- •Isbn 9965-803-47-1
- •Isbn 9965-803-47-1
- •1.1 Сызба. Қоғамдық жүйедегі қатынастардың дәйектілігі (бағыныңқылығы)
- •1.2 Сызба. Қоғамдық өнімді өндіру, оның құнын бөлу және қайта бөлу
- •Сызба. Қаржы қажеттігінің факторлары
- •1.2 Ұлттық өндіріс көлемдерін өлшеу.
- •Қаржының айрықшалықты белгілері
- •1.4. Қаржының функциялары және рөлі
- •1.5. Құндық экономикалық категориялардың өзара іс-әрекеті мен өзара байланысы
- •1.6. Қаржылық ресурстар мен қорлар қаржылық қатынастардың объекті ретінде
- •1.4 Сызба. Қаржылық ресурстардың құрамы
- •1.7. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары
- •1.7 Сызба. Қаржылық қорлардың сыныптамасы
- •1.5 Сызба. Функциялық критерийі бойынша қаржы жүйесінің құрылымы
- •1.6 Сызба. Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің сызбасы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Қаржылық саясаттың мазмұны, міндеттері және қағидаттары
- •2.1 Сызба. Қоғамдық-экономикалық формацияның базис және қондырма жүйесіндегі қаржы
- •2.2. Қаржылық саясатты жасау
- •2.3 Қаржылық механизмнiң мазмұны мен құрылымы
- •2.2 Сызба. Қаржылық механизмнiң жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1 Қаржыны басқару ұғымы
- •3.2. Мемлекеттің қаржысын басқару
- •3.3. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару
- •3.4. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері, қағидаттары және әдістері
- •4.2. Қаржы жоспарларының жүйесі
- •4.3. Қаржылық көрсеткіштер
- •4.4 Қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Қаржылық құқықтық қатынастар және қаржылық-құқықтық нормалар
- •5.1 Сызба, Қаржы мен құқықтың өзара іс-әрекеті. Қаржылық-құқықтық механизмнің қалыптасуы
- •5.2. Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері
- •5.3. Қаржы заңнамасы жүйесіндегі қаржылық-құқықтық актілер
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидаттары
- •6.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы
- •6.1. Сызба. Түрлері бойынша қаржылық бақылаудың сыныпталуы
- •6.3. Аудиторлық бақылау (аудит)
- •6.4. Қаржылық бақылаудың әдістері
- •6.5. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру негіздері
- •Бақылау сұрақтары
- •7.1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны
- •7.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
- •7.1 Сызба. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
- •7.3. Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері
- •7.4 Шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігін жаңғыртудың қаржылық ерекшеліктері және оның әртараптандырылуы
- •Бақылау сұрақтары
- •8.1. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері
- •8.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қорлары
- •8.3. Өндірістік капиталдар және шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің қаржылық нәтижелері.
- •Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметі нәтижелерінің қалыптасу сызбасы
- •8.5. Компаниялардың, фирмалардың қаржылық менеджменті
- •Бақылау сұрақтары
- •9.1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру
- •9.2. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері
- •9.3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердін шығыстары
- •Бақылау сұрақтары
- •10.1. Мемлекеттің экономикалық қызметі
- •10.1 Сызба. Құйылым шығындары
- •10.2 Сызба. Құйылым пайдалары
- •10.3 Сызба. Құйылым пайдаларын реттеу
- •10.2 Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер
- •10.4 Сызба.Тауар әлеміндегі қоғамдық тауарлар, қызметтер, игіліктер
- •10.3. Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы
- •10.5 Сызба. Қазақстанның мемлекет қаржысының құрамы
- •Бақылау сұрақтары
- •11.1. Мемлекет кірістерінің мәні
- •11.1 Сызба. Қаржылық ресурстар, мемлекеттің кірістері мен шығыстары
- •11.2 Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •12.1. Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
- •12.2. Қазақстанның салық жүйесі
- •1) Салықтар:
- •2) Бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер:
- •12.3. Салық салуды ұйымдастыру
- •12.1. Сызба. Салықтық механизмнің элементтері
- •12.2. Сызба. Салық нұсқамасы
- •12.3 Сызба. Үйлесімді және прогрессивті салық салу
- •12.4. Корпоративтік табыс салығы
- •12.4 Сызба. Корпоративтік табыс салығын есептеу және өндіріп алу
- •12.5. Жеке табыс салығы
- •12.6. Шетелдік заңи және жеке тұлғалардың табыстарына салық салу
- •12.2 Кесте. Бейрезиденттердің табыстары бойынша төлем көзінен салық салу мөлшерлемелері
- •12.7. Жанама салықтар
- •12.5 Сызба. Есепке жатқызылған ққс-ты өндіріп алу
- •12.3 Кесте. Ққс-тың іс-әрекет механизмінің сызбасы
- •12.8. Экспортқа рента салығы
- •12.9. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары
- •12.10. Әлеуметтік салық
- •12.11. Меншікке салынатын салықтар
- •12.12. Құмар ойын бизнесі салығы
- •12.13. Тіркелген салық
- •12.14. Арнаулы салық режімдері
- •12.15. Басқа міндетті төлемдер
- •12.16. Салықтарды аудару
- •12.6 Сызба.
- •12.17. Салықтардан жалтарыну
- •Бақылау сұрақтары
- •13.1. Мемлекет шығыстарының мәнi, құpaмы және сыныптамасы
- •13.2. Экономиканы қаржыландыру
- •13.3. Ғылыми-техникалық прогресті қаржыландыру
- •13.4. Әлеумeттiк-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар
- •13.5. Халықты әлеуметтiк қopғay шығыстары
- •13.6. Қорғанысқa және басқаруға жұмсалатын шығыстap
- •Бақылау сұрақтары
- •14.1. Мемлекеттік бюджеттің мазмұны, әлеуметтік-экономикалық мәні және рөлі
- •14.1 Сызба. Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы
- •14.2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
- •14.2 Сызба. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
- •14.3 Сызба. Баланстандырылған бюджеттік әдістің іс-әрекеті.
- •14.3 Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік реттеу механизмі
- •14.4. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
- •14.4 Кесте. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің құрамы мен құрылымы
- •14.5. Бюджеттік сыныптама
- •14.6. Бюджет тапшылығы, оның сыныптамасы. Бюджет тапшылығының тұжырымдамалары
- •14.7. Бюджеттік үдеріс
- •Бақылау сұрақтары
- •15.1. Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
- •15.2. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
- •15.1 Кесте. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерімен шығыстарының көлемі және құрылымы (2008 ж)
- •15.3. Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс
- •15.4. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
- •Бақылау сұрақтары
- •16.1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •16.2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.3. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.4 Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
- •16.4 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
- •Бақылау сұрақтары
- •15.1. Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
- •15.2. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
- •15.1 Кесте. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерімен шығыстарының көлемі және құрылымы (2008 ж)
- •15.3. Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс
- •15.4. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
- •Бақылау сұрақтары
- •16.1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •16.2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.3. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.4 Қазақстанның Республикасының Ұлттық қоры
- •16.4 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
- •Бақылау сұрақтары
- •Пен мемлекеттік борыш
- •17.1 Мемлекеттік кредиттің мәні
- •17.2. Мемлекеттік кредиттің нысандары мен әдістері
- •17.3. Сыртқы (халықаралық) кредит
- •17.4. Мемлекеттік борыш
- •17.2 Сызба. Мемлекеттік кредиттегі себеп-салдарлық өзара байланыстар
- •17.5. Елдің сыртқы борышы
- •17.1 Кесте.Сыртқы борыштың салыстырмалы параметрлері
- •17.2 Кесте. Жалпы сыртқы борыштың динамикасы, млрд ақш долларында.
- •17.6. Мемлекеттік борышты басқару
- •17.7. Мемлекеттік борыштың экономикалық салдарлары
- •17.2 Сызба. Өндірістік мүмкіндіктердің қисық сызығы
- •17.3 Сызба.
- •17.2 Кесте. Орта мерзімді кезеңдегі мемлекеттік берешек параметрлерінің шоғырланымдық ұлғаюы
- •Бақылау сұрақтары
- •IV бөлім. Үй шаруашылықтарының қаржысы
- •18.1. Үй шаруашылықтары қаржысының ұғымы және функциялары
- •18.1 Сызба. Экономикалық жүйеде ресурстардың, өнімдердің және табыстардың толық айналымы
- •18.2. Үй шаруашылықтарының қаржылық ресурстары және бюджеті
- •18.3. Үй шаруашылықтарының табыстары және олардың құрамы
- •18.4. Халықтың тұрмыстық деңгейін мемлекеттік реттеу
- •18.2 Сызба. Лоренцтің қисық сызығы
- •18.5. Мемлекеттік әлеуметтік трансферттер
- •18.1 Кесте. Табыс тұрғысынан Қазақстандағы кедейлік деңгейі
- •18.6. Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі
- •18.7. Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстары және олардың сыныптамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •Және әлеуметтік негіздері
- •19.1. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары
- •19.2. Мүліктік және жеке басты сақтандыру ерекшеліктері
- •19.3. Әлеуметтік сақтандыру
- •19.4. Медициналық сақтандыру
- •19.5. Сақтық рыногы
- •Бақылау сұрақтары
- •20.2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы
- •20.3. Фискалдық саясаттың нұсқалары
- •20.4. Экономикалық реттеу теорияларындағы қаржы
- •20.5. Рыноктық тепе-теңдікке салықтардың әсері
- •Бақылау сұрақтары
- •21.1. Қаржы рыногы туралы ұғым
- •21.1 Сызба. Қаржы рыногы мен бағалы қағаздар рыногының өзара байланысы
- •21.2. Бағалы қағаздар рыногы. Бағалы қағаздардың сыныптамасы.
- •21.2 Сызба. Бағалы қағаздардың сыныптамасы
- •21.3. Бағалы қағаздардың шығарылымы және айналысы.
- •21.4. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары
- •21.5. Қор биржасы
- •21.6 Қор рыногының индикаторлары
- •Бақылау сұрақтары
- •Байланыстар жүйесіндегі қаржы
- •22.1. Сыртқы экономикалық қызметтің сипаттамасы және оның даму бағыттары
- •22.2. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері
- •22.1 Кесте. Валюта бағамдары өзгерімінің экспорт пен испорттың көлеміне әсері (шетелдік ақшалай өлшемдерінде – шет. Ақшалай өлш. Және ұлттық ақшалай өлшемінде – ұлт. Ақшалай өлш.)
- •22.3. Сыртқы экономикалық қызметті салықтық реттеу
- •22.2 Кесте. Кеден баждарының түрлері
- •22.3. Валюталық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану
- •22.4. Елдің төлем балансы
- •22.3 Кесте. 2008 жылғы Қазақстан Республикасының жиынтық төлем балансы
- •Бақылау сұрақтары
- •23.1. Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы.
- •2 3.1 Сызба. Қаржы мен инфляцияның өзара іс-әрекеті
- •23.3 Сызба. Инфляциялық шиыршық
- •23.2. Сызба. Инфляциның сипаттамасы және оның іс-әрекеті.
- •23.2. Инфляцияға қарсы саясат шаралары
- •Бақылау сұрақтары
7.3. Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері
Экономиканы реформалау, рыноктық қатынастардың дамуы мемлекеттік, жекеше немесе ұжымдық меншікке негізделген түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қалыптасуын қажет етеді. Соңғы екеуі меншіктің мемлекеттік емес нысанын құрайды.
Экономиканың негізгі буыны ретіндегі шаруашылық жүргі-зуші субъект меншік нысандары мен шаруашылық жүргізудің әр алуандығы кезінде, тауар-ақшалай қатынастары мен рыноктың дамуы кезінде жұмыс істейді.
Меншік нысандарына қарай шаруашылық жүргізуші субъ-ектілердің қорларын қалыптастырудың ерекшеліктері болады.
Мысалы, экономиканың нақты секторының жекеше шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржылық қорлары мына көздер есебінен құрылады: меншікті көздер (амортизациялық аударымдар, таза табыс, банк кредиттері; бағалы қағаздар шығарудан түсетін қаражаттар); мемлекеттік кәсіпорындарда қаражаттардың бұл көздері қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтерде – кооператив мүшелерінің үлестік жарналарының қаражаттары. Практикада көбінесе меншіктің аралас нысандарымен шарттасылған қорлардың көздері бойынша оларды құрудың аралас нысандары кездеседі. Мысалы, негізгі құралдар мен айналымдағы активтердің үлкен бөлігі мемлекетке жататын мемлекеттік кооперативтерде жұмыскерлердің үлестік жарналары болымсыз рөл атқарады. Мемлекеттік акционерлік қоғамдарда да осылай.
Өндірістің бастапқы қорларының қалыптасуына сәйкес шаруашылық қызметтің қаржылық нәтижелері бөлініп, пайдаланылады: таза табыс; пайыздық табыс, дивидендтер; үлестік табыстар, бюджеттің шығыстарын (бюджеттік кредиттерді) және бюджеттен тыс қорларды өтеу.
Үлестік жарна негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың –шаруашылық серіктестіктерінің, кооперативтердің, бірлескен кә-сіпорындардың қаржысын ұйымдастыру мұндай кәсіпорындар қаржысының қалыптасу және алынған табыстарды әрбір қаты-сушының мүліктегі үлесіне сәйкес кейінгі бөлудің ерекшелікте-рімен анықталады. Мұндай кәсіпорындардың құрылтайшылары мен қатысушылары өздерінің салымдарын ақшалай қаражаттар, мүліктің әр түрлі түрлері (үймереттің, ғимараттың, жабдықтың және басқаларының), мүліктік құқықтар (жерді, табиғи ресурс-тарды, мүлікті, зияткерлік (интеллектуалдық) меншікті пайдала-ну құқықтары) түрінде жүзеге асырады.
«Шаруашылық серіктестіктері туралы» заңға сәйкес шаруашылық серіктестігі – жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңи тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым.
Шаруашылық серіктестігінің мынандай нысандары белгіленген:
1) толық серіктестік;
2) сенім серіктестігі;*
*Сенім серіктестігі өзінің бүкіл мүлкімен серіктестіктің міндеттемелері бойынша қосым-ша жауапкершілікті ниеттестікпен алып жүретін қатысушыларды және серіктестіктің кәсіп-керлік қызметіне қатыспайтын жауапкершілігі шектелінген қатысушыларды кіріктіреді.
3) жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
4) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
5) акционерлік қоғам;
Толық серіктестіктің табысы мен залалдары қатысушылар арасында, серіктестіктің жарғылық қорына салған олардың салымдарының мөлшеріне үйлесімді түрде бөлінеді; жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен сенім серіктестігінде де осылай бөлінеді.
Қаржылық қатынастардың акционерлік қоғамға сәйкес белгілі бір ерекше-ліктері акцияларды өндірістік және коммерциялық қажеттіліктерді қаржылан-дыру ретінде қолданғанда көрінеді. Бұған акционерлік қоғамдар қызметінің ұйымдық нысандарының әр алуандығы мүмкіндік туғызады. Қаржыны ұйым-дастыруға акциялар категорияларының (кәсіпорынның акциялары, еңбек ұжы-мының акциялары, акционерлік қоғамдардың акциялары), олардың түрлерінің (артықшылықты, жай акциялар) әр алуандығы әсер етеді.
Акционерлік қоғамның баланстық таза табысы заңнамамен қарастырыл-ған тәртіппен анықталады. Таза табыс (салықтарды төлегеннен кейін) қо-ғамның қарамағында қалады және акционерлердің арасында дивидендтер түрінде бөлінеді, резервтерге, өндірісті дамытуға немесе қоғам жиналысы-ның шешімімен қарастырылған өзге мақсаттарға аударылады. Акционерлік қо-ғам жарғылық капиталдың 15 пайызынан кем емес мөлшерде резервтік капитал құруға міндетті.
Акционерлік қоғамның мынадай жағдайда жай акциялар бойынша дивиде-ндтер төлеуге құқығы жоқ:
қоғамның жағымсыз меншікті капиталы кезінде;
егер қоғам төлеу қабілетсіздігі немесе дәрменсіздігі нышандарына жауап берсе.
Қоғам жарғыға сәйкес салықтарды төлегеннен кейін қызметшілер ішінде бөлу үшін табыстың белгілі бір пайызын, соның ішінде ақшалай сыйақы немесе акциялар түрінде бөле алады. Дивидендтер акциялар түрінде (табыстың капиталға айналуы), облигациялармен, тауарлармен, егер бұл жарғыда қаралса, төлене береді.
Меншіктің акционерлік нысаны экономикалық жағынан дамыған елдерде тиімді жұмыс істеуде және әлемдік практикада көпшілікке танылған нысан болып табылады. Ол ұсақ меншік иелерінің көпшілігін – акция ұстаушыларды қазіргі кезеңде кәсіпорындардың немесе салалардың қаражаттарын неғұрлым тиімді қалыптастыруға қатысуға араластырады (тартады), қаржылық ресурс-тардың қызметтің аса басымырақ сфераларына қайта құйылымына мүмкіндік жасайды. Акционерлік нысанның құндылығына қаражаттардың жеке иелері үшін, тіпті жеке қаржы институттары үшін қиын болатын жеткілікті ірі кәсі-порындарды құру мүмкіндігі жатады. Акционерлік кәсіпорынның көлемі тек оның рыноктық сұранымының ауқымымен, басқарушылықпен, рыноктың даму перспективаларымен ғана сәйкестенеді. Акцонерлік нысанның аса маңызды ар-тықшылығы – сонымен бірге бір кәсіпорынның басқа кәсіпорынның қызметіне оның акцияларын сатып алу арқылы қатысу мүмкіндігі. Бұл ретте әр түрлі нұс-қалар пайдаланылады:
кәсіпорындарға – шикізатты жеткізушілерге қатысу;
рынокты иемдену үшін басқа өңірлерде орналасқан ұқсас кәсіпорындарға қатысу;
өнімнің орнықты өткізімін қамтамасыз ететін сауда және көлік кәсіпорын-дарына қатысу;
пайда алу мақсатымен неғұрлым табысты кәсіпорындарға қатысу.
Рынок жағдайларында акционерлік қоғамдардың басқа ұйымдық-құқықтық нысандарға қарағанда айтарлықтай орнықтылығы болды. Бұған табысты (пайданы) қоғамның қалыптасу мүддесіне бөлуден уақытша бас тарту, рынокты жеңіп алу, неғұрлым тұрақты табыстылықты қамтамасыз етуге және келешекте табыстың айтарлықтай өсуіне жетуге бағытталған қосымша күрделі жұмсалым-ды жүзеге асыру есебінен қол жетеді. «Шектеулі жауапкершілік» яғни тек ак-цияларға салынған қаражаттар бойынша материалдық жауапкершілік қағидаты-ның іс-әрекет етуі дара қаражаттар негізінде пайда бола алмайтын, айтарлықтай тәуекелді (жылдам қайтарым алу және жоғары табыстылық көзқарасы тұрғысы-нан) кәсіпорындар құру үшін алғышарт болып табылады.
Акционерлік ұйым негізінде корпорациялар – ірі шаруашылық жүргізуші субъектілер жұмыс істейді.
Корпорация қандайда бір мақсатқа жету үшін біріккен және құқықтың дербес субъекті – жаңа заңи тұлғаны құратын тұлғалардың жиынтығы ретінде анықталады. Әдеттегідей, корпорация қатысушылардың үлестік меншігін және жалдау бойынша жұмыс істейтін кәсіби басқарушылардың (менеджерлердің) басқару функцияларын орындауын қарастырады; шығарылатын акциялар қор рыногында айналыста болады. Корпорацияның көп таралған түрі холдинг болып табылады. Әр түрлі елдерде өндірістік және коммерциялық қызмет жүргізетін корпорациялар трансұлттық корпорациялар (ТҰҚ) деп аталады.
Холдингтік компания немесе холдинг – бақылау не бірыңғай экономикалық және қаржылық саясат жүргізу үшін басқа компаниялардың қызметін бағыттап отыру мақсатында олардың акцияларының бақылау пакеттерін иеленуші басты компания.
Экономикада едәуір орынды мемлекеттік сектор алады. Бұл секторда кәсі-порындардың мынадай түрлері жұмыс істейді:
шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорындар;
жедел басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын) кәсіпорындар.
Бұл құқық қазыналық кәсіпорынның меншік иесінен алған және өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмалары мен мүліктің мақсатына сәйкес заңнамалық актілерде белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын заттай құқық болып табылады.
Мемлекеттік меншіктің түріне қарай кәсіпорындар: 1) республика меншігіндегі кәсіпорындар – республикалық мемлекеттік кәсіпорындар; 2) коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар – коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар болып бөлінеді;
Басқа мемлекеттік кәсіпорын құрған мемлекеттік кәсіпорын еншілес мемлекеттік кәсіпорын болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорын міндетті түрде мемлекет тапсырысын орындайды. Мемлекеттік тапсырыс –бюджеттердің немесе мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың қаражаттары есебінен тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді жеткізіліміне берілетін мемлекеттік басқару органдарының тапсырысы (яғни қорытындыланған және лайықты түрде ресімделген қажеттілік, мұқтаж). Мемлекеттік тапсырыс мем-лекеттік көтере сатып алу арқылы іске асырылады. Мемлекеттік сатып алулар – мемлекеттің мұқтаждары үшін тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер сатып алу. Мемлекеттік мұқтаждар – мемлекеттік басқару органдарының бір нәрсеге және бұл органдардың нысаналы функциялар мен міндеттерді орындауымен байланы-сты қажеттіліктері, олар салық төлеушілердің тиісті бюджеттер мен бюджеттерден тыс қорларда шоғырландырылған қаражаттары есебінен қанағаттандырылады.
Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің негізі міндет-мақсаты (арналымы) қоғам мен .мемлекеттің қажетіне карай айқындалатын мынадай әлеуметтік-эко-номикалық міндеттерді шешу болып табылады, олар:
мемлекеттің қорғаныс қабілетін материалдық жағынан қамтамасыз ету және қоғам мүддесін қорғау;
экономиканың жеке меншік секторы қамтыған немесе жеткіліксіз қамтылған қоғамдық өндірістің сфералары мен салаларында бірінші қажеттіктегі тауарларды (жүмыстарды , қызметтерді ) өндіру;
мемлекеттік монополияға жатқызылған немесе мемлекеттің функциясы бо-лып табылатын сфералардағы қызметті жүзеге асыру.
Қазақстанда, мемлекеттік секторда ірі ұлттық компаниялар жұмыс істейді, олар арқылы елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін экономика-ның стратегиялық маңызды секторларында мемлекеттің ықпалы мен үлесі сақ-талынады.
Экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мақсатында Қазақстанда заңнамалық түрде «ұлттық компания» (соның ішінде мұнайлық операцияларды жүргізу бойынша ұлттық компания, жер қойнауын пайдалану бойынша ұлттық компания, поштаның ұлттық операторы, ұлттық темір жол компаниясы), «ұлттық холдинг», «ұлттық басқарушы компания», «дамудың ұлт-тық институттары» ұғымдары анықталған.
Ұлттық компания – Үкімет шешімімен құрылған акционерлік қоғам, оның акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық холдингке жатады және Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда ұлттық экономиканың негізін құрайтын стратегиялық маңызды са-лаларда қызметін жүзеге асырады.
Ұлттық басқарушы компания – құрылтайшысы мен бірден бір акционері Қазақстан Республикасы болып табылатын акционерлік қоғам, қызметінің не-гізгі мақсаты оған меншік құқығында жататын дамудың ұлттық институттары мен басқа заңи тұлғалардың акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару болып табылады.
Ұлттық холдинг –құрылтайшысы мен бірден бір акционері Қазақстан Рес-публикасы болып табылатын акционерлік қоғам, меншік құқығында оған қарас-ты ұлттық компаниялар мен өзге акционерлік қоғамдардың акциялар пакеттерін тиімді басқару үшін құрылған.
Мемлекеттік корпоративтік басқару институты – ұлттық холдинг және ұлт-тық басқарушы компаниялар сияқты институттарын ендіру корпоративтік бас-қару деңгейін және компаниялар арасында үйлестіруді едәуір жақсартуға, сіл-кіністі жобаларды ойдағыдай іске асыруға және Қазақстанда қор рыногының дамуын ынталандыруға жағдай жасайды.
2005 жылы «Самрұқ» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан-дық холдинг акционерлік қоғамы мен «Қазына» орнықты даму қоры құрылды.
«Самрұқ» холдингін құрудың негізгі мақсаты – корпоративтік басқаруды жетілдіру арқылы ұлттық компаниялардың құндылығын көбейтіу. «Қазына» АҚ-ның мақсаты Қазақстан экономикасының барлық секторларында инвести-циялық және инновациялық белсенділікті арттыру және ынталандыру болып анықталған.
Бұл ретте ұлттық холдинг пен ұлттық басқарушы компания қызметінің не-гізгі қағидаттары мыналар болып табылады: компаниялардың бәсекеге қабілет-тілігі мен экономикалық белсенділігін арттыру; компанияларды корпоративтік басқарудың жақсы дүниежүзілік практикасын енгізу; компанияларды дамыту жөніндегі мақсаттарға жетуге Үкіметке жәрдемдесу. Белгіленгенді іске асыру акционер мен директорлар кеңестеріндегі өкілдіктің функцияларын жүзеге асы-ру арқылы ұлттық компаниялар мен даму институттарын дамытуда «Самрұқ» холдингі АҚ-ы мен «Қазына» АҚ-ның белсенді қатысуы жолымен жүзеге асы-рылатын болады. «Самрұқ» «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ, «Қазпошта» АҚ, «КЕГОК» АҚ, «Қазтелеком» АҚ, «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ акцияларының мем-лекеттік пакеттерін біріктірді. «Қазына» орнықты қорына «Қазақстанның ин-вестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның даму банкі» АҚ, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, Ұлттық инновациялық қор АҚ, «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтық корпорациясы» АҚ, «Маркетингтік талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ және «Казинвест» шаруашылық жүргізуші субъектілері акцияларының мемлекеттік пакеттері жи-нақталған. 2008 жылы холдинг және Қор «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» атымен біріктірілді.
Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру бойынша бірлескен іс-қимылдардың жоспарына сәйкес «Самрұқ-Қазына» оны іске асыру жөніндегі негізгі оператор болып айқындалған. Қор осы жоспардың барлық бағыттары бойынша іс-шараларды іске асыруға қатысады.
Егер халықаралық тәжірибеге назар аударатын болсақ, осы бағыттағы ал-ғашқы жоба Сингапурда жүзеге асырылған екен. Онда қызмет бағыты біздің «Самрұққа» ұқсас «Темасек» атты холдинг бірінші болып құрылған. Бұл тәжі-рибе іле-шала Малайзияда, Норвегияда, Ұлыбританияда және Қытайда қолдау тапқан.
Корпоративтік басқарудың толыққанды теориясы өткен ғасырдың 80-жыл-дары қалыптаса бастады. Ол компания басқармасының (менеджментінің, әкім-шілігінің), оның директорлар кеңесінің, акционерлері мен басқа да мүдделі тұл-ғаларының арасындағы қатынастарды камти отырып, экономикалық тиімділікті арттырудың негізгі элементтерінің бірі болып табылады.
«Самрұқ Қазына» қорының құрылуы мемлекет қатысатын компанияларды біріктіре отырып, отандық капитал мен қызметтердің, өндірістердің тиімділігін арттыруға, әлемдік инвесторлар үшін Қазақстан экономикасының ашықтығы мен тартымдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бірінші бағыт – қаржы секторын тұрақтандыру. Бұл бағыттағы негізгі мақсат банк секторының қаржылық жай-күйін жақсарту. Осы мақсаттарға Қор тура инвестицияларды бағыттайды және елдің жүйе құрушы банктерінің жәй акцияларын сатып алады, сондай – ақ банктерге бағынышты қарыз бен артықшылықты акцияларды сатып алуды береді. Қор екінші деңгей банктерінің сыртқы борыштарын қайта құрылымдау бойынша шараларға кіріседі.
Екінші бағыт – жылжымайтын рынокта проблемаларды шешу – Астана мен Алматы қалаларындағы салынып бітпеген объектілердің ең жоғары санын аяқтау азаматтарды арзан бағамен жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету, сонымен қатар ипотекалық кредиттері бар азаматтардың проблемаларын шешу. Қор екінші деңгей банктерінде жеңілдікті мөлшерлеме бойынша 15 жылға бірқатар кредиттік желілер ашады. Өз кезегінде, екінші деңгей банктері 10,5%-12,5%-бен 15 жылға дейін ерте өтеу құқығында қарыз алушылардың әртүрлі топта-рына ипотекалық кредиттер беретін болады.
Мынадай кредиттік желілер ашылады:
1. Алматы мен Астана қалаларында салынып жатқан объектілерде тұрғын үй сатып алуға 10,5%-дан жоғары емес түпкілікті мөлшерлемелер бойынша ипотекалық кредиттер.
2. Соңғы 3 жылда алынған қолданыстағы ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру.
3. Әлеуметтік және бюджеттік сфера қызметкерлеріне арналған қол-даныстағы ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру.
Үшінші бағыт – шағын және орта бизнесті қолдау. Бұл бағыт шеңберіндегі нәтижелер – елдің барлық өңірлеріндегі кәсіпкерлердің көпшілігін қаржылық қолдаумен қамту және осының есебінен жұмыс істеп тұрған бизнесті қолдау, сондай-ақ жаңа өндіріс және жұмыс орындарын құру. Бұл қаражаттар шағын және орта бизнес субъектілеріне екінші деңгей банктері арқылы 14%-дан аспайтын тиімді мөлшерлемелер бойынша 7 жыл мерзімге берілетін болады. Кепілдер про-блемасын шешу және кәсіпкерлерге арналған кредиттік қаражаттардың қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры шағын және орта бизнеске берілетін кредиттерді кепілдендіру механизмін енгізетін болады. Шағын және орта бизнес тұрақты өтілімдермен қамтамасыз ету үшін «Самрұқ-Қазына» қоры жергілікті қоюшыларды дамыту бойынша іс-шараларды жандандырады.
Төртінші бағыт – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту. Бұл бағыт бойынша іс-шаралардың негізгі операторы «КазАгро» ұлттық холдингі болып табылады.
Бесінші бағыт – индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру. Бұл бағыт бойынша нәтижелері – жаңа өндіріс пен инфрақұрылымның объектілерін, сондай-ақ жұмыс орындарын құру.
Қазақстанда экономикалық дамудың өзгеше өңірлік «локомотивтері» ретін-де әлеуметтік даму мен кәсіпкерліктің өңірлік корпарациялары тауарлар мен қызметтерді өндіріп, оларды сатудан пайда алу мақсатымен өзінің қызметін жүзеге асырушы орнықты бизнес-құрылымдар болып табылатын әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) құрылды.
ӘКК-нің коммерциялық корпорациялардан негізгі айырмашылығы сол, алынған пайданы ӘҚҚ мүдделеріне құрылған өңір халқының әлеуметтік, экономикалық немесе мәдени мақсаттарын іске асыру үшін қайта инвестициялау болып табылады. ӘКҚ әл-ауқат Ұлттық қорының өңірлік өкілдіктері бола отырып, олардың көмегімен жергілікті жерлердегі инвестициялық жобаларды үйлестіру жүзеге асырылды. ӘКК оларға коммуналдық меншікті, жерді пайдасыз, бірақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды (олар жаңа бизнес құру үшін пайданылады) беру жолымен әр түрлі өңірлерде қалыптасты.
Әрбір ӘКК өзінше дамудың өңірлік институты болды және елдің тиісті өңірінде мемлекеттік активтерді басқаратын холдингтік компания болып есептелді. Бұл компаниялардың қызметі жаңа жобаларды тартуға, шағын және орта бизнесті дамытуға, кооперацияларды күшейтуге бағытталған.
Кейін, басқару тәжірибесінің жинақталуына және капиталдандыру дең-гейінің артуына қарай, ӘКК өңірлік және халықаралық рыноктарға шығуды қоса, ӘКК кеңейіп, олардың жауапкершілік сферасы әртараптандырылды.
Әртараптандырудың өзегі кәсіпкерлік болып табылатындықтан екі-үш өңірді біріктірген ӘКК таратылып олар жергілікті атқарушы органдарға берілді. Бизнесті дамыту жөніндегі өңірлік корпорациялар құрылады. Оларды қаржыландыру бөлек бюджеттік бағдарлама есебінен жүргізілетін болады. Бұл бағдарламаның мақсаты өңірлерде кәсіпкерліктің, бәрінен бұрын шағын және орта бизнестің жаңа тобын дамыту есебінен тұрақты жұмыс орындарын ашу болады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерді ұйымдастырудың басқа нысандарын қысқаша қарастыра кетейік.
Еншілес кәсіпорын – өз мүлкінің есебінен басқа мемлекеттік кәсіпорын құр-ған заңи тұлға. Еншілес кәсіпорындар құру құқығын шаруашылық жүргізу құ-қығындағы кәсіпорындар ғана пайдалана алады.
Еншілес кәсіпорындар негізгі кәсіпорынды, соның ішінде монополияға қар-сы заң талабы күшіндегі кәсіпорынды ықшамдау, негізгі кәсіпорынның филиал-дарын дербес заңи тұлға етіп қайта құру, негізгі өндірістің тиімділігін арттыру үшін қосымша және мамандандырылған өндіріс құру, негізгі өндірісті оған тән емес қызмет пен функция түрлерінен босату мақсатында құрылады.
Кәсіпкерлік қызметті жүргізудің тиімді ұйымдық-құқықтық нысандарының бірі шетелдік фирмалар қатысқан бірлескен кәсіпорындар болып табылады. Бірлескен кәсіпорындардың мүлкі шартта анықталған мөлшерде қатысушылардың салымдары (жарналары) есебінен құрылады. Бірлескен кәсіпорындар заңнамамен белгіленген салықтарды төлейді, бірлескен кәсіпорын жойылғанда оның резервтік капиталының пайдаланылмаған сомасына қолданыстағы мөлшерлемелер бойынша салық салынады. Республикада шетелдік фирмалар қатысқан бірлескен кәсіпорындарды құрудың және олардың іс-қимыл етуінің тәртібі заңнамамен белгіленген. Кәсіпорын капиталындағы үлес уағдаластық бойынша анықталады. Әріптестерге қажетті кепілдіктер, соның ішінде олардың салықтарды төлегеннен кейін қалған табысының (пайдасының) бір бөлігін валюта түрінде шет жаққа аударуға, ұлғаймалы өндіріске жұмсалымға салу мүмкіндігіне, басқаруға қатысуға, республика аумағында олардың меншігін құқықтық қорғауға кепілдіктер беріледі.
Экономиканың кооперативтік секторы бірыңғай ұлттық шаруашылық ке-шені буындарының бірі болып табылады. Рыноктық қатынастардың қалыптасу барысында меншік нысандарының дамуы қызметтің жаңа сфераларында шару-ашылық жүргізудің бұл демократиялық нысанының қайта дамуына және дәс-түрлі салаларда оның кеңеюіне кең жол ашты.
Қазіргі кезде кооперация жүйесінде кооперативтердің екі негізгі тұрпаты – өндірістік және тұтыну кооперативтері жұмыс істейді.
«Өндірістік кооператив туралы» заңда өндірістік кооператив азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардьң жеке еңбегімен қа-тысуына және мүшелерінің мүліктік салымдарын (үлестерін) біріктіруіне не-гізделген ерікті бірлестігі делінген. Өндірістік кооперативтер тауарлар, өнімдер өндіріп, жұмыс атқарады, шаруашылық жүргізуші субъектілерге және халыққа қызмет көрсетеді.
Өндірістік кооператив коммерциялық ұйым және заңи тұлға болып табыла-ды. Ол жеке кәсіпкерлік үшін заңнамалық актілермен тиым салынбаған кәсіп-керлік қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға құқығы бар.
Өндірістік кооператив мүлкін жарғылық салымдар, оның қызметінен алын-ған табыстар, заңнамамен тиым салынбаған өзге де көздер құрайды.
Кооператив жыл сайынғы пайдасынан аударымдар жасаудың есебінен ре-зервтік капитал құра алады, ол кооперативтің несие берушілер алдындағы мін-деттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге және көзделмеген шығыстарды өтеуге арналады.
Өндірістік кооперативтің пайдасы жыл қорытындысы бойынша анықтала-ды. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер төленгеннен кейін қалған пайда кооперативтің толық қарамағында қалады және оның мүше-лерінің жалпы жиналысы мен кооперативтің құрылтай кұжаттарында көрсетіл-ген мақсаттарға бөлінеді.
Тұтыну кооперативі сауда-саттық және тұрмыстық қызмет көрсету арқылы өзінің мүшелерін және басқа азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандырып отырады. Тұтыну кооперативтері сонымен қатар сан алуан өндірістік қызметті де дамыта алады, яғни аралас тұрпаттағы кооперативтер бола алады.
Қазақстан Республикасы заңына сәйкес селолық тұтыну кооперативі мү-шелік негізде оның мүшелерінің (пайшыларының) материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік (үлестік) жарналарын біріктіру жолымен жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі деп таны-лады.
Заңи тұлға да селолық тұтыну кооперативіне мүше бола алады.
Селолық тұтыну кооперативтері коммерциялық емес ұйымдар болып табы-лады және кәсіпкерлік қызметпен өздерінің жарғылық мақсаттарына сәйкес ке-летіндей дәрежеде ғана айналыса алады.
Селолық тұтыну кооперативтері сауда, дайындау, өткізу, өңдеу, қызмет көрсету, жабдықтау қызметін және заңнамаларда тиым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асыру үшін мүліктік (үлестік) жарналар есебінен құрылады.
