Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Соңғы нұсқасы ҚҰЛПЫБАЕВ С Айгерим.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
7.15 Mб
Скачать

12.6 Сызба.

Баға

S1

B

P1

S

P

а

С

D

O

Q1Q Өндіріс көлемі

Салықты енгізу ұсыным сызығының жоғары және солға ілгерілеуін тудырады, мұның өзі жаңа тепе-теңдікке немесе В нүк-тесінде шығарылымның Q1деңгейіне дейін қысқаруымен және тепе-теңдік ретінде Р-дан Р1-ға дейін өсуімен сәйкес келетін болады. Төленетін салықтың мөлшері Р1ВСРс тік бұрыш аумағымен сипатталады, оның жоғарғы бөлігі (РА сызығымен бөлінген) тауарды тұтынушылардың табысынан, ал төменгі бөлігі өндірушілердің* табыстарынан шегерілетін шегерім болып саналады.

* Сызбадағы тұтынушылар мен өндірушілер төлейтін салықтар мөлшерлемелерінің үлестірімі тиісінше сұраным және ұсыным ауытқымалары (бағаның сатылас сызығымен олардың қиылысуына дейін) мен оларды бөлетін алғашқы тепе-теңді бағаның РА деңгей-лес сызығы арасында график түрінде орналасқан «тұтынушылар артығы» және «өндіру-шілер артығы» деп аталатынның болуымен анықталады; бұл қағиданы шекті пайдалылық теориясы қарастырады.

Өндірушілер мен тұтынушылар арасында салық ауыртпалығын бөлу сұраным мен ұсынымның икемділігіне байланысты болады: икемділік көбірек көлбеу сызықпен, икемсіздік көбірек өспелі сызықпен тұлғаланған. Сұраным икемділігі сату көлемінің (сұранымның) пайыздық өзгеруінің бағаның пайыз-дық өзгеруіне қатынасы (икемсіз сұраным үшін бұл коэффициент 1-ден кем, икемді сұраным үшін 1-ден көп, сұранымның дара икемділігі кезінде ол 1-ге тең). Ұсыным икемділігі – өнім көлемі өзгеруінің бағаның пайыздық өзгеруіне пайыздық қатынасы (бағаның өсуі ұсынылатын тауарлардың артығырақ кө-беюін тудырады, бұл икемді ұсынымды сипаттайды: икемсіздік кезінде бағаның өсуі тауарлар ұсынымына әлдеқайда аз әсер етеді).

Сөйтіп, салық ауыртпалығы мына ережелер бойынша бөлінеді.

Ұсынымның тұрақты жағдайында тауарға деген сұраным икемділігі азырақ болса, тұтынушылар соғұрлым салықтың үлкен бөлігін төлейтін болады және керісінше, сұраным икемділігі көбірек болса,өндірушілер тарапынан соғұрлым көп салықтық төлемдері болады (12.7 – 12.10).

12.7-сызба

Баға

P1P0PС O

S1BS

а

D

Q1Q Өндіріс көлемі

12.7. Сұраным икемді, Р0-дан Р1-ға дейін баға аз көтеріледі. Салық ауыртпалығының үлкен бөлігін (ең қажетті заттар емес) өндіруші тартады.

12.8-сызба

Баға

S1

S

B

P1

P0

а

PС

С

D

O

Q1Q Өндіріс көлемі

12.8. Сұраным икемсіз баға Р-дан Р1-ға шұғыл өседі, салықтың үлкен бөлігі тұтынушыға (нан, электр энергиясы) түседі.

12.9-сызба

Баға

P

BS1 P1

S

а

P0 PС

С

D O

Q1Q Өндіріс көлемі

12.9. Ұсыным икемді, бағалар артады, салықтың үлкен бөлігін тұтынушы төлейді.

12.10-сызба

Баға

S1

S

P

B

P1

а

P0

С

D

O

Q1QӨндіріс көлемі

12.10. Ұсыным икемсіз, баға аз көтеріледі және салықтың үлкен бөлігі өндірушілерге түседі.

Келтірілген сызбаларда АВС үшбұрышының алаңы артық са-лық ауыртпалығының мөлшерін, яғни тауарлардың, қызметтерді өндіру мен тұтынудың төмендеуіне байланысты қоғам шығысы-ның оңтайлы деңгейден төмен болатынын сипаттайды.

Салықтық түсімдерді қоспағанда артық салық ауыртпалығы (Р1ВСРс үшбұрышының алаңы) жалпы ауыртпалыққа Р1ВАСРсфигурасының алаңы) тең.

Сұраным мен ұсыным икемділігінен басқа, тауарлар мен қызметтердің бағасы арқылы салықтарды аударудың мүмкіндігі мен дәрежесі көп жағдайда экономикалық циклдің айналсоқпаларына (фазаларына) байланысты болады: өрлеу кезінде бағаны көтеруге неғұрлым қолайлы жағдай жасалады және салықты аудару неғұрлым интенсивті жасалады және, керісінше, дағдарыс ке-зінде өндірістің құлдырауымен, жұмыссыздықтың өсуімен, халықтың төлем қабілеттігі бар сұранымының азаюымен байланысты аудару қиындайды.