Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Соңғы нұсқасы ҚҰЛПЫБАЕВ С Айгерим.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
7.15 Mб
Скачать

11.2 Мемлекет кірістерінің сыныптамасы

Мемлекеттің кірістерін сыныптау олардың экономикалық ма-ғынасын, құрамы мен мақсатты бағыттылығын, қалыптасу қа-ғидаттарын, яғни мемлекет кірістерінің бүкіл жүйесін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Меншік нысандарын ұйымдық-құқықтық ресімдеуге қарай мемлекеттің кірістері мыналардан тұрады:

1) мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың табыстарынан;

2) жеке кәсіпкерлік сектордың салық түсімдерінен;

3) қоғамдық, кооперативтік және ұжымдық кәсіпорындардың салық түсімдерінен;

4) халықтың салық төлемдерінен;

Жасалу сфераларына қарай мемлекеттің кірістері:

1) материалдық өндіріс сферасында қалыптасатын кірістер;

2) өндірістік емес сферада жасалатын кірістер болып жіктеледі.

Қаржылық мазмұны бойынша мемлекеттің кірістері:

1) салықтық;

2) салықтық емес (мемлекет иелігінен алудан және жекеше-лендіруден түсетін табыстар және т.б.) болып бөлінеді Салықтық кірістерді жұмылдыру жағдайында меншік нысандарының ауысымы болуы мүмкін. Жұмылдыру әдістері бойынша кірістер орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып жіктеледі.

Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс құнының жеке құ-рамды бөліктері үкіметтің де, сондай-ақ мемлекетке қарасты ша-руашылық құрылымдардың да мемлекет кірістері мен қаржылық ресурстарының жүйесін қалыптастырады. Олардың арасында не-гізгі орынды шаруашылық жүргізуші субъектілердің қосылған құн салығы, акциздер, сыртқы экономикалық қызметтен түсетін табыстар, әлеуметтік қажеттерге (зейнетақы қорларына) ауда-рылатын аударымдар түріндегі қоғамның таза табысы алады. Бұған сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімінің бағасындағы айырмашылықтарды реттеу жөніндегі шаруашылық ұйым-дарының өзара қарым-қатынастарының сальдосы да жатады. Табыстардың бұл түрлері бөлгіштік үдерістерге түрліше қатыса отырып, меншіктің түрлі нысандарының кәсіпорындарында жа-салады. Егер қосылған құн салығынан, кеден баждарынан түсетін түсімдер түгелдей мемлекет қарамағына берілсе, таза табыс, әлеуметтік мұқтаждарға аударылатын аударымдар тек ішінара беріледі.

Қоғамның таза табысы ақшалай нысанда қосымша өнімнің құ-нын білдіреді, яғни өткізу кезінде қосымша өнім таза табыстың нысанын алады.

Қосымша өнімнің және тиісінше таза табыстың аса маңызды бөлігі шаруашылық жүргізуші субъектілердің таза табысы болып табылады.Онда кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық жақтары неғұрлым толық бейнеленеді.Сондықтан таза табыс өн-діріс тиімділігінің маңызды құндық көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Таза табыс өсуінің басты факторлары мыналар болып табылады:

еңбек өнімділігін арттыру (өнімді өндірудің көлемін артты-руды қамтамасыз ететін және өнім өлшеміне жұмсалатын еңбек шығындарын, яғни өзіндік құнды төмендететін);

өнім өндіруге жұмсалатын материалдық және ақшалай ресурстарды үнемдеу;

өнім сапасын жақсарту

негізгі және айналым өндірістік капиталдарын пайдаланудың

тиімділігін арттыру;өндірістің табиғи жағдайлары.

Практикада жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілер табысты бағаны жөнсіз көтеру есебінен көбейтуге тырысады, бұл кәсіпорын-тұтынушылардың табыстылығын азайтуға ұрын-дырады, қоғам мүдделеріне қайшы келеді, өйткені жеке шару-ашылық жүргізуші субъектілердің мүдделеріне ұлттық табысты үйлесімді бөлуді өзгертеді.