- •Isbn 9965-803-47-1
- •Isbn 9965-803-47-1
- •1.1 Сызба. Қоғамдық жүйедегі қатынастардың дәйектілігі (бағыныңқылығы)
- •1.2 Сызба. Қоғамдық өнімді өндіру, оның құнын бөлу және қайта бөлу
- •Сызба. Қаржы қажеттігінің факторлары
- •1.2 Ұлттық өндіріс көлемдерін өлшеу.
- •Қаржының айрықшалықты белгілері
- •1.4. Қаржының функциялары және рөлі
- •1.5. Құндық экономикалық категориялардың өзара іс-әрекеті мен өзара байланысы
- •1.6. Қаржылық ресурстар мен қорлар қаржылық қатынастардың объекті ретінде
- •1.4 Сызба. Қаржылық ресурстардың құрамы
- •1.7. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары
- •1.7 Сызба. Қаржылық қорлардың сыныптамасы
- •1.5 Сызба. Функциялық критерийі бойынша қаржы жүйесінің құрылымы
- •1.6 Сызба. Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің сызбасы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Қаржылық саясаттың мазмұны, міндеттері және қағидаттары
- •2.1 Сызба. Қоғамдық-экономикалық формацияның базис және қондырма жүйесіндегі қаржы
- •2.2. Қаржылық саясатты жасау
- •2.3 Қаржылық механизмнiң мазмұны мен құрылымы
- •2.2 Сызба. Қаржылық механизмнiң жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1 Қаржыны басқару ұғымы
- •3.2. Мемлекеттің қаржысын басқару
- •3.3. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару
- •3.4. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері, қағидаттары және әдістері
- •4.2. Қаржы жоспарларының жүйесі
- •4.3. Қаржылық көрсеткіштер
- •4.4 Қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Қаржылық құқықтық қатынастар және қаржылық-құқықтық нормалар
- •5.1 Сызба, Қаржы мен құқықтың өзара іс-әрекеті. Қаржылық-құқықтық механизмнің қалыптасуы
- •5.2. Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері
- •5.3. Қаржы заңнамасы жүйесіндегі қаржылық-құқықтық актілер
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидаттары
- •6.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы
- •6.1. Сызба. Түрлері бойынша қаржылық бақылаудың сыныпталуы
- •6.3. Аудиторлық бақылау (аудит)
- •6.4. Қаржылық бақылаудың әдістері
- •6.5. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру негіздері
- •Бақылау сұрақтары
- •7.1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны
- •7.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
- •7.1 Сызба. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
- •7.3. Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері
- •7.4 Шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігін жаңғыртудың қаржылық ерекшеліктері және оның әртараптандырылуы
- •Бақылау сұрақтары
- •8.1. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері
- •8.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қорлары
- •8.3. Өндірістік капиталдар және шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің қаржылық нәтижелері.
- •Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметі нәтижелерінің қалыптасу сызбасы
- •8.5. Компаниялардың, фирмалардың қаржылық менеджменті
- •Бақылау сұрақтары
- •9.1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру
- •9.2. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері
- •9.3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердін шығыстары
- •Бақылау сұрақтары
- •10.1. Мемлекеттің экономикалық қызметі
- •10.1 Сызба. Құйылым шығындары
- •10.2 Сызба. Құйылым пайдалары
- •10.3 Сызба. Құйылым пайдаларын реттеу
- •10.2 Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер
- •10.4 Сызба.Тауар әлеміндегі қоғамдық тауарлар, қызметтер, игіліктер
- •10.3. Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы
- •10.5 Сызба. Қазақстанның мемлекет қаржысының құрамы
- •Бақылау сұрақтары
- •11.1. Мемлекет кірістерінің мәні
- •11.1 Сызба. Қаржылық ресурстар, мемлекеттің кірістері мен шығыстары
- •11.2 Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •12.1. Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
- •12.2. Қазақстанның салық жүйесі
- •1) Салықтар:
- •2) Бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер:
- •12.3. Салық салуды ұйымдастыру
- •12.1. Сызба. Салықтық механизмнің элементтері
- •12.2. Сызба. Салық нұсқамасы
- •12.3 Сызба. Үйлесімді және прогрессивті салық салу
- •12.4. Корпоративтік табыс салығы
- •12.4 Сызба. Корпоративтік табыс салығын есептеу және өндіріп алу
- •12.5. Жеке табыс салығы
- •12.6. Шетелдік заңи және жеке тұлғалардың табыстарына салық салу
- •12.2 Кесте. Бейрезиденттердің табыстары бойынша төлем көзінен салық салу мөлшерлемелері
- •12.7. Жанама салықтар
- •12.5 Сызба. Есепке жатқызылған ққс-ты өндіріп алу
- •12.3 Кесте. Ққс-тың іс-әрекет механизмінің сызбасы
- •12.8. Экспортқа рента салығы
- •12.9. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары
- •12.10. Әлеуметтік салық
- •12.11. Меншікке салынатын салықтар
- •12.12. Құмар ойын бизнесі салығы
- •12.13. Тіркелген салық
- •12.14. Арнаулы салық режімдері
- •12.15. Басқа міндетті төлемдер
- •12.16. Салықтарды аудару
- •12.6 Сызба.
- •12.17. Салықтардан жалтарыну
- •Бақылау сұрақтары
- •13.1. Мемлекет шығыстарының мәнi, құpaмы және сыныптамасы
- •13.2. Экономиканы қаржыландыру
- •13.3. Ғылыми-техникалық прогресті қаржыландыру
- •13.4. Әлеумeттiк-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар
- •13.5. Халықты әлеуметтiк қopғay шығыстары
- •13.6. Қорғанысқa және басқаруға жұмсалатын шығыстap
- •Бақылау сұрақтары
- •14.1. Мемлекеттік бюджеттің мазмұны, әлеуметтік-экономикалық мәні және рөлі
- •14.1 Сызба. Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы
- •14.2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
- •14.2 Сызба. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
- •14.3 Сызба. Баланстандырылған бюджеттік әдістің іс-әрекеті.
- •14.3 Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік реттеу механизмі
- •14.4. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
- •14.4 Кесте. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің құрамы мен құрылымы
- •14.5. Бюджеттік сыныптама
- •14.6. Бюджет тапшылығы, оның сыныптамасы. Бюджет тапшылығының тұжырымдамалары
- •14.7. Бюджеттік үдеріс
- •Бақылау сұрақтары
- •15.1. Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
- •15.2. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
- •15.1 Кесте. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерімен шығыстарының көлемі және құрылымы (2008 ж)
- •15.3. Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс
- •15.4. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
- •Бақылау сұрақтары
- •16.1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •16.2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.3. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.4 Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
- •16.4 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
- •Бақылау сұрақтары
- •15.1. Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
- •15.2. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
- •15.1 Кесте. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерімен шығыстарының көлемі және құрылымы (2008 ж)
- •15.3. Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс
- •15.4. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
- •Бақылау сұрақтары
- •16.1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •16.2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.3. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.4 Қазақстанның Республикасының Ұлттық қоры
- •16.4 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
- •Бақылау сұрақтары
- •Пен мемлекеттік борыш
- •17.1 Мемлекеттік кредиттің мәні
- •17.2. Мемлекеттік кредиттің нысандары мен әдістері
- •17.3. Сыртқы (халықаралық) кредит
- •17.4. Мемлекеттік борыш
- •17.2 Сызба. Мемлекеттік кредиттегі себеп-салдарлық өзара байланыстар
- •17.5. Елдің сыртқы борышы
- •17.1 Кесте.Сыртқы борыштың салыстырмалы параметрлері
- •17.2 Кесте. Жалпы сыртқы борыштың динамикасы, млрд ақш долларында.
- •17.6. Мемлекеттік борышты басқару
- •17.7. Мемлекеттік борыштың экономикалық салдарлары
- •17.2 Сызба. Өндірістік мүмкіндіктердің қисық сызығы
- •17.3 Сызба.
- •17.2 Кесте. Орта мерзімді кезеңдегі мемлекеттік берешек параметрлерінің шоғырланымдық ұлғаюы
- •Бақылау сұрақтары
- •IV бөлім. Үй шаруашылықтарының қаржысы
- •18.1. Үй шаруашылықтары қаржысының ұғымы және функциялары
- •18.1 Сызба. Экономикалық жүйеде ресурстардың, өнімдердің және табыстардың толық айналымы
- •18.2. Үй шаруашылықтарының қаржылық ресурстары және бюджеті
- •18.3. Үй шаруашылықтарының табыстары және олардың құрамы
- •18.4. Халықтың тұрмыстық деңгейін мемлекеттік реттеу
- •18.2 Сызба. Лоренцтің қисық сызығы
- •18.5. Мемлекеттік әлеуметтік трансферттер
- •18.1 Кесте. Табыс тұрғысынан Қазақстандағы кедейлік деңгейі
- •18.6. Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі
- •18.7. Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстары және олардың сыныптамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •Және әлеуметтік негіздері
- •19.1. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары
- •19.2. Мүліктік және жеке басты сақтандыру ерекшеліктері
- •19.3. Әлеуметтік сақтандыру
- •19.4. Медициналық сақтандыру
- •19.5. Сақтық рыногы
- •Бақылау сұрақтары
- •20.2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы
- •20.3. Фискалдық саясаттың нұсқалары
- •20.4. Экономикалық реттеу теорияларындағы қаржы
- •20.5. Рыноктық тепе-теңдікке салықтардың әсері
- •Бақылау сұрақтары
- •21.1. Қаржы рыногы туралы ұғым
- •21.1 Сызба. Қаржы рыногы мен бағалы қағаздар рыногының өзара байланысы
- •21.2. Бағалы қағаздар рыногы. Бағалы қағаздардың сыныптамасы.
- •21.2 Сызба. Бағалы қағаздардың сыныптамасы
- •21.3. Бағалы қағаздардың шығарылымы және айналысы.
- •21.4. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары
- •21.5. Қор биржасы
- •21.6 Қор рыногының индикаторлары
- •Бақылау сұрақтары
- •Байланыстар жүйесіндегі қаржы
- •22.1. Сыртқы экономикалық қызметтің сипаттамасы және оның даму бағыттары
- •22.2. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері
- •22.1 Кесте. Валюта бағамдары өзгерімінің экспорт пен испорттың көлеміне әсері (шетелдік ақшалай өлшемдерінде – шет. Ақшалай өлш. Және ұлттық ақшалай өлшемінде – ұлт. Ақшалай өлш.)
- •22.3. Сыртқы экономикалық қызметті салықтық реттеу
- •22.2 Кесте. Кеден баждарының түрлері
- •22.3. Валюталық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану
- •22.4. Елдің төлем балансы
- •22.3 Кесте. 2008 жылғы Қазақстан Республикасының жиынтық төлем балансы
- •Бақылау сұрақтары
- •23.1. Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы.
- •2 3.1 Сызба. Қаржы мен инфляцияның өзара іс-әрекеті
- •23.3 Сызба. Инфляциялық шиыршық
- •23.2. Сызба. Инфляциның сипаттамасы және оның іс-әрекеті.
- •23.2. Инфляцияға қарсы саясат шаралары
- •Бақылау сұрақтары
Бақылау сұрақтары
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мәні неде?
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қандай белгілермен сипатталады?
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының қысқаша анықтамасын пайымдаңдар.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қандай белгілер бойынша сыныпталады және осы белгілер бойынша олардың сыныптамалық айрықшылықтары-ның ерекшеліктері неде?
Қаржының мазмұнына шаруашылық жүргізуші субъектілердің ұйымдық-құқықтық нысандары қалай әсер етеді?
Шаруашылық серіктестіктерінің қаржысын ұйымдастырудың ерекшелік-тері неде?
Мемлекеттік кәсіпорындардың каржысын ұйымдастырудың ерекшелікте-рі қандай?
Шетелдің қатысуындағы бірлескен кәсіпорындар қалай жұмыс істейді?
Экономиканың кооперативтік секторының түрлерін және олардың қаржы-сын сипаттаңдар.
Меншікті жаңғыртудың негізгі нысандарының мемлекет меншігінен алу-дың, жекешелендірудің, қайта құрылымдаудың ерекшеліктері неде ?
Қазақстан Республикасында меншікті жаңғырту бағдарламаларының не-гізгі бағыттары мен нәтижелерін баяндаңдар.
8-тарау. Коммерциялық негіздерде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
8.1. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері
Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс (пайда) алу мақсатында құрылады және қызметтің бұл түрі рыноктық экономиканың негізі болып табылады. Олар өзінің қызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра алады: мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар; шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер; өндірістік кооперативтер. Бұдан бұрын атап өтілгендей, коммерциялық негіздерде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді: коммерциялық банктер, сақтық ұйымдары, қаржы секторының басқа мекемелері (жинақ ақша-депозит мекемелері, ин-вестициялық қорлар, қор биржалары, бағалы қағаздар рыногы мен ақша-кредит рыноктарына қызмет көрсететін әр түрлі меке-мелер), сауда-делдалдық кәсіпорындар, ерікті қоғамдық қорлар, трасттық компаниялар және басқалары.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы қар-жы жүйесінің маңызды сфераларының бірі ретінде құн түріндегі ІЖӨ-ні жасау, бөлу және пайдалану үдерістерін қамтиды. Олар негізінен ІЖӨ мен ҰТ жасалатын материалдық өндіріс сфера-сында іс-әрекет етеді. Сондықтан коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы материалдық өндіріс кәсіпорындары (ұйымдары) қаржысының мазмұнымен және оларды ұйымдасты-рудың қағидаттарымен бірдей болып келеді.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржылық ресурстарды жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және пайдалану үдерісіндегі экономикалық қатынастарды айтады.
Мұндай экономикалық қатынастарды жиі ақшалай немесе қаржылық қатынастар деп атайды, қаржылық қатынастар ақшалай қатынастардың бір бөлігі болып саналғанымен ол ақша қозғалысы кезінде ғана пайда болады және орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қорларды қалыптастырып, пайдаланумен қосарлана жүретіндігін біз жоғарыда атап көрсеткенбіз.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру белгілі бір қағидаттарға негізделген, олардың қа-тарына мыналар жатады: коммерциялық есеп (қаржылық қыз-мет саласындағы дербестік, өзін-өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру, қаржылық-шаруашылық қызметтің қорытындысына ынталылық, оның нәтижелері үшін жауапкершілік, кәсіпорынның қызметіне бақылау жасау); жоспарлылық; меншіктің барлық нысандарының теңдігі; қаржылық резервтердің болуы.
1. Коммерциялық есеп – шаруашылық жүргізуші субъектілер-дің шаруашылық-қаржылық қызметін жүргізудің негізге алына-тын қағидаты және басты әдісі. Мемлекеттік меншіктің шаруа-шылық жүргізуші субъектілеріне сәйкес дәстүрлі «шаруашылық есеп» терминін қолдану қолайлы, жеке меншік, аралас субъекті-лерге «коммерциялық есепті» қолдану қолайлы, алайда бұл ұғым-дардың экономикалық тұрғыдан маңызы бірдей. Коммерциялық есеп қағидаты кәсіпорынға оның қызметі үшін, оның жарғылық капиталын құрайтын қажетті негізгі және айналым құралдары (капиталы) тұрақты пайдалануға бөліп берілетінін білдіреді. Шаруашылықты жүргізудің әдісі ретіндегі коммерциялық есеп қағидаты шығындарды шаруашылық қызметтен алынған табыспен өлшеуді және табыс алуды қажет етеді.
Коммерциялық есептің өзіндік ерекшелігі:
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тәуелсіздігі болады;
қаржылық қатынастар мемлекет тарапынан болатын майда реттемелеуден бос болады;
қаржылық қатынастар субъектілерінің жұмыстың нақты нәтижелері және міндеттемелердің уақтылы орындалуы үшін нақтылы экономикалық жауапкер-шілігі болады;
коммерциялық есеп жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің банктермен, сақтық ұйымдарымен және мемлекетпен көптеген өзара қарым-қа-тынастары қалыптасады.
Коммерциялық есеп қағидаты кәсіпкерлік нысанда іске асырылады. Рынок-тық қатынастардың дамуы меншіктің барлық нысандарының теңдігі қағида-тын, мүлікке иеліктің бостандығын және қызмет сфераларын таңдауды іске асырудың негізінде шаруашылық бастамаға және азаматтардың кәсіпкершілі-гіне жағдайлар жасайды.
Коммерциялық есептің айқындаушы қағидаттары өзін-өзі өтеушілік пен өзін-өзі қаржыландыру болып табылады.
Өзін-өзі өтеушілік – шаруашылық жүргізудің негіз қалаушы қағидаты, ол шаруашылық жүргізуші субъектінің өз өнімін (орындалған жұмыстарды, көр-сетілген қызметтерді) өткізуден түсетін түсім-ақша есебінен оны өндіру және жеткізілім жөніндегі бүкіл шығындарды өтеуді білдіреді. Өзін-өзі өтеушіліктің төменгі шегі – залалсыздық, яғни кірістер мен шығыстардың сандық теңдігі.
Шығындарда өзін-өзі өтеушілікке жету – кәсіпорын өнім өндіруді игеру, шаруашылық үдерістерді күйіне келтіру, рыноктық ортаға бейімделу кезіндегі кәсіпорын қызметінің бастапқы кезеңінің мақсаты. Рыноктық қатынастар жағдайында жақсы даму перспективасы бар немесе басым маңызы бар шаруашылықтар сыртқы қолдауды пайдалана алатындықтан кәсіпорын рентабелді жұмыс істеуі тиіс; бірінші жағдайда олардың кредиттік ресурстарды пайдалану, екіншісінде бюджеттік қаржыландыруды пайдалану мүмкіндігі бар.
Жеткізушілер, банктер, бюджет, әр түрлі кредиторлар тарапынан кәсіпорынға қойылатын талаптар мен міндеттемелерді кәсіпорынның уақытында қанағаттандыруға төлем қаражаттарының жетіспеуімен байланысты тұрақты қабілетсіздігі кезінде белгілі бір рәсімдерді: санациялауды (сауықтыруды), қайта ұйымдастыруды, тәуелсіз басқаруға беруді, сатуды немесе таратуды қолданумен кәсіпорын заңмен белгіленген тәртіппен банкрот деп жарияланады.
Өзін-өзі қаржыландыру – рыноктық экономика жағдайларында шаруашы-лық жүргізуші субъектілердің шаруашылық қызметінің табысты болуының міндетті шарты. Бұл қағидат өнім өндіру мен шаруашылық жүргізуші субъек-тінің өндірістік-техникалық базасын ұлғайту жөніндегі шығындардың толық өтелуіне негізделеді, ол әрбір шаруашылық жүргізуші субъект өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын меншікті көздері есебінен жауып отыратындығын білдіреді. Қаражаттардың уақытша жетіспеушілігі кезінде оған деген қажетті-лік банктің қысқа мерзімді кредиттері мен коммерциялық кредиттер есебінен (ағымдағы шығындарға пайдаланылады) және ұзақ мерзімді кредиттер есе-бінен (күрделі жұмсалымға пайдаланылады) қамтамасыз етілуі мүмкін, олар шаруашылық жүргізуші субъектінің қарамағында қалатын пайданың есебінен өтелінеді.
Рыноктық экономика мен жекешелендіру үдерстерінің дамуы жағдайларын-да өзін-өзі қаржыландыру қағидатын қамтамасыз етуге акционерлік капитал-ды, бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен пайыздарды, қаржылық опера-циялардан алынған табысты (пайданы) пайдалану арқылы қол жетеді.
Бюджеттік және салалық қаржы көздері өзінің маңызын жоғалтты және олар негізінен экономиканың құрылымдық қайта құрылуын қаржыландыруға, конверсияға қолданылады.
Өзін-өзі қаржыландыру шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық қаржылық дербестігімен және жауапкершілігімен тығыз байланысты. Оларға өздерінің меншікті ресурстарын өз бетінше ұйымдастырып басқаруға, тарты-латын және қарыз қаражаттарын іздестіріп, айналымға салуға құқық берілген. Мемлекет кәсіпорындардың қаржылық ресурстарын қайта бөле алмайды. Қар-жылық қатынастарды мемлекет тарапынан реттеу бюджетке салық алудың, амортизациялық қорды қалыптастырудың, валюталық түсім-ақшаны бөлудің, бағалы қағаздарды өткізудің, шығындарды өзіндік құнға жатқызудың және т.б. жүйесі мен тәртібін белгілеу арқылы жүзеге асырылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жауапкершілігі бюджет, қорлар алдындағы міндетті орындамағаны үшін заңнамада белгіленген қаржы-лық санкциялардың жүйесімен анықталған. Бұдан басқа, шаруашылық жүргізу-ші субъектілер өздерінің міндеттемелері бойынша меншікті мүлкімен жауапты болады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жауапкершілігі кәсіп-керлік тәуекелді сақтандыру жүйесімен және кәсіпорындардың қаржылық ре-сурстарында сақтық компанияларынан түсетін сақтық төлемдерінің рөлінің ар-туымен күшейіп келеді.
Шаруашылық қызметтің нәтижелігіне мүдделілік бірдей дәрежеде кәсі-порындар мен ұйымдардың ұжымдарына, жеке жұмыскерлерге және жалпы мемлекетке тән нәрсе. Бұл қағидатты іске асыру лайықты еңбек ақы төлеумен, мемлекеттің оңтайлы салық саясатымен, таза табысты (пайданы) тұтыну мен қорланымға бөлуде экономикалық жағынан негізделген үйлесімдерді сақтаумен қамтамасыз етілуі мүмкін. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ұжымдарын қаржылық ынталандырудың қуатты тұтқасы олардың өздері тапқан қаражатта-ры есебінен әлеуметтік-мәдени мақсаттарға жұмсалатын шығындар болып та-былады.
Қаржылық жауапкершілікпен мүдделілік – бір үдерістің – шаруашылық жүргізудің тиімділігін арттырудың ынталандырмаларын жасау мен іске асыру үдерісінің екі жағы.
Сөйтіп, екі экономикалық категорияның – экономиканың негізгі буыны – шаруашылық жүргізуші субъектілер сферасында қаржы мен коммерциялық есептің өзара байланысы көрінеді.
2. Жоспарлылық қағидаты шаруашылық жүргізуші субъекті-лердің қаржылық қызметі өндірістің мақсаттарына, міндеттері-не, оларға жетудің белгіленген әдістеріне жетудің дәйектілігі мен мезгіліне қарай оның параметрлерін есептеу арқылы алдын ала қарастырылатынын білдіреді. Есеп-қисаптар негізінде және бел-гіленген қаржылық нормативтерді пайдалану арқылы арнаулы құжатта – қаржы жоспарында (болжамында) бейнелеп көрсетілетін қаржылық көрсеткіштер анықталады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер болжалды қызметі факторларының тұрлаусыздығы жағдайында қаржылық көрсеткіштерді егжей-тегжейлі пысықтаудың – жоспарлаудың орнына болжау қолданылады, яғни қолда бар мәліметтерді зерделеудің, өзгермелі факторларды ғылыми өңдеудің (моделдеудің, экстрополяциялаудың) және қорытындылаудың негізінде шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық дамуының болжамы жасалады. Болжам шаруашылық жүргізуші субъектілердің шаруашылық қызметінің нұсқалары бойынша ба-ғалау және кейінгі шешімдерді қабылдау үшін қызмет етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ірірек шаруашылық құрылымға – бірлестік, ассоциация, концерн және т.с.с. кіргенде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы жоспарларының көрсеткіштері бұл ұйымдардың жиынтық қаржы жоспарларына біріктіріледі.
3. Шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігінің барлық нысандарының теңдігі қағидаты қатынастардың тұрақтылығы мен меншіктің түрлі нысандары – мемлекеттік, жеке меншік, шетел мемлекеттерінің және олардың заңи ұйымдары мен азаматтарының, халықаралық ұйымдардың нысандары дамуының мемле-кет кепілдігінде жүзеге асырылады. Меншіктенуші өз білгенін-ше өзінің мүлкіне иелік жасайды, пайдаланады және басқарып ұйымдастырады, оған қатысты заңға қарсы келмейтін кез келген іс-әрекет жасайды, мүлікті кез келген шаруашылық және заңмен тиым салынбаған өзге де қызмет үшін пайдаланады.
4. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысын ұйымдас-тырудың қажетті қағидаты – басқарудың барлық деңгейлерінде қаржылық резервтердің (резервтік капитал, тәуекел қоры) болуы. Қаржылық резервтер әр түрлі әдістермен өндірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін. Қаржылық резерв уақытша болатын қаржылық қиыншылықтарды жоюға және шаруашылықтардың қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте, қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және әлеуметтік дамумен байланысты шығындарды (ойда болмаған шығындарды) қаржыландыруға арналған.
Рыноктық экономика жағдайларында шаруашылық жүргізуші субъектілер-дің қаржысын ұйымдастыруда елеулі өзгерістер болуда. Әріптес-кәсіпорындар-дың арасында деңгейлес байланыстар күшейіп келеді, олардың банк жүйесімен өзара іс-қимылы нығайып келеді. Бұл үдерістер салалық құрылымдардан бас тартып, жаңа үлгідегі құрылымдарды – экономикалық мүдделермен, бірыңғай акциялармен және мемлекеттің мүліктегі үлесімен байланысты ұқсастық негіз-дегі және көпсалалық құрылымдарды жасауда көрінеді, бұл құрылымдар рынок жағдайларында анағұрлым өміршең болып келеді.Мұндай өздігінен дамушы жүйелер шикізатпен, материалдармен, жиынтықтылаушы бұйымдармен өзін-өзі қамтамасыз етеді, бір-бірінің және қаржы рыногының бос ақшалай қаражатта-рын тартады, мемлекетті рынок жағдайларында өндірісті басқару және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі оған тән емес міндеттерден босатады. Сонымен бірге өндіріс үдерісі демократияландырылады, өндірірушілердің нақты қаржылық дербестігі жасалады, кәсіпкерлік пен бәсекенің бостандығы жағдайларында шаруашылық жүргізудің түпкілікті нәтижелері үшін олардың жауапкершілігі артады, ұлттық шаруашылықта өндірістің әртараптануы қамтамасыз етіледі.
