының шешуші проблемалары бола бастайды.
Бюджет тапшылығы сөз жоқ, инфляция, дағдарыс, жұмыс-сыздық сияқты «жағымсыз экономикалық категориялар» деп аталатындарға жатады, алайда олар экономикалық жүйенің ажырағысыз элементтері болып табылады.
Бюджетті әзірлеу кезінде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының балансына – тепе-теңдігіне жету болып табылады. Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс.
Жалпы түсінікте кірістердің шығыстардан асып түсуі бюджет артығын – профицитті, ал шығыстардың кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын құрайды.
Қазақстанда, Бюджеттік кодекіске сәйкес, бұл ұғымдарға нақтыланған түсінік берілген: бекітілген, нақтыланған және түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы (профициті) олардың борышының негізгі сомасын өтеу сомасынан шегеріп тастағандағы қарыз алу сомасына тең. Теріс белгімен алынған шама республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы, оң белгімен алынған шама – профициті болып табылады.
Бекітілген, нақтыланған және түзетілген республикалық бюджеттің мұнайлық емес тапшылығы (профициті), Ұлттық қордың түсімдерінен басқа республикалық бюджет шығыстарын шегеріп тастағандағы республикалық бюджет түсімдерінің сомасына тең.
Бесжылдық кезеңде республикалық бюджеттің тапшылығы кепілдік берілген трансферт мөлшерін алып тастап, Ұлттық қорға түсетін жалпы түсімдер ретінде есептелетін Ұлттық қордың орташа жылдық өсімінен аспауға тиіс.
Профициттің сомасы мемлекеттік борышты өтеуге бағыт-талады немесе республикалық және жергілікті бюджеттердегі қаражаттардың бос қалдықтарын құрауы мүмкін.
Уақытша бос бюджеттік ақша – белгілі бір уақыт кезең ішінде пайдаланылмаған, бірыңғай қазынашылық шотта жатқан бюджеттік қаражаттар.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің уақытша бос бюджеттік ақшасын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Ұлттық банктегі депозиттерге орналастыра алады. Уақытша бос бюджеттік ақшаны депозитке орналастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағда-рыстық жай-күйін сипаттайды. Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің жалпы ішкі өнімге қатысты 2-3% мөлшері саналады. Мұндай жағдайда тапшылық мемлекеттік қарыздар шығарудың немесе қағаз ақшалар эмиссиясының көмегімен біршама жеңіл жабылуы мүмкін. Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар мемлекеттің қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша (яғни тауар айналымының қажеттіліктерінен тыс) эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бұл инфляцияның дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның құнсыздануына, нақтылы табыстардың және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне апарып соғады.
Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін бейнелеп көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты:
1) елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;
2) қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі;
3) айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару;
4) бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдығы;
5) әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы;
6) «көлеңкелі» экономиканың ірі ауқымды айналымы;
7) ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар.
Ақша эмиссиясы есебінен бюджет тапшылығын жабуға болмайды. Бюджет тапшылығын жабудың негізгі нысандары мыналар болып табылады:
мемлекеттік қарыздар шығару;
кредиттік ресурстарды пайдалану.
Тапшылықты азайту немесе оны жою мақсатымен секвестр – ағымдағы қаржы жылының қалған уақыты ішінде барлық баптар бойынша (қорғаландарынан басқа) белгілі бір пайызға мемле-кеттің шығыстарын үйлесімді қысқарту пайдаланылады. Қорғал-ған баптардың құрамын республика Парламенті мен биліктің жергілікті органдары анықтайды.
Бюджет тапшылығын төмендетудің мынандай әдістері болады:
1) шығыстар тұрақты, кірістер өседі;
2) кірістер тұрақты, шығыстар азаяды;
3) кірістер өседі, шығыстар азаяды (тапшылық 2 еседен жылдамырақ төмендейді).
Тапшылықты қаржыландыру – оны жабу үшін қосымша ақшалай қаражаттарды іздестіру.
Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:
1. Ақша белгілерін шығару. Бұл жол теріс әлуметтік-экономикалық салдарлары болатын инфляцияға жеткізеді. Өз кезегінде ақша эмиссиясы айналысқа ақша белгілерін тікелей шығаруда да, жанама түрде мемлекеттік бағалы қағаздар шығару және оларды коммерциялық банктерге өткізу арқылы да тұлғалануы мүмкін, коммерциялық банктер өзінің резервтерін көбейтеді және банктік мультипликатордың арқасында айналыстағы ақшаның санын көбейтеді.
2. Мемлекеттік қарыздар. Бұл жағдайда қаржыландыруға бос ақшалай қаражаттары бар компаниялар, банктер және т.б. қатысады.
3. Шетелдік қарыздар. Оларды Дүниежүзілік валюта қоры, басқа халықаралық қаржы ұйымдары, үкіметтер, банктер береді.
4. Ұлттық байлықты пайдалану. Бұл ретте мемлекет басқа субъектілерге өзінің активтерін сатады.
Мемлекет жүргізетін қаржылық (фискалдық) саясаттың тұрпатына қарай бюджет тапшылықтарының сыныптамасын бірқатар америкалық экономистер (Р. Кэмбелл, Макконелл, Стенли Л. Брю, Э.Дж.Доллон, С. Фишер, Р. Домбуш және басқалары) ұсынған болатын.
Бюджет тапшылығының өзінің сапасы әр түрлі болуы мүмкін және оны пайда болуының саналуан себептеріне қарай сыныптайды.
Елдің бюджет құрылысына қарай республикалық (өңірлік) және жергілікті бюджеттердің тапшылықтарын ажыратады. Биліктің жергілікті органдары үшін бұл проблеманың маңызы зор, өйткені орталық үкіметке қарағанда оны шешу үшін олардың қаржылық ресурстары шектеулі болады.
Бюджет тапшылығының пайда болу себептері заңды түрде төтенше тапшылықты, дағдарысқа қарсы тапшылықты, дағдарыстан кейінгі тапшы-лықты бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Тапшылықтың бірінші түрінің негізінде төтенше жағдайлар (соғыстар, дүлей апаттар және т.б.) жатыр, олардан сақтану қиын әрі мүмкін емес. Бұл жағдайда мемлекеттің кәдуілгі резервтері келтірілген зиянның салдарларын жоюға жетпейді, сондықтан ерекше көздерге жүгіруге тура келеді.
Дағдарысқа қарсы тапшылық экономика дамуына ірі мемлекеттік жұмсалымдарды жүзеге асыру қажеттігімен байланысты, ол экономика мемлекеттік реттеу үдерістерін, қоғамдық өндіріс құрылымында прогресті байланыстарды қамтамасыз етуге ұмтылысты бейнелеп көрсетеді.
Дағдарыстан кейінгі тапшылық экономикадағы дағдарыстық құрылым-дарды, олардың қаржылық жағдайатты күйреуін, қаржы-кредиттік байланыстардың тиімсіздігін, елдегі қаржылық жағдаятты бақылап ұстап тұруға үкіметтің қабілетсіздігін бейнелеп көрсетеді.
Бірінші, сондай-ақ екінші жағдайда да бюджет тапшылығын ең алдымен дағдарыс және экономикадағы оның салдарлары тудырып отыр. Бұдан ынталандырушы және ынталандырмайтын маңызы бар тапшылықтарды бөліп көрсетуге болады.
Тапшылықтың экономикалық мазмұны мен ықпал ету бағытына қарай активті және пассивті бюджет тапшылықтары болып бөлінеді. Активті тапшылық қаржылық параметрлерді (салық салудың, шығыстардың жекелеген түрлерінің мөлшері) мемлекеттік жедел оңтайландыру нәтижесінде пайда болады. Дж. Кейнс теориясына сәйкес тапшылықтың бұл түрі ұлттық табыстың өсуіне мүмкіндік туғызады. Пассивті тапшылық ұлттық табыстың ІЖӨ-нің өсу қарқынының қысқаруы нәтижесінде пайда болады, ал бұл бюджеттің кіріс базасы негізінің – салықтық түсімдердің құлдырауына жеткізеді.
Экономикалық теорияда құрылымдық және циклдық бюджет тапшылығын ажыратады. Тап экономиканың жай-күйі құрылымдық және циклдіқ тапшылықтардың деңгейін анықтайды.
Пайда болу сипаты бойынша бюджеттің кездейсоқтық (кассалық) және ақиқаттық (бюджет) тапшылығын бөліп көрсетуге болады. Бюджеттің кездейсоқ тапшылығы, басқаша кассалық деп аталатын қаражаттардың түсімдері мен жұмсалымдағы кассалық (уақытша) алшақтықтан пайда болады. Әдеттегідей, кассалық тапшылықтарға кірістің бір көзіне жоғары тәуелдігі немесе түсімдер көздерінің маусымдық сипаты бар (мысалы, жер салығынан, жеке адамдардың мүлкіне салынатын салықтан және бірқатар басқа салықтар мен алымдардан түсетін түсімдер) бюджеттер ұшырайды. Мұндай бюджеттерге әдеттегідей жергілікті бюджеттер жатады.
Нақты немесе бюджет тапшылығының бұл сөздің шын мағынасында пайда болуы бюджетке кірістер түсуінің кездейсоқ уақтытша кірістерінен және шығыстардың озық графигінен ( кірістер мен шығыстардың тоқсан сайынғы тізімдемесі) емес бюджет шығыстарының өсуімен және олардан кірістердің тым қалып қоюына байланысты. Мұндай тапшылық әдетте Республикалық бюджет туралы заңда шекті мөлшер ретінде белгіленеді, бірақ бюджеттің атқарылуы барысында одан не төмен, не жоғары болуы мүмкін.
Жоспарға қатысы бойынша бюджет тапшылығын Республикалық бюджет туралы заңға күні бұрын салынған (жоспарлы) және жоспардан тыс (кездейсоқтық, бірақ әрдайым кассалық емес) тапшылық ретінде сипаттауға болады. Жоспардан тыс тапшылық кірістердің мөлшерін онда болмаған қысқартудан, есепті жылы шығыстардың көбеюінен пайда болады. Егер әр түрлі резервтік, сақтық, бюджеттен тыс арнаулы қорлардың қаражаттарын пайдалы және басқа жедел шараларды жүргізу есебінен жағдаятты қорғауға болмаса жоспардан тыс тапшылық әлеуметтік- экономикалық бағдарла-малардың орындалу барысына өте жағымсыз әсер етуі мүмкін. Жоспардан тыс тапшылықты жою мақсатында бюджеттің атқарылу барысында оның шығыс-тарын секвестірлеу өте-мөте теріс болып табылады.
Ұзақтығы бойынша бюджет тапшылығын созылмалы (жүйелі) және уақытша (дүркін-дүркін) тапшылыққа бөлуге болады. Созылмалы тапшылық ұзақ уақыт бойы жылдан жылға пайда болуы және аса «жазылуы аса қиын ауру» болып табылады. Оның болуының негізгі себептері болып экономикалық дағдарыстың ұзақ циклі ( бірінші кезекте жауапсыздық, олақ экономикалық саясат тудырған және т.б. ), ұзақ соғыстар және бейбіт кезде әскери мақсаттарға жұмсалатын шамадан тыс шығыстар («қырғи қабақ соғыс» кезінде), төтенше оқиғалар, өтелімділіктің белгілі бір мерзімсіз ондаған жылдарға созылған қымбат тұратын инвестициялық бағдарламалар қызмет атқарады.
Ұзақтығы бірнеше айға, жылға тең болатын немесе қатарынан 3-5 жыл бойы қайталанатын бюджеттің уақытша (дүркіндік) тапшылық сондайлық келеңсіз әрі жабуға қиын болмайды, себебі оның негізінде жатқан экономи-кадағы дағдарысты құбылыстар емес, керісінше бірқатар объективтік (дүлей апаттар және басқадайы) және субъективтік (жоспарлау мен болжаудағы қателер, әлемдік тауар және қор рыноктарындағы бағалардың ауытқуы және басқалары) себептер жатыр.
Қаражаттарды пайдалану бағыттарына (немесе бюджет сапасына) қарай ағымдағы бюджет тапшылығын (ағымдағы тапшылық) және даму бюдже-тінің тапшылығын (инвестициялық тапшылық) бөлуге болады.
Қазақстанда, дүние жүзінің көптеген елдерінде сияқты, тапшылықтың бүкіл көлемін немесе оның үлкен бөлігін ағымдағы бюджеттен даму бюджетіне көшірудің заңнамалық негізі қаланған. Даму бюджетінің тапшылығын жою шығыстарды секвестрлеу жолымен, сонымен бірге мемлекеттік қарыздар шығару немесе кредиттік ресурстарды пайдалану есебінен жүзеге асыру қарастырылған.
Әлемдік тарихтың барысы бюджет тапшылығы жалпыға ортақ құбылыс екенін дәлелдейді. Онымен іс жүзінде барлық мемлекеттер қақтығысады. Дамыған елдерде бюджеттерде тапшылық 30-жылдардан бастап жоспарлана бастады. Сонымен бірге тапшылықты қаржыландыруға ұдайы өндіріс үдерістерін реттеудің белсенді тетігінің мәртебесі берілді, бұл салада белгілі бір ережелер мен тапшылықты басқару механизмдерін жасауға мүмкіндік берген ғылыми-практикалық зерттемелер жүргізілді.
Бюджет тапшылығын жою салықтық және салықтық емес кірістердің көлемін көбейту, сонымен бірге инфляциялық емес және эмиссиялық емес көздер есебінен, соның ішінде халықтың бос ақшаларын тарту жолымен (банк жүйесі арқылы, ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру арқылы және т.б.) жүзеге асырылуы тиіс. Түрлі деңгейлер бюджеттерін баланстаудың ішкі резервтерін толық пайдалану сыртқы рынокта қарыз қаражаттарының көлемін, мемлекеттік борышты және қызмет көрсету шығыстарын қысқартуға мүмкіндік туғызады. Әлемдік тәжірибеде тап өңірлік және жергілікті деңгейдегі балансталынған бюджет макроэкономикалық тұрақтылықтың шешуші факторы болып табылады.
Салықтардың мөлшерлемелерін көбейту бюджет тапшылығын қаржылан-дырудың әдісі емес, оны қысқартудың амалы болып табылады.
Бюджеттің кірістерін көбейтуге және шығыстарын қысқартуға, бюджет тапшылығын реттеуге, басқа экономикалық дағдарысқа қарсы шаралардың жиынтығында нысаналы басқаруға бағытталған шараларды әзірлеу және дәйекті іске асыру мемлекеттің қаржы жағдайын тұрақтандыруға жағдай жасайды, оның әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесетін болады.
Бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясат үш тұжырымдамаға негізделеді.
1.Жыл сайын баланстандырылатын бюджет. Мұндай бюджет мұндаға дейін фискалдық саясаттың мақсаты деп есептелді. Алайда бюджеттің мұндай жай-күйі фискалдық саясаттың тұрақтандырушы, циклге қарсы бағыттылығын азайтады. Бюджетті теңгеру тіпті экономикалық циклдың ауытқуын ұлғайтуы мүмкін. Жұмыссыздықтың болуы және халықтың табысының құлдырауы кезінде салық түсімдері автоматты түрде қысқарады. Бұл жағдайда бюджетті теңгеру үшін мемлекетке не салықтардың мөлшерлемелерін арттыруы не мемлекеттің шығыстарын қысқартуы не бұл екі әрекетті де жүзеге асыруы қажет. Қорытындысы жиынтық сұранымның қысқаруы және өндірістің одан сайын құлдыруы болып табылады.
Бюджетті баланстау саясаты сонымен бірге инфляцияны үдетуі мүмкін. Инфляцияның болуы кезінде ақшалай табыстардың артуы автоматты түрде салық түсімдерін көбейтеді. Бюджеттің артығын жою үшін мемлекет мына шараларды қолдануы тиіс: не салықтардың мөлшерлемелерін төмендетуі, не мемлекеттің шығыстарын көбейтуі, не бұл екі шараның үштастырылуын пайдалануы тиіс. Бұл жағдайлардың кез келгенінде инфляция күшейеді.
2.Циклдік негізде баланстандырылатын бюджет. Бұл тұжырымдамаға сәйкес бюджет жыл сайын емес, экономикалық циклдың барысында теңгеріледі. Өндірістің құлдырауын болдырмау үшін мемлекет тапшылықты әдейілеп жасай отырып салықтарды азайтады және шығыстарды көбейтеді. Экономиканың келесі өрлеуі кезінде мемлекет салықтарды көбейтеді және шығыстарды қысқартады, ал пайда болған бюджеттің артығы құлдырау жылдарындағы тапшылықтарды өтеуге бағытталады. Сөйтіп, циклге қарсы фискалдық саясат және экономикалық цикл ішінде бюджетті теңгеру жүргізіледі. Құлдыраулар мен өрлеулер тереңдігі мен ұзақтығы бойынша бірдей болмайтындығы, мұның өзі бюджеттің циклдік теңгерімділігін бұзатындығы бұл тұжырымдаманың әлсіз буыны болып табылады.
3.Қаржының функциялық тұжырымдамасының мақсаты макроэкономикалық тұрақтылыққа, инфляциялық емес толық қамтылуды қамтамасыз етуге жету үшін жалпы экономиканы теңгеру болып табылады. Бұл тұжырымдама кезінде бюджетті теңгеру болмашы мәселе болып табылады, бюджет тапшылық-тары мен мемлекеттік борыштың да, бюджет артығының да болуына рұхсат етіледі. Бұл жағдайда экономикалық өсуге қарай салық жүйесі бюджетке түсетін түсімдерді автоматты түрде қамтамасыз етеді, ал микроэкономикалық тұрақтылық бұл өсуді ынталандыратын болады, мұның нәтижесінде тапшылық өзін-өзі қаржыландырады деп шамалауға болады. Бұдан басқа, мемлекет салықтармен іс жүзінде шексіз айла-шарғы жасай алады және бюджеттің тапшылығын жаба алады. Бұл тұжырымдамада сонымен бірге тапшылықтар мен ірі мемлекеттік борыштың болуы қалыпты экономика үшін қауіпті емес деп шамаланады.
Циклдік негізде және функциялық қаржы тұжырымдама-сында теңгерілетін бюджеттің тұжырымдамасына бағдарланған фискалдық саясат ақша айналысының жай-күйін есепке алатын, бюджет тапшылығының қалыптасуына бақылауды, мемлекет шығыстарының бағыттары бойынша тиімді шараларды қаржы-ландыруды қамтамасыз ететін қаржылық шаралардың негіздел-ген бағдарламасын әзірлеуді қажет етеді.