
- •Isbn 9965-803-47-1
- •Isbn 9965-803-47-1
- •1.1 Сызба. Қоғамдық жүйедегі қатынастардың дәйектілігі (бағыныңқылығы)
- •1.2 Сызба. Қоғамдық өнімді өндіру, оның құнын бөлу және қайта бөлу
- •Сызба. Қаржы қажеттігінің факторлары
- •1.2 Ұлттық өндіріс көлемдерін өлшеу.
- •Қаржының айрықшалықты белгілері
- •1.4. Қаржының функциялары және рөлі
- •1.5. Құндық экономикалық категориялардың өзара іс-әрекеті мен өзара байланысы
- •1.6. Қаржылық ресурстар мен қорлар қаржылық қатынастардың объекті ретінде
- •1.4 Сызба. Қаржылық ресурстардың құрамы
- •1.7. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары
- •1.7 Сызба. Қаржылық қорлардың сыныптамасы
- •1.5 Сызба. Функциялық критерийі бойынша қаржы жүйесінің құрылымы
- •1.6 Сызба. Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің сызбасы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Қаржылық саясаттың мазмұны, міндеттері және қағидаттары
- •2.1 Сызба. Қоғамдық-экономикалық формацияның базис және қондырма жүйесіндегі қаржы
- •2.2. Қаржылық саясатты жасау
- •2.3 Қаржылық механизмнiң мазмұны мен құрылымы
- •2.2 Сызба. Қаржылық механизмнiң жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1 Қаржыны басқару ұғымы
- •3.2. Мемлекеттің қаржысын басқару
- •3.3. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару
- •3.4. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері, қағидаттары және әдістері
- •4.2. Қаржы жоспарларының жүйесі
- •4.3. Қаржылық көрсеткіштер
- •4.4 Қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Қаржылық құқықтық қатынастар және қаржылық-құқықтық нормалар
- •5.1 Сызба, Қаржы мен құқықтың өзара іс-әрекеті. Қаржылық-құқықтық механизмнің қалыптасуы
- •5.2. Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері
- •5.3. Қаржы заңнамасы жүйесіндегі қаржылық-құқықтық актілер
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидаттары
- •6.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы
- •6.1. Сызба. Түрлері бойынша қаржылық бақылаудың сыныпталуы
- •6.3. Аудиторлық бақылау (аудит)
- •6.4. Қаржылық бақылаудың әдістері
- •6.5. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру негіздері
- •Бақылау сұрақтары
- •7.1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны
- •7.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
- •7.1 Сызба. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
- •7.3. Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері
- •7.4 Шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігін жаңғыртудың қаржылық ерекшеліктері және оның әртараптандырылуы
- •Бақылау сұрақтары
- •8.1. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері
- •8.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қорлары
- •8.3. Өндірістік капиталдар және шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің қаржылық нәтижелері.
- •Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметі нәтижелерінің қалыптасу сызбасы
- •8.5. Компаниялардың, фирмалардың қаржылық менеджменті
- •Бақылау сұрақтары
- •9.1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру
- •9.2. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері
- •9.3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердін шығыстары
- •Бақылау сұрақтары
- •10.1. Мемлекеттің экономикалық қызметі
- •10.1 Сызба. Құйылым шығындары
- •10.2 Сызба. Құйылым пайдалары
- •10.3 Сызба. Құйылым пайдаларын реттеу
- •10.2 Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер
- •10.4 Сызба.Тауар әлеміндегі қоғамдық тауарлар, қызметтер, игіліктер
- •10.3. Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы
- •10.5 Сызба. Қазақстанның мемлекет қаржысының құрамы
- •Бақылау сұрақтары
- •11.1. Мемлекет кірістерінің мәні
- •11.1 Сызба. Қаржылық ресурстар, мемлекеттің кірістері мен шығыстары
- •11.2 Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •12.1. Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
- •12.2. Қазақстанның салық жүйесі
- •1) Салықтар:
- •2) Бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер:
- •12.3. Салық салуды ұйымдастыру
- •12.1. Сызба. Салықтық механизмнің элементтері
- •12.2. Сызба. Салық нұсқамасы
- •12.3 Сызба. Үйлесімді және прогрессивті салық салу
- •12.4. Корпоративтік табыс салығы
- •12.4 Сызба. Корпоративтік табыс салығын есептеу және өндіріп алу
- •12.5. Жеке табыс салығы
- •12.6. Шетелдік заңи және жеке тұлғалардың табыстарына салық салу
- •12.2 Кесте. Бейрезиденттердің табыстары бойынша төлем көзінен салық салу мөлшерлемелері
- •12.7. Жанама салықтар
- •12.5 Сызба. Есепке жатқызылған ққс-ты өндіріп алу
- •12.3 Кесте. Ққс-тың іс-әрекет механизмінің сызбасы
- •12.8. Экспортқа рента салығы
- •12.9. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары
- •12.10. Әлеуметтік салық
- •12.11. Меншікке салынатын салықтар
- •12.12. Құмар ойын бизнесі салығы
- •12.13. Тіркелген салық
- •12.14. Арнаулы салық режімдері
- •12.15. Басқа міндетті төлемдер
- •12.16. Салықтарды аудару
- •12.6 Сызба.
- •12.17. Салықтардан жалтарыну
- •Бақылау сұрақтары
- •13.1. Мемлекет шығыстарының мәнi, құpaмы және сыныптамасы
- •13.2. Экономиканы қаржыландыру
- •13.3. Ғылыми-техникалық прогресті қаржыландыру
- •13.4. Әлеумeттiк-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар
- •13.5. Халықты әлеуметтiк қopғay шығыстары
- •13.6. Қорғанысқa және басқаруға жұмсалатын шығыстap
- •Бақылау сұрақтары
- •14.1. Мемлекеттік бюджеттің мазмұны, әлеуметтік-экономикалық мәні және рөлі
- •14.1 Сызба. Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы
- •14.2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
- •14.2 Сызба. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
- •14.3 Сызба. Баланстандырылған бюджеттік әдістің іс-әрекеті.
- •14.3 Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік реттеу механизмі
- •14.4. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
- •14.4 Кесте. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің құрамы мен құрылымы
- •14.5. Бюджеттік сыныптама
- •14.6. Бюджет тапшылығы, оның сыныптамасы. Бюджет тапшылығының тұжырымдамалары
- •14.7. Бюджеттік үдеріс
- •Бақылау сұрақтары
- •15.1. Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
- •15.2. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
- •15.1 Кесте. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерімен шығыстарының көлемі және құрылымы (2008 ж)
- •15.3. Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс
- •15.4. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
- •Бақылау сұрақтары
- •16.1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •16.2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.3. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.4 Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
- •16.4 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
- •Бақылау сұрақтары
- •15.1. Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
- •15.2. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
- •15.1 Кесте. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерімен шығыстарының көлемі және құрылымы (2008 ж)
- •15.3. Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс
- •15.4. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
- •Бақылау сұрақтары
- •16.1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •16.2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.3. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.4 Қазақстанның Республикасының Ұлттық қоры
- •16.4 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
- •Бақылау сұрақтары
- •Пен мемлекеттік борыш
- •17.1 Мемлекеттік кредиттің мәні
- •17.2. Мемлекеттік кредиттің нысандары мен әдістері
- •17.3. Сыртқы (халықаралық) кредит
- •17.4. Мемлекеттік борыш
- •17.2 Сызба. Мемлекеттік кредиттегі себеп-салдарлық өзара байланыстар
- •17.5. Елдің сыртқы борышы
- •17.1 Кесте.Сыртқы борыштың салыстырмалы параметрлері
- •17.2 Кесте. Жалпы сыртқы борыштың динамикасы, млрд ақш долларында.
- •17.6. Мемлекеттік борышты басқару
- •17.7. Мемлекеттік борыштың экономикалық салдарлары
- •17.2 Сызба. Өндірістік мүмкіндіктердің қисық сызығы
- •17.3 Сызба.
- •17.2 Кесте. Орта мерзімді кезеңдегі мемлекеттік берешек параметрлерінің шоғырланымдық ұлғаюы
- •Бақылау сұрақтары
- •IV бөлім. Үй шаруашылықтарының қаржысы
- •18.1. Үй шаруашылықтары қаржысының ұғымы және функциялары
- •18.1 Сызба. Экономикалық жүйеде ресурстардың, өнімдердің және табыстардың толық айналымы
- •18.2. Үй шаруашылықтарының қаржылық ресурстары және бюджеті
- •18.3. Үй шаруашылықтарының табыстары және олардың құрамы
- •18.4. Халықтың тұрмыстық деңгейін мемлекеттік реттеу
- •18.2 Сызба. Лоренцтің қисық сызығы
- •18.5. Мемлекеттік әлеуметтік трансферттер
- •18.1 Кесте. Табыс тұрғысынан Қазақстандағы кедейлік деңгейі
- •18.6. Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі
- •18.7. Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстары және олардың сыныптамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •Және әлеуметтік негіздері
- •19.1. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары
- •19.2. Мүліктік және жеке басты сақтандыру ерекшеліктері
- •19.3. Әлеуметтік сақтандыру
- •19.4. Медициналық сақтандыру
- •19.5. Сақтық рыногы
- •Бақылау сұрақтары
- •20.2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы
- •20.3. Фискалдық саясаттың нұсқалары
- •20.4. Экономикалық реттеу теорияларындағы қаржы
- •20.5. Рыноктық тепе-теңдікке салықтардың әсері
- •Бақылау сұрақтары
- •21.1. Қаржы рыногы туралы ұғым
- •21.1 Сызба. Қаржы рыногы мен бағалы қағаздар рыногының өзара байланысы
- •21.2. Бағалы қағаздар рыногы. Бағалы қағаздардың сыныптамасы.
- •21.2 Сызба. Бағалы қағаздардың сыныптамасы
- •21.3. Бағалы қағаздардың шығарылымы және айналысы.
- •21.4. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары
- •21.5. Қор биржасы
- •21.6 Қор рыногының индикаторлары
- •Бақылау сұрақтары
- •Байланыстар жүйесіндегі қаржы
- •22.1. Сыртқы экономикалық қызметтің сипаттамасы және оның даму бағыттары
- •22.2. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері
- •22.1 Кесте. Валюта бағамдары өзгерімінің экспорт пен испорттың көлеміне әсері (шетелдік ақшалай өлшемдерінде – шет. Ақшалай өлш. Және ұлттық ақшалай өлшемінде – ұлт. Ақшалай өлш.)
- •22.3. Сыртқы экономикалық қызметті салықтық реттеу
- •22.2 Кесте. Кеден баждарының түрлері
- •22.3. Валюталық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану
- •22.4. Елдің төлем балансы
- •22.3 Кесте. 2008 жылғы Қазақстан Республикасының жиынтық төлем балансы
- •Бақылау сұрақтары
- •23.1. Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы.
- •2 3.1 Сызба. Қаржы мен инфляцияның өзара іс-әрекеті
- •23.3 Сызба. Инфляциялық шиыршық
- •23.2. Сызба. Инфляциның сипаттамасы және оның іс-әрекеті.
- •23.2. Инфляцияға қарсы саясат шаралары
- •Бақылау сұрақтары
8.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қорлары
Шаруашылық-қаржылық қызмет үдерісінде шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржылық қорларды – белгілі бір мақсаттарға арналған ақшалай қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланады. Қорлардағы ақшалай қаражаттар үнемі қозғалыста болады: түседі, қордаланады, жұмсалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық практикасында кәсіпо-рындардың, жеке саланың немесе бүкіл ұлттық шаруашылықтың өндірістік, шаруашылық және әлеуметтік қызметіндегі мақсат-міндеттеріне қарай әр түрлі қорлар пайдаланылды. Өз қызметтерінің орындалуына немесе экономикалық жағдайдың өзгеруіне қарай кейбір қорлар жойылса, кейбірі өзгертіліп, қайсы біреулері жеке бөлініп шықты. Ұзақ жылдар бойы шаруашылық жүргізуші суб-ъектілерде экономикалық ынталандыру қорлары – материалдық көтермелеу қоры, өндірісті дамыту қоры, әлеуметтік даму қоры, көпшілік қолды тауарлар қоры (халық тұтынатын тауарларды шығаруды және өндіріс қалдықтарынан жасалынған басқа бұйымдарды ынталандыру үшін) жұмыс істеді. 1992 жылға дейін ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржыландыру және негізгі қорларды жаңарту үшін амортизациялық қор құрылды. Министрліктер мен ведомстволарда жал-пы салалық сипаттағы шығындарды қаржыландыру, ведомствоға қарасты ша-руашылық жүргізуші субъектілерге қаржы көмегін көрсету үшін орталықтан-дырылған қорлар құрылды: ғылым мен техниканы дамытудың бірыңғай қоры, экономикалық ынталандыру қорлары бойынша орталықтандырылған қорлар мен резервтер, бағаны реттеу қоры және басқалары.
Қаржылық қорларда кәсіпорындар мен ұйымдар мүлкінің қозғалысы толық немесе ішінара түрде бұл ақпаратты өндіріс, шаруашылық-қаржылық және әлеуметтік қызметті басқаруда пайдалану үшін бейнеленеді. Жекелеген қорлар-дың қозғалысы қаржының көлемін, нысанын, пайдалану мөлшерін неғұрлым анық көрсетеді. Сондықтан кейбір қорлар бір мезгілде орындалуға белгіленген (жоспарланған), сондай-ақ іс жүзінде қол жеткен кәсіпорын қызметінің қаржы-лық көрсеткіштері де болып табылады немесе есеп-қисап үшін бастапқы мә-ліметтер ретінде қызмет етеді. Мысалы, белгілі бір кезеңде кәсіпорынның тұ-тыну қорын жұмсау ауқымы; кәсіпорынның бір жұмыскеріне шаққандағы бұл мөлшер оның материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерімен қанағаттандыру деңгейін көрсетеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыс істеуі үшін неғұрлым елеулілері мен маңыздылары мына қорлар болып та-былады: жарғылық, резервтік капиталдар, қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбеккеақы төлеу қоры, валюталық, жөндеу қорлары. Дербестік жағдайларында шаруашылық жүргізуші субъектілер басқа да мақсатты ақшалай қорларды құруы мүмкін, мысалы, медициналық сақтандыру қоры, жекешелендіру қоры, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым дамуына қатысудың үлестік қоры және басқалары.
Жарғылық қор (капитал) мемлекет, басқа меншік иесі немесе құрылтайшы берген шаруашылық жүргізуші субъект (ұйым) мүлкінің (капиталының) мөлшерін сипаттап көрсетеді және ал-ғашқыда, шаруашылық жүргізуші субъектілерді құрғанда өнді-рістік капиталды, материалдық емес активтерді, айналым құрал-дарын сатып алудың көзі болып табылады. Оның қаражаттары есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасалады. Жарғылық қордың мөлшері шаруашылық қызмет үдерісінде өзгеріп отырады: негізгі капиталға жұмсалатын ин-вестициялар (күрделі жұмсалым), таза табыс есебінен болатын айналым капиталының өсімі, тауар-материалдық құндылықтар-ды бағалауға дейінгі және капиталдың басқа молықтырылуы нәтижесінде көбейеді; негізгі құралдарды шығару немесе беру, оның тозығын есептеу, зияндарды шығару, тауар-материалдық игіліктердің бағасын түсіру есебінен кемиді. Акционерлік қо-ғамның жарғылық қоры қор рыногында акцияларды орналасты-ру кезінде акционерлердің қаражаттары есебінен жасалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында қалатын қаражаттардың негізінде, яғни салықтар мен басқа төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорындар мен ұйымдар кешенді қорларды
– тұтыну қоры мен қорлану қорын құрады.
Тұтыну қоры мыналарды кіріктіреді:
бүкіл жұмыскердің (өндірістік және өндірістік емес) еңбегіне
ақы төлеу шығындары;
ақшалай төлемдер, соның ішінде жылдың қорытындысы бойынша сыйақылар; еңбегі үшін ынталандырудың басқа түрлеріне жіберілетін ақшалай және натуралдық нысандардағы қаражаттар;
материалдық көмек:
еңбек және әлеуметтік жеңілдіктерді белгілеуге жұмсалатын қаражаттар;
шаруашылық жүргізуші субъектінің мүлкіне салынған жұмыскерлердің акциялары мен салымдары бойынша төленетін табыстар (дивидендтер, пайыздар);
оңтайландырғыштық ұсыныстар, өнертабу және жаңалық ашу үшін берілетін сыйақылардан бөлек басқа жеке сипаттағы төлемдер.
Сөйтіп, тұтыну қоры еңбекке ақы төлеуге бағытталған қара-жаттар (өнім, жұмыстар және қызметтер өткізуден алынған тү-сім-ақшадан) және жұмыскерлерді материалдық көтермелеу мен түрлі әлеуметтік төлемдер үшін шаруашылық жүргізуші субъек-тінің қарамағында қалдырылатын таза табыстың бір бөлігі есебі-нен құрылады. Қор қаражаттары жұмыскерлердің жеке тұтыну-ына жұмсалады.
Қорлану қоры:
шаруашылық жүргізуші субъектілер қарамағында қалатын та-быс (пайда);
негізгі капиталды қалпына келтіруге жұмсалатын амортиза-циялық аударымдар;
шығып қалған мүлікті өткізуден түскен түсім-ақша;
банктердің кредиттері;
жәй ақцияларды қосымша шығару;
басқа көздер есебінен қалыптасады.
Қорлану қоры:
ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ету шығындарын қар-жыландыруға:
негізгі және айналым капиталдарын молықтыруға;
ғылыми-техникалық дамуға, жаңа өнімдерді игеруге;
табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға;
өндірістік инфрақұрылым объектілерін (автомобиль жолда-рын, есептеу орталықтарын, жөндеу, энергетика, құрылыс және басқа өндірістерді және т.б.) салуға үлестік қатысуға;
құрылысты және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін (тұрғын үйлерді, клубтарды, демалыс үйлерін, пансионаттарды, санаторийлерді, емханаларды, ауруханаларды, балалар мекемелерін, спорт объектілері мен ғимараттарын, қосалқы ауыл шаруашылық өндірістерін) салуға үлестік қатысуға пайдаланылады.
Ірі кәсіпорындар мен ұйымдар тұтыну мен қорланудың кешенді қорларының орнына көздері мен шығындарының мазмұны жағынан ұқсас мынадай жеке-жеке қорлар көздерін құрып, пайдалана алады: жалақы, еңбекке ақы төлеу, өндірісті дамыту, әлеуметтік даму қорлары.
Ұдайыөндірістік шығындарды үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз етуде қаржылық резервтердің (резервтік капитал, тәуекел қоры, сақтық қоры) маңызы зор. Рыноктық қатынастарға көшу жағдайында олардың маңыздылығы артпаса, кемімейді. Қаржылық резервтерді шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері меншікті қаржылық ресурстар есебінен басқару құрылымдары (нормативтік аударымдар негізінде), ма-мандандырылған сақтық ұйымдары (сақтандыру әдісі арқылы) және мемлекет (әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің қаржылық қорлары) жасай алады. Оның мақсаты – шаруашылық-қаржылық жағдайы нашарлаған кезде пайда болған қосымша шығындарды жауып, кәсіпорындардың қаржылық жағдайын тұрақтандыруды қамтамасыз ету. Қор кәсіпорынның тұтыну, қорлану және басқа қорларына жіберілмес бұрын оның қарамағында қалатын табыс есебінен құралады (осы мақсаттар үшін олардың жеткіліктілігі жағдайында).
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюталық қорлары валюта қаражаттарының есебінен мына көздерден қалыптасады:
экспорттық валюталық түсім-ақшадан;
жарғылық капиталға түсетін жарналардан;
банктердің, солардың ішінде шетел, басқа қаржы мекемелері-нің және шетелдік заңи тұлғалардың валюталық кредиттерінен;
ішкі валюта рыногында өкілетті банктер мен айырбастау пунктері арқылы валюта сатып алу;
бейрезиденттер көрсететін қаржылық көмек (гранттар).
Өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді экспортқа шығарудан түскен валюталық түсім-ақша заңмен белгіленген салықтар тө-ленгеннен кейін шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюта-лық қорларына бағытталады. Бұл қорларға активтерге (бағалы қағаздарға) инвестициялардан, депозиттер, салымдар нысанын-дағы және т.б. нысандардағы, егер бұл дивидендтер мен табыс-тар меншікті немесе қарыз қаражаттарының жұмсалымдарынан алынған болса, қаражаттарды орналастырудан алынған шетелдік валютадағы дивидендтер мен табыстар есептеледі. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ортақ міндеттерді шешу үшін ерікті не-гізде өздерінің валюталық қаржысын кәсіпорындар мен ұйымдар ешкімнің рұқсатынсыз, бірақ қолданылып жүрген валюта заңна-масының шеңберінде өздерінің қарап шешуі бойынша пайдала-на алады. Валюталық қорлар ең алдымен еңбек ұжымдарының өндірістік, әлеуметтік-мәдени дамуына жұмсалады; валютаның бір бөлігі еңбек ұжымдарының шешімімен халық тұтынатын ше-тел тауарларын, дәрілік заттарды және медициналық техниканы сатып алуға жұмсалуы мүмкін. Валюталық қорлардың қаржысы ізгіліктік және қайырымдылық көмек көрсетуге де пайдалануы мүмкін. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюталық қоры қаражаттарының бір бөлігін қосалқы жеткізушілерге – әріптес-терге бере алады; бұл түсімдердің көлемі келісімшарттық негізде экспорттық өнім өндірісіне қатысушылардың үлесі ескеріле оты-рып, шешілді.
Жөндеу қоры кәсіпорындарда негізгі капиталдарды жөндеудің барлық түрлерін: күрделі, орташа, ағымдағы түрлерін жүргізу үшін жасалады, олар өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің өзін-дік құны есебінен қаржыландырылады. Жөндеу жұмыстарына жұмсалатын болашақ шығындарға қарай жөндеу қорына ауда-рылатын аударымдардың нормативтерін кәсіпорындар өздігінше белгілей алады, бұл шығындардың көлемі негізгі капиталдардың жай-күйімен және тозығының дәрежесімен анықталады. Ішінара жөндеуге жұмсалатын шығындар болашақ кезеңдерге жатқызы-латын шығыстардың есебінен жабылуы мүмкін.Бұл шығыстар-дың мөлшерлері сондай-ақ салық салу ережелерімен реттеледі.