- •Isbn 9965-803-47-1
- •Isbn 9965-803-47-1
- •1.1 Сызба. Қоғамдық жүйедегі қатынастардың дәйектілігі (бағыныңқылығы)
- •1.2 Сызба. Қоғамдық өнімді өндіру, оның құнын бөлу және қайта бөлу
- •Сызба. Қаржы қажеттігінің факторлары
- •1.2 Ұлттық өндіріс көлемдерін өлшеу.
- •Қаржының айрықшалықты белгілері
- •1.4. Қаржының функциялары және рөлі
- •1.5. Құндық экономикалық категориялардың өзара іс-әрекеті мен өзара байланысы
- •1.6. Қаржылық ресурстар мен қорлар қаржылық қатынастардың объекті ретінде
- •1.4 Сызба. Қаржылық ресурстардың құрамы
- •1.7. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары
- •1.7 Сызба. Қаржылық қорлардың сыныптамасы
- •1.5 Сызба. Функциялық критерийі бойынша қаржы жүйесінің құрылымы
- •1.6 Сызба. Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің сызбасы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Қаржылық саясаттың мазмұны, міндеттері және қағидаттары
- •2.1 Сызба. Қоғамдық-экономикалық формацияның базис және қондырма жүйесіндегі қаржы
- •2.2. Қаржылық саясатты жасау
- •2.3 Қаржылық механизмнiң мазмұны мен құрылымы
- •2.2 Сызба. Қаржылық механизмнiң жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1 Қаржыны басқару ұғымы
- •3.2. Мемлекеттің қаржысын басқару
- •3.3. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару
- •3.4. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері, қағидаттары және әдістері
- •4.2. Қаржы жоспарларының жүйесі
- •4.3. Қаржылық көрсеткіштер
- •4.4 Қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Қаржылық құқықтық қатынастар және қаржылық-құқықтық нормалар
- •5.1 Сызба, Қаржы мен құқықтың өзара іс-әрекеті. Қаржылық-құқықтық механизмнің қалыптасуы
- •5.2. Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері
- •5.3. Қаржы заңнамасы жүйесіндегі қаржылық-құқықтық актілер
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидаттары
- •6.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы
- •6.1. Сызба. Түрлері бойынша қаржылық бақылаудың сыныпталуы
- •6.3. Аудиторлық бақылау (аудит)
- •6.4. Қаржылық бақылаудың әдістері
- •6.5. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру негіздері
- •Бақылау сұрақтары
- •7.1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны
- •7.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
- •7.1 Сызба. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
- •7.3. Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері
- •7.4 Шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігін жаңғыртудың қаржылық ерекшеліктері және оның әртараптандырылуы
- •Бақылау сұрақтары
- •8.1. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері
- •8.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қорлары
- •8.3. Өндірістік капиталдар және шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің қаржылық нәтижелері.
- •Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметі нәтижелерінің қалыптасу сызбасы
- •8.5. Компаниялардың, фирмалардың қаржылық менеджменті
- •Бақылау сұрақтары
- •9.1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру
- •9.2. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері
- •9.3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердін шығыстары
- •Бақылау сұрақтары
- •10.1. Мемлекеттің экономикалық қызметі
- •10.1 Сызба. Құйылым шығындары
- •10.2 Сызба. Құйылым пайдалары
- •10.3 Сызба. Құйылым пайдаларын реттеу
- •10.2 Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер
- •10.4 Сызба.Тауар әлеміндегі қоғамдық тауарлар, қызметтер, игіліктер
- •10.3. Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы
- •10.5 Сызба. Қазақстанның мемлекет қаржысының құрамы
- •Бақылау сұрақтары
- •11.1. Мемлекет кірістерінің мәні
- •11.1 Сызба. Қаржылық ресурстар, мемлекеттің кірістері мен шығыстары
- •11.2 Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •12.1. Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
- •12.2. Қазақстанның салық жүйесі
- •1) Салықтар:
- •2) Бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер:
- •12.3. Салық салуды ұйымдастыру
- •12.1. Сызба. Салықтық механизмнің элементтері
- •12.2. Сызба. Салық нұсқамасы
- •12.3 Сызба. Үйлесімді және прогрессивті салық салу
- •12.4. Корпоративтік табыс салығы
- •12.4 Сызба. Корпоративтік табыс салығын есептеу және өндіріп алу
- •12.5. Жеке табыс салығы
- •12.6. Шетелдік заңи және жеке тұлғалардың табыстарына салық салу
- •12.2 Кесте. Бейрезиденттердің табыстары бойынша төлем көзінен салық салу мөлшерлемелері
- •12.7. Жанама салықтар
- •12.5 Сызба. Есепке жатқызылған ққс-ты өндіріп алу
- •12.3 Кесте. Ққс-тың іс-әрекет механизмінің сызбасы
- •12.8. Экспортқа рента салығы
- •12.9. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары
- •12.10. Әлеуметтік салық
- •12.11. Меншікке салынатын салықтар
- •12.12. Құмар ойын бизнесі салығы
- •12.13. Тіркелген салық
- •12.14. Арнаулы салық режімдері
- •12.15. Басқа міндетті төлемдер
- •12.16. Салықтарды аудару
- •12.6 Сызба.
- •12.17. Салықтардан жалтарыну
- •Бақылау сұрақтары
- •13.1. Мемлекет шығыстарының мәнi, құpaмы және сыныптамасы
- •13.2. Экономиканы қаржыландыру
- •13.3. Ғылыми-техникалық прогресті қаржыландыру
- •13.4. Әлеумeттiк-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар
- •13.5. Халықты әлеуметтiк қopғay шығыстары
- •13.6. Қорғанысқa және басқаруға жұмсалатын шығыстap
- •Бақылау сұрақтары
- •14.1. Мемлекеттік бюджеттің мазмұны, әлеуметтік-экономикалық мәні және рөлі
- •14.1 Сызба. Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы
- •14.2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
- •14.2 Сызба. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
- •14.3 Сызба. Баланстандырылған бюджеттік әдістің іс-әрекеті.
- •14.3 Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік реттеу механизмі
- •14.4. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
- •14.4 Кесте. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің құрамы мен құрылымы
- •14.5. Бюджеттік сыныптама
- •14.6. Бюджет тапшылығы, оның сыныптамасы. Бюджет тапшылығының тұжырымдамалары
- •14.7. Бюджеттік үдеріс
- •Бақылау сұрақтары
- •15.1. Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
- •15.2. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
- •15.1 Кесте. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерімен шығыстарының көлемі және құрылымы (2008 ж)
- •15.3. Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс
- •15.4. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
- •Бақылау сұрақтары
- •16.1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •16.2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.3. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.4 Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
- •16.4 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
- •Бақылау сұрақтары
- •15.1. Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
- •15.2. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
- •15.1 Кесте. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерімен шығыстарының көлемі және құрылымы (2008 ж)
- •15.3. Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс
- •15.4. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
- •Бақылау сұрақтары
- •16.1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •16.2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.3. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.4 Қазақстанның Республикасының Ұлттық қоры
- •16.4 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
- •Бақылау сұрақтары
- •Пен мемлекеттік борыш
- •17.1 Мемлекеттік кредиттің мәні
- •17.2. Мемлекеттік кредиттің нысандары мен әдістері
- •17.3. Сыртқы (халықаралық) кредит
- •17.4. Мемлекеттік борыш
- •17.2 Сызба. Мемлекеттік кредиттегі себеп-салдарлық өзара байланыстар
- •17.5. Елдің сыртқы борышы
- •17.1 Кесте.Сыртқы борыштың салыстырмалы параметрлері
- •17.2 Кесте. Жалпы сыртқы борыштың динамикасы, млрд ақш долларында.
- •17.6. Мемлекеттік борышты басқару
- •17.7. Мемлекеттік борыштың экономикалық салдарлары
- •17.2 Сызба. Өндірістік мүмкіндіктердің қисық сызығы
- •17.3 Сызба.
- •17.2 Кесте. Орта мерзімді кезеңдегі мемлекеттік берешек параметрлерінің шоғырланымдық ұлғаюы
- •Бақылау сұрақтары
- •IV бөлім. Үй шаруашылықтарының қаржысы
- •18.1. Үй шаруашылықтары қаржысының ұғымы және функциялары
- •18.1 Сызба. Экономикалық жүйеде ресурстардың, өнімдердің және табыстардың толық айналымы
- •18.2. Үй шаруашылықтарының қаржылық ресурстары және бюджеті
- •18.3. Үй шаруашылықтарының табыстары және олардың құрамы
- •18.4. Халықтың тұрмыстық деңгейін мемлекеттік реттеу
- •18.2 Сызба. Лоренцтің қисық сызығы
- •18.5. Мемлекеттік әлеуметтік трансферттер
- •18.1 Кесте. Табыс тұрғысынан Қазақстандағы кедейлік деңгейі
- •18.6. Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі
- •18.7. Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстары және олардың сыныптамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •Және әлеуметтік негіздері
- •19.1. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары
- •19.2. Мүліктік және жеке басты сақтандыру ерекшеліктері
- •19.3. Әлеуметтік сақтандыру
- •19.4. Медициналық сақтандыру
- •19.5. Сақтық рыногы
- •Бақылау сұрақтары
- •20.2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы
- •20.3. Фискалдық саясаттың нұсқалары
- •20.4. Экономикалық реттеу теорияларындағы қаржы
- •20.5. Рыноктық тепе-теңдікке салықтардың әсері
- •Бақылау сұрақтары
- •21.1. Қаржы рыногы туралы ұғым
- •21.1 Сызба. Қаржы рыногы мен бағалы қағаздар рыногының өзара байланысы
- •21.2. Бағалы қағаздар рыногы. Бағалы қағаздардың сыныптамасы.
- •21.2 Сызба. Бағалы қағаздардың сыныптамасы
- •21.3. Бағалы қағаздардың шығарылымы және айналысы.
- •21.4. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары
- •21.5. Қор биржасы
- •21.6 Қор рыногының индикаторлары
- •Бақылау сұрақтары
- •Байланыстар жүйесіндегі қаржы
- •22.1. Сыртқы экономикалық қызметтің сипаттамасы және оның даму бағыттары
- •22.2. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері
- •22.1 Кесте. Валюта бағамдары өзгерімінің экспорт пен испорттың көлеміне әсері (шетелдік ақшалай өлшемдерінде – шет. Ақшалай өлш. Және ұлттық ақшалай өлшемінде – ұлт. Ақшалай өлш.)
- •22.3. Сыртқы экономикалық қызметті салықтық реттеу
- •22.2 Кесте. Кеден баждарының түрлері
- •22.3. Валюталық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану
- •22.4. Елдің төлем балансы
- •22.3 Кесте. 2008 жылғы Қазақстан Республикасының жиынтық төлем балансы
- •Бақылау сұрақтары
- •23.1. Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы.
- •2 3.1 Сызба. Қаржы мен инфляцияның өзара іс-әрекеті
- •23.3 Сызба. Инфляциялық шиыршық
- •23.2. Сызба. Инфляциның сипаттамасы және оның іс-әрекеті.
- •23.2. Инфляцияға қарсы саясат шаралары
- •Бақылау сұрақтары
9.3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердін шығыстары
Коммерциялык емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстарықағидада, жарғыда немесе өзге бекітілген құжатта қарастырылған олардың функциялық қызметін қамтамасыз етуге бағытталған. Шығыстардың құрамы мен құрылымы ұйымның немесе мекеме қатысушыларының қызмет бағыттарының біріне тиістілігіне (қатыстылығына), сондай-ақ бұл қызметті жүргізуде пайдаланылатын әдіске қарай анықталады.
Шаруашылық есеп пен өзін-өзі өтеу негіздерінде жұмыс істейтін ұйымдар мен мекемелер жұмыстың қаржылық нәтижелерін есепке алып жоспарлайды және оларды кәдулгі қаржы жоспарының немесе бизнес-жоспардың көрсеткіштерінде ресімдейді (4 тарауды қараңыз). Бұл жағдайда өндіріс пен қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындардың тізбесі материалдық өндіріс сферасында жинақталатынға ұқсас болып келеді, бірақ құрылымында материалдық шығындардың үлес салмағы едәуір аз болып, еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға аударылатын аударымдарға (әлеуметтік салықты қоса) жұмсалатын шығындар басымырақ болады. Басқа кұрылымдық ауытқулар болуы мүмкін, мысалы қымбат тұратын жабдық пен приборларды пайдаланатын ғылыми мекемелерде амортизациялық аударымдардың үлесі үлкен болады.
Коммерциялық емес қызмет жүргізетін ұйымдар мен мекеме-лер өздерінің қаржы жоспарларын өздері жасайды. Мұның үсті-не тек бюджеттік қаражаттар есебінен қаржыланатын мемлекет-тік мекемелер шығындардың дара жоспарларын жасайды, онда мекеме қызметінің сипатты көрсеткіштері және қаражаттарды сыныптаманың бөлімшелері бойынша бөлу бейнелеп көрсеті-леді, ал өздерінің қажеттіктерін бюджеттік қаражаттармен ғана емес, каржылық ресурстардың басқа түрлерімен қамтамасыз ете-тін ұйымдар мен мекемелер шығындар мен табыстардың дара жоспарларын жасайды.
Коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындардың қар-жы жоспарларынан қаржыландырудың дара жоспарының басты айырмашылығы сол, дара жоспарда шығындар анағұрлым ег-жей-тегжейлі негізделсе, кірістер тек әр түрлі көздер тұрғысынан бейнеленеді.
Жекелеген мекемелер мен ұйымдар бойынша өтпелі кезеңнің жоспарлы қаржылық құжат ретінде олардың бюджеттік емес көздері бола тұрса да шығындардың дара жоспары пайдаланыла беруі мүмкін: бұл жағдайда көрсетілген ақылы қызметтер шы-ғындардың дара жоспарында бюджеттен тыс қаражаттар ретінде бейнеленуі, не арнайы қаражаттардың ерекше дара жоспары бой-ынша жоспарлануы мүмкін.
Экономикалық жіктеме бойынша қаржыландырудың дара жоспарларында шығындар әдетте санатқа, сыныпқа, ішкі сыныпқа, өзгешелікке топтастырылады.
«Агымдағы шыгыстар» санаты мына сыныптарды кіріктіреді:
Ішкі сыныптардың құрамында тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығыстар:
өзгешеліктері бар жалақы: негізгі жалақы, қосымша ақшалай төлемдер, өтемақы төлемдері, жинақтаушы зейнетақы қорларына төленетін міндетті зей-нетақы жарналары;
жұмыс берушілердің жарналары, өзгешеліктері: әлеуметтік салық, автокө-лік құралдары иелерінің құқықтық-азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға, мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлерін мемлекеттік емес міндетті сақтандыруға төленетін жарналар; әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары жұмыскерлерінің жеке басын міндетті сақтандыруға төленетін жарналар, сонымен бірге мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік сақтандыру;
тауарларды сатып алу, өзгешеліктері: тамақ өнімдерін сатып алу; дәрілік заттар мен медициналық арналымның өзге құралдарын сатып алу; ағымдағы шаруашылық мақсаттарына арналған заттар мен материалдарды сатып алу; жұмсақ жабдық пен дүние-мүлікті сатып алу; айрықша жабдық пен материалдарды сатып алу; ел ішінде іссапарлар мен қызмет бабындағы жүріп-тұрулар; елден тыс жерлердегі іссапарлар мен қызмет бабындағы жүріп-тұрулар; үй-жай мен жер үшін жалгерлік ақы; тауарларды сатып алуға көрсетілетін өзге қызметтер;
қызметтерді сатып алу, өзгешеліктері: байланыс қызметіне ақы төлеу; коммуналдық қызметтерге ақы төлеу;
көлік қызметтеріне ақы төлеу; электр қуаты үшін ақы төлеу; жылу үшін ақы төлеу; үймереттерге қызмет қөрсету бойынша ақы төлеу; Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметтерін көрсету үшін қызмет бабындағы жеңіл автомобилдерді пайдалану; басқадай қызметтер;
басқа ағымдағы шығыстар, өзгешеліктері: жабдық пен құрал-саймандарды ұстау; үймереттерді, үй-жайлар мен ғимараттарды ұстау және ағымдағы жөндеу; сот шешімін атқару; ерекше шығыстар; кредиторлық берешекті өтеу; басқадай ағымдағы шығыстар;
мемлекеттік тапсырыс шегінде көрсетілетін қызметтер, ерекшеліктері: заңи тұлғаларға көрсетілетін қызметтер; қаржы мекемелеріне көрсетілетін қыз-меттер; жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтер;
Ішкі сыныптар мен біраттас өзгешеліктер құрамындағы «сыйақылар (мүдделер) төлеу» сыныбы:
ішкі қарыздар бойынша сыйақылар (мүдделер) төлеу; сыртқы қарыздар бойынша сыйақылар (мүдделер) төлеу.
Ішкі сыныптардың құрамындағы «субсидиялар* және басқа ағымдагы трансферттік төлемдер» сыныбы:
субсидиялар (біраттас өзгешелігімен);
өзгешеліктері бар жеке тұлғаларға берілетін ағымдағы трансферттер: міндетті әлеуметтік қамсыздандыруға беру; зейнетақылар, стипендиялар, бас-қадай ағымдағы трансферттер;
өзгешеліктері бар мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін ағымдағы трансферттер: субвенциялар**; мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін басқадай ағымдағы трансферттер; жоғарғы деңгейге берілетін басқадай ағымдағы трансферттер;
өзгешелігі бар шет жаққа берілетін ағымдағы трансферттер – шет жақтағы ұйымдарға берілетін ағымдағы трансферттер; өзгешелігі бар басқадай ағымдағы трансферттер – әр түрлі басқадай ағымдағы трансферттер.
«Күрделі шығыстар» санаты жалғыз ғана сыныпты – ішкі сыныптардың құрамындағы негізгі капиталды сатып алуды кіріктіреді: өзгешеліктері бар негізгі капиталды сатып алу: негізгі құрал-жабдықты сатып алу; үймереттер мен ғимараттарды сатып алу; басқадай активтерді сатып алу;
негізгі капиталды жасау, соның ішінде өзгешеліктері: үймереттер мен ғи-мараттарды, жолдарды салу, басқадай күрделі активтерді жасау;
өзгешеліктері бар күрделі жөндеу: ғимараттарды, үймереттерді және негізгі жабдықты күрделі жөндеу, жолдарды күрделі жөндеу, басқадай күрделі жөндеу;
өзгешелігі бар босалқы қорлар жасау үшін тауарлар сатып алу: мемлекет-тік босалқы қорларды жасау үшін тауарларды сатып алу;
өзгешеліктері бар жерді және материалдық емес босалқы қорларды сатып алу жерді сатып алу; материалдық емес активтерді сатып алу;
ел ішіндегі күрделі трансферттер, соның ішінде (өзгешелігі): мемлекеттік кәсіпорындарға берілетін трансферттер; қаржы мекемелеріне берілетін күрделі трансферттер; мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін күрделі трансферттер; басқадай күрделі трансфеттер;
шет жаққа берілетін күрделі трансфеттер, соның ішінде өзгешеліктері бар: халықаралық ұйымдарға берілетін күрделі трансферттер; шет жаққа бері-летін басқадай күрделі трансферттер.
«Кредит беру, үлестік қатысу» санаты мына сыныптарды кіріктіреді:
өзгешелігі бар ішкі несиелендіру: мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлерін несиелендіру; мемлекеттік кәсіпорындарды несиелендіру; қаржы мекемелерін несиелендіру, жеке тұлғаларды несиелендіру; басқадай ішкі несиелендіру;
өзгешелігі бар сыртқы несиелендіру: әр түрлі сыртқы несиелендіру;
өзгешеліктері бар шетелдік акционерлік капиталға үлестік қатысу: халы-қаралық ұйымдардың акцияларын сатып алу; басқадай халықаралық ұйымдар-дың акцияларын сатып алу;
өзгешеліктері бар ішкі акционерлік капиталға үлестік қатысу:
мемлекеттік емес мекемелердің акцияларын сатып алу; қаржы мекемелері-нің акцияларын сатып алу; басқадай мекемелердің акцияларын сатып алу.
«Қаржыландыру» санаты мына ішкі сыныпты кіріктіреді:
өзгешеліктері бар ішкі борышты өтеу: мемлекеттік басқарудың басқа дең-гейлеріне қарыз борышты өтеу, ішкі рынокқа орналастырылған мемлекеттік ба-ғалы қағаздар бойынша борышты өтеу, басқадай ішкі борышты өтеу;
бір аттас өзгешелігі бар сыртқы борышты өтеу ішкі сыныбы.
Коммерциялық емес қызметтің жеке бағыттары мен түрлері үшін өзіндік сипаты бар шығындарды құрайтындардың басым болып келуі оған тән қасиет. Мысалы, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында, әсіресе үй шаруашылықтарына берілетін трансферттердің өзіндік салмағы жоғары. Бұған балалары бар отбасына берілетін жәрдемақылар, тұрмыс кұнының қымбаттауына байланысты табысы аз азаматтарға өтемақылар, соғыс ардагерлеріне, экологиялық апаттардың нәтижесінде азап шеккен азаматтарға берілетін әр түрлі өтемақылар және т.б. жатады.
Денсаулық сақтаудың емдеу мекемелерінде сипатты шығыс-тар дәрілік заттар мен таңу құралдарына, тағамдық азықтарға, жұмсақ жабдыққа жұмсалатын шығыстар болып табылады.
Қорғаныс жүйесінде әскери арналымдағы тауарлар мен әскери техниканы сатып алуға, азық-түлікпен қамтамасыз етуге, әскери қызметшілердің ақшалай жабдықталымын төлеуге жұмсалатын шығындар маңызды орын алады.
Кәсіподақ, партия, қоғамдық қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар шығыстарының құрамында съездерге, конференция-ларға, митингіге дайындалу және оларды өткізуге, үгіт-насихат жұмысын жүргізуге жұмсалатын шығыстар сипатты шығыстар болып табылады. Ардагерлердің қоғамдық ұйымдарында олар-дың қатысушыларына материалдық қызмет көрсету шығыстары басым болады.
Мәдени-ағартушылық мекемелерде (кітапханаларда, мұражайларда, тұрақты көрмелерде) едәуір қаражаттар кітап қорларын, экспонаттарды, коллекцияларды толықтыруға жұмсалады.
«Күрделі шығыстар» санаттарына жұмсалатын шығыстар күрделі кұрылыс, негізгі өндірістік емес қорларды жасау мен мо-лайтуды жүргізетін, сондай-ақ оларды күрделі жөндеу туралы жұмыс қабілеттілігінде ұстауды жүзеге асыратын қызметтің ком-мерциялық емес түрлерінің барлық ұйымдары мен мекемелері үшін сипатты болады. Бұл санат бойынша сондай-ақ материал-дық активтерге, жерге құкықты сатып алуға жұмсалатын шығыс-тар, қаржы мекемелерінің жарғылық қорына төленетін жарналар тіркеледі.
«Кредит беру, үлестік қатысу» санаты бойынша шығыстар басқа экономикалық бірліктерді несиелендіруді, олардың айна-лысқа шығарылған бағалы қағаздарын сатып алуды, мемлекеттік кәсіпорындарға, қаржы мекемелеріне, жекеше кәсіпорындарға түрлі кредиттер беруді жүзеге асыратын ұйымдар мен мекемелер үшін қарастырылады.
«Қаржыландыру» санаты бойынша шығыстарды ішкі және сыртқы берешектерді өтейтін ұйымдар мен мекемелер, негізінен мемлекеттік және үкіметтік құрылымдар жүзеге асырады.
Өндірістік емес сфера салаларына бағытталған қаражат-тардың көлемі олардың қызметінің нәтижелеріне қоғамның қажеттіліктерімен, сондай-ақ өндірілген ұлттық табыспен анықталады. Алайда қазіргі кезде ол көбінесе мемлекеттік бюджеттің ахуалына, жүргізіліп отырған қаржылық саясатқа байланысты болып отыр.
Әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыландырудың ондаған жылдар бойы үстем болған «қалдық қағидаты» өзінің шамасыз-дығын әлдеқашан дәлелдегеніне қарамастан әлі де орын алуда. Сонымен бірге өндірістік емес салалардың материалдық өндіріс-ке ұдайы өндірісті жұмыс күшімен қамтамасыз ете отырып, бел-сенді ықпал жасап отыратынын ұмытуға болмайды.
Бюджеттен қаржыландыру үшін ең жоғары тиімділікті (олар-дың сапасы, ассортименті, орындау уақыты, қабылдауға болатын құн және т.б.) қамтамасыз ететін мекеменің немесе ұйымның қызметтер көрсету бағдарламасы таңдап алынғанда бюджеттік ұйымдар деп аталынатындарды қаржыландыру олардың қызмет-терін беру бағдарламаларын конкурстық іріктеу негізінде ұйым-дастырылуы тиіс екенін ескеру қажет. Оңтайлылықтың бұл қа-ғидаты рыноктық орта жағдайларында кез келген құрылымның іс-қимынының нәтижелігіне қарай шекті пайдалылық теориясы-ның «шекті шығындар-пайда» талаптарына сай келеді.
