
- •Isbn 9965-803-47-1
- •Isbn 9965-803-47-1
- •1.1 Сызба. Қоғамдық жүйедегі қатынастардың дәйектілігі (бағыныңқылығы)
- •1.2 Сызба. Қоғамдық өнімді өндіру, оның құнын бөлу және қайта бөлу
- •Сызба. Қаржы қажеттігінің факторлары
- •1.2 Ұлттық өндіріс көлемдерін өлшеу.
- •Қаржының айрықшалықты белгілері
- •1.4. Қаржының функциялары және рөлі
- •1.5. Құндық экономикалық категориялардың өзара іс-әрекеті мен өзара байланысы
- •1.6. Қаржылық ресурстар мен қорлар қаржылық қатынастардың объекті ретінде
- •1.4 Сызба. Қаржылық ресурстардың құрамы
- •1.7. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары
- •1.7 Сызба. Қаржылық қорлардың сыныптамасы
- •1.5 Сызба. Функциялық критерийі бойынша қаржы жүйесінің құрылымы
- •1.6 Сызба. Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің сызбасы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Қаржылық саясаттың мазмұны, міндеттері және қағидаттары
- •2.1 Сызба. Қоғамдық-экономикалық формацияның базис және қондырма жүйесіндегі қаржы
- •2.2. Қаржылық саясатты жасау
- •2.3 Қаржылық механизмнiң мазмұны мен құрылымы
- •2.2 Сызба. Қаржылық механизмнiң жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1 Қаржыны басқару ұғымы
- •3.2. Мемлекеттің қаржысын басқару
- •3.3. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару
- •3.4. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері, қағидаттары және әдістері
- •4.2. Қаржы жоспарларының жүйесі
- •4.3. Қаржылық көрсеткіштер
- •4.4 Қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Қаржылық құқықтық қатынастар және қаржылық-құқықтық нормалар
- •5.1 Сызба, Қаржы мен құқықтың өзара іс-әрекеті. Қаржылық-құқықтық механизмнің қалыптасуы
- •5.2. Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері
- •5.3. Қаржы заңнамасы жүйесіндегі қаржылық-құқықтық актілер
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидаттары
- •6.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы
- •6.1. Сызба. Түрлері бойынша қаржылық бақылаудың сыныпталуы
- •6.3. Аудиторлық бақылау (аудит)
- •6.4. Қаржылық бақылаудың әдістері
- •6.5. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру негіздері
- •Бақылау сұрақтары
- •7.1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны
- •7.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
- •7.1 Сызба. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
- •7.3. Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері
- •7.4 Шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігін жаңғыртудың қаржылық ерекшеліктері және оның әртараптандырылуы
- •Бақылау сұрақтары
- •8.1. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері
- •8.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қорлары
- •8.3. Өндірістік капиталдар және шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің қаржылық нәтижелері.
- •Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметі нәтижелерінің қалыптасу сызбасы
- •8.5. Компаниялардың, фирмалардың қаржылық менеджменті
- •Бақылау сұрақтары
- •9.1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру
- •9.2. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері
- •9.3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердін шығыстары
- •Бақылау сұрақтары
- •10.1. Мемлекеттің экономикалық қызметі
- •10.1 Сызба. Құйылым шығындары
- •10.2 Сызба. Құйылым пайдалары
- •10.3 Сызба. Құйылым пайдаларын реттеу
- •10.2 Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер
- •10.4 Сызба.Тауар әлеміндегі қоғамдық тауарлар, қызметтер, игіліктер
- •10.3. Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы
- •10.5 Сызба. Қазақстанның мемлекет қаржысының құрамы
- •Бақылау сұрақтары
- •11.1. Мемлекет кірістерінің мәні
- •11.1 Сызба. Қаржылық ресурстар, мемлекеттің кірістері мен шығыстары
- •11.2 Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •12.1. Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
- •12.2. Қазақстанның салық жүйесі
- •1) Салықтар:
- •2) Бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер:
- •12.3. Салық салуды ұйымдастыру
- •12.1. Сызба. Салықтық механизмнің элементтері
- •12.2. Сызба. Салық нұсқамасы
- •12.3 Сызба. Үйлесімді және прогрессивті салық салу
- •12.4. Корпоративтік табыс салығы
- •12.4 Сызба. Корпоративтік табыс салығын есептеу және өндіріп алу
- •12.5. Жеке табыс салығы
- •12.6. Шетелдік заңи және жеке тұлғалардың табыстарына салық салу
- •12.2 Кесте. Бейрезиденттердің табыстары бойынша төлем көзінен салық салу мөлшерлемелері
- •12.7. Жанама салықтар
- •12.5 Сызба. Есепке жатқызылған ққс-ты өндіріп алу
- •12.3 Кесте. Ққс-тың іс-әрекет механизмінің сызбасы
- •12.8. Экспортқа рента салығы
- •12.9. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары
- •12.10. Әлеуметтік салық
- •12.11. Меншікке салынатын салықтар
- •12.12. Құмар ойын бизнесі салығы
- •12.13. Тіркелген салық
- •12.14. Арнаулы салық режімдері
- •12.15. Басқа міндетті төлемдер
- •12.16. Салықтарды аудару
- •12.6 Сызба.
- •12.17. Салықтардан жалтарыну
- •Бақылау сұрақтары
- •13.1. Мемлекет шығыстарының мәнi, құpaмы және сыныптамасы
- •13.2. Экономиканы қаржыландыру
- •13.3. Ғылыми-техникалық прогресті қаржыландыру
- •13.4. Әлеумeттiк-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар
- •13.5. Халықты әлеуметтiк қopғay шығыстары
- •13.6. Қорғанысқa және басқаруға жұмсалатын шығыстap
- •Бақылау сұрақтары
- •14.1. Мемлекеттік бюджеттің мазмұны, әлеуметтік-экономикалық мәні және рөлі
- •14.1 Сызба. Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы
- •14.2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
- •14.2 Сызба. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
- •14.3 Сызба. Баланстандырылған бюджеттік әдістің іс-әрекеті.
- •14.3 Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік реттеу механизмі
- •14.4. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
- •14.4 Кесте. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің құрамы мен құрылымы
- •14.5. Бюджеттік сыныптама
- •14.6. Бюджет тапшылығы, оның сыныптамасы. Бюджет тапшылығының тұжырымдамалары
- •14.7. Бюджеттік үдеріс
- •Бақылау сұрақтары
- •15.1. Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
- •15.2. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
- •15.1 Кесте. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерімен шығыстарының көлемі және құрылымы (2008 ж)
- •15.3. Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс
- •15.4. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
- •Бақылау сұрақтары
- •16.1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •16.2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.3. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.4 Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
- •16.4 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
- •Бақылау сұрақтары
- •15.1. Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
- •15.2. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
- •15.1 Кесте. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерімен шығыстарының көлемі және құрылымы (2008 ж)
- •15.3. Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс
- •15.4. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
- •Бақылау сұрақтары
- •16.1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •16.2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.3. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.4 Қазақстанның Республикасының Ұлттық қоры
- •16.4 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
- •Бақылау сұрақтары
- •Пен мемлекеттік борыш
- •17.1 Мемлекеттік кредиттің мәні
- •17.2. Мемлекеттік кредиттің нысандары мен әдістері
- •17.3. Сыртқы (халықаралық) кредит
- •17.4. Мемлекеттік борыш
- •17.2 Сызба. Мемлекеттік кредиттегі себеп-салдарлық өзара байланыстар
- •17.5. Елдің сыртқы борышы
- •17.1 Кесте.Сыртқы борыштың салыстырмалы параметрлері
- •17.2 Кесте. Жалпы сыртқы борыштың динамикасы, млрд ақш долларында.
- •17.6. Мемлекеттік борышты басқару
- •17.7. Мемлекеттік борыштың экономикалық салдарлары
- •17.2 Сызба. Өндірістік мүмкіндіктердің қисық сызығы
- •17.3 Сызба.
- •17.2 Кесте. Орта мерзімді кезеңдегі мемлекеттік берешек параметрлерінің шоғырланымдық ұлғаюы
- •Бақылау сұрақтары
- •IV бөлім. Үй шаруашылықтарының қаржысы
- •18.1. Үй шаруашылықтары қаржысының ұғымы және функциялары
- •18.1 Сызба. Экономикалық жүйеде ресурстардың, өнімдердің және табыстардың толық айналымы
- •18.2. Үй шаруашылықтарының қаржылық ресурстары және бюджеті
- •18.3. Үй шаруашылықтарының табыстары және олардың құрамы
- •18.4. Халықтың тұрмыстық деңгейін мемлекеттік реттеу
- •18.2 Сызба. Лоренцтің қисық сызығы
- •18.5. Мемлекеттік әлеуметтік трансферттер
- •18.1 Кесте. Табыс тұрғысынан Қазақстандағы кедейлік деңгейі
- •18.6. Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі
- •18.7. Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстары және олардың сыныптамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •Және әлеуметтік негіздері
- •19.1. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары
- •19.2. Мүліктік және жеке басты сақтандыру ерекшеліктері
- •19.3. Әлеуметтік сақтандыру
- •19.4. Медициналық сақтандыру
- •19.5. Сақтық рыногы
- •Бақылау сұрақтары
- •20.2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы
- •20.3. Фискалдық саясаттың нұсқалары
- •20.4. Экономикалық реттеу теорияларындағы қаржы
- •20.5. Рыноктық тепе-теңдікке салықтардың әсері
- •Бақылау сұрақтары
- •21.1. Қаржы рыногы туралы ұғым
- •21.1 Сызба. Қаржы рыногы мен бағалы қағаздар рыногының өзара байланысы
- •21.2. Бағалы қағаздар рыногы. Бағалы қағаздардың сыныптамасы.
- •21.2 Сызба. Бағалы қағаздардың сыныптамасы
- •21.3. Бағалы қағаздардың шығарылымы және айналысы.
- •21.4. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары
- •21.5. Қор биржасы
- •21.6 Қор рыногының индикаторлары
- •Бақылау сұрақтары
- •Байланыстар жүйесіндегі қаржы
- •22.1. Сыртқы экономикалық қызметтің сипаттамасы және оның даму бағыттары
- •22.2. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері
- •22.1 Кесте. Валюта бағамдары өзгерімінің экспорт пен испорттың көлеміне әсері (шетелдік ақшалай өлшемдерінде – шет. Ақшалай өлш. Және ұлттық ақшалай өлшемінде – ұлт. Ақшалай өлш.)
- •22.3. Сыртқы экономикалық қызметті салықтық реттеу
- •22.2 Кесте. Кеден баждарының түрлері
- •22.3. Валюталық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану
- •22.4. Елдің төлем балансы
- •22.3 Кесте. 2008 жылғы Қазақстан Республикасының жиынтық төлем балансы
- •Бақылау сұрақтары
- •23.1. Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы.
- •2 3.1 Сызба. Қаржы мен инфляцияның өзара іс-әрекеті
- •23.3 Сызба. Инфляциялық шиыршық
- •23.2. Сызба. Инфляциның сипаттамасы және оның іс-әрекеті.
- •23.2. Инфляцияға қарсы саясат шаралары
- •Бақылау сұрақтары
1.5. Құндық экономикалық категориялардың өзара іс-әрекеті мен өзара байланысы
Қоғамдық өнімді бөлу үдерісі өте күрделі, мұның барысында өндірісте жасалған құн шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында, ал олардың әрқайсысында мақсатты арналым бойынша бөлінеді. Осыған байланысты ол түрлі экономикалық категориялардың көмегімен жүзеге асады, бұлардың әрқайсысы ерекше, тек өзіне тән рөлдерді орындайды. Қаржы құндық бөлу үдерісіне қатыса отырып, баға, еңбекке ақы төлеу, кредит, сақтандыру және басқа категориялармен өзара тығыз байланыста болады және өзара іс-әрекет жасайды. Бұл ақшалай категориялар сонымен бірге ұдайы өндіріс циклінің барлық стадияларына қатысады, алайда олардың қатысу өлшемі мен нысандары бірдей емес. Жеке экономикалық категориялардың ұдайы өндіріс үдерісінің түрлі стадияларында қатысу дәрежесі әр түрлі. Аталған категориялардың әрқайсысы тек оған тән әдістермен және тәсілдермен қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлудің біркелкі үдерісіне қатыса отырып, бөлгіштік және басқа ұдайыөндірістік қатынастардың жүйесінде өзінің ерекше орнын алады.
Қаржы теориясының маңызды мәселесі оның баға, еңбекке ақы төлеу, кредит және т.б экономикалық категориялармен өзара байланысы, сондай-ақ бөлгіштік үдеріске бұл категориялардың қандай дәйектілікпен кірісетіндігі болып табылады.
Ақша және қаржы. Рыноктық қатынастардың практикасы экономикалық категорияларды қолданудың шекаралары мен шарттарын түзетеді, оларға жұмыс істеудің жаңа нысандарын үстеп береді. Ұқсас трансформацины «қаржы» ұғымы алып отыр. Мәселен, қазіргі тұрмыстық қолданыста бұл термин жалпы алғанда ақша, ақшалай қаражаттар ұғымымен теңдестіріледі. Ұқсас мәнді өздерінің ресурстарының атауына шаруашылық жүргізуші субъектілердің (кәсіпорындар мен ұйымдардың) банк және қаржы менеджерлері салады. Оның үстіне, «ақша» терминін «қаржының» орнына қою батыстың аударма әдебиетінен, бұқаралық ақпарат құралдарынан шығады.
Қоғамдық ұдайы өндіріске қызмет көрсететін ақша жалпы категория ретінде құнның жай-күйін (бағалануын) және қозғалысын қауыштырады, ал оның негізінде іс-әрекет ететін қосалқы категориялар – баға, қаржы, кредит, еңбекке ақы төлеу, сақтандыру оның (құнның) қозғалысын неғұрлым нақтылы бағытта және айрықшалықты нысандарда нақтылы түрде көрсетеді, яғни қосалқы жүйелер тауар-ақшалай қатынастардың
– ақшаның жұмыс істеуінің жалпыға ортақ нысанын реалды мазмұнымен толтырады. Сөйтіп, ақша бастапқы категория болып табылады, ал оның функциялары (құн өлшемі, айналыс қаражаты, төлем қаражаты, қорланым қаражаты, дүниежүзілік ақша) негізінде қатынастарды қамтудың түрлі дәрежесімен қалған, бағынышты категориялар (қосалқы категориялар) іс-әрекет етеді. Мәселен, бағаның іс-әрекетінде көбінесе ақшаның құн өлшемі және айналыс қаражаты ретіндегі функциялары, кредитте төлем, қорланым қаражаттары, дүниежүзілік ақша функциялары көрініс табады.
Ақшаның негізінде жұмыс істейтін барлық категориялардың ішінен олардың іс-әрекетіне қаржылық қатынастар неғұрлым кең ауқымда жақын келеді. Қаржы ақшаға тән функциялардың көбін пайдаланады. Тап осы жағдай, тәрізі, практикада қаржыны ақша ретінде кеңінен түсінуге алып келді: ең әуелі төлем қаражаты функциясында, өйткені қолма-қол және қолма-қолсыз нысандарда қаржылық міндеттемелер ақшамен жүзеге асырылды, сонан кейін басқа ақшалай операциялар да қаржылық қатынастар сипатына ие болды. Мысалы, шаруашылық жүргізудің нәтижелерін өлшеу кезінде қызмет ауқымдарын бағамен өлшеу арқылы (өнім, қызмет өндіру және одан ары – қаржылық менеджментте қолданылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыс тиімділігінің көрсеткіштері).
Ақшаның функциялары негізінде дамып,қаржы біріктірілген нысандарды тудырды– мысалы «қаржы капиталы», «қаржы рыногы», «қор рыногы». «Қаржы капиталы» ұғымына сәйкес ақшаның, қаржының және кредиттің неғұрлым етене қосылысы болды. Қаржы капиталы өнеркәсіп пен банк капиталдарының симбиозы ретінде ұдайы өндірістің негізгі қорларының толық айналымын тездету арқылы оны қарқындандыра отырып, ұдайы өндірісте сапалы өзге қасиеттер мен өзге рөлді бейнелейді. Ал өндірістік қорлар негізгі және айналым капиталдарының (капитал қалыптасуы) жаңғыртылу үдерістерін жүзеге асыру үшін инвестициялық ресурстарға түрлене отырып, ақшалай ресурстар – қаржылық, кредиттік ресурстар есебінен біріктірілген түрде қалыптасады. Бұл қатынастар шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық менеджментінде, салықтық менеджментінде, қаржы рыногында, яғни енді қаржының өзінің функцияларын іс жүзінде іске асыру кезінде өте-мөте сараланғыш, икемді және атаулы болып келеді.
Сөйтіп, «ақша» және «қаржы» категориялары қосарлас, бірыңғай «үйлесімде» іс-әрекет етеді; мұндай өзара іс-әрекет кезінде ақша нысан ретінде болады, ал қаржы бұл нысанды арнайы мазмұнмен – қаржылық мазмұнмен, яғни сипатты айрықшалықты белгілермен: бөлгіштік, қайта бөлгіштік, міндетті, сөзсіз болатын, баламасыздық, құнның бір жақты қозғалысымен толтырады. Әрі аталған белгілер түрлі жинақталымдарды және қатысудың түрлі дәрежесімен шаруашылық үдерістерінің өзіндік ерекшеліктерін бейнелейді.
Алайда, ақшаның кез келген функциясында қаржы ақшаның өзіне қарағанда аз дәрежеде пайдаланылады. Ұдайы өндірісте қаржының функциялық қатысуы оның барлық стадияларында байқалынады. Монетарлық (ақшалай-кредиттік) және фискалдық (салықтық-бюджеттік) саясаттарды жүргізу кезіндегі ақша мен қаржының өзара іс-әрекеті туралы қосымша 20.3 параграфты қараңыз.
Баға және қаржы. Баға – жұртқа мәлім, тауар құнының ақшалай тұлғалануы. Ол еңбек өнімінің натуралдық-заттай нысанынан ақшалай нысанына көшуін және сатып алу-сату актілерінің негізінде оның бір иеден басқасына қозғалысын ортақтастыра отырып құндық бөліністің бастапқы категориясы ретінде көрінеді. Ұлттық табыс бөлінгенге дейін және қайта бөлінгенге дейін тауар сатылуы тиіс. Баға өнім иесіне оны өткізуден түсетін ақшаның мөлшерін алдын ала анықтайды және одан ары бөлінетін үдерістің алғашқы негізі болып саналады. Бөлініс үдерісінде еңбектің қоғамдық қажетті шығындарымен анықталатын құннан бағаның ауытқуы пайда болуы мүмкін, мұның нәтижесінде бір қатар өндірушілерде көп құн, басқаларында аз құн өткізіледі. Мұндай жағдайда қайта бөлгіштік үдеріске өзінің әдістерімен қаржы араласады: ол құнның бір бөлігін (мысалы, акциздердің, экспортқа немесе импортқа салынатын салықтардың, кеден баждарының көмегімен) алады немесе құнның кем алынған бөлігін субвенциялар, бюджеттік немесе салалық қаржыландыру жолымен алып береді. Бағаның құннан ауытқуын мемлекет бағалар саясатын жүргізгенде (мемлекеттік тапсырыс бойынша, мемлекеттік көтере сатып алу бойынша реттелетін бағалар, әлеуметтік тұрғыдағы төмен бағалар, жоғары сұраныммен анықталатын баға – монополиялық бағалар) әдейі белгілей алатынын есте ұстаған жөн. Рынок жағдайларында тауарлардың, қызметтердің сұранымы мен ұсынымы қалыптастыратын еркін бағалар басым болады.
Көрнекі, екі категорияның өзара іс-әрекеті трансферттік баға белгіленімі кезінде – бағаларды пайдалануды бақылап отыруда көрінеді, бұл бағаларды өзара байланысты тараптар қалыптастырады және (немесе) бұл тараптар арасында мәмілелер жасалған кездегі рыноктық бағалардан (олардың ауқымында) айырыла танылады. «Трансферттік баға белгіленімі туралы» Қазақстан Республикасы заңының нормаларына сәйкес тексерулер жүргізу барысында бағалар ауқымын ескере отырып, рыноктық бағадан мәміле бағасының ауытқу фактін анықтау кезінде уәкілетті органдар салық салу объектілеріне және салық салумен байланысты объектілерге түзету жүргізеді. Түзету мәмілелер бойынша жеңілдікпен салық салуы бар мемлекеттерде тіркелген тауар айырбастау (баспа-бас айырбастау) операцияларын жүзеге асыратын, салықтар бойынша жеңілдіктері бар, белгілі бір кезеңде залалдары бар, өзара есепке алу ретінде мәмілелерді жүзеге асыратын қатысушылармен жүргізіледі.
Алайда бағаның іс-әрекеті қорлардың тікелей жасалуын тудырмайды, ол тауар өндірісі мен айналысының құралы болып көрінеді. Айырбас актісі дегеніміз бір мезгілдегі сату (біреу үшін) мен сатып алу (басқа үшін). Тауарларды баламасыз сату кезінде «m»-нің үлесі азаяды немесе көбейеді, ал баламасыз сатып алу кезінде жаңа тауардың «C» және «V» көлемі мен үйлесімі өзгереді. Баға орын толтыру қорының мөлшері мен құрылымына, демек , пайдаға да ықпал етеді.
Бағада құнның барлық құрылымдық бөліктері тұжырымдалған, бұл бөліктер ары қарай бөлініп, қаржылық ресурстар мен қорлар түрінде өзінің экономикалық нысандарын алады. Экономикалық үдерістердің қатаң орталықтандырылуы жағдайында құнның бұл үлестері – амортизациялық аударымдар, жалақы, материалдық және басқа шығындар, табыс (пайда) – регламенттелінеді, ал рынок жағдайларында сұраным мен ұсыным факторларымен анықталады. Баға қаржының жұмыс істеуі үшін жағдайлар әзірлейді. Шаруашылық жүргізуші субъектілерде не қаражаттар қордаланылады, бірақ онда салықтардың сомасы көбейеді, не қоғамдық өнім өседі, бұл табыстың (пайданың) анағұрлым жоғары нормасы бар салаларға ауыстырылатын ресурстардың босап қалуына ұрындырады.
Қаржы көмегімен шаруашылық жоспарларымен және үйлесімдерімен белгіленген құн қозғалысының шарттарын ескере отырып бөлудің бағамен басталған үдерісі түзетіледі. Егер бағаның көмегімен өнімді өткізуден түсетін жалпы түсім-ақша қалыптасатын болса, қаржылық бөлу бұл түсім-ақшаны одан ары бөлуге арналған мақсатты ақшалай қорлар бойынша бөлшектейді. Сөйтіп, бөлудің қаржылық әдістері анағұрлым иілгіш келеді, олар бұл үдерістегі үлкен атаулы сипатты қамтамасыз етеді. Бөлу кеңділігінің дәрежесі әр түрлі: егер баға құнның қоғамдық қажетті шығындардан ауытқуы немесе шығындардың жеке-дара шығындардан ауытқуы түріндегі оның тек бір бөлігін бөлетін болса, қаржы жалпы қоғамдық өнімнің бүкіл құнын қайта бөледі.
Баға бөлу үдерісіне бірінші болып кіріседі және ондағы бастапқы үйлесімдерді анықтайды. Құнның айналасында бағаның тербелісі қаржы үшін қызмет өрісін жасайды.
Қаржы бағамен негізі қаланған үйлесімдерді нақтылайды. Қаржылық бөлудің бағамен бөлуден айырмашылығы сол, бағамен бөлудің объектісі жалпы қоғамдық өнім құнының тек бір бөлігі болып табылатындығы (бағаның құннан ауытқитын бөлігі). Қаржы ішкі жалпы өнімнің бүкіл құнын бөледі. Бағамен бөлуге қатысты қаржылық бөлу қайталама болып табылады. Бағамен бөлу үлестірім бетінде байқалынбайды, ол түсім-ақшаның жалпы массасында жасырылған, ал қаржылық бөлу анық көрініп тұрады. Бағамен бөлу тек бөлумен, ал қаржылық бөлу бөлумен және қайта бөлумен сипатталады.
Баға амортизациялық аударымдардың көлемін анықтауда ерекше рөл атқарады. Өндіріс құралдарының бастапқы және қолданыстағы бағаларының арасындағы алшақтық амортизациялық қордағы елеулі ауытқуларға себепші болады. Өндіріске кепілге салынған (баламасыз сатып алуға қарай), құнның бағалық бұрмалануы баламасыз сату кезінде күшейеді және бөлу мен тұтыну стадияларындағы қайта бөлгіштік қатынастардың көбеюін тудырады.
Әсіре инфляция жағдайында Қазақстанда баға күшті өсті және бағаның бөлгіштік функциясы күшейе түсті. Баға сонымен қатар тауарларға деген сұраным мен ұсынымды да реттейді, сөйтіп, ұдайы өндіріске, шығынның орнын толтыру қорының мөлшері мен құрылымына ықпал жасайды.
Қаржы және еңбекке ақы төлеу. Қаржы еңбекке ақы төлеумен тығыз байланысты. Бағаның ізінше қаржылық бөлудің ішінде жалақы жұмыс істей бастайды. Қаржы жалақы қоры мен еңбекке ақы төлеудің басқа қорларының оқшаулануы үшін жағдайлар жасайды. Бұл категориялар жұмыс күшінің ұдайы толықтырылуы үшін алғышарттар жасайды, өзара іс-қимылда ұдайы өндіріс үдерісін ынталандырады. Материалдық өндіріс сферасында еңбекке ақы төлеу қоры (жалақы қоры) қаржының көмегімен өнімді өткізуден түскен түсім-ақшадан бөлінеді. Бұл қор өндірілген өнімнің көлеміне қарай қалыптасуы мүмкін. Шаруашылық практикада табыс категориясын пайдаланған жағдайда еңбекке ақы төлеу қоры қол жеткен қаржылық нәтижелермен тығыз байланысты үйлесімде қалыптасады.
Жалпы табыс өнімді өткізуден түскен түсім-ақша мен тура шығындар арасында айырма ретінде өзіне осы шығындардағы үнемді қабылдайды және сондықтан кешенді қаржылық ұғым ретінде сипатталады, ол ақшалай тұлғалануда қызметтің сандық және сапалық нәтижелері бойынша шаруашылық органның барлық күш-жігерін біріктіреді. Бұл жерде баға факторы да қатысады: жоғары сапалы өнімді өткізген жағдайда материалдық
шығындарды үнемдеу де, өнімнің үлкен сандық көлеміне келетін амортизациялық аударымдар үлесінің азаюы түрінде болатын негізгі капиталды пайдаланудан алынатын салыстырмалы үнем де пайданы немесе табысты көбейтеді.
Сырттай қарағанда еңбекке ақы төлеу қорын анықтауға баға факторы тікелей қатыспайды деген пікір туады. Бірақ таза табысты бөлу арқылы оның әсері ақиқат көрінеді.
Рыноктық жүйеде бағаның еңбекке ақы төлеу қорына әсері бұрынғыдан бетер арта түседі.
Ұлттық табысты бөлудің нәтижесі болып табылатын еңбекке ақы төлеумен өзара әрекеттесе отырып, қаржы оны салықтар, қарыздар және ақшалай ресурстарды жалпы мемлекеттік қорға қаражаттарды жұмылдырудың басқа әдістері, зейнетақы, сақтық қорына төленетін жарналар арқылы ішінара қайта бөлуді қамтамасыз етеді.
Қызметтер көрсету сферасында жұмыскерлердің еңбекке ақы төлеу қоры елеулі дәрежеде бюджеттік қаражаттар есебінен қалыптасатындықтан және тиісті бюджеттің қаржылық мүмкіндіктерімен анықталатындықтан бұл сферадағы қаржы мен еңбекке ақы төлеудің байланысы көрнекі (айрықша) болады.
Барлық жағдайда еңбекке ақы төлеу экономикалық категория ретінде жасалған өнімдегі әрбір жұмыскер үлесінің сәйкестігін, яғни жұмыскердің бөлудегі қатысу шегін анықтайды, ал қаржы жалақы қорын немесе еңбекке ақы төлеу жөніндегі қорды қалыптастырады.
Еңбекке ақы төлеу тұтыну стадиясында, яғни тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу жолымен пайдаланылады. Бір мезгілде оның белгілі бір бөлігі қаржылық әдістермен халықтың салықтарды, сақтандыру бойынша жарналарды төлеуі түрінде; кредиттік әдіспен – банктерге салынған салымдар, мемлекеттік қарыздардың облигациялары түрінде; акцияларды және басқа бағалы қағаздарды сатып алу жолымен жұмылдырылады.
Жалақы мен қаржының іс-әрекет етуінің айырмашылығы:
1) қаржылық бөлудің шекарасы анағұрлым кең; жалақы тек еңбек шығындарын өтеуге қатысты;
2) қаржы құнның біржақты қозғалысына қатысады, ал жалақы
оның ыңғайласпа қозғалысына – еңбек құнына және оның ақшалай өтемақысына қатысты.
Жалақы көмегімен «V» толық және «m» ішінара бөлінеді қаржының көмегімен қорлардың жиынтығы, ал жалақының көмегімен жалақы қоры мен сыйлықақы қоры қалыптасады. Олар еңбекке ақы төлеу қорын құрайды. Жалақы – салық төлеудің негізі. Жалақының көзі қаржылық ресурстар болып табылады, ал жалақы қоры оны үнемдеу кезінде өзі қаржылық ресурстардың көзі бола бастайды.
Сонымен бірге қарастырылып отырған категориялардың іс- әрекет сфералары мен іс-әрекет уәждері айтарлықтай ажыратылады. Қаржының іс-әрекеті бүкіл қоғамдық өнімге, ал еңбекке ақы төлеу әрекеті тек қажетті өнімге және қосымша өнімнің бір бөлігіне таралады. Еңбекке ақы төлеу өндірістің аса маңызды факторларының бірі – жұмыс күшінің әрекетімен байланысты, жұмсалынған еңбектің өтемақысының құралы қызметін атқарады, ал қаржы, бұдан басқа, өндіріс құралдарымен олардың тікелей қалыптасуы арқылы байланысты. Еңбекке ақы төлеу оның өнімділігінің өсуін ынталандырады, ал қаржы қаржылық механизмнің жүйесі арқылы оның дамуын жандандыра отырып, бүкіл қоғамдық өндіріске ықпал етеді.
Қаржы және кредит. Қоғамдық өнім құнын бөлуге кредит те қатысады. Әрі қайта бөлгіштік үдерістер кредиттік қатынастардың сферасында ағылып жатады. Қаржыдағы сияқты кредиттік қатынастарда да шаруашылық жүргізуші субъектілерді, халықты, мемлекетті ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелендіру мақсаттары үшін кредиттік деп аталатын ақшалай қорлар қалыптасып, пайдаланылады.
Екі категория да қоғамдық шаруашылықта қаражаттардың қалыпты, үздіксіз ауыспалы айналымы үшін жағдайлар жасауға бейімделген. Бұл категориялардың материалдық сферадағы кешенді ықпал жасауының объектілері өндірістік капитал болып келеді. Қаржы және кредит күрделі жұмсалымдар мен айналым қаражаттарын қалыптастырудың көздері болып табылады. Бірге үйлесе отырып, олар шаруашылық жүргізуші субъектілердің ақшалай қорларының айналымын ұлғаймалы негізде қамтамасыз етеді. Қаржылық әдіспен әдетте шаруашылық органдардың ақшаға деген тұрақты қажеттіліктері, кредиттік әдіспен олардың уақытша мұқтаждары қанағаттандырылады. Келешекте күрделі жұмсалымдардың көзі ретінде кредиттік ресурстардың рөлі артатын болады.
Кредиттік әдістің ұлғаюы ақшалай ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалануға қосымша ынталандырмалар жасайды, оларды жұмсауды банк үнемі қадағалайды, бұл өндірістік-қаржылық қызметтің нәтижелері үшін шаруашылық жүргізуші субъектілердің шаруашылық есептегі жауапкершілігін арттырады. Қайтарылмайтын қаржыландыру қысқаруы тиіс.
Қаржы мен кредиттің өзара байланысы қаржылық және кредиттік ресурстарды қалыптастыру үдерістерінде анық байқалынады,онда екі категорияның іс-әрекеті өзара бағытталған – қаржының көмегімен банктің кредиттік ресурстары құрылады: шаруашылық органдардың қаражаттары, амортизациялық аударымдар, материалдық ресурстарды сатып алуға бірден бағытталмайтын, айналым қаражаттарын толтыруға арналған өнімді өткізуден алынған түсім-ақшаның бір бөлігі. Кредиттің көмегімен қаржылық ресурстар қалыптасады: кредиттер шаруашылық органдардың қаржылық ресурстарын толықтырады – өтеу мезетіне дейін; табыстан банктердің бюджетке төлемдері – олардың қызметінің нәтижелері бойынша және бірқатар басқа жағдайларда; мемлекеттің шығыстарын қаржыландыру үшін банктерден бюджеттік қарыз алу.
Сөйтіп, ұлғаймалы ұдайы өндіріс мұқтаждарын қамтамасыз етуде екі категорияның өзара бірін-бірі алмастырушылығы байқалып тұрады.
Сонымен қатар қаралып отырған категориялардың арасында белгілі бір айырмашылықтар да бар. Егер қаржы қоғамдық өнімді бөлетін және қайта бөлетін болса, кредит қаржы бастаған бөлуді жалғастыра отырып тек қайта бөлуге қатысады. Кредиттің объектісі осы мезетте уақытша бос болып келетін құнның бір бөлігі болып табылады, бұл ақшаны қажетсініп отырған шаруашылық органдары мен халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құнды несие қорына шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Жинақталған ақшалай қаражаттарды пайдалану әдісі айтарлықтай айырмашылық болып табылады: қаржыландыру қаражаттарды өтеусіз және мерзімсіз тәртіппен бағыттауды шамаласа, несиелендіру қайтарымдылық, мезгілдік, ақылық жағдайларында жүргізіледі; кредиттің аса маңызды қағидаты – берілетін кредиттердің материалдық қамтамасыз етілуі.
Қаржы және сақтандырудың өзара байланысы мен өзара іс- әрекеті де өте шектеулі; бұл мәселелер 18 және 19 тарауларда егжей-тегжейлі қаралған.
Қаржы есеп айырысу жүйесімен өте тығыз байланысты, өйткені олардың іс-әрекет етуі жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара есеп айырысуға негізделген. Есеп- қисаптар экономикалық категориялар емес, олар – аталған категорияларды іске асырудың құралы. Бұл жерде ақшаның айналыс қаражаты және төлем қаражаты ретіндегі функциясы пайдаланылады. Қаржылық операциялардың уақтылы жасалуы, мақсатты қорлардың қалыптасуы, қаржылық ресурстардың қажетті бағыттар бойынша кедергісіз қозғалуы есеп-қисаптардың айқындығына, жолға қойылғандығына байланысты болып келеді.
Материалдық өндіріс сфераларының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірілген өнім, тауарлар және қызметтер үшін есеп айырылысулары қаржы іс-әрекетінің алдында болады және қаржылық қатынастарды кейінгі жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Материалдық өндіріс сферасындағы есеп айырысуларды сипаттайтын айрықшалықты көрсеткіштер дебиторлық және кредиторлық берешектер болып табылады. Бұл берешектердің деңгейі шаруашылық органдардың қаржылық жай-күйіне әсер етеді және келісімшарттық тәртіптің, тұтынушылардың төлем қабілеттілігінің жай-күйіне байланысты болады. Қазіргі уақытта ұлттық шаруашылықтағы есеп айырысулардың жай-күйі қанағаттанарлықсыз: шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы өзара есеп айырысулар бойынша төленбеген төлемдердің сомасы және банктердің несиелері бойынша, жалақы бойынша мерзімі өткен берешек көбейіп отыр. Келісімшарттық міндеттемелерді орындамау қаржы тұрақсыздығының факторы болып табылады және айыппұлдар түріндегі өнімсіз шығындар мен қаржылық қаражаттардың ысырабына соқтырады. Бұл табыстан және ақыр аяғында еңбекке ақы төлеу қорынан шегерілетін тікелей шегерім.
Ақшалай есеп-қисаптар коммерциялық есеп пен өзін-өзі қаржыландыруды жүзеге асырудың маңызды буыны болып табылады. Олардың қалыпты жұмыс істеуі ұдайы өндіріс пен құндық экономикалық категориялардың – бағаның, қаржының, кредиттің, еңбекке ақы төлеудің іс-әрекетінің өте қажетті шарты болып табылады.
Экономикалық категориялардың өзара байланысы мен өзара іс-әрекетінің баяндалған ерекшеліктері басқа ақшалай операцияларға қарағанда қаржылық операциялардың аз «еркіндік дәрежесі» болады деп қорытынды шығаруға болады: қаржының бұл қасиеті оның «императивтігін» сипаттайды. Мысалы, шаруашылық жүргізуші субъектінің салық төлеу кезінде таңдауы жоқ – оның қызметінің табысына немесе табыс алмауына қарамастан ол оны төлеуге міндетті: ол тіпті бір салықты басқасымен ауыстыра алмайды.Өндірістік-шаруашылық қызметпен қосақталатын басқа қаржылық үдерістермен болатын ұқсас жағдаят – қаржылық қорларды: жарғы, қорлану, тұтыну, резервтік, валюталық және басқаларын қалыптастырмайынша кәсіпорын жұмыс істей алмайды. Сөйтіп, егер салықты төлеу кезінде қаржының мұндай белгісі міндеттілік ретінде болса, шаруашылық қызметте ол қажеттік болып табылады. Басқа ақшалай қатынастарда операцияларды таңдау еркіндігі болады, мысалы, кредиттік операциялар кезінде кредиттік мекеменің кредит түрін (қысқа, орта, ұзақ мерзімді), кредиттің шартын таңдауға мүмкіндік болуы мүмкін; бағалық қатынастарда әріптесті, рынок конъюнктурасы анықтайтын түрлі жағдаяттарда бағаның өзгеру мүмкіндіктерін таңдау; осындай ұқсас жағдай еңбекке ақы төлеуде (төлеудің нысандарын, мөлшерлемелердің мөлшерін таңдау және т.б.), сақтандыруда (түрлері, нысандары) болуы мүмкін.
Экономикалық категорияның таралу шекараларын теориялық көре білу шаруашылық және әлеуметтік үдерістерге оның механизмі ықпалының мүмкіндіктерін анықтауға жағдай жасайды. Бұл белгілі бір категорияның қасиеттерін пайдалануға бағдарланған басқаруды ұйымдастырудың шынайы тетіктерімен практиканы құралдандырады. Категориялар механизмінің элементтерін – нысандарын, әдістерін, тәсілдерін саралау экономиканың ұйымдық-құқықтық құрылымына икемділік пен пәрменділік береді және сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық жүйенің зор тиімділігіне жәрдемдесетін болады.
Экономикалық категориялардың өзара іс-әрекеті туралы қаралған негізгі қағидалар оларды ұдайы өндірісті басқарудың практикасында, оны жүзеге асырудың барысын бақылауда және оның тиімділігін ынталандыруда пайдалануға келісілген, өзара үйлесілген тәсілдемені қажет етеді.