Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Соңғы нұсқасы ҚҰЛПЫБАЕВ С Айгерим.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
7.15 Mб
Скачать

8.5. Компаниялардың, фирмалардың қаржылық менеджменті

Қаржы жүйесінің бастапқы буыны ретінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы базистік қосалқы катего-рия, яғни тап осындай нысанада жұмыс істейтін айрықшалықты белгілері мен ерекшеліктері бар объективті экономикалық қаты-настардың жиынтығы болып табылады. Бірақ ақшалай қорлар қозғалысының объектісі бар, субъектілердің нақтылы мүдделері жөнінде көрінетін кез келген қатынастар сияқты, олар реттеуді, тиісті қаржы ағынының бағыттарын, олардың қозғалысын ретке келтіруді қажет етеді. Бұл қондырмалықтарға жататын, нақтылы орындаушылардың санасымен, машығымен және іскерлігімен жасалатын субъективті басқарушы іс-қимылдар ақылы жүзеге асырылады. Экономикалық заңдармен анықталатын базистік аса маңызды құбылыстардың талабына бағдарлануы тиіс, бұл талап-тарды үнемі ескеріп отыруы тиіс, яғни базистің шарттарына ба-ғынышты болуы тиіс болғандықтан қондырмалықтарға жатады. Бұл басқарушы іс-қимылдарға қаржылық менеджмент ұғымы – кәсіпорынның бүкіл қаражаттарын тиімді пайдалану мақсатында кәсіпорынның ақша ағынының қозғалысы механизмін басқару жүйесі жатады.

Қаржы жүйесінің бұл буынында рынок жағдайларында бас-қару қаржылық менеджмент деп аталады және кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіпкерлік қызметі арқылы және соның шеңберінде әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқарудың нысаны болып табылады. Қаржылық менеджменттің мәні тиісті службалар тарапынан қосымша қаржылық ресурстарды ең тиімді етіп тартуға, оларды неғұрлым ұтымды етіп жұмсауға, қаржы рыногында бағалы қағаздарды сатып алып, қайтып сатып пайдалы операциялар жасауға мүмкіндік беретіндей етіп қаржыны басқаруды ұйымдастыру.

Кәсіпорындарда қаржылық менеджменттің объектілері мы-налар болып табылады: жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктік құқықтар, жұмыстар және қызметтер, ақпарат, зияткерлік (интеллектуалдық) қызметтің нәтижелері, материалдық емес игіліктер.

Қаржылық менеджмент уәждемелерге – адамдардың немесе ұжымдардың қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іске асыру жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбек өнімділігі мен сапасын ынталандыру үдерісінде көрінеді.

Жалпы қаржылық менеджмент қаржыны басқарудың ілгеріде

баяндалған қағидаттарына негізделген. Ол басқарудың тиісті эле-менттерін – ақпаратты, жоспарлауды (болжауды), ұйымдасты-руды, реттеуді, бақылауды кіріктіреді. Қаржылық менеджментті жүзеге асырудың шарты рыноктық ортаның болуы болып табы-лады, бұл орта бағалардың еркін жүйесі, тауарлар және қызметтер рыногымен қатар еңбек, капиталдар, өндіріс құрал-жабдықтары рыногының жұмыс істеуі, кәсіпорындардың қызметін мемлекеттік реттеуді заңнамалық реттемелеу кезіндегі кәсіпкерлік қызметті коммерциялық есеп негіздерінде жүргізуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, шаруашылық жүргізуші субъекті-лердің қаржылық менеджментінің шеңбері рыноктық факторлармен анықталады, бұл қаржылық менеджментті оның жеке буындарында басқарушы субъектілердің басқарылу объектілеріне ықпал жасауының экономикалық элементтері басым болуы мүмкін қаржыны басқарудың жалпы шарттарынан ажыратады. Кәсіпорындардың қаржылық менеджментінің жүйесі аса жылжымалы, өйткені бұл буындағы нысандардың, әдістердің арсеналы жалпымемлекеттік қаржылардағыға қарағанда тым әр түрлі. Мысалы, кәсіпорындардың қаржылық менеджменті әр түрлі нысандардағы есеп айырысу (төлем тапсырмасы, төлем талабы (талапшоты), әр түрлі акредитивтер, есеп айырысу чектері және т.б.), барлық нысандардағы несиелендіру, бағалы қағаздармен және валютамен жасалатын операциялар бойынша көп таралған операциялардан басқа хеджерлеу1, кепілдік-ипотекалық және трасттық операциялар, қаржы және операция лизингі, франчайзинг, бағалы қағаздар бойынша трансферттер сияқты нысандар мен әдістерді кіріктіреді; валютамен, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар бойынша, қауіптердің барлық түрлерін сақтандыру бойынша қаржылық құралдардың жинақталымы айтарлықтай кеңейеді.

Қаржылық менеджментті мына кезеңдердің дәйекті ауысымы ретінде елестетуге болады:

1) ақшалай қаражаттарды (капиталды) пайдаланудың міндетін қою және мақсатын анықтау;

2) ақшаның қозғалысын басқарудың қаржылық әдістерін, тәсілдерін таңдау;

3) қабылданған шешім бойынша инвестициялау жөніндегі шешімді бизнесжоспар немесе басқа ресімдеу түріндегі іс-қимылдардың бағдарламасын жасау;

4) жобаның орындалуын ұйымдастыру;

5) атқарылу барысына бақылау жасау және қажетті түзетулер жасау;

6) қайта инвестициялаудың мақсаттары үшін жоба нәтижелерін талдау және бағалау.

Жалпы жағдайда қаражаттарды бизнеске жұмсаудың мақсаты қолдағы қаражаттардан пайда алу болып табылады және міндетті орындау өнімді (қызметтерді) шығарылымының мүмкін болатын үлкен көлеміне жетуге (материалық өндіріс сферасында) немесе рыноктық критерийлерді қанағаттандыратын жеткілікті сапаны қамтамасыз ету кезінде шығындарды барынша азайтуға саяды.

Қаржылық менеджментте шешімдер қабылдау тәуекелдерімен, яғни жобаланған нұсқамен салыстырғанда табысты кем алу немесе зиянның пайда болуы ықтималдығымен ұшырасып отырады. Тәуекелді талдау оның көздері мен себептерін анықтаудан, ысыраптың белгілі бір деңгейінің ықтималдығын өлшеуден, яғни тәуекелдің қолайлы дәрежесін белгілеуден басталады. Тәуекелдік статистикалық, сараптық және құрамдастырылған әдістермен анықталады. Практикада тәуекелді бағалау үшін «леверидж (тұтқа) нәтижесі» ұғымы пайдаланылады. Жалпы леверидж операциялық левериджді (тұрақты шығындар мен жалпы пайданың ара қатынасы) және қаржылық левериджді (қарыз қаражаттарын пайдаланудың меншікті капиталдың рентабелділігіне әсері) кіріктіреді. Қаржылық менеджментте шешімдер қабылдау тәуекелдің барлық түрін – өндірістік, коммерциялық, қаржылық тәуекелдердің үйлесуін қажет етеді.

Алайда бизнеске экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік,саяси және табиғи сипаттағы секілді көптеген құбылыстар да әсер етеді: өрлеу мен дағдарыстар, банк пайызының, бағалардың ауытқулары, тұтынушылар ұнатуларының, бәсекелестер іс-қимылының өзгеруі, үкіметтің көлденең (болжанбаған) шешімдер қабылдауы, ереуілдер, табиғи катаклизмдер, апаттар және т.б.

Қолайсыз уақиғалар болған кезде келеңсіз зардаптарды азайтуға ақшаны, өндірістік қуатты, шикізатты, дайын өнімді резервте сақтау есебінен қол жетеді; коммерциялық қызметті қайта бағдарлау жөніндегі алдын ала жасалған шаралар болуы мүмкін. Жиынтық тәуекелді басқару кезіндегі кәсіпорынға төнетін тәуекелдердің түрлі тұрпаттарында бірігетін кәсіпорын портфелін әртараптандырудың ерекше маңызы бар.

Хеджерлеудің көмегімен қаржылық тәуекелді (қатерді) барынша азайтудың техникасы қолданылады, бұл кезде негізгі келісіммен қатар үшінші тараппен қосымша мәміле жасалынады. Оның шарты мынадай: негізгі мәміледегі қаржылық ысыраптарға соқтыратын мән-жай болған кезде қатысушы зиян шеккен ысыраптарды түгел немесе ішінара бейтараптандыра отырып, қарама-қарсы мәміледе ұтады. Хеджерлеу техникасында опциондар, фьючерстер, пайыздық айырбастар (своптар) сияқты және т.б. қаржылық тетіктер пайдаланылады.

Тәуекелді азайту мен төмендетудің дәстүрлі әдісі мүліктік сақтандыру болып табылады, бұл кезде сақтандырылушыға (сақтанушыға) сақтандыру келісімшартымен сақтық оқиғасы болған кезде төленетін сақтық төлемі қамтамасыз етіледі.

Қаржылық менеджментте маңызды объект ақша ағыны – құндық (Д-Т-Д1) нысандарды жаңғыртудың және қосылған құнды қалыптастырудың экономикалық үдерістерін ортақтастыратын қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз нысандарындағы ақшаның қозғалысы болады. Ақша ағынының (ақша түсімімен жылыстауы) құрамына қаржы көмегімен де қалыптасатын (қаржылық ресурстар), сондай-ақ басқа әдістермен де тартылатын барлық ақша ресурстары қамтылады. Қаражаттардың ағынында анықтаушы орынды өнімді, жұмыстарды және қызметтерді өткізуден (сату көлемі) түсетін түсім-ақша, онан кейін кредиттік ресурстар, әртүрлі тартылған ресурстар алады. Қаражаттардың жылыстауы дүркін-дүркін төленетін төлеулермен де (тауар-материал құндылықтарын сатып алу, жұмыскерлерге жалақы мен сыйақылар төлеу, кредиттерді өтеу, салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу және т.б.), сондай-ақ ұзақ мерзімді инвестициялардың болжамы негізіндегі күрделілерімен де байланысты.

Қаржылық менеджментте ақша оның іс-әрекетінің мезгілдік (уақытша) межелдемелері тұрғысынан функцияларды атқару кезіндегі өзге нысанға, сапаға айналғанға дейін қаралады. Бұл аспектіде ақшаның «уақытша құнының» барлығы есепке алынады: мұндай сомада бүгінгі ақша мен келешектегі ақшаның сатып алу күші бірдей болмайды. Ақшаның қазіргі және келешектегі құны өзара қайтымды. Қазіргі (бүгінгі) құн келешектегі құнға компаундингілеу1 – күрделі пайыздарды есептеу арқылы, ал келешектегі құн қазіргі құнға дисконттау – пайыздарды пайдаланып төмендету арқылы жеткізіледі. Ақшаның келешектегі құнының есеп-қисабында инфляцияның индекстерін есепке алу, яғни ақшаның құнын инфляциялық құнсыздануға төмендету қажет.

Жобаларға жұмсалатын инвестициялар нысанындағы ақшаның, рента төлемдерінің, жүйелі жарналардың, кірістердің және басқа ақшалай операциялар есептеулерінің бір жолғы, сондай-ақ дүркін-дүркін түсулері мен төленулері жай және күрделі аннуитеттердің есеп-қисабы, «капиталды бюджеттеу», «табыстылықтың ішкі мөлшерлемесі» тәсілдері арқылы жүргізіледі.

Аннуитет дегеніміз тұрақты негізде уақыттың белгілі бір мезгілі ішінде тіркелген межелдемелер арқылы төленетін немесе алынатын инвестиция, табыс.

Капиталды бюджеттеу (капиталдық бюджеттеу) – өтеудің қарастырылған мезгілінде қаражаттарды кейінгі дүркін-дүркін қайтарулармен жабылатын ақшалай қаражаттардың бір жолғы жылыстауы. Бюджеттеу тұжырымдамасы негізгі активтер бойынша шығыстарды жоспарлау кезінде пайдаланылады, бұл жобаларды талдау және ақшалай қаражаттардың ұзақ мерзімді және ірі жұмсалымы жөнінде шешімдер қабылдаудың үдерісі.

Табыстылықтың ішкі мөлшерлемесінің есеп-қисаптары жобаларды салыстыру және пайдалылықтың пайыздары бойынша инвестициялық шешімдерді таңдау үшін және жобаның есепті табыстылығы мен пайыздың қолданыстағы рыноктық мөлшерлемесін салыстыру және жобаны жүзеге асыру мезгіліне оның болжамы үшін жүргізіледі.

Қаржылық менеджментте фирманың құны (параметрі бойынша көбейеді), меншікті және қарыз капиталы мен оларды қалыптастыруға жұмсалатын шығындардың ара қатынасы бөлігіндегі фирма капиталының құны (параметрі барынша азаяды), дивидендтік саясат, фирманың амортизациялық саясаты сияқты компаниялардың, фирмалардың жұмыс істеуінің іргелі проблемалары қарастырылады.

Фирмалар лизингтік операциялар жүргізеді – кейін оны сатып алу мүмкіндігімен негізгі өндірістік қорларды (капиталды) ұзақ мерзімге жалға алады. Қаржылық лизинг – орта немесе ұзақ мерзімді келісімшарт негізінде белгілі бір ақыға және белгілі бір шарттарда кәсіпкерлік мақсаттар үшін уақытша иеленуге лизинг предметі сатып алынатын лизинг нысаны. Лизингтік операциялар бизнеске бастапқы шығындары біршама аз өндірісті тезірек жөнге салып алуға жағдай жасайды.

Қаржылық менеджменттің маңызды аспектісі кәсіпорынның қаржылық жай-күйін талдау болып табылады. Бұл кәсіпорынның қаржылық орнықтылығын (рентабелділікті, төлем қабілеттілігін, кредитті өтеу қабілеттілігін), оның рыноктағы жағдайын (бәсекеге жарамдылығын) сипаттау үшін қажет. Талдауға қажетті ақпараттар бухгалтерлік баланста, қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есепте (пайда және зияндар туралы есепте), ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есепте болады; сондай-ақ тым егжей-тегжейлі оперативтік ақпарат қолданылады.

Бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерінде шаруашылық жүр-гізуші субъектінің активтері мен пассивтері туралы мәліметтер болады, олар активтер өтімділігінің* дәрежесін, бағалы қағаздардың табыстылығын, шаруашылық жүргізуші субъектінің ағымдағы және стратегиялық мүмкіндіктерін сипаттайтын қаржылық коэффициенттерді есептеп шығаруға жағдай жасайды. Коэффициенттерді менеджерлер ішкі бақылау үшін, банк жұмыскерлері мен бағалы қағаздар жөніндегі мамандар шаруашылық жүргізуші субъектінің рейтингін және оның даму перспективаларын айқындау үшін пайдаланады.

Көрсеткіштерді, коэффициенттерді, нормаларды – қаржылық экономикалық механизмнің элементтерін қадағалап отыру кәсіпорындардың жұмысын оперативті басқаруға және бақылауға, бизнес-жоспарда немесе дамыту жобасында берілген қаржылық шаруашылық үдерістерді, бағыттарды дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл көрсеткіштер кәсіпорынның «визиттік картечкесі» болып табылады, инвесторларға, әріптестерге және кредиторларға оның өміршеңдігі, қаржылық орнықтылығы туралы ойлауға мүмкіндік береді.

Сөйтіп, қаржылық менеджмент кәсіпорынның қаржылық қамтамасыз етілуінің тактикасы мен стратегиясы ретінде қаржының тиімді іс-әрекет етуінің мақсаттары үшін оның ағындарын басқаруға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның жиынтық ақша айналысын басқару бойынша қаржылық менеджменттің стратегиялық нұсқамасы ұдайы өндірістік үдерісті қамтамасыз етуге, берілген критерийлерде ақшалай қорларды қалыптастыруға, оларды нысаналы арналым бойынша пайдалануға бағытталған. Қаржылық менеджменттің жалпы мақсатты нұсқамасы – экономикалық дамудың ішкі және сыртқы факторларын есепке алу негізінде кәсіпорынның ұтымды қаржылық саясатын жүзеге асыру.

*Өтімділік – өзінің міндеттемелерін, берешегін (пассивтерін) мезгілінде өтеу үшін кәсіпорындар, банктер активтерінің ақшаға тез айналу мүмкіндігі; олардың қызметінің тұрақтылығы мен тиімділігі туралы пайымдайтын аса маңызды көрсеткіші мен сипаттамасы.