- •Isbn 9965-803-47-1
- •Isbn 9965-803-47-1
- •1.1 Сызба. Қоғамдық жүйедегі қатынастардың дәйектілігі (бағыныңқылығы)
- •1.2 Сызба. Қоғамдық өнімді өндіру, оның құнын бөлу және қайта бөлу
- •Сызба. Қаржы қажеттігінің факторлары
- •1.2 Ұлттық өндіріс көлемдерін өлшеу.
- •Қаржының айрықшалықты белгілері
- •1.4. Қаржының функциялары және рөлі
- •1.5. Құндық экономикалық категориялардың өзара іс-әрекеті мен өзара байланысы
- •1.6. Қаржылық ресурстар мен қорлар қаржылық қатынастардың объекті ретінде
- •1.4 Сызба. Қаржылық ресурстардың құрамы
- •1.7. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары
- •1.7 Сызба. Қаржылық қорлардың сыныптамасы
- •1.5 Сызба. Функциялық критерийі бойынша қаржы жүйесінің құрылымы
- •1.6 Сызба. Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің сызбасы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Қаржылық саясаттың мазмұны, міндеттері және қағидаттары
- •2.1 Сызба. Қоғамдық-экономикалық формацияның базис және қондырма жүйесіндегі қаржы
- •2.2. Қаржылық саясатты жасау
- •2.3 Қаржылық механизмнiң мазмұны мен құрылымы
- •2.2 Сызба. Қаржылық механизмнiң жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1 Қаржыны басқару ұғымы
- •3.2. Мемлекеттің қаржысын басқару
- •3.3. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару
- •3.4. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері, қағидаттары және әдістері
- •4.2. Қаржы жоспарларының жүйесі
- •4.3. Қаржылық көрсеткіштер
- •4.4 Қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Қаржылық құқықтық қатынастар және қаржылық-құқықтық нормалар
- •5.1 Сызба, Қаржы мен құқықтың өзара іс-әрекеті. Қаржылық-құқықтық механизмнің қалыптасуы
- •5.2. Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері
- •5.3. Қаржы заңнамасы жүйесіндегі қаржылық-құқықтық актілер
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидаттары
- •6.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы
- •6.1. Сызба. Түрлері бойынша қаржылық бақылаудың сыныпталуы
- •6.3. Аудиторлық бақылау (аудит)
- •6.4. Қаржылық бақылаудың әдістері
- •6.5. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру негіздері
- •Бақылау сұрақтары
- •7.1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны
- •7.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
- •7.1 Сызба. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
- •7.3. Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері
- •7.4 Шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігін жаңғыртудың қаржылық ерекшеліктері және оның әртараптандырылуы
- •Бақылау сұрақтары
- •8.1. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері
- •8.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қорлары
- •8.3. Өндірістік капиталдар және шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің қаржылық нәтижелері.
- •Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметі нәтижелерінің қалыптасу сызбасы
- •8.5. Компаниялардың, фирмалардың қаржылық менеджменті
- •Бақылау сұрақтары
- •9.1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру
- •9.2. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері
- •9.3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердін шығыстары
- •Бақылау сұрақтары
- •10.1. Мемлекеттің экономикалық қызметі
- •10.1 Сызба. Құйылым шығындары
- •10.2 Сызба. Құйылым пайдалары
- •10.3 Сызба. Құйылым пайдаларын реттеу
- •10.2 Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер
- •10.4 Сызба.Тауар әлеміндегі қоғамдық тауарлар, қызметтер, игіліктер
- •10.3. Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы
- •10.5 Сызба. Қазақстанның мемлекет қаржысының құрамы
- •Бақылау сұрақтары
- •11.1. Мемлекет кірістерінің мәні
- •11.1 Сызба. Қаржылық ресурстар, мемлекеттің кірістері мен шығыстары
- •11.2 Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •12.1. Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
- •12.2. Қазақстанның салық жүйесі
- •1) Салықтар:
- •2) Бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер:
- •12.3. Салық салуды ұйымдастыру
- •12.1. Сызба. Салықтық механизмнің элементтері
- •12.2. Сызба. Салық нұсқамасы
- •12.3 Сызба. Үйлесімді және прогрессивті салық салу
- •12.4. Корпоративтік табыс салығы
- •12.4 Сызба. Корпоративтік табыс салығын есептеу және өндіріп алу
- •12.5. Жеке табыс салығы
- •12.6. Шетелдік заңи және жеке тұлғалардың табыстарына салық салу
- •12.2 Кесте. Бейрезиденттердің табыстары бойынша төлем көзінен салық салу мөлшерлемелері
- •12.7. Жанама салықтар
- •12.5 Сызба. Есепке жатқызылған ққс-ты өндіріп алу
- •12.3 Кесте. Ққс-тың іс-әрекет механизмінің сызбасы
- •12.8. Экспортқа рента салығы
- •12.9. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары
- •12.10. Әлеуметтік салық
- •12.11. Меншікке салынатын салықтар
- •12.12. Құмар ойын бизнесі салығы
- •12.13. Тіркелген салық
- •12.14. Арнаулы салық режімдері
- •12.15. Басқа міндетті төлемдер
- •12.16. Салықтарды аудару
- •12.6 Сызба.
- •12.17. Салықтардан жалтарыну
- •Бақылау сұрақтары
- •13.1. Мемлекет шығыстарының мәнi, құpaмы және сыныптамасы
- •13.2. Экономиканы қаржыландыру
- •13.3. Ғылыми-техникалық прогресті қаржыландыру
- •13.4. Әлеумeттiк-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар
- •13.5. Халықты әлеуметтiк қopғay шығыстары
- •13.6. Қорғанысқa және басқаруға жұмсалатын шығыстap
- •Бақылау сұрақтары
- •14.1. Мемлекеттік бюджеттің мазмұны, әлеуметтік-экономикалық мәні және рөлі
- •14.1 Сызба. Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы
- •14.2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
- •14.2 Сызба. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
- •14.3 Сызба. Баланстандырылған бюджеттік әдістің іс-әрекеті.
- •14.3 Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік реттеу механизмі
- •14.4. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
- •14.4 Кесте. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің құрамы мен құрылымы
- •14.5. Бюджеттік сыныптама
- •14.6. Бюджет тапшылығы, оның сыныптамасы. Бюджет тапшылығының тұжырымдамалары
- •14.7. Бюджеттік үдеріс
- •Бақылау сұрақтары
- •15.1. Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
- •15.2. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
- •15.1 Кесте. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерімен шығыстарының көлемі және құрылымы (2008 ж)
- •15.3. Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс
- •15.4. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
- •Бақылау сұрақтары
- •16.1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •16.2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.3. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.4 Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
- •16.4 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
- •Бақылау сұрақтары
- •15.1. Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
- •15.2. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
- •15.1 Кесте. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерімен шығыстарының көлемі және құрылымы (2008 ж)
- •15.3. Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс
- •15.4. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
- •Бақылау сұрақтары
- •16.1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •16.2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.3. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.4 Қазақстанның Республикасының Ұлттық қоры
- •16.4 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
- •Бақылау сұрақтары
- •Пен мемлекеттік борыш
- •17.1 Мемлекеттік кредиттің мәні
- •17.2. Мемлекеттік кредиттің нысандары мен әдістері
- •17.3. Сыртқы (халықаралық) кредит
- •17.4. Мемлекеттік борыш
- •17.2 Сызба. Мемлекеттік кредиттегі себеп-салдарлық өзара байланыстар
- •17.5. Елдің сыртқы борышы
- •17.1 Кесте.Сыртқы борыштың салыстырмалы параметрлері
- •17.2 Кесте. Жалпы сыртқы борыштың динамикасы, млрд ақш долларында.
- •17.6. Мемлекеттік борышты басқару
- •17.7. Мемлекеттік борыштың экономикалық салдарлары
- •17.2 Сызба. Өндірістік мүмкіндіктердің қисық сызығы
- •17.3 Сызба.
- •17.2 Кесте. Орта мерзімді кезеңдегі мемлекеттік берешек параметрлерінің шоғырланымдық ұлғаюы
- •Бақылау сұрақтары
- •IV бөлім. Үй шаруашылықтарының қаржысы
- •18.1. Үй шаруашылықтары қаржысының ұғымы және функциялары
- •18.1 Сызба. Экономикалық жүйеде ресурстардың, өнімдердің және табыстардың толық айналымы
- •18.2. Үй шаруашылықтарының қаржылық ресурстары және бюджеті
- •18.3. Үй шаруашылықтарының табыстары және олардың құрамы
- •18.4. Халықтың тұрмыстық деңгейін мемлекеттік реттеу
- •18.2 Сызба. Лоренцтің қисық сызығы
- •18.5. Мемлекеттік әлеуметтік трансферттер
- •18.1 Кесте. Табыс тұрғысынан Қазақстандағы кедейлік деңгейі
- •18.6. Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі
- •18.7. Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстары және олардың сыныптамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •Және әлеуметтік негіздері
- •19.1. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары
- •19.2. Мүліктік және жеке басты сақтандыру ерекшеліктері
- •19.3. Әлеуметтік сақтандыру
- •19.4. Медициналық сақтандыру
- •19.5. Сақтық рыногы
- •Бақылау сұрақтары
- •20.2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы
- •20.3. Фискалдық саясаттың нұсқалары
- •20.4. Экономикалық реттеу теорияларындағы қаржы
- •20.5. Рыноктық тепе-теңдікке салықтардың әсері
- •Бақылау сұрақтары
- •21.1. Қаржы рыногы туралы ұғым
- •21.1 Сызба. Қаржы рыногы мен бағалы қағаздар рыногының өзара байланысы
- •21.2. Бағалы қағаздар рыногы. Бағалы қағаздардың сыныптамасы.
- •21.2 Сызба. Бағалы қағаздардың сыныптамасы
- •21.3. Бағалы қағаздардың шығарылымы және айналысы.
- •21.4. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары
- •21.5. Қор биржасы
- •21.6 Қор рыногының индикаторлары
- •Бақылау сұрақтары
- •Байланыстар жүйесіндегі қаржы
- •22.1. Сыртқы экономикалық қызметтің сипаттамасы және оның даму бағыттары
- •22.2. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері
- •22.1 Кесте. Валюта бағамдары өзгерімінің экспорт пен испорттың көлеміне әсері (шетелдік ақшалай өлшемдерінде – шет. Ақшалай өлш. Және ұлттық ақшалай өлшемінде – ұлт. Ақшалай өлш.)
- •22.3. Сыртқы экономикалық қызметті салықтық реттеу
- •22.2 Кесте. Кеден баждарының түрлері
- •22.3. Валюталық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану
- •22.4. Елдің төлем балансы
- •22.3 Кесте. 2008 жылғы Қазақстан Республикасының жиынтық төлем балансы
- •Бақылау сұрақтары
- •23.1. Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы.
- •2 3.1 Сызба. Қаржы мен инфляцияның өзара іс-әрекеті
- •23.3 Сызба. Инфляциялық шиыршық
- •23.2. Сызба. Инфляциның сипаттамасы және оның іс-әрекеті.
- •23.2. Инфляцияға қарсы саясат шаралары
- •Бақылау сұрақтары
12.17. Салықтардан жалтарыну
Салық төлеуден жалтарыну – салықтық төлемдерді толық немесе ішінара төлемеу мақсатымен салық төлеушінің салық са-лу объектін (табысты, пайданы, тауар айналымын, мүлікті) әдейі жасыруы және азайтуы. Салық төлеушілердің мұндай заңсыз іс-әрекеті мемлекет мүддесіне айтарлықтай нұқсан келтіреді: мем-лекеттік бюджет едәуір қаражаттарды ала алмайды, салық заң-намасын бұзушылар кірістерінің қосымша криминалдық көздері жасалынады, кәсіпкерлік қызмет сферасында, салада, өңірде жә-не т.б. құн қозғалысының негізгі үйлесімдері бұрмаланады.
Салық төлеуден жалтарынудың себептері әртүрлі болуы мүмкін:
1) шаруашылық, кәсіпкерлік немесе өзге де қызметті қалыпты жүргізуге мүмкүндік бермейтін елеулі салық ауыртпалығы; салықтардың көптігі және жоғары мөлшерлемелері салық салынатын субъектінің «көлеңкелі» («қалтарыстағы») экономикаға кетуіне жәрдемдеседі;
2) салық заңнамасының күрделілігі, сонымен бірге анық еместігі, нұсқаулықтар мен ережелердің қағидалары мен нормаларын түрліше түсіндіретін ондағы толықтырулардың, өзгерістердің, түзетулердің көптігі;
3) салық службасын ұйымдастырудағы кемшіліктер: жұмыс-керлердің төмен біліктілігі мен біліксіздігі, экономикалық білімдер мен құқықтық мәселелердің шектес салаларын жеткіліксіз білу; тексерулер кезіндегі жұмыскерлердің адалдыққа жатпайтын іс-қылықтары;
4) салық сомаларын баю немесе көлеңкелі бизнестегі инвестициялау мақсатымен субъектілердің оларды төлемеуге қасақана, әдейі ұмтылуы және т.б.
«Көлеңкелі экономиканың» орасан зор ауқымы, басқа елдер-дің банк мекемелеріне ақша аудару, кәсіпкерлік қызметтің шын ауқымын, мүлік құнының мөлшерін төмендету жөніндегі табыс-ты күш салулары – мемлекет бақылауынан салықтық түсімдердің аса ірі сомаларын шығарады.
Кейбір мәліметтер бойынша триллион теңге мөлшеріндегі табыстар салықтан жасырылып қалады, Қазақстандағы құпия экономика ішкі жалпы өнімнің үштен бірінен 40 пайызына дейін құрайтын көрінеді. Құпия экономикадағы жаман жағдай оның салық базасын мемлекеттің қаржылық ресурстарын молайту үшін пайдалануға мүмкіндік бермейді.
«Қосарлы» есеп жүргізудің практикасы қалыптасқан: ресми органдар үшін және кәсіпкерлердің меншікті пайдалануы үшін; біріншісінде қызметтің тек аз болуы мүмкін нәтижелері, екінші-сінде басқару мен бизнесті дамытуға қажетті, ақиқатты нәтиже-лер көрсетіледі.
Белгіленген тәртіптен әр түрлі ауытқулар кезінде немесе салықты есептеу және төлеу кезіндегі стандартты емес ахуал кезінде салықтар жөніндегі әкімшілік қағидалар мен салық орғандары іс-қимылының нұсқалары анықталған, мысалы, бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін бұзған жағдайда, есеп-қисап құжаттарын жою немесе жоғалту кезінде, мағлұмдалған табыстың жеке тұтынуға арналған шығыстарға, мүліктің мөлшеріне сәйкес келмеуі жағдайында салық салу объектісін анықтаудың әдістері.
Салықтарды мәжбүри өндіріп алудың іс-шаралары белгіленген.
Салық төлеушінің (салық агентінің) белгіленген мерзімде орындалмаған салықтық міндеттемесін орындау: 1)төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер сомасына өсімпұлды есепке жазу; 2) банктік шоттар мен касса бойынша шығыстық операцияларды тоқтата тұру; 3)салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі есебіне мүлікке билік етуін шектеу тәсілдерімен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Өсімпұл сомасы салықтық міндеттемені мәжбүри орындату шараларын, сондай-ақ салық заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершіліктің өзге де шараларын қолдануға қарамастан есепке жазылып, төленеді. Өсімпұл, салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, Ұлттық банк белгілеген қайта қаржыландыру ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде бюджетке төленген күнді қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін есепке жазылады. Салық заңнамасын бұзудың әртүрі үшін жауапкершілік анықталған, мысалы, салық органдарына салықтық есептемені белгіленген мерзімде тапсырмағаны үшін бұзушыларға салықтық санкциялар қолдануға ұшыратады: жеке тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде айыппұл, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – 30 АЕК мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңи тұлғаларға немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатындарға 45, ірі кәсіпкерлік субъектілер болып табылатын заңи тұлғаларға – 70 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады; салық төлеуші (салық агенті) салықтық есептемені тапсыру мерзімі аяқталғаннан кейін 90 күн ішінде оны табыс етпесе бұл айыппұлдар тиісінше 30, 40, 60, 90 АЕК-ге дейін өседі.
Банктік құжаттарда салық төлеушілердің тіркеу нөмірлерін берусіз операциялар жүргізгені үшін банктердің жауапкершілігі анықталған; шаруашылық жүргізуші субъектілерді мәжбүри жою кезінде бюджет алдындағы берешегі жағдайында олардың банктік шоттарындағы ақша қалдықтары туралы салық органдарына мәліметтер бермегені үшін; салық органдарында салық төлеушілерді тіркеу есебіне қоймау фактілерін растайтын бұл органдардың құжаттарынсыз банктік шоттар ашқаны үшін.
Мемлекетке едәуір залал келтірген салық заңнамасын қасақана бұзушылықтары үшін қылмыстық тәртіп пен жауапкершіліктің анағұрлым қатаң шаралары да белгіленген: шаруашылық жүргізуші субъектілердің жауапты тұлғалары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес белгілі бір лауазымға ие болуы немесе шарттасылған мезгілге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айрылумен жазаланады, қоғамдық немесе түзеу жұмыстарына, сондай-ақ бас бостандығынан айрылуға тартылады.
Салық органдары салық төлеушіге мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттемені орындауды қамтамассыз ету тәсілдерін қолданғаннан кейін, мәжбүри өндіріп алу мынадай тәртіппен: банктік шоттардағы ақша есебінен; дебиторлық шоттардан; билік ету шектелген мүлікті өткізу есебінен; жарияланған акцияларды мәжбүри шығару түрінде жүргізіледі.
Алайда аталған шаралардың бәрі салықтан жалтарынудын проблемаларын жоймайды. Тек салық службасының органдары тексерулерінің нәтижелері бойынша есептелінбеген төлемдердің сомасы бюджет кірістерінің төрттен бірін кұрайды. Салық төлеушілер салық салынатын объектілер мен табыстарды жасырудың аса жетілдірілген әдістерін қолданады, салық службаларына бұрмалаған мәліметтерді беру жағдайлары жиілеп барады.
Салық салудан жалтарынудың әр алуан әдістері болады. Ту-ра салықтарды төлеуден жалтарыну көбірек таралған. Жанама салықтар бойынша оларды өндіріп алудың ерекшелігіне байла-нысты жасырыну қиынға түседі. Бірақ банктердің катысуынсыз тауар-ақшалай операцияларды жасау, яғни сатып алу-сату опера-цияларын есепке алудан іс жүзінде жасыру акциздерді, қосылған құн салығын төлемеуді мүмкін етеді.
Табыстарға салық салу бойынша жалтарынудың неғұрлым сипатты әдісі өндіріс немесе айналыс шығындарын (шегерімдерді) арттыру арқылы табыстың мөлшерін азайту болып табылады; материалдық шығындарды жалған (көтеріңкі) баға бойынша, мысалы, оларды еркін бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алынғанына сілтеме жасау, немесе тікелей жалған есеп-қисап құжаттарын жасау жолымен өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына жазады. Осылайша амортизациялық аударымдардың сомасын көтеріңкілеу мақсатымен жабдықтың және басқа негізгі кұралдардың құны көтеріңкіленуі мүмкін.
Салық салынатын табысты азайтуға сондай-ақ төлеушінің карамағына калдырылатын табыс және кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес шығыстар есебінен жабылатын шығындардың шегеріміне (өзіндік құнға) жатқызу арқылы қол жетеді. Оларға мыналар жатады: белгіленген нормалардан тыс іссапар шығындары; негізгі құралдар сатып алу; нормалардан тыс өкілдік шы-ғындарды төлеу; әр алуан мәдени-ағарту шараларына қатысу жөніндегі шығыстар; салық бойынша жеңілдіктері бар ұйымдармен өнім (жұмыс, кызмет) жеткізіліміне жалған келісімшарт жасау (кейін кем жеткізуғе немесе келісімшарттың орындалмауына салынған айыппұлдарды зиянға жатқызу ниетімен); материалдық құндылықтардың өндіріске берілген көлеміне қарамастан олардың бүкіл құнын шығындар есебінен шығарып тастау; жеке тұлғалардан тауар-материал құндылықтарын сатып алу және көрсетілген қызметтерге қолма-қол ақша төлеу шығыстарын тексерілуі қиын бастапқы құжаттар бойынша шығындарға жалған кіріктіру; салық заңнамасын бұзғаны үшін салық органдары есептеген айыппұлдарды, өсімпұлдарды есептеп шығару.
Шегерімдер (өзіндік құн) қосылған құн салығын осы салынған тауар-материалдық құндылықтардың, қызметтердің әртүрінің бөлігінде шығындарға есептен шығару есебінен көтеріледі.
Табысқа салық салудан жалтарынудың кең тараған әдісі кәсіпкерлік қызметтен түскен түсім-ақшаны кемітіп көрсету және жасырып қалу болып табылады. Бұл бұзушылық қиын анықталады, өйткені нағыз түсім-ақшаны анықтау үшін тексеріліп отырған төлеушінің тауарының (қызметінің) қозғалысымен байланыстырылатын (сәйкестірілетін) шоттары мүмкін көптеген баспа-бас айырбас пен өзге де шаруашылық-қаржылық операцияларының фактілерін талдау қажет; барлық төлеушілердің және олардың операцияларының толық компьютерлендірілмеуі бұзушылықты айқындауға көп уақытты кажет етеді.
Салық салудан жалтарыну бухгалтерлік есептің қанағаттанғысыз қойылуымен немесе оның жоқтығымен (мысалы, шаруа-фермер шаруашылықтарында) байланысты болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда шаруашылық қызметтің нәтижелерін қалпына келтіру үшін: жұмсалынған электр қуаты, басқа ресурстар бойынша, есептеу приборларының көрсеткіштері бойынша, нақтылы шығындар, айналымдар, активтердің құны, қызметтің ұқсас түрлерінің көрсеткіштері бойынша жанама немесе аналогиялық (үйлестік) әдіс қолданылады.
Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын төлемеу немесе толық төлемеу мүмкіндіктері натуралдық тұлғаланымда, яғни кәсіпорын өніммен немесе бартер бойынша алынған өніммен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп-қисаптың тараған практикасымен байланысты. Мұндай жағдайларда қиындықтар салық салу мақсаттары үшін төмендетілуі мүмкін натуралдық еңбекақыны нақты бағалаудан пайда болады.
Жалған тұлғаларға нарядтар жазып беру, мердігерлік келісімшартты, контракт бойынша жұмыстарды «орындауға» жұмыскерлер тарту жолымен еңбекке ақы төлеу шығындарын асырып көрсету, құжаттық түрде ресімделетін сырт жақтан жалған қыз-меттер көрсету практикасы кең таралған.
Шегерімдерді (өзіндік құнды) асырып көрсету есебінен табысты жасыру оған кәсіпкерлік сфера иелерінің, басшыларының және жұмыскерлерінің тұтыну шығыстарын кіріктіру жолымен жүргізіледі. Бір мезгілде бұл тәсіл натуралдық ақы төлеудің орны болатындықтан әлеуметтік және табыс салықтарын төлеуде үнемдеуге жағдай жасайды. Фирма есебінен басшыларға арналған пәтерлер ұсталынады (офис ғимараты түрінде (көз бояп), службалық автокөлік, жиһаз, тұрмыстық техника сатып алынады, газет-жорналдарға жазылу ресімделеді). «Фирмалық киім-кешек» бабы түрінде жеке басына қымбат тұратын киім-кешек, аяқ киім сатып алуды жасыруға болады.
Жалтарынудың басқа сипатты жағдайлары:
Заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің келісілмегендігі, салық заңнамасы нормаларын бұрыс түсіндіруге апаратын тұжырымдаулардың анық еместігі, экономикалық және салықтық өзара қарым-қатынастардың практика- сымен қабылданатын заңдардың болмауы жағдайында салық төлеушілер уақытылы салық мағлұмдамаларын тапсырып, салық органдарының талаптарын орындайды, бірақ нормативтік құқықтық актілердегі кемістіктерден табыстарды жасырып қалады.
Қосарлы бухгалтерия жүргізген жағдайда салық төлеушілер салықтық мағлұмдамалар, есеп-қисаптар, анықтамалар береді, салық органдарының талаптарын орындайды. Алайда, салық органдары ыңғайласпа тексерімдер жүргізуді қолданбайтындықтан салық төлеушілердің ресми есептерде өткізімнің төмендетілген төлемдері мен алынған табыстарды көрсету мүмкіндігі болады.
Салық органдарында тіркелмей кәсіпкерлік қызметпен айналысқан жағдайда кәсіпкерлер контракттарда, шот-фактуларда, банктік құжаттарда және т.б. ойдан шығарылған салық төлеушінің нөмірін қояды, салық органдарының алдында есеп бермейді және, әдеттегідей, аз уақыт өмір сүреді.
Бюджетке төлемдер бойынша берешектің қордалануына қарай «салық органдарымен байланысын жоғалтқандар» санатына ауысу. Салық төлеуші жұмысын істейді, салықтық есептемені тапсырады, бірақ бюджетке төлемдерді төлемейді және олардың қордалануына қарай қолда бар активтерді іске асырады және салық органдарымен байланысты жоғалтады. Тәуекелді азайту үшін, әдеттегідей, жалған мекен-жай және жалған тұлғалар пайдаланылады.
Жалған банкроттық: бәрі бір құрылтайшылар бірнеше фирмалар ашады, біраз уақыттан кейін активтерді бірінен басқаға ауыстырады, ал сонан кейін біріншісі банкрот деп танылады.
Жасалмаған операциялар немесе көтеріңкі бағалар бойынша жүкқұжаттар ұсынылады. Бұл нысан экономиканың кез келген секторына тән және жалған бағаларды қолдану арқылы табысты азайтуға мүмкіндік туғызады. Бұл ретте оларды бухгалтерлік кітаптарда қамтып көрсету үшін жүкқұжаттар жазылады, бұл оларға қаржы-шаруашылық қызметтер түсетін табысты едәуір азайтуғңа мүмкіндік береді. Жалтарынудың бұл тұрпаты аса қауіпті болып келеді және егер қызметтер шет жақта, белгілі бір елдерде (оффшорлық) көрсетілсе оны айқындау қиын.
Жалған тұлғаларды пайдалану. Бұл жағдайда экономикалық қызмет ресми бір тұлғамен байланыстырылады, бірақ іс жүзінде басқамен жүзеге асырылады.
Жеке тұлғаларға тауар беру және қызмет көрсету. Жалтарынудың бұл нысаны жеткілікті таралған және оны болдырмау қиын. Ол шағын коммерциялық кәсіпорындар арасында болады. Жекелеген тұлғалармен тікелей байланыс егер жеке тұлғалардың тиісті жүкқұжаттарды алуға айтарлықтай ынталығының болмауы жасырылған мәміле үшін жүкқұжаттаржы жазбай-ақ тауарларды беруіне немесе қызметтер көрсетуіне мүмкіндік береді. Көптеген тауарлардың шет елден түсетіндігінен бұл нысанның халықаралық сипаты болады. Бұл жағдайда салықтан қос жалтарыну болады: біреуі импорт стадиясында, басқасы сату стадиясында болады. Кедендік іс жүзіндегі құн анықтауы қиын болатын олардың нақтылы құнынан бөлек болады.
Жеке тұлғалардың табыстарына немесе мүлкіне салық салу кезінде салық салудың прогрессиясын азайту, заң бойынша табыстарға шегерімдер таралатын табыстарды көбейту үшін табыс-тарды бірнеше бөліктерге бөлшектеу әдісі қолданылады.
Өндіріс шығындарын есептеу ерекшеліктерімен, фирмаларды, компанияларды, ұйымдарды тіркеу тәртібімен байланысты жалтарынудың басқа әдістері де мүмкін. Мәселен, жеделдетілген амортизация әдісін қолдану кезінде шығындарды көбейту және, тиісінше, фирманың таза табысын азайту (өнімге бағаның теңдігі кезінде) мүмкіндігі пайда болады. Өкілдік шығыстардың шығындарына, жарнамаға жұмсалынған шығындарға жазу да мүмкін.
Көптеген жеңілдіктері бар немесе салық салу нормасы төмен аумақта салық салынатын объектіні жалған тіркеу әдістері қолданылады.
Әсіресе еңбекке ақы төлеуді өсіруге шектеуді алып тастаумен, өнім рентабелдігінің нормативтеріне және бағаны ырықтандыруға бақылаудың тоқталуымен байланысты салық заңнаманасын бұзушылық кең таралған. Бұл бағаларды шексіз өсіру арқылы салықтық төлемдерді кедергісіз тұтынушыларға – халыққа аудара салуға мүмкіндік береді.
Инфляция және өндірістің құлдырауы жағдайларында кең таралған еңбекке ақы төлеуге қаражаттарды шексіз айдау практикасын салық әдістерімен де шектеуге болады. Ол үшін экономикалық мағынада – еңбекке ақы төлеу қоры мен пайда сомасында табысқа салық салу пайдаланылады.
Салықтан жалтарынудың мүмкіндіктері халықаралық қаржы-экономикалык қатынастарда да ашылып отыр. Бұл үшін шетелден кең салық жеңілдіктерін беру жолымен капиталдарды тарту саясаты жүргізілетін елдің «салықтан бас сауғалауы» деп аталынатын пайдаланылады. Мұндай елде бизнесті тіркеу алы-натын пайданы, пайыздық табыстарды, дивидендтерді салық са-лудан алып шығаруға мүмкіндік жасайды. Мұндай мақсаттарға салық режімі нашарлайтын немесе заңнама бойынша табыстар-ды мағлұмдамалау міндетті емес оффшорлық, еркін, арнаулы аймақтарда тіркеу арқылы қол жетеді. Мұнда жалған еншілес компаниялар, филиалдар ұйымдастырылуы мүмкін, олар арқылы төлемдер өтеді және салықты азайту немесе одан толық құтылу мақсатымен салықтық оңтайландыру жүзеге асырылады.
Салық сомасын төлемеу немесе азайтып төлеу «салықтық мо-ралдің» құлдырауын, мемлекеттік органдардың және мемлекет-тің өзінің беделін түсіру жазасыздығының нәтижесін тудырады. Сондықтан салық төлеуден жалтарынумен күреске салық орган-дарының жұмысында зор маңыз берілуі тиіс.
Салық төлеуден жалтарынудан салықтық міндеттемелерді қысқартудың заңды әдістерін білдіретін салықтық жоспарлауды айыра білген жөн. Салықтық жоспарлаудың негізінде мына мүм-кіндіктерді пайдалану жатыр:
салық заңнамасының өзінде салынған мүмкіндіктер (ең алды-мен жеңілдіктер мен преференциялар түрінде);
заңнама проблемаларынан туындайтын мүмкіндіктер.
Бұл ретте салық төлеуші заңды бұзбай салық төлеуден оңай құтылады. Салықтық жүктемені оңтайландыру қаржылық менеджменттің арнаулы бөлімінде – корпоративтік салықтық менеджментінде қарастырылады. Корпоративтік салықтық менеджментті тиімді салықтық саясатты жүргізу арқылы шаруашылық жүргізуші субъектінің қаражаттары айналымын оңтайландыруға бағытталған оның қаржылық ресурстарын қалыптастыру, бөлу, қайта бөлу және пайдалану бөлігінде салық салуды жүйелі басқарудың үдерісі ретінде анықтауға болады. Корпоративтік салықтық менеджменттің предметі қаржылық ресурстарыдың құрылымын оңтайландыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық ресурстарын салықтық реттеудің мақсатты үдерісін талдау, ұйымдастыру және жүзеге асыру және ұтымды пайдаланудың көрсеткіштері болып табылады.
