
- •Isbn 9965-803-47-1
- •Isbn 9965-803-47-1
- •1.1 Сызба. Қоғамдық жүйедегі қатынастардың дәйектілігі (бағыныңқылығы)
- •1.2 Сызба. Қоғамдық өнімді өндіру, оның құнын бөлу және қайта бөлу
- •Сызба. Қаржы қажеттігінің факторлары
- •1.2 Ұлттық өндіріс көлемдерін өлшеу.
- •Қаржының айрықшалықты белгілері
- •1.4. Қаржының функциялары және рөлі
- •1.5. Құндық экономикалық категориялардың өзара іс-әрекеті мен өзара байланысы
- •1.6. Қаржылық ресурстар мен қорлар қаржылық қатынастардың объекті ретінде
- •1.4 Сызба. Қаржылық ресурстардың құрамы
- •1.7. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары
- •1.7 Сызба. Қаржылық қорлардың сыныптамасы
- •1.5 Сызба. Функциялық критерийі бойынша қаржы жүйесінің құрылымы
- •1.6 Сызба. Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің сызбасы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Қаржылық саясаттың мазмұны, міндеттері және қағидаттары
- •2.1 Сызба. Қоғамдық-экономикалық формацияның базис және қондырма жүйесіндегі қаржы
- •2.2. Қаржылық саясатты жасау
- •2.3 Қаржылық механизмнiң мазмұны мен құрылымы
- •2.2 Сызба. Қаржылық механизмнiң жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1 Қаржыны басқару ұғымы
- •3.2. Мемлекеттің қаржысын басқару
- •3.3. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару
- •3.4. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері, қағидаттары және әдістері
- •4.2. Қаржы жоспарларының жүйесі
- •4.3. Қаржылық көрсеткіштер
- •4.4 Қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Қаржылық құқықтық қатынастар және қаржылық-құқықтық нормалар
- •5.1 Сызба, Қаржы мен құқықтың өзара іс-әрекеті. Қаржылық-құқықтық механизмнің қалыптасуы
- •5.2. Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері
- •5.3. Қаржы заңнамасы жүйесіндегі қаржылық-құқықтық актілер
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидаттары
- •6.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы
- •6.1. Сызба. Түрлері бойынша қаржылық бақылаудың сыныпталуы
- •6.3. Аудиторлық бақылау (аудит)
- •6.4. Қаржылық бақылаудың әдістері
- •6.5. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру негіздері
- •Бақылау сұрақтары
- •7.1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны
- •7.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
- •7.1 Сызба. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
- •7.3. Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері
- •7.4 Шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігін жаңғыртудың қаржылық ерекшеліктері және оның әртараптандырылуы
- •Бақылау сұрақтары
- •8.1. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері
- •8.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қорлары
- •8.3. Өндірістік капиталдар және шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің қаржылық нәтижелері.
- •Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметі нәтижелерінің қалыптасу сызбасы
- •8.5. Компаниялардың, фирмалардың қаржылық менеджменті
- •Бақылау сұрақтары
- •9.1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру
- •9.2. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері
- •9.3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердін шығыстары
- •Бақылау сұрақтары
- •10.1. Мемлекеттің экономикалық қызметі
- •10.1 Сызба. Құйылым шығындары
- •10.2 Сызба. Құйылым пайдалары
- •10.3 Сызба. Құйылым пайдаларын реттеу
- •10.2 Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер
- •10.4 Сызба.Тауар әлеміндегі қоғамдық тауарлар, қызметтер, игіліктер
- •10.3. Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы
- •10.5 Сызба. Қазақстанның мемлекет қаржысының құрамы
- •Бақылау сұрақтары
- •11.1. Мемлекет кірістерінің мәні
- •11.1 Сызба. Қаржылық ресурстар, мемлекеттің кірістері мен шығыстары
- •11.2 Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •12.1. Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
- •12.2. Қазақстанның салық жүйесі
- •1) Салықтар:
- •2) Бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер:
- •12.3. Салық салуды ұйымдастыру
- •12.1. Сызба. Салықтық механизмнің элементтері
- •12.2. Сызба. Салық нұсқамасы
- •12.3 Сызба. Үйлесімді және прогрессивті салық салу
- •12.4. Корпоративтік табыс салығы
- •12.4 Сызба. Корпоративтік табыс салығын есептеу және өндіріп алу
- •12.5. Жеке табыс салығы
- •12.6. Шетелдік заңи және жеке тұлғалардың табыстарына салық салу
- •12.2 Кесте. Бейрезиденттердің табыстары бойынша төлем көзінен салық салу мөлшерлемелері
- •12.7. Жанама салықтар
- •12.5 Сызба. Есепке жатқызылған ққс-ты өндіріп алу
- •12.3 Кесте. Ққс-тың іс-әрекет механизмінің сызбасы
- •12.8. Экспортқа рента салығы
- •12.9. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары
- •12.10. Әлеуметтік салық
- •12.11. Меншікке салынатын салықтар
- •12.12. Құмар ойын бизнесі салығы
- •12.13. Тіркелген салық
- •12.14. Арнаулы салық режімдері
- •12.15. Басқа міндетті төлемдер
- •12.16. Салықтарды аудару
- •12.6 Сызба.
- •12.17. Салықтардан жалтарыну
- •Бақылау сұрақтары
- •13.1. Мемлекет шығыстарының мәнi, құpaмы және сыныптамасы
- •13.2. Экономиканы қаржыландыру
- •13.3. Ғылыми-техникалық прогресті қаржыландыру
- •13.4. Әлеумeттiк-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар
- •13.5. Халықты әлеуметтiк қopғay шығыстары
- •13.6. Қорғанысқa және басқаруға жұмсалатын шығыстap
- •Бақылау сұрақтары
- •14.1. Мемлекеттік бюджеттің мазмұны, әлеуметтік-экономикалық мәні және рөлі
- •14.1 Сызба. Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы
- •14.2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
- •14.2 Сызба. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
- •14.3 Сызба. Баланстандырылған бюджеттік әдістің іс-әрекеті.
- •14.3 Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік реттеу механизмі
- •14.4. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
- •14.4 Кесте. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің құрамы мен құрылымы
- •14.5. Бюджеттік сыныптама
- •14.6. Бюджет тапшылығы, оның сыныптамасы. Бюджет тапшылығының тұжырымдамалары
- •14.7. Бюджеттік үдеріс
- •Бақылау сұрақтары
- •15.1. Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
- •15.2. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
- •15.1 Кесте. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерімен шығыстарының көлемі және құрылымы (2008 ж)
- •15.3. Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс
- •15.4. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
- •Бақылау сұрақтары
- •16.1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •16.2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.3. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.4 Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
- •16.4 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
- •Бақылау сұрақтары
- •15.1. Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
- •15.2. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
- •15.1 Кесте. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерімен шығыстарының көлемі және құрылымы (2008 ж)
- •15.3. Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс
- •15.4. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
- •Бақылау сұрақтары
- •16.1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •16.2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.3. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.4 Қазақстанның Республикасының Ұлттық қоры
- •16.4 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
- •Бақылау сұрақтары
- •Пен мемлекеттік борыш
- •17.1 Мемлекеттік кредиттің мәні
- •17.2. Мемлекеттік кредиттің нысандары мен әдістері
- •17.3. Сыртқы (халықаралық) кредит
- •17.4. Мемлекеттік борыш
- •17.2 Сызба. Мемлекеттік кредиттегі себеп-салдарлық өзара байланыстар
- •17.5. Елдің сыртқы борышы
- •17.1 Кесте.Сыртқы борыштың салыстырмалы параметрлері
- •17.2 Кесте. Жалпы сыртқы борыштың динамикасы, млрд ақш долларында.
- •17.6. Мемлекеттік борышты басқару
- •17.7. Мемлекеттік борыштың экономикалық салдарлары
- •17.2 Сызба. Өндірістік мүмкіндіктердің қисық сызығы
- •17.3 Сызба.
- •17.2 Кесте. Орта мерзімді кезеңдегі мемлекеттік берешек параметрлерінің шоғырланымдық ұлғаюы
- •Бақылау сұрақтары
- •IV бөлім. Үй шаруашылықтарының қаржысы
- •18.1. Үй шаруашылықтары қаржысының ұғымы және функциялары
- •18.1 Сызба. Экономикалық жүйеде ресурстардың, өнімдердің және табыстардың толық айналымы
- •18.2. Үй шаруашылықтарының қаржылық ресурстары және бюджеті
- •18.3. Үй шаруашылықтарының табыстары және олардың құрамы
- •18.4. Халықтың тұрмыстық деңгейін мемлекеттік реттеу
- •18.2 Сызба. Лоренцтің қисық сызығы
- •18.5. Мемлекеттік әлеуметтік трансферттер
- •18.1 Кесте. Табыс тұрғысынан Қазақстандағы кедейлік деңгейі
- •18.6. Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі
- •18.7. Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстары және олардың сыныптамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •Және әлеуметтік негіздері
- •19.1. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары
- •19.2. Мүліктік және жеке басты сақтандыру ерекшеліктері
- •19.3. Әлеуметтік сақтандыру
- •19.4. Медициналық сақтандыру
- •19.5. Сақтық рыногы
- •Бақылау сұрақтары
- •20.2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы
- •20.3. Фискалдық саясаттың нұсқалары
- •20.4. Экономикалық реттеу теорияларындағы қаржы
- •20.5. Рыноктық тепе-теңдікке салықтардың әсері
- •Бақылау сұрақтары
- •21.1. Қаржы рыногы туралы ұғым
- •21.1 Сызба. Қаржы рыногы мен бағалы қағаздар рыногының өзара байланысы
- •21.2. Бағалы қағаздар рыногы. Бағалы қағаздардың сыныптамасы.
- •21.2 Сызба. Бағалы қағаздардың сыныптамасы
- •21.3. Бағалы қағаздардың шығарылымы және айналысы.
- •21.4. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары
- •21.5. Қор биржасы
- •21.6 Қор рыногының индикаторлары
- •Бақылау сұрақтары
- •Байланыстар жүйесіндегі қаржы
- •22.1. Сыртқы экономикалық қызметтің сипаттамасы және оның даму бағыттары
- •22.2. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері
- •22.1 Кесте. Валюта бағамдары өзгерімінің экспорт пен испорттың көлеміне әсері (шетелдік ақшалай өлшемдерінде – шет. Ақшалай өлш. Және ұлттық ақшалай өлшемінде – ұлт. Ақшалай өлш.)
- •22.3. Сыртқы экономикалық қызметті салықтық реттеу
- •22.2 Кесте. Кеден баждарының түрлері
- •22.3. Валюталық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану
- •22.4. Елдің төлем балансы
- •22.3 Кесте. 2008 жылғы Қазақстан Республикасының жиынтық төлем балансы
- •Бақылау сұрақтары
- •23.1. Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы.
- •2 3.1 Сызба. Қаржы мен инфляцияның өзара іс-әрекеті
- •23.3 Сызба. Инфляциялық шиыршық
- •23.2. Сызба. Инфляциның сипаттамасы және оның іс-әрекеті.
- •23.2. Инфляцияға қарсы саясат шаралары
- •Бақылау сұрақтары
Бақылау сұрақтары
Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйым-дастырудың негізгі қағидаттарын атап шығыңдар.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерде қандай қаржылық қорлар қалып-тасады?
Негізгі өндірістік қорлар (капитал) дегеніміз не және олардың толық ай-налымы қалай жасалады?
Айналым өндірістік қорлары және айналыс қорлары дегеніміз не?
Өндірістік капиталдарды қалыптастырудың және олардың өсімінің көздері қандай?
Шаруашылық жүргізуші субъектінің табысы (пайдасы) қалай қалып-тасады және қалай бөлінеді?
Өнім өткізуден түсетін табыс (түсім-ақша) құнның қандай элементтерін кіріктіреді?
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің шығындары дегеніміз не және олар қалай сыныпталады?
Компаниялардың, фирмалардың қаржылық менеджменті дегеніміз не?
Қаржыны басқару мен қаржылық менеджменттің ерекшекліктері неде?
Қаржылық менеджментте қандай әдістер мен тәсілдер пайдаланылады?
«Ақша ағыны» ұғымы нені білдіреді?
9- тарау. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
9.1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру
Коммерциялық емес қызмет қызметтер сферасының көптеген салаларын кіріктіреді, оның құрамында материалдық өндіріске тән қамтамасыз ететін құрылымдар жұмыс істеуі мүмкін. Соны- мен бірге өндірістік емес сферада коммерциялық негізде жұмыс істейтін тұрғын үй-коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсе-ту, сақтандыру, банк және басқа кәсіпорындарымен (ұйымдары-мен) қатар, коммерциялық емес қызмет жүргізетін ұйымдардың үлкен бөлігі жұмыс істейді.
Кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алын-ған таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтін заңи тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.
Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республика-сының заңына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, даулар мен жанжалдарды шешу, азаматтардың рухани және өзге кажеттіліктерін қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту: заң көмегін көрсету үшін, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді және өз мүшелерінің (қатысушыларының) игіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мақсаттары кұрыл-тай құжаттарымен айқындалады.
Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңи тұлғалардың бірлестігі нысанында және заңнамалық актілерде көзделген өзге нысанда құрылуы мүмкін. Бүл ұйымдар қызметінің мақсаты пайда не-месе табыс табу емес, керісінше жеке меншік сектор жасағысы келмейтін немесе қамтамасыз ете алмайтын қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады. Бұдан басқа стратегиялық қоғамдық дамудың қажеттілігі бойынша қызметтің белгілі бір түрін орталықтандырылған тәртіппен мемлекетте шоғырландыру қажет болады.
Коммерциялық емес қызмет негізінен қоғамдық тауарлар, игі-ліктер мен қызметтерді өндіру және олармен қамтамасыз етудің қажеттігімен айқындалады, олардың мазмұны 10.1. параграфта баяндалған. Қоғамдық тауарлардын белгілі бір түрлерін өндіруді едәуір ауыс пайдасымен байланысты мемлекет өзіне алады.
Қызметтің коммерциялық емес түрлері (мемлекеттік секторды шығара отырып) жөнге келтірілген рыноктық экономикасы бар елдерде айтарлықтай дамып отыр. Кітапханаларды, мұражайларды, ауруханаларды, оқу орындарын, театрларды, әр түрлі қайырымдылық қорларды, кәсіби бірлестіктерді ұйымдастырудың коммерциялық емес нысаны жекеше бастаманы қоғамдық-пайдалы қызметпен үйлестіруге мүмкіндік береді. Бұл тәрізді даму қоғамдық игіліктерді өндірушілер пайдаланатын салық жеңілдіктерімен ғана түсіндірілмейді. Жеңілдік беру кезінде мемлекет әр түрлі ұйымдарды саралайды, мұндағы басты критерий – көрсетілетін қызметтердің қоғамдық пайдалылығының дәрежесі. Мемлекет сонымен бірге халыққа қызмет көрсететін белгілі бір ұйымдарды қаражаттандырады.
Коммерциялық емес ұйымдар арқылы қоғамдық қажеттіліктерді қаржы-ландыру жөніндегі мемлекеттің іс-қимылы халыққа қызмет көрсету жөніндегі олардың үлкен икемділігімен және жеделдігімен түсіндіріледі. Қызметтің ком-мерциялық емес түрлерінен алатын пайданы немесе табысты пайдаланудың каржылық механизмі, мысалы, АҚШ-та олардың ұйым мүшелерінің, не ұйым-ды бақылауға қатысты тұлғалар арасында бөлінбейтінін анықтайды. Пайда не-месе табыс не ұйымның дамуына, не олардың қызметін пайдаланатын тұлғаларға (аурулар, оқушылар, қажетсінетін азаматтар және т.б.) бағытталады.
Қазақстан Республикасының заңнамалық практикасы басқаша іс-әрекет ете-ді: мұнда кәсіпкерлік қызметтен алынған кез келген табысқа, салық салудың өз-ге объектілеріне (айналымдар, тауарлар, мүлік және т.б. сияқты) салық салына-ды. Коммерциялык емес ұйымның сыйақы, грант, кіру және мүшелік жарналар, қайырымдылық көмек, өтеусіз берілген мүлік, өтеусіз негіздегі аударымдар мен қайырымдылық түрінде алған табысы салық салуға жатпайды.
Қазақстанда «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңға сәйкес үкі-меттік емес ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар өз құзыры шегінде оларға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік, ұйымдық-техникалық колдау көрсетеді.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс – әлеуметтік бағдарламаларды, жо-баларды, сонымен бірге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға келісімшарт жасасу арқылы бюджеттік қаражаттар есебінен қамтамасыз етіл-ген республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердің әлеуметтік мәселеле-рін шешуге бағытталған жекелеген шараларды іске асыру нысаны. Әлеуметтік бағдарлама, жоба: білім беру, ғылым, ақпарат, денсаулық сақтау, спорт, қор-шаған ортаны қорғау; жастар, демографиялық, тендерлік саясат; әлеуметтік кө-мек; кұқық қорғау қызметі; мәдениет саласында және өзге әлеуметтік маңызды сфераларда мақсаттарға жетуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және тех-никалық іс-шаралардың жиынтығы болып табылады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласында мақ-саттарға жету;
2) азаматтардың денсаулығын корғау, салауатты тұрмыс салтын насихаттау;
3) қоршаған ортаны қорғау;
4) жастар саясаты мен балалар бастамасын қолдау;
5) демография проблемаларын шешу;
6) тендерлік проблемаларды шешу;
7) халықтың әлеуметтік осал жіктерін қолдау;
8) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасыларының балалары-на көмек;
9) азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
10) құқықтарды, азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделерін қорғау;
11) мәдениет пен өнерді дамыту;
12) тарихи-мәдени мұраларды қорғау;
13) қоғамдық келісімді нығайту;
14) Қазақстан заңамасына қайшы келмейтін өзге әлеуметтік маңызды
бағыттар.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылады. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру үшін қарастырылған бюджет қаражаттары Қазақстан Республикасы заңнамасымен, нормативтік құкықтық актілерімен, сонымен бірге Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған келісімшартпен белгіленген мақсаттарға және тәртіпен пайдаланылады.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы деп материалдық емес игіліктермен қызметтерді жасау мақсатында материалдық өндіріс салаларында жасалған ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесінде құрылатын ақшалай қорлардың қозғалысын ортақтандыратын ақшалай қатынастардың жиынтығын түсінеді.
Коммерциялық емес қызмет түрлері мен салаларында мына-дай қаржылық қатынастар қалыптасады:
ұйым мен бюджет арасында қаржыландыру ретінде қаражат-тарды алумен және кейбір жағдайларда бюджет алдындағы қар-жылық міндеттемелерді орындаумен байланысты қатынастар;
қаржылық ресурстарды бөлумен және орталықтандырумен байланысты жоғарғы және төменгі органдар арасындағы ішкіса-лалық қатынастар;
ұйымдардың ішінде, яғни олардың бөлімшелері арасындағы қаржылық қатынастар;
салааралық – түрлі салалардың ұйымдары арасындағы ақ-шалай қатынастар;
ұйымдар мен олардың жұмыскерлері арасындағы еңбекке ақы төлеу жөніндегі қатынастар;
ұйымдар, мекемелер және олардың тұтынушылары арасын-дағы (көрсетілген қызметтерге ақы төлеу жөніндегі) қатынастар және т.б.
Қызметтің айрықшалықты түрлеріндегі өзара байланыстар-дың тым қысаң анықтықты сипаттайтын қатынастардың қалып-тасуы мүмкін, мысалы:
қоғамдық ұйымдар мен олардың мүшелері арасында жарна-ларды – кіру және мүшелік жарналарды төлеу, сондай-ақ осы ұйымдардың мүшелеріне белгілі бір жетістіктер мен қызмет нә-тижелері үшін көтермелеулік сипаттағы төлемдер бойынша;
коммерциялық ұйымдар мен олардың демеушілері арасында ұйымның қызметін қолдап отыру үшін материалдық және ақ-шалай нысандарда қаражаттар беру жөнінде;
сақтық компанияларында ұйымдардың белгілі бір континген-тін (әскери қызметшілердің, күш ведомстволары мен салық службалары қызметкерлерінің және т.б.) міндетті сақтандыру қарым-қатынастары;
сондай-ақ белгілі бір шарттарда кредиттік қатынастардың бо-луы мүмкін.
Аталған қаржылық қатынастар ақшалай қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануды білдіреді, оларды мынадай негізгі топтарға біріктіруге болады:
ұйымдар мен мекемелердің пайдалану қызметін қамтамасыз ететін қорлар;
күрделі жұмсалымдардың қорлары;
көтермелеу және ынталандыру сипатындағы қорлар;
жұмыскерлер мен контингенттерге (мысалы, оқу орындарын-дағы оқушыларға, емдеу мекемелеріндегі ауруларға) кызмет көр-сетушілердің материалдық, әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық мұқтаждарын қанағаттандырумен байланысты қорлар;
негізгі кызметті дамыту қорлары.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру-
ға негізінен олардың ұйымдық құқықтық нысандары әсер етеді. Сондықтан коммерциялық емес ұйымдар қаржысының ерек-шеліктерін анықтау үшін оның құрамына кіретін мекемелерді, ұйымдарды, олардың қызметінің сипатын, баскаруды ұйымдас-тырудың және каржыландырудың әдістерін ескере отырып зер-делеген жөн.
Коммерциялық емес ұйымдардың шаруашылық қызметін жүргізудің әдістері бюджеттік қаржыландыру (көрсетілген қыз-меттер мен игіліктердің өтеусіздігі кезінде) және шаруашылық-коммерциялык есеп пен өзін-өзі өтеу негіздері (өтеулігі кезінде) болып табылады. Рынок жағдайларында ұйымдардың көбісі коммерциялық есеп негізіне көшуде – көрсетілетін қызметтерді сұраным бағасы бойынша сатады, өздігінен даму үшін жеткілікті қорланым жасайды.
Бюджеттік қаржыландыру – меншікті табыстары жоқ ұйым-дар мен мекемелердің шығыстарын жабу үшін мемлекеттік бюд-жеттен ақшалай қаражаттар беру. Өндірістік емес мекемелерді ұстауға жұмсалатын бюджеттен қаржы бөлудің көлемі, мақсат-ты бағыты және оны бөлу шығыстарды қаржыландырудың дара жоспарымен анықталады. Мұндай тәртіппен білім беру, денсау-лық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері, мемлекеттік биліктің, мемлекеттік басқару мен қорғаныстың органдары, ғы-лыми, шығармашылық, мәдениет мекемелерінің бір бөлігі қар-жыландырылады. Бірқатар мекемелерді бюджеттік қаржылан-дыру кезінде шығындарды қамтамасыз етудің косымша көздері пайдаланылуы, қызметтерді тұтынушылардың жарналары мен төлемдері бағытталуы мүмкін. Ақшалай қаражаттар бюджеттен каржы бөлуге сәйкес беріледі және мекеменің қаржы жоспарын-да – қаржыландырудың дара жоспарында бейнелеп көрсетіледі, негізгі капиталдарды, материалдық босалқы қорларды сатып алуға, қызметтерді төлеуге, жалақы беруге, басқа шаруашылық мұқтаждарға жұмсалынады. Мекемеде шаруашылық немесе ком-мерциялық қызметтен алынатын табыстар болса, олар дербес кі-ріс-шығыс құжатында жоспарланады және айрықша тәртіппен пайдаланылады.
Бюджеттік қаржыландыру бюджеттің қаражаттарын пайдала-нуды қатаң қадағалайды, тек баптардың белгілі бір шеңбері тұр-ғысында ғана оларды қайта бөлуге шамалы мүмкіндіктер береді. Бюджеттік қаражаттарды жұмсауға мекемелерді қаржыландыру-ды жүзеге асыратын қаржы органдары тарапынан бақылау кой-ылған.
Шаруашылық жүргізудің шаруашылық-коммерциялық есебі шығындарды материалдық емес қызметтер көрсету мен игі-ліктерді сатудан түскен түсім-ақшадан өтелетін мекемелер мен ұйымдарда қолданылады. Бұл ұйымдардың қызметтері ақыға көрсетіледі. Бұларға ақылы негізде жұмыс істейтін білім беру мен денсаулық сақтау мекемелері, салалық ғылыми-зерттеу инс-титуттары, бірқатар шығармашылық мекемелері, ойын-сауық орындары жатады. Бұл әдісті коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің кәсіпорындары пайдаланады. Олар қызметпен байланысты әр түрлі ақшалай шығындар жасайды: игіліктер мен қызметтерді өткізе отырып, түсім-ақша алады; кірістердің шы-ғыстардан асып түсуі қорланымды құрайды. Бұл кәсіпорындарда қаржы материалдық өндіріс кәсіпорындарындағыдай ұйымдас-тырылады.
Шығындардың өзін-өзі өтеу әдісі ақылы қызмет негізінде шаруашылық қызметін ұйымдастыруды қарастырады, бұл қыз-меттердің бағасы қорланымсыз шығыстардың көлеміне қатысты анықталады. Бұл әдіс мәдени-ағарту қызметі, бос уақытты ұйым-дастыру саласында ақылы қызметтер көрсететін ұйымдарда (тұр-мыстық, кәсіби машықтар мен білім алу жөніндегі, шет тілдерді, мүдделер жөніндегі ұлттық клубтарда зерделеудің курстары мен мектептері) қолданылады.
Коммерциялық емес мекемелер, ұйымдар қызметінің материалдық негізі өндірістік емес арналымдағы капиталдар болып табылады, олардың натуралдық және ақшалай нысандары болады.
Натуралдық нысандағы қорларды ұйымдар мен мекемелер сатып алу-сату ретінде тауарлар сықылды белгілі бір бағаға са-тып алады және олар тұтыну үдерісінде өзінің құнын жоғалтады. Осылай жасалған игілік пен қызметтердің тек тұтыну құны болады, бірақ құнға ие болмайды*, ол тұтыну кезінде жойылады, сөйтіп коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер жасайтын ұлттық өнімнің бір бөлігін пайдалану аяқталады. Материалдық емес өнім мен қызметтерді жасау үдерісінде жүзеге асырылатын өндірістік емес қорлардың қозғалысы нысандарының, сондай-ақ олардың ұдайы жаңғыртылуының салалық ерекшеліктері болады. Қызметтің бұл түрінде көбінесе жоғары біліктіліктің ой еңбегі қолданылады, сондықтан шығындарда әдеттегідей басты орынды еңбекке ақы төлеу алады. Материалдық емес өнім қордаландырылуға жатпайды, оны босалқы қорға айналдыруға болмайды, бірақ оның мекеме, ұйым шығындарының сомасына тең ақшалай бағалауы болады.
Коммерциялық емес сфера мекемелеріндегі қызметтер көрсету (жасау) ақшалай қорларды қалыптастырумен, бөлумен және пайдаланумен, өзгеше қаржылық қатынастармен қосарланып отырады.
Бұл қатынастардың бастапқы табыстар мен қорларды алғашқы бөлу мен құру үдерісінде болмауы оларға ортақ сипат. Сонымен бірге олардың негізінде қызметтер сферасы саласының мекемелері мен ұйымдарының қаржы көздері қалыптасады.