- •Isbn 9965-803-47-1
- •Isbn 9965-803-47-1
- •1.1 Сызба. Қоғамдық жүйедегі қатынастардың дәйектілігі (бағыныңқылығы)
- •1.2 Сызба. Қоғамдық өнімді өндіру, оның құнын бөлу және қайта бөлу
- •Сызба. Қаржы қажеттігінің факторлары
- •1.2 Ұлттық өндіріс көлемдерін өлшеу.
- •Қаржының айрықшалықты белгілері
- •1.4. Қаржының функциялары және рөлі
- •1.5. Құндық экономикалық категориялардың өзара іс-әрекеті мен өзара байланысы
- •1.6. Қаржылық ресурстар мен қорлар қаржылық қатынастардың объекті ретінде
- •1.4 Сызба. Қаржылық ресурстардың құрамы
- •1.7. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары
- •1.7 Сызба. Қаржылық қорлардың сыныптамасы
- •1.5 Сызба. Функциялық критерийі бойынша қаржы жүйесінің құрылымы
- •1.6 Сызба. Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің сызбасы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Қаржылық саясаттың мазмұны, міндеттері және қағидаттары
- •2.1 Сызба. Қоғамдық-экономикалық формацияның базис және қондырма жүйесіндегі қаржы
- •2.2. Қаржылық саясатты жасау
- •2.3 Қаржылық механизмнiң мазмұны мен құрылымы
- •2.2 Сызба. Қаржылық механизмнiң жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1 Қаржыны басқару ұғымы
- •3.2. Мемлекеттің қаржысын басқару
- •3.3. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару
- •3.4. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері, қағидаттары және әдістері
- •4.2. Қаржы жоспарларының жүйесі
- •4.3. Қаржылық көрсеткіштер
- •4.4 Қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Қаржылық құқықтық қатынастар және қаржылық-құқықтық нормалар
- •5.1 Сызба, Қаржы мен құқықтың өзара іс-әрекеті. Қаржылық-құқықтық механизмнің қалыптасуы
- •5.2. Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері
- •5.3. Қаржы заңнамасы жүйесіндегі қаржылық-құқықтық актілер
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидаттары
- •6.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы
- •6.1. Сызба. Түрлері бойынша қаржылық бақылаудың сыныпталуы
- •6.3. Аудиторлық бақылау (аудит)
- •6.4. Қаржылық бақылаудың әдістері
- •6.5. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру негіздері
- •Бақылау сұрақтары
- •7.1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны
- •7.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
- •7.1 Сызба. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
- •7.3. Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері
- •7.4 Шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігін жаңғыртудың қаржылық ерекшеліктері және оның әртараптандырылуы
- •Бақылау сұрақтары
- •8.1. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері
- •8.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қорлары
- •8.3. Өндірістік капиталдар және шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің қаржылық нәтижелері.
- •Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметі нәтижелерінің қалыптасу сызбасы
- •8.5. Компаниялардың, фирмалардың қаржылық менеджменті
- •Бақылау сұрақтары
- •9.1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру
- •9.2. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері
- •9.3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердін шығыстары
- •Бақылау сұрақтары
- •10.1. Мемлекеттің экономикалық қызметі
- •10.1 Сызба. Құйылым шығындары
- •10.2 Сызба. Құйылым пайдалары
- •10.3 Сызба. Құйылым пайдаларын реттеу
- •10.2 Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер
- •10.4 Сызба.Тауар әлеміндегі қоғамдық тауарлар, қызметтер, игіліктер
- •10.3. Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы
- •10.5 Сызба. Қазақстанның мемлекет қаржысының құрамы
- •Бақылау сұрақтары
- •11.1. Мемлекет кірістерінің мәні
- •11.1 Сызба. Қаржылық ресурстар, мемлекеттің кірістері мен шығыстары
- •11.2 Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •12.1. Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
- •12.2. Қазақстанның салық жүйесі
- •1) Салықтар:
- •2) Бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер:
- •12.3. Салық салуды ұйымдастыру
- •12.1. Сызба. Салықтық механизмнің элементтері
- •12.2. Сызба. Салық нұсқамасы
- •12.3 Сызба. Үйлесімді және прогрессивті салық салу
- •12.4. Корпоративтік табыс салығы
- •12.4 Сызба. Корпоративтік табыс салығын есептеу және өндіріп алу
- •12.5. Жеке табыс салығы
- •12.6. Шетелдік заңи және жеке тұлғалардың табыстарына салық салу
- •12.2 Кесте. Бейрезиденттердің табыстары бойынша төлем көзінен салық салу мөлшерлемелері
- •12.7. Жанама салықтар
- •12.5 Сызба. Есепке жатқызылған ққс-ты өндіріп алу
- •12.3 Кесте. Ққс-тың іс-әрекет механизмінің сызбасы
- •12.8. Экспортқа рента салығы
- •12.9. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары
- •12.10. Әлеуметтік салық
- •12.11. Меншікке салынатын салықтар
- •12.12. Құмар ойын бизнесі салығы
- •12.13. Тіркелген салық
- •12.14. Арнаулы салық режімдері
- •12.15. Басқа міндетті төлемдер
- •12.16. Салықтарды аудару
- •12.6 Сызба.
- •12.17. Салықтардан жалтарыну
- •Бақылау сұрақтары
- •13.1. Мемлекет шығыстарының мәнi, құpaмы және сыныптамасы
- •13.2. Экономиканы қаржыландыру
- •13.3. Ғылыми-техникалық прогресті қаржыландыру
- •13.4. Әлеумeттiк-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар
- •13.5. Халықты әлеуметтiк қopғay шығыстары
- •13.6. Қорғанысқa және басқаруға жұмсалатын шығыстap
- •Бақылау сұрақтары
- •14.1. Мемлекеттік бюджеттің мазмұны, әлеуметтік-экономикалық мәні және рөлі
- •14.1 Сызба. Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы
- •14.2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
- •14.2 Сызба. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
- •14.3 Сызба. Баланстандырылған бюджеттік әдістің іс-әрекеті.
- •14.3 Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік реттеу механизмі
- •14.4. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
- •14.4 Кесте. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің құрамы мен құрылымы
- •14.5. Бюджеттік сыныптама
- •14.6. Бюджет тапшылығы, оның сыныптамасы. Бюджет тапшылығының тұжырымдамалары
- •14.7. Бюджеттік үдеріс
- •Бақылау сұрақтары
- •15.1. Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
- •15.2. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
- •15.1 Кесте. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерімен шығыстарының көлемі және құрылымы (2008 ж)
- •15.3. Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс
- •15.4. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
- •Бақылау сұрақтары
- •16.1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •16.2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.3. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.4 Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
- •16.4 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
- •Бақылау сұрақтары
- •15.1. Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
- •15.2. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
- •15.1 Кесте. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерімен шығыстарының көлемі және құрылымы (2008 ж)
- •15.3. Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс
- •15.4. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
- •Бақылау сұрақтары
- •16.1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •16.2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.3. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.4 Қазақстанның Республикасының Ұлттық қоры
- •16.4 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
- •Бақылау сұрақтары
- •Пен мемлекеттік борыш
- •17.1 Мемлекеттік кредиттің мәні
- •17.2. Мемлекеттік кредиттің нысандары мен әдістері
- •17.3. Сыртқы (халықаралық) кредит
- •17.4. Мемлекеттік борыш
- •17.2 Сызба. Мемлекеттік кредиттегі себеп-салдарлық өзара байланыстар
- •17.5. Елдің сыртқы борышы
- •17.1 Кесте.Сыртқы борыштың салыстырмалы параметрлері
- •17.2 Кесте. Жалпы сыртқы борыштың динамикасы, млрд ақш долларында.
- •17.6. Мемлекеттік борышты басқару
- •17.7. Мемлекеттік борыштың экономикалық салдарлары
- •17.2 Сызба. Өндірістік мүмкіндіктердің қисық сызығы
- •17.3 Сызба.
- •17.2 Кесте. Орта мерзімді кезеңдегі мемлекеттік берешек параметрлерінің шоғырланымдық ұлғаюы
- •Бақылау сұрақтары
- •IV бөлім. Үй шаруашылықтарының қаржысы
- •18.1. Үй шаруашылықтары қаржысының ұғымы және функциялары
- •18.1 Сызба. Экономикалық жүйеде ресурстардың, өнімдердің және табыстардың толық айналымы
- •18.2. Үй шаруашылықтарының қаржылық ресурстары және бюджеті
- •18.3. Үй шаруашылықтарының табыстары және олардың құрамы
- •18.4. Халықтың тұрмыстық деңгейін мемлекеттік реттеу
- •18.2 Сызба. Лоренцтің қисық сызығы
- •18.5. Мемлекеттік әлеуметтік трансферттер
- •18.1 Кесте. Табыс тұрғысынан Қазақстандағы кедейлік деңгейі
- •18.6. Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі
- •18.7. Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстары және олардың сыныптамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •Және әлеуметтік негіздері
- •19.1. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары
- •19.2. Мүліктік және жеке басты сақтандыру ерекшеліктері
- •19.3. Әлеуметтік сақтандыру
- •19.4. Медициналық сақтандыру
- •19.5. Сақтық рыногы
- •Бақылау сұрақтары
- •20.2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы
- •20.3. Фискалдық саясаттың нұсқалары
- •20.4. Экономикалық реттеу теорияларындағы қаржы
- •20.5. Рыноктық тепе-теңдікке салықтардың әсері
- •Бақылау сұрақтары
- •21.1. Қаржы рыногы туралы ұғым
- •21.1 Сызба. Қаржы рыногы мен бағалы қағаздар рыногының өзара байланысы
- •21.2. Бағалы қағаздар рыногы. Бағалы қағаздардың сыныптамасы.
- •21.2 Сызба. Бағалы қағаздардың сыныптамасы
- •21.3. Бағалы қағаздардың шығарылымы және айналысы.
- •21.4. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары
- •21.5. Қор биржасы
- •21.6 Қор рыногының индикаторлары
- •Бақылау сұрақтары
- •Байланыстар жүйесіндегі қаржы
- •22.1. Сыртқы экономикалық қызметтің сипаттамасы және оның даму бағыттары
- •22.2. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері
- •22.1 Кесте. Валюта бағамдары өзгерімінің экспорт пен испорттың көлеміне әсері (шетелдік ақшалай өлшемдерінде – шет. Ақшалай өлш. Және ұлттық ақшалай өлшемінде – ұлт. Ақшалай өлш.)
- •22.3. Сыртқы экономикалық қызметті салықтық реттеу
- •22.2 Кесте. Кеден баждарының түрлері
- •22.3. Валюталық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану
- •22.4. Елдің төлем балансы
- •22.3 Кесте. 2008 жылғы Қазақстан Республикасының жиынтық төлем балансы
- •Бақылау сұрақтары
- •23.1. Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы.
- •2 3.1 Сызба. Қаржы мен инфляцияның өзара іс-әрекеті
- •23.3 Сызба. Инфляциялық шиыршық
- •23.2. Сызба. Инфляциның сипаттамасы және оның іс-әрекеті.
- •23.2. Инфляцияға қарсы саясат шаралары
- •Бақылау сұрақтары
Бақылау сұрақтары
Қаржылық бақылаудың объективті қажеттігі неде?
Қаржылық бақылауды жүзеге асырудың қағидаттарын және негізгі мін-деттерін атап шығыңдар.
Қазіргі кездегі қаржылық бақылаудың қандай түрлерін білесіңдер?
Аудиторлық қаржылық бақылау (аудит) дегеніміз не және оның мемлекеттік қаржылық бақылаудан қандай айырмашылықтары бар?
Қаржылық бақылау қандай әдістермен жүзеге асырылады?
Қазақстан Республикасында қаржылық бақылау қалай ұйымдастырылған?
П-БӨЛІМ. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮР ГІ ЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ
7-тарау. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының жұмыс істеу негіздері
7.1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны
Шаруашылық жургізуші субъектілердің қаржысы – бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды.
«Шаруашылық жүргізуші субъектілер» термині меншіктің барлық ұйымдық-құқықтық нысандары мен қызмет түрлеріне таралады. Қаржылық қатынастар мен қаржы жүйесінің жұмыс істеуі тұрғысынан қарағанда ұғым ішінара ресурстардың едәуір бөлігін иеленушілер ретіндегі және өндірістің негізгі факторларының – жұмыс күшінің бірі ретіндегі «үй шаруашалықтарының» (халықтың) қаржысын кіріктіреді. Қорыта айтқанда шаруашылық жүргізуші субъектілер бұл – экономикалық агенттер, экономикалық бірлестіктер (ұлттық шоттар жүйесінде – институционалдық бірліктер), олар өзінің атынан активтерге қожалық ете алады, міндеттемелер қабылдай алады, талаптар қояды, басқа бірліктермен экономикалық қызмет пен операцияларды жүзеге асырады. Алайда ұйымдық-құқықтық көзқарас тұрғысынан алғанда басты орынды жүйелі ұйымдастырылған субъектілер – кәсіпорындар мен ұйымдар: фирмалар, компаниялар, фермер шаруашылықтары, шаруашылық серіктестіктері, ассоциациялар (бірлестіктер), ұлттық компаниялар және басқалары алады. Бұрын таралған «зауыт», «фәбрик», «кәсіпорын» (салалар бойынша) атаулары сиректеу қолданылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің едәуір бөлігі – қоғам тіршілігін қамтамасыз ету көзі – материалдық қоғамдық өнім жасалатын материалдық өндіріс сферасында айналысатындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржы жүйесінің аса маңызды буыны ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, өйткені мұнда материалдық және материалдық емес игіліктер жасалады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасы шеңберінде материалдық, еңбек және қаржылық ресурстардың көпшілік бөлігі шоғырландырылады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісін қамтамасыз етеді. Өзінің материалдық тұлғалануыңда –бұл әрбір нақтылы шаруашылық жүргізуші субъектілерде жасалатын және өндірісті дамыту мен оның жұмыскерлерінің әлеуметтік мұқтаждарына пайдаланылатын әр түрлі арналымның оқшауланған ақшалай қорлары. Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржысы өндірістің барлық стадияларымен және өндірілген өнімді өткізумен етене байланысты, бұл олардың өндіріс тиімділігін қамтамасыз ете отырып, осы үдерістерге шынайы әсер етуіне жағдайлар жасайды. Экономиканың дағдарысты жағдайлары мұндай мүмкіндіктерді қатаң шектейді немесе оларды пайдалануды қиындатады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының болуы, жалпы мемлекеттің қаржысы сияқты, тауар-ақшалай қатынастардың өмір сүруімен және экономикалық заңдардың іс-әрекетімен байланысты. Тауар-ақшалай қатынастар еңбектің қоғамдық бөлінісімен, меншіктің түрлі нысандарымен алдын ала анықталған. Жекелеген тауар өндірушілер мен қызмет өндірушілердің өз еңбегінің нәтижелері, өнімдері, қызметтері тауардың құнын қамтып көрсететін бағалар бойынша ақшаға сатып алу-сату жолымен айырбасталады. Жиынтығында бұл қатынастар тауар-ақшалай қатынастар болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы ақшалай нысанда ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Бұл даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық тетігі, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында ұлттық шаруашылықты басқарудың төменгі буындарының шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы өзіне қоғамдық пайдалы қызметтің сан алуан сфераларында өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, байланыс, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржылық-кредиттік, сақтық, ғылыми, білім, медициналық, ақпараттық, маркетингтік және басқа қызметтерді жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктермен басқа шаруашыльқ органдарының, шаруашылықаралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын кіріктіреді.
Меншік нысандарының дамуы кәсіпорындардың жаңа тұрпаттарының пай-да болуына әкелді: жекеше, кооперативтік (тауарлар, өнім өндіру, қызметтер көрсету жөніндегі), акционерлік, аралас, шет елдердің кәсіпорындарымен және фирмаларымен бірлескен кәсіпорындар. Мемлекеттік кәсіпорындарды шетелдік және отандық инвесторлардың басқаруына беру жолымен мемлекеттік меншікті пайдалану тәртібі өзгерді. Келесі саты мемлекеттік кәсіпорынды өтеуін төлеп алу, оны толық иеленуге көшіру және жекеше немесе бірлескен кәсіпорынға ай-налдыру болып табылады.
Экономикалық реформалар барысында пайда болған мемлекеттік меншікті республикалық, коммуналдық меншікке бөлу сонымен бірге мемлекеттік кәсі-порындардың, олардың бірлестіктерінің және коммерциялық негіздердегі бірлескен басқару органдарының – қоғамдардың, ассоциациялардың, консорциумдардың , концерндердің және т.б. көптеген нысандарыда да мүмкіндік туғызады. Коммерциялық есептің дамуы, өңірлердің өзін-өзі басқаруға, өзін-өзі қаржыландыруға көшуі бұл үдеріске мүмкіндік жасайды.
Ұлттық шаруашылықтың әрбір саласы қаржысының бұл саланың техни-калық-экономикалық ерекшеліктерінен туындайтын елеулі айырмашылықтары бар. Бірақ сонымен бірге барлық салалардың қаржысының мәні мен оны ұйым-дастырудың негізгі қағидаттары бірдей, бұл шаруашылық жүргізудің ортақ қа-ғидаттарына және бірыңғай экономикалық заңдарға байланысты. Мұның бәрі олардың барлығын бастапқы буынға – шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына біріктірудің мүмкіндігі мен қажеттігін алдын ала анықтайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мәні және көрінісінің сыртқыны сандары болады. Мәні деп қаржыны ерек-ше құндық категория – қаржылық категория ретінде анықтайтын қаржының ішкі мазмұны ұғынылады.
Қаржының мәні мен көріну нысандары өзара байланысты. Бірақ олардың орнықтылық дәрежесі бірдей емес. Қаржының көріну нысандары оның мәніне қарағанда анағұрлым жиі, жылдам өзгерімге ұшырайды. Мысалы, кәсіпорын-дардың мемлекеттік бюджетпен өзара қатынастарының нысандары бірнеше рет өзгерді және жетілдірілді: пайдадан төленетін көпарналы төлемдерден олар пайдаға салық салуға, одан кейін табыс салығына ауыстырылды; шаруашылық мұқтаждарды қаржыландыруға бюджеттен берілетін қаражаттардың кері қозғалысы негізінен өзін-өзі қаржыландыру әдісімен ауыстырылды; кәсіпорындар ішінде, оның бөлімшелері, әкімшілігі және жұмыскерлері арасында ақшалай қаражаттар қозғалысының нысандары өзгерді – бұл қатынастар баламалы сипатқа ие болады және коммерциялық негізге көшіріледі. Қаржылық ресурстардың құрылымында, қалыптасу әдістерінде және оларды пайдалану бағыттарында өзгерістер болуда. Сонымен бірге қаржының мәні де өзгеруде. Ол өндірістік қатынастармен ғана емес, сонымен бірге олардың даму деңгейімен, шаруашылық, әлеуметтік және мәдени құрылыста мемлекеттің ауқымдарымен және рөлімен алдын ала айқындалады. Қаржылық қатынастар – бұл ең алдымен, ұдайыөндірістік қатынастар. Өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну жүйесі өзгерістерге ұшырайды, бұл жүйені қайта құруға, өндіріс тиімділігін көтермелеуде бөл-гіштік қатынастар мен қаржының рөлін күшейтуге тұрақты қажеттік болады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың ұдайы өндірісінің, рыноктық қатынастардың дамуы үдерісінде кәсіпорындардың мемлекеттік бюджетпен және кредит жүйесімен қаржылық қатынастарының, шаруашылық механизімді жетілдірудің нысандары мен әдістері өзгеруінің ғылыми-техникалық прогресті тездетуде, дамудың белгіленген бағдарламаларын, экономикалық өсудің қарқындарын жүзеге асыруда және қоғамдық еңбек өнімділігін өсіруде ұдайыөндірістік қатынастар мен қаржылардың ынталандырушы рөлін арттыру мақсаты болады.
Жалпы қаржының сияқты шаруашылық жүргізуші субъекті-лер қаржысының функциялары туралы мәселе бойынша экономикалық әдебиеттерде бірыңғай пікір жоқ. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржыларын айқындайтын экономикалық қатынастар жүйесіне не кіреді? Біраз ғалымдар тауарларды сатып алу-сату, сонымен бірге шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қатынастарына әсер ететін, бірақ өзі қатынастардың элементі болып қызмет етпейтін еңбекке ақшалай ақы төлеу кезінде пайда болатын ақшалай қатынастарды қаржыға жатқызуға болмайды деп санайды. Алайда ғалымдар – қаржының ұдайыөндірістік тұжырымда-масының жақтаушылары аталған қатынастарды қаржылық қаты-настарға жатқызады, өйткені өндіру мен айырбастауда қаржылық қатынастардың барын мойындайды. Мәселен, айырбастау кезінде өнімді өткізуден алынатын табыс қалыптасады, одан шаруашылық жүргізуші субъект жеткізуші тұтыну және қорлану қорларын жасайды. Өткізу барысы жеткізілім келісімшарттарының талаптары сақталынбаған кезде қаржылық санкцияларды қолданумен, жеткізуші мен сатып алушының екі жаққа бірдей берешектің жаса-луымен қабаттаса жүруі мүмкін. Еңбекке ақы төлеу, сыйлықақылар төлеу кезінде пайда болатын ақшалай қатынастар арнаулы қорларды: еңбекке ақы төлеу, тұтыну, айналым қаражаттары(аяқталмаған өндіріске жұмсалатын шығындар, тұрақты пассивтер бөлігінде) қорларын жасаумен және жұмсаумен қоса жүреді. Ұдайыөндірістік тұжырымдаманың жақтаушылары қаржылық қатынастар ша-руашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік қорларының толық айналымының барлық стадияларына қатысады деп санайды. Осыған байланысты шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы ұдайыөндірістік функция орындайды деп қорытынды жасауға болады. Оның мазмұны жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс кезінде материалдық және ақшалай қаражаттар арасындағы олардың толық айналымы үдерісіне сәйкестікті қамтамасыз етуде болады. Ол үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер өнім өндірудің және өткізудің жоспарлары, болжамдары және ниеттері, белгіленген экономикалық нормативтер негізінде уақыттың белгілі бір кезеңіне арналған кірістер мен шығыстардың көлемдерін әзірлейді; шығыстар қандай дәрежеде меншікті қаржылық ресурстар, бағалы қағаздар шығару, басқа ұйымдар мен өзінің жұмыскерлерінің уақытша тартылған қаражаттары, банк кредиттері есебінен, ерекше жағдайларда бюджеттен бөлінетін қаржы есебінен жабылу мүмкіндігі анықталады. Сөйтіп, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің өнімдері, олардың капиталы – негізгі және айналым капиталы ұдайы өндіріледі. Қызметтер сферасында адамның тіршілік қызметінің аса маңызды әлеуметтік параметрлері – денсаулық, білім, мәдени және рухани құндылықтар ұдайы өндіріледі.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды рөл атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болмайды. Ақ-шамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішін-де ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілермен, жоғарғы ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара қарым-қа-тынастарында да жүзеге асырылады. Субъектілер арасындағы өзара қатынастарда бақылау жеткізілім тауарларға, көрсетілген қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеу кезінде бо-лады. Қаржы-кредит органдарымен өзара іс-әрекет кезінде ба-қылау бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы кезінде, банк кредиттерін алған және қайтарған кезде жүзеге асырылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызметі сферасындағы өндірістік қатынастардың айрықшалықты өзіндік ерекшеліктері, таза қаржылық қатынастардың басқа ақшалай қатынастармен матасуы, өндірістік қорлардың толық айналымымен олардың аса тығыз байланысы, бірқатар ғалымдардың пікірлері бойынша, кәсіпорындар мен салалар қаржысы жалпы белгілерге қарағанда, жалпымемлекеттік қаржыдан елеулі айырмашылығы бар қаржы жүйесінің буыны болып табылады дегенге жеткізеді. Олардың пікірлері бойынша, егер бұл буынға кәсіпорынның ақшалай қатынастарының бүкіл жиынтығын кіріктірсе, онда дербес экономикалық категорияның – кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалай шаруашылығы бар екені туралы мәселені қоюға болады.
Қаржылық қатынастардың құрамында шаруашылық жүргізу-ші субъектілердің ақшалай қатынастарының мынадай ірілендірілген топтарын бөліп көрсетуге болады:
басқа әр түрлі кәсіпорындармен және ұйымдармен (олар: өнім өткізуден түсім-ақша алу, өткізуден тыс табыстар түсіру, материалдық шығындарды төлеу, шарт міндеттерін бұзған кезде айыппұл төлеу және алу, бағалы қағаздарды өткізу, басқа кә-сіпорындардың акциялары мен облигацияларына қаражаттарды инвестициялау, олар бойынша дивидендтер мен пайыздар төлеу және алу үдерісінде, коммерциялық несиелендіру кезінде қалып-тасады);
өзінің еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбекке ақы төлеуді, сыйлық қорын жасауды, табысты (пайданы) бөлу және тұтыну қорынан жұмыскерлерге жәрдемақылар төлеуді, сонымен бірге жұмыскерлердің қаражаттарын тартуды (бағалы қағаздар сату, кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру үшін үлес-тік жарналарды) ортақтастырады;
мемлекетпен – бюджетке салықтар төлеу, бюджеттен қаржы-ландыру кезінде, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кез-де, соңдай-ақ олар бойынша төлемдер алғанда, валюталық қорлар мен ресурстарды қалыптастырғанда;
банктермен (қаржылық қатынастардың бұл тобы банк кредиттерін алу, оларды қайтару, кредиттер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға белгілі бір төлем мен бос ақшаны беру, банк өткізетін бағалы қағаздармен жасалатын опера-циялар нысаны түрінде іске асады);
сақтық органдарымен – мүлікті, қызметкерлерді, коммер-циялық және коммерциялық емес тәуекелді сақтандыру жөнінде;
жоғары ұйымдармен – ішкісалалық қайта бөлу шегінде (пай-даны, табыстарды, капиталды қайта бөлу кезінде, жалгерлік тө-лемдер бойынша және басқалары);
құрылтайшылармен (бұл қатынастар құрылтайшылардың жарғылық капиталды қалыптастыру үшін қаржылық жарналар-ды (салымдарды) төлеу кезінде, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектінің пайдасын бөлгенде және оның бір бөлігін шартқа сәйкес құрылтайшыға аударған кезде қалыптасады) және т.с.с.
Шаруашылык жүргізуші субъектілердің қаржысына, бір жағынан, жалпы каржылардың экономикалық табиғатын сипаттайтын белгілер, басқа жағынан, қоғамдық өндірістің түрлі сферасындағы қаржылардың қызмет етуіне байланысты ерекшеліктер тән. Сонымен бірге бұл қаржыға тән мынадай негізгі белгілерді атауға болады:
1) қаржылық қатынастардың көп қырлылығы, олардың ны-сандары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;
2) өндірістік құралдардың (капиталдардың) міндетті болуы және оларды қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты катынастардың пайда болуы. Өндірістік капиталдар
– бұл өндірістің серпінді элементі, олар өндірістің өзі сияқты үз-діксіз қозғалыста болады; сонымен қатар құндық нысандардың тұрақты ауысымы болып отырады. Шаруашылық жүргізуші суб-ъекті қызметінің кез келген мезетінде өндірістік құралдар мате-риалдық-заттай және ақшалай нысанда болуы мүмкін;
3 ) жоғары белсенділік, кәсіпорынның шаруашылық қызметі-нің барлық жағына әсер ету мүмкіндігі;
4) шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы бүкіл қар-жы жүйесінің бастапқы негізі болып табылады.
Сөйтіп, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы деп өнім (жұмыс, қызметтер көрсету) өндіріп, сату кезінде ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық (қаржылық немесе ақшалай) қатынастарды айтады. Ақшалай табыстар мен қорланымдарға мыналар жатады: өнімді, жұмысты, қызмет-терді өткізуден түсетін түсім-ақша; кәсіпорынның жалпы және таза табыстары.
