Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Соңғы нұсқасы ҚҰЛПЫБАЕВ С Айгерим.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
7.15 Mб
Скачать

12.13. Тіркелген салық

Ұтыссыз ойын автоматтарын; ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлерді; ойын жолдарын (боулинг (кегельбан)); картты (картинг); бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңи тұлғалар тіркелген салықты төлеушілер болып табылады.

Ойын өткізу үшін падаланылатын тиісті ойын құрылғылары тіркелген салық салу объекті болып табылады.

Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың ең төменгі және ең жоғарғы базалық мөлшерлемелерінің мөлшерлері төмен-гі кестеде келтірілген.

рет №

Салық салу объектінің атауы

Тіркелген салықтың базалық мөлшерле-мелерінің ең төмен-гі мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

Тіркелген салықтың базалық мөлшерле-мелерінің ең жоға-ры мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

4

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын авто-маты

1

12

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге ар-налған ұтыссыз ойын автоматы

1

18

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланыла-тын дербес компьютер

1

4

4.

Ойын жолы

5

83

5.

Карт

2

12

6.

Бильярд үстелі

3

25

Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін жергілікті атқарушы органдар бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілейді.

Тіркелген салық үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.

Тіркелген салықты есептеу әрбір салық салу объектіне тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі.

Салық салу объектілері айдың 15-ін қоса алғанға дейін пайдалануға енгізу кезінде тіркелген салық белгіленген мөлшерлеме бойынша, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеменің ½ мөлшерінде есептеледі.

Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін шығып қалған кез-де тіркелген салық айдың жартысы үшін деп, 15-інен кейін белгі-ленген мөлшерлеме бойынша есептеледі.

Тіркелген салық есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінің орны бойынша бюджетке төленуге жатады.

Жоғарыда аталмаған кәсіпкерлік қызметтің өзге түрлерін жүзеге асыру кезінде тіркелген салықты төлеушілер қызметтің осындай түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есе-бін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджет-пен есеп айырысу жүргізуге міндетті.

Тіркелген салық бойынша мағлұмдама есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етіледі.