Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Соңғы нұсқасы ҚҰЛПЫБАЕВ С Айгерим.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
7.15 Mб
Скачать

12.7. Жанама салықтар

Жанама салықтар – мемлекеттің фискалдық мүдделерін біл-діреді және жоғарыда атап өткеніміздей, бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салықтар, олар салық төлеушілердің табыстарына немесе мүлкіне тікелей байланысты емес. Оларды саналы пайдалану баға белгілеу үдерісіне оңтайлы ықпал жасауы және тұтыну құрылымына әсер етуі мүмкін. Бұдан басқа, салық төлеушілер үшін табыстарға тура салық салудың өсуінен гөрі олардың шығыстарына салық салудың өсуі жақсырақ. Сонымен бірге тұтыну салықтары болып табылатын акциздерді, сатудан алынатын салықты, қосылған құн салығын пайдаланудың көбі-рек артықшылығы болады, өйткені, олардан жалтарыну қиыны-рақ; олармен экономикалық бұзушылық аз байланысты; олар ең-бекке деген ынталандырмаларды аз қысқартады; тапшылықтың жоқтығы жағдайында, ауыстырушы тауарға да тапшылықтың жоқтығын қоса олар тұтынушыға таңдау құқығын сақтап қалады; салықтардың жасырымдылығын қамтамасыз етеді және т.с.с.

Жанама салықтардан түсетін түсімдер мемлекеттік бюджеттің кірістерінде (кедендік төлемдермен бірге) 27,4 % - ды (2008 ж.) құрайды.

Алайда тұтыну салығы өсуінің кемшіліктері де бар, бұл кем-шіліктерге олардың инфляциялық және регрессивтік сипатын жатқызуға болады. Бірақ бұл салықтардың оң нәтижесі олардың теріс әсерін жауып кетеді. Егер баға есетін болса, сонымен бірге бюджет шығыстары да өсетін болса, онда бұл салықтардан түсе-тін түсімдер бағаның өсуімен көбейетін болады. Бұл әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға қаражаттар алуға мүмкіндік бере-ді. Бюджет жүйесіне инфляцияға қарсы автоматтық механизм кі-ріктірілетін болды.

Салық салу жүйесіне ортақ заңдылықтың болатынын есте ұс-тау қажет: экономиканың дағдарысы жағдайында, тұралаушы-лықта – өндірістегі, саудадағы және экономиканың басқа сектор-ларындағы тоқырауда – салық салуды тұтынысқа объективті қайта бағдарлау болады. Осы кезде мемлекеттің шығыстары мұндай жағдайда қысқармайды, тіпті кейде халықтың жұмыспен қамтылуының төмендеуінің нәтижесінде оны әлеуметтік қолдауды кеңейту, экономиканың қүрылымын қайта құруға, оның тіршілікті қамтамасыз ететін салаларын қолдауға жұмсалатын шығыстарды және басқа кезек күттірмейтін шығыстарды арттыру қажеттілігінен көбейеді. Сондықтан салық ауыртпалығын көп тұтынатындарға ауыстырудың қажеттігі пайда болады. Бөлгіштік үдерістегі белгілі бір теңестіруге жанама салықтардың өзіндік әлеуметтік бағыттылығы осында көрінеді. Әлемдік тәжірибе мұндай практиканы қолдап отырады.

Жанама салықтардың ішіндегі ең маңыздысы 1992 жылы ен-гізілген қосылған құн салығы (ҚҚС) болып табылады. Салық төлеуші мемлекетке оны төлеу нәтижесінде шеккен шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салықты тө-леуді сатып алушыға аударады. Салық салу объекті материалдық шығындарсыз өндірілген өнім (амортизациясы бар таза өнім) бо-лып саналатын қосылған құн болып табылады: қосылған өнімге кешенді шығыстар, мысалы, жарнамаға жұмсалатын және басқа бірқатар шығындар кіріктірілуі мүмкін.

Бұл салықтың артықшылығы мынада: біріншіден, ол жаңа құн жасалынған орын бойынша са-лық төлеушілердің үлкен тобынан алынады; екіншіден, төлеуші-лер үшін де есептеудің салыстырмалы қарапайымдылығымен ерекшеленеді және үшіншіден, бағалардың өзгеруіне, төлеушінің қаржылық ахуалына, инфляция деңгейіне қарамастан мемлекет бюджетінің кірістерін қалыптастырудың сенімді және тұрақты базасын қамтамасыз етеді. ҚҚС қазіргі кезде Қазақстан Респуб-ликасының бюджет кірістерінің аса маңызды көздерінің бірі бо-лып саналады. 2008 жылы мемлекеттік бюджет кірістерінің жал-пы сомасында бұл төлемнің үлес салмағы 15,9 % -ды,ал жалпы салықтық түсімдерде 22,7% -ды құрады.

«Қосылған құн» материалдық шығындарсыз өнім (амортиза-циялық аударымдары бар таза өнім) болып табылады; қосылған өнімге кешенді шығыстар, мысалы,жарнама шығындары және бірқатар басқа шығындар (ссуда (несие) капиталы үшін пайыз-дар,рента,кейбір салықтар) кіріктірілуі мүмкін.Салық төлеуші мемлекетке оны төлеу нәтижесінде шеккен залалдардың орнын бағаларды көтеру жолымен толтырады және салықты төлеуді са-тып алушыға ауыстырады.

Қазақстан Республикасында ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұр-ған мына тұлғалар: дара кәсіпкерлер; мемлекеттік мекемелерді коспағанда, заңи тұлға-резиденттер; қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер; сенімгерлікпен басқару құрылтайшыларымен не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушылармен сенімгерлікпен басқару келісімшарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу бойынша айналымды жүзеге асыратын сенімгерлікпен басқарушылар; Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды импорттайтын тұлғалар ҚҚС-ты төлеушілер болып табылады.

Салық заңнамасына сәйкес салық салынатын айналым және салық салынатын импорт ҚҚС салынатын объектілер болып та-былады.Қазақстан Республикасында тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу бойынша,Қазақстан Республикасында ҚҚС-ты төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын бейрезиденттен жұмыстарды,қыз-меттерді сатып алу бойынша ҚҚС-ты төлеуші жасайтын айна-лым салық салынатын айналым болып табылады, оған Салықтық кодекске сәйкес қосылған құн салығынан босатылған және өткізу орны Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі айналым қосылмайды.

Тауарларды өткізу бойынша айналым:

1) тауарға меншік құқығын беруді,соның ішінде тауарды са-туды, тауарды тиеп-жөнелтуді, тауар экспортын, тауарды өтеусіз беруді, жұмыс берушінің тауарды жұмыскерге жалақы есебінен беруін; мүліктік кешен ретінде кәсіпорынды тұтастай сатуды;

2) тауарды бөліп-бөліп төлеу шартымен тиеп-жөнелтуді;

3) мүлікті қаржылық лизингке беруді;

4) тауарды комиссиялық келісімшарттар бойынша тиеп- жөнелтуді;

5) кепіл берушінің кепілге берілген мүлікті (тауарды) борыштың төленбеуі жағдайында беруін;

6) бұрын экспорт режімінде шығарылған тауарды кері импорт режімінде қайтаруды білдіреді.

Жұмыстарды, қызметтерді өткізу бойынша айналым кез келген жұмыстарды орындауды немесе қызмет көрсетуді, соның ішінде олардың өтеусіз орындалуын, сондай-ақ тауарды өткізуден ерекшеленетін, сыйақы үшін кез келген қызметті білдіреді.

Салық салынбайтын айналым тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу бойынша ҚҚС-тан босатылған, өткізу орны Қазақстан Республикасы емес айналым болып табылады.

Салық салынатын айналым мөлшері, оған қосылған құн салығын коспай, мәміле жасаған тараптар қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, өткізілетін тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) құны негізінде анықталады. Өткізілген тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны қандай бір өзгеріске түскен жағдайда, салық салынатын айналым мөлшері тиісті түрде түзетіледі.

Қазақстан Республикасы кеден заңнамасына сәйкес мағлұм-дамалануға жататын, Қазақстан аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарлар қосылған құн салығынан босатылғандарын қоспағанда, салық салынатын импорт болып табылады. Салық салынатын импорт мөлшеріне кеден заңнамасына сәйкес ай-қындалатын импортталатын тауардың кедендік құны, сондай-ақ импортқа қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Респуб-ликасына тауарлар импорты кезіндегі салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер сомалары кіреді.

ҚҚС бойынша есепке алуға қою салық кезеңі ішінде тауарлар-ды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу бойынша айналым белгілі бір минимумға жеткенде (30 мың АЕҚ) жүзеге асырылады.

ҚҚС-ты төлеуші тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өт-кізу бойынша айналымдарды жүзеге асыру кезінде көрсетілген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) алушыға шот-фактура ресімдеуі міндетті, онда салық салынатын айналымдар бойынша ҚҚС сомасы; салықтан босатылған айналымдар бойынша – «ҚҚС-сыз» белгісі көрсетіледі.

Қосылған құн салығы – көп дүркінді, тауарды өндіру мен өт-кізудің әрбір сатысында өндіріп алынатын салық, ол өзіне тауар қозғалысының өткен стадияларындағы барлық алынымдарды қо-сып алады, бірақ мемлекетке тек осы тауардың өндірушісі тауар-ды өндіру мен өткізу стадиясында алынған қосылған құн салығы түседі. Сонымен бірге салықты өндіріп алу механизмі баға құ-рамында салықтың тізбектік және тұрақты жинақталуы есебінен бағалардың өсуі нәтиже бермейді: баға бір дүркінді салық салу кезіндегідей өседі. Бұл ретте кәсіпкерлердің салық жүйесі алдын-дағы тендігі пайда болады, түпкілікті тұтынушыға баға қысымы азаяды.

Бюджетке төленуге жататын салық сомасын есептеу кезінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) алушының негізгі құрал-дарды, материалдық емес және биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды, жұмыстарды және қызметтерді қоса, егер олар салық салынатын айналым мақсаттарында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, алынған тауарлар үшін төлеуге жататын ҚҚС сомаларын есепке жатқызуға құқығы бар. Сондықтан салық салынатын айналым бойынша бюджетке төлеуге жататын ҚҚС сомасы салық сомасы мен есепке жатқызылатын салық сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.

ҚҚС бойынша есепке жатқызу үйлесімді немесе бөліністік әдіс бойынша жүргізіледі.

Үш кәсіпорындағы қайта өндіру өнімінің тізбектік қозғалысы кезіндегі 12 пайыздық мөлшерлемедегі ҚҚС-тың іс-әрекет механизмінің сызбасын мына сандық мысалдан бақылап отыруға болады (цифрлар жинақталған).

Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу механизмі 12.5 сызбада көрсетілген.