Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Соңғы нұсқасы ҚҰЛПЫБАЕВ С Айгерим.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
7.15 Mб
Скачать

12.5. Жеке табыс салығы

Жеке табыс салығы бойынша қаражаттардың түсімі (2001жыл-ға дейін – жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы) мемлекет-тік бюджетті барлық кірістерінің 6,6% - на жуығын алады.

Салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салы-ғын төлеушілер болып есептеледі. Салық салу объектілері төлем көзінен салық салынатын табыстар және төлем көзінен салық салынбайтын табыстар түріндегі табыстары болып табылады.

Салық салу объектілері Салықтық кодексте көзделген түзету-лер ескеріле отырып, салық салуға жататын табыстар мен онда көзделген тәртіппен және мөлшердегі жағдайларда салық шеге-рімдері арасындағы айырма ретінде анықталады. Салық салына-тын объект болып табылатын табыстардың сомасы салық салы-нуға жатпайтын табыстардың сомасына кемітіледі.

Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстарына мыналар жатады: жұмыскердің табысы; жеке тұлғалардың салық агентінен түсетін табыстары; жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақылық төлемдер; дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар тү-ріндегі табыс; стипендиялар; жинақтаушы сақтандыру келісім-шарттары бойынша табыс.

Табыстардың бір бөлігі жеке тұлғаның табысы ретінде қаралмайды: атаулы әлеуметтік көмек; әртүрлі өтемдік төлемдер (соның ішінде іссапарлар кезінде); мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен төленетін өтемақылар; жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу; еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жұмыскердің өміріне және денсаулығына келтіргені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру келісімшарттары бойынша сақтық төлемдері; материалдық нұқсанды өтеудің сот шешімі бойынша тағайындалған сомасы; төлем көзінен жеке табыс салығы салынған дивиденттер, сыйақылар, ұтыстар сомалары; сақтық сыйлықақыларды (аннуитетті) төлеу үшін өмірді сақтандыру бойынша зейнетақы жинағының сомалары; гуманитарлық көмек түрінде алынған мүліктің құны; тұрғын жайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды өткізу кезіндегі құн өсімі; жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықтарды жүргізу, саяжай құрылысы және гараж салу үшін берілген жер учаскілерін және (немесе) жер үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімі.

Жеке тұлғалар табыстарының бірқатар түрлеріне салық салынбайды: балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер; гранттар қаражаттары есебінен; банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдар бойынша оларға төленетін сыйақылар; борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар; мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткізу кезіндегі құн өсімінен түскен табыстар; дивидендтер мен сыйақыларды есебіне жазу күніне Қазақстиан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын осындай бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар; пайлық инвестициялық қорларды осы қордың басқарушы компаниясы құнын өтеп сатып алған кездегі пай бойынша табыстар; бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кездегі дивиденттер: акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленсе; заңи тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталы құнының немесе акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 және одан көп пайызы дивидендтерді төлеу күніне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құраса; әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде әскери қызметшілерге берілетін, ішкі істер органдарының, қаржы полициясының, қылмыстық-атқару жүйесі және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары мен мекемелерінің белгіленген тәртіппен арнаулы атақ берілген қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алатын төлемдердің барлық түрі; республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақынаң 50 пайызы шегіндегі лоторея бойынша ұтыстар; республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсіптік оқуға байланысты бюджет және (немесе) гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын төлемдер; гранттар қаражаты есебінен төленетін төлемдер; Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері; Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер; жеке тұлға басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алған мүліктің құны; жинақтаушы зейнетақы қорларына белгіленген мөлшердегі ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары; әлеуметтік негіздемелер бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына (соғыстарға қатысушыларғы, мүгедектерге, экологиялық апаттардың немесе ядролық сынақтардың салдарынан азап шеккен адамдарға) және қызметтің жеңілдетілген түрлеріне берілетін әртүрлі төлемақылар.

Жеке табыс салығын есептеуді салық агенті төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша,салық салуға жататын та-бысты есебіне жазу кезінде жүргізеді,ал табыс салығын ұстауды төлем көзінен салық салынатын табысты төлеу күнінен кешіктір-мей жүргізеді. Салық агенті салық төленген табыстар бойынша салықты аударуды төлем айынан кейінгі айдың 25-іне дейін өзі орналасқан жері бойынша жүзеге асырады. Салықтық кодексте көрсетілген қызмет түрлері бойынша арнаулы салық режімдерін қолданатын салық агенттерінің жеке табыс салығын төлеудің тәртібі мен мерзімдері белгіленген.

Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынбайтын табыстарына мүліктік табыс, дара кәсіпкердің табысы, адвокаттар мен жекеше нотариустардың табысы және басқадай табыстар жатады. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші салық кезеңі үшін төлем көзінен салық салынбайтын табыс сомасына белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен дербес жүргізеді.

2006 жылдың ортасына дейін жеке табыс салығының мөлшерлемесі баспалдақты үдеме бойынша жылдық есептік көрсеткішпен анықталатын табыстың мөлшеріне қарай 5 пайыздан 20 пай-ызға дейін белгіленген мөлшерлеме жұмыс істеді.2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеушінің табыстарына 10 пайыздық мөлшерлеме белгіленген. Қазақстан Республикасындағы көздерден және одан тысқары жерлергі көздерден алынған дивидендтер түріндегі табыстарға 5 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады.2006 жылдан Қазақстанда қолданылып келе жатқан практика жеке табыс салығын үйлесімді салуға жеткізді.

«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Қазақстан Рес-публикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жем-қорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы За-ңында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша мағлұмдама тұрғылықты жердегі салық органына есеп-ті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.