
- •Isbn 9965-803-47-1
- •Isbn 9965-803-47-1
- •1.1 Сызба. Қоғамдық жүйедегі қатынастардың дәйектілігі (бағыныңқылығы)
- •1.2 Сызба. Қоғамдық өнімді өндіру, оның құнын бөлу және қайта бөлу
- •Сызба. Қаржы қажеттігінің факторлары
- •1.2 Ұлттық өндіріс көлемдерін өлшеу.
- •Қаржының айрықшалықты белгілері
- •1.4. Қаржының функциялары және рөлі
- •1.5. Құндық экономикалық категориялардың өзара іс-әрекеті мен өзара байланысы
- •1.6. Қаржылық ресурстар мен қорлар қаржылық қатынастардың объекті ретінде
- •1.4 Сызба. Қаржылық ресурстардың құрамы
- •1.7. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары
- •1.7 Сызба. Қаржылық қорлардың сыныптамасы
- •1.5 Сызба. Функциялық критерийі бойынша қаржы жүйесінің құрылымы
- •1.6 Сызба. Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің сызбасы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Қаржылық саясаттың мазмұны, міндеттері және қағидаттары
- •2.1 Сызба. Қоғамдық-экономикалық формацияның базис және қондырма жүйесіндегі қаржы
- •2.2. Қаржылық саясатты жасау
- •2.3 Қаржылық механизмнiң мазмұны мен құрылымы
- •2.2 Сызба. Қаржылық механизмнiң жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1 Қаржыны басқару ұғымы
- •3.2. Мемлекеттің қаржысын басқару
- •3.3. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару
- •3.4. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері, қағидаттары және әдістері
- •4.2. Қаржы жоспарларының жүйесі
- •4.3. Қаржылық көрсеткіштер
- •4.4 Қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Қаржылық құқықтық қатынастар және қаржылық-құқықтық нормалар
- •5.1 Сызба, Қаржы мен құқықтың өзара іс-әрекеті. Қаржылық-құқықтық механизмнің қалыптасуы
- •5.2. Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері
- •5.3. Қаржы заңнамасы жүйесіндегі қаржылық-құқықтық актілер
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидаттары
- •6.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы
- •6.1. Сызба. Түрлері бойынша қаржылық бақылаудың сыныпталуы
- •6.3. Аудиторлық бақылау (аудит)
- •6.4. Қаржылық бақылаудың әдістері
- •6.5. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру негіздері
- •Бақылау сұрақтары
- •7.1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны
- •7.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
- •7.1 Сызба. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
- •7.3. Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері
- •7.4 Шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігін жаңғыртудың қаржылық ерекшеліктері және оның әртараптандырылуы
- •Бақылау сұрақтары
- •8.1. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері
- •8.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қорлары
- •8.3. Өндірістік капиталдар және шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің қаржылық нәтижелері.
- •Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметі нәтижелерінің қалыптасу сызбасы
- •8.5. Компаниялардың, фирмалардың қаржылық менеджменті
- •Бақылау сұрақтары
- •9.1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру
- •9.2. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері
- •9.3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердін шығыстары
- •Бақылау сұрақтары
- •10.1. Мемлекеттің экономикалық қызметі
- •10.1 Сызба. Құйылым шығындары
- •10.2 Сызба. Құйылым пайдалары
- •10.3 Сызба. Құйылым пайдаларын реттеу
- •10.2 Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер
- •10.4 Сызба.Тауар әлеміндегі қоғамдық тауарлар, қызметтер, игіліктер
- •10.3. Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы
- •10.5 Сызба. Қазақстанның мемлекет қаржысының құрамы
- •Бақылау сұрақтары
- •11.1. Мемлекет кірістерінің мәні
- •11.1 Сызба. Қаржылық ресурстар, мемлекеттің кірістері мен шығыстары
- •11.2 Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •12.1. Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
- •12.2. Қазақстанның салық жүйесі
- •1) Салықтар:
- •2) Бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер:
- •12.3. Салық салуды ұйымдастыру
- •12.1. Сызба. Салықтық механизмнің элементтері
- •12.2. Сызба. Салық нұсқамасы
- •12.3 Сызба. Үйлесімді және прогрессивті салық салу
- •12.4. Корпоративтік табыс салығы
- •12.4 Сызба. Корпоративтік табыс салығын есептеу және өндіріп алу
- •12.5. Жеке табыс салығы
- •12.6. Шетелдік заңи және жеке тұлғалардың табыстарына салық салу
- •12.2 Кесте. Бейрезиденттердің табыстары бойынша төлем көзінен салық салу мөлшерлемелері
- •12.7. Жанама салықтар
- •12.5 Сызба. Есепке жатқызылған ққс-ты өндіріп алу
- •12.3 Кесте. Ққс-тың іс-әрекет механизмінің сызбасы
- •12.8. Экспортқа рента салығы
- •12.9. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары
- •12.10. Әлеуметтік салық
- •12.11. Меншікке салынатын салықтар
- •12.12. Құмар ойын бизнесі салығы
- •12.13. Тіркелген салық
- •12.14. Арнаулы салық режімдері
- •12.15. Басқа міндетті төлемдер
- •12.16. Салықтарды аудару
- •12.6 Сызба.
- •12.17. Салықтардан жалтарыну
- •Бақылау сұрақтары
- •13.1. Мемлекет шығыстарының мәнi, құpaмы және сыныптамасы
- •13.2. Экономиканы қаржыландыру
- •13.3. Ғылыми-техникалық прогресті қаржыландыру
- •13.4. Әлеумeттiк-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар
- •13.5. Халықты әлеуметтiк қopғay шығыстары
- •13.6. Қорғанысқa және басқаруға жұмсалатын шығыстap
- •Бақылау сұрақтары
- •14.1. Мемлекеттік бюджеттің мазмұны, әлеуметтік-экономикалық мәні және рөлі
- •14.1 Сызба. Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы
- •14.2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
- •14.2 Сызба. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
- •14.3 Сызба. Баланстандырылған бюджеттік әдістің іс-әрекеті.
- •14.3 Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік реттеу механизмі
- •14.4. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
- •14.4 Кесте. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің құрамы мен құрылымы
- •14.5. Бюджеттік сыныптама
- •14.6. Бюджет тапшылығы, оның сыныптамасы. Бюджет тапшылығының тұжырымдамалары
- •14.7. Бюджеттік үдеріс
- •Бақылау сұрақтары
- •15.1. Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
- •15.2. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
- •15.1 Кесте. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерімен шығыстарының көлемі және құрылымы (2008 ж)
- •15.3. Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс
- •15.4. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
- •Бақылау сұрақтары
- •16.1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •16.2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.3. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.4 Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
- •16.4 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
- •Бақылау сұрақтары
- •15.1. Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
- •15.2. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
- •15.1 Кесте. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерімен шығыстарының көлемі және құрылымы (2008 ж)
- •15.3. Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс
- •15.4. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
- •Бақылау сұрақтары
- •16.1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •16.2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.3. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.4 Қазақстанның Республикасының Ұлттық қоры
- •16.4 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
- •Бақылау сұрақтары
- •Пен мемлекеттік борыш
- •17.1 Мемлекеттік кредиттің мәні
- •17.2. Мемлекеттік кредиттің нысандары мен әдістері
- •17.3. Сыртқы (халықаралық) кредит
- •17.4. Мемлекеттік борыш
- •17.2 Сызба. Мемлекеттік кредиттегі себеп-салдарлық өзара байланыстар
- •17.5. Елдің сыртқы борышы
- •17.1 Кесте.Сыртқы борыштың салыстырмалы параметрлері
- •17.2 Кесте. Жалпы сыртқы борыштың динамикасы, млрд ақш долларында.
- •17.6. Мемлекеттік борышты басқару
- •17.7. Мемлекеттік борыштың экономикалық салдарлары
- •17.2 Сызба. Өндірістік мүмкіндіктердің қисық сызығы
- •17.3 Сызба.
- •17.2 Кесте. Орта мерзімді кезеңдегі мемлекеттік берешек параметрлерінің шоғырланымдық ұлғаюы
- •Бақылау сұрақтары
- •IV бөлім. Үй шаруашылықтарының қаржысы
- •18.1. Үй шаруашылықтары қаржысының ұғымы және функциялары
- •18.1 Сызба. Экономикалық жүйеде ресурстардың, өнімдердің және табыстардың толық айналымы
- •18.2. Үй шаруашылықтарының қаржылық ресурстары және бюджеті
- •18.3. Үй шаруашылықтарының табыстары және олардың құрамы
- •18.4. Халықтың тұрмыстық деңгейін мемлекеттік реттеу
- •18.2 Сызба. Лоренцтің қисық сызығы
- •18.5. Мемлекеттік әлеуметтік трансферттер
- •18.1 Кесте. Табыс тұрғысынан Қазақстандағы кедейлік деңгейі
- •18.6. Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі
- •18.7. Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстары және олардың сыныптамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •Және әлеуметтік негіздері
- •19.1. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары
- •19.2. Мүліктік және жеке басты сақтандыру ерекшеліктері
- •19.3. Әлеуметтік сақтандыру
- •19.4. Медициналық сақтандыру
- •19.5. Сақтық рыногы
- •Бақылау сұрақтары
- •20.2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы
- •20.3. Фискалдық саясаттың нұсқалары
- •20.4. Экономикалық реттеу теорияларындағы қаржы
- •20.5. Рыноктық тепе-теңдікке салықтардың әсері
- •Бақылау сұрақтары
- •21.1. Қаржы рыногы туралы ұғым
- •21.1 Сызба. Қаржы рыногы мен бағалы қағаздар рыногының өзара байланысы
- •21.2. Бағалы қағаздар рыногы. Бағалы қағаздардың сыныптамасы.
- •21.2 Сызба. Бағалы қағаздардың сыныптамасы
- •21.3. Бағалы қағаздардың шығарылымы және айналысы.
- •21.4. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары
- •21.5. Қор биржасы
- •21.6 Қор рыногының индикаторлары
- •Бақылау сұрақтары
- •Байланыстар жүйесіндегі қаржы
- •22.1. Сыртқы экономикалық қызметтің сипаттамасы және оның даму бағыттары
- •22.2. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері
- •22.1 Кесте. Валюта бағамдары өзгерімінің экспорт пен испорттың көлеміне әсері (шетелдік ақшалай өлшемдерінде – шет. Ақшалай өлш. Және ұлттық ақшалай өлшемінде – ұлт. Ақшалай өлш.)
- •22.3. Сыртқы экономикалық қызметті салықтық реттеу
- •22.2 Кесте. Кеден баждарының түрлері
- •22.3. Валюталық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану
- •22.4. Елдің төлем балансы
- •22.3 Кесте. 2008 жылғы Қазақстан Республикасының жиынтық төлем балансы
- •Бақылау сұрақтары
- •23.1. Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы.
- •2 3.1 Сызба. Қаржы мен инфляцияның өзара іс-әрекеті
- •23.3 Сызба. Инфляциялық шиыршық
- •23.2. Сызба. Инфляциның сипаттамасы және оның іс-әрекеті.
- •23.2. Инфляцияға қарсы саясат шаралары
- •Бақылау сұрақтары
1.2 Сызба. Қоғамдық өнімді өндіру, оның құнын бөлу және қайта бөлу
Нәтижесінде өнімнің бір бөлігі жаңа толық айналымға түседі, ал бір бөлігі тұтынылады және одан арғы қозғалыстан шығып қалады. Қаралған үдерістер қаржылық қатынастардың, олардың басқа экономикалық қатынастармен өзара іс-әрекетінің күрделі тоқайласуына себепші болады және экономиканың тиімділігіне, оның үдемелі дамуына, қоғамдағы әлеуметтік үдерістерге олардың іс-әрекетін зерделеуге ғылыми тәсілдемені қажет етеді.
Қаржы мемлекеттің, заңи және жеке тұлғалардың арасында, жекелеген мемлекеттер арасында ақшалай қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдалану жайында пайда болатын ақшалай қатынастардың жүйесі болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, ерекше қорлар арқылы іске асырылатын ақшалай қатынастар – бұл қаржылық қатынастар. Алайда кез келген ақшалай қатынастар қаржылық қатынастарды білдіре бермейді және ақша әр түрлі экономикалық категориялардың – бағаның, еңбекақының, қаржының, кредиттің, сақтандырудың көмегімен жүзеге асырылатын қоғамдық өнімнің бүкіл құнының қозғалысын ортақтастыратындықтан кез келген ақшалай операция, мәміле қаржылық операцияға жата бермейді. Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша – бұл ең алдымен ассоциацияланылған өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы – ішкі жалпы өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық құралы, ақшалай қорларды жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады. Мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің ақшалай қорларын құратын тек ақшалай қатынастар ғана қаржының мазмұны болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында құнды одан ары бөлу және оны мақсатты пайдалануды нақтыландыру да қаржының негізінде жүзеге асырылады.
Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан – тауар-ақшалай қатынастардың болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды.
Сызба. Қаржы қажеттігінің факторлары
Тарихи алғашқыда өзіне маңызды қоғамдық функцияларды алған мемлекеттің пайда болуымен байланыстырылған қаржылық қатынастардың бір бөлігі айқындалды. Мемлекеттік билікті ұстау үшін арнаулы ақшалай қор қажет, ол қоғамның барлық мүшелерінің есебінен қалыптасады.
Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық ресурстарына қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау. Қаржылық ресурстар болмаса, қаржылық механизм арқылы барлық жағдайға ықпал етудің кең мүмкіндіктерін пайдалана алмаса, мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі функцияларын қамтамасыз ете алмайды.
Салықтар, мемлекеттік кредит, ақша эмиссиясы арқылы мемлекет үкімет аппаратын, армияны ұстау және басқа өзінің функцияларын орындау үшін қажетті ақшалай каражаттарды шоғырландырды және пайдаланды. Мемлекет әрдайым қаржылық қатынастардың міндетті субъектісі болып табылады, бұл көптеген ғалымдарға қаржының қажеттігін негіздемелеуде мемлекеттің рөлін асырып жіберуге негіз болды: мәселен, ресейлік «Қаржы» оқулығының авторлары мемлекеттен тыс қоғамдық өндірістің барлық басқа субъектілері қаржылық шаруашылықты емес, жай ақшалай шаруашылықты жүргізеді деп санайды.*
Мемлекет, дәстүрлі функциялардан басқа, шаруашылық үдерістерді реттеу жөнінде едәуір экономикалық функцияларды орындайды, сондықтан мемлекеттің қарамағына қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі айтарлықтай жоғары – мемлекеттік бюджет және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар арқылы қазір ішкі жалпы өнімнің 40 пайыздан астамы және жиынтық қоғамдық өнімнің 20 пайыздайы (Қазақстан бойынша) қайта бөлінеді. Мемлекет қаржысының көмегімен салалық және аумақтық аспектілерде қоғамдық өндірістің ауқымы реттелінеді, басқа қоғамдық қажеттіліктер қанағаттандырылады.
Тарихи қатынастардың бір бөлігінің (аса қарапайым нысанында) алғашқы қауымдық қоғамдастықтың ұжымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тіпті мемелекет пайда болғанға дейін орын алды. Мұндай қызмет натуралдық нысанда
жүзеге асырылғанмен ол қоғам дамуның тауар стадиясына дейінгі қаржылық қатынастардың болашақ үлгісі болып табылды.
Мемлекеттік сектордың қызметімен байланысты қаржылық қатынастар елеулі дәрежеде «қоғамдық (немесе әлеуметтік) тауарлар» деп аталынатындарды – мемлекет қаржыландыратын және бірлесіп тұтынылатын материалдық, сонымен бірге материалдық емес сипаттағы игіліктер мен қызметтер көрсетуді өндіру мен бөлуді қамтамасыз етуге бағыталған. Бұған қалалар мен елді мекендердегі абаттандыру объектілері, жол торабы, мемлекеттік биліктің, басқарудың, құқықтық тәртіпті қорғаудың, қорғаныстың, қоршаған ортаны қорғаудың органдары мен мекемелері, ішінара халықты әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау (кепілдемелі деңгейде) жатады. Қоғамдық тауарларды қаржыландыру егжей-тегжейлі 10- тарауда қаралған.
Мемлекетте орасан ақшалай қаражаттарды жинақтау соңғы уақытқа дейін ұдайы өндірістік үдерістерді жоспарлы жүзеге асыру, өндіріс дамуының аса басым бағыттарын, ғылыми-техникалық прогресті, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру қажеттігімен негізделді. Сөзсіз, мемлекет ұйымдастырған бүкіл қоғам ауқымдарында қоғамдық дамудың перспективалық үйлесімдері неғұрлым көрнекі қаралады. Мемлекеттің бұл мүмкіндіктері ақшалай қаражаттарды дұрыс пайдаланған кезде ақшалай қаражаттардың қорларын орталықтандырудың шұбасыз артықшылықтары туралы дәлелдейді. Бірақ, басқа жағынан, соңғы жылдардың практикасы субъективтік еркін шешімдердің, дамудың басымдықтарын дұрыс таңдамаудың, мемлекеттік және өндірістік монополизмнің нәтижесінде олардың бағыттары мен пайдаланылуы тиімсіз немесе экономикалық тұрғыдан ақталмауының мүмкін екенін көрсетті. Бұл туралы тиісті қайтарым әкелмеген қаржылық ресурстардың, бағдарламалардың орасан көлемдері болған қаржыландырудың мысалдары еске түсіреді. Сондықтан рынокқа өтпелі кезеңде қаржылық ресурстарды қалыптастыруда үлкен құқықтар мен дербестік берілуі тиіс шаруашылық жүргізудің төменгі буындары мен өңірлерге ереккше көңіл аударылды. Бұл ресурстарды орталық, өңірлер, шаруашылық жүргізудің төменгі буындары арасында ұтымды, ғылыми негізде бөлу жоғары қайтарым мен пайдаланылатын қаражаттарды үлкен мөлшерде қайта төлеу мүмкін болады.
Алайда, қаржының қажеттігін негіздеудегі мемлекеттің рөлін қарай отырып, оның өзі, Ф. Энгельстің сөзі бойынша, дамудың белгілі сатысында қоғамның жемісі болды. Бұдан қоғам өз ұйымының мемлекеттік нысанын белгілей отырып, қажетті қаржылық қатынастарды да объективті тұрғыда айқындайды, ал мемлекет бұл объективті қажеттікті ескере отырып, оларды сол немесе өзге түрде пайдалана алады деуге болады.
Мемлекеттің өмір сүруімен байланысты қаржылық қатынастардан басқа, шаруашылық жүргізуші субъектілерінң өзара байланыстарындағы, сондай-ақ соңғылар мен халықтың (үй шаруашылықтарының) арасындағы олардың бір бөлігі болатынын да ескерген маңызды, бұл объективті тұрғыда қоғамдық-экономикалық формацияда тауар-ақшалай қатынастардың болумен айқындалады.
Қаржының мәні ақшалай нысандағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай қозғалыстың шарты жоғарыда аталған тауар-ақшалай қатынастардың болуы және экономикалық заңдардың, соның ішінде құн заңының да іс-әрекеті болып табылады.
Ілгеріде, өндірістің социалистік әдісі жағдайларында бұл факторлардың іс-әрекеті шектелініп отырды: жұмыс күші тауар болып табылмады, өндіріс құралдары сонымен қатар орталықтан бекітілетін баға көмегімен де өткізілгенімен орталықтандырылған материалдық-техникалық жабдықтау жүйесі арқылы бөлініп отырды. Ұдайы өндірістің жоспарлығын қамтамасыз етуге шақыратын өндірілген өнімнің материалдық-заттай элементтерін қатаң регламенттелінген бөлу іс жүзінде өндіргіш күштердің дамуын буатын кедергіге айналды, себебі монополизмді туғызды, еркін саудада өнімнің жоқ кезінде тұтынушыны оны таңдау мүмкіндігінен айырды, сапаны арттыруды, ғылыми-техникалық прогресті дамытуды ынталандырмады.
Экономиканың жұмыс істеуінің рыноктық жағдайларында мемлекет тауар-ақшалай қатынастарды әлде қайда аз дәрежеде реттейді, негізгі реттеуіш тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің сұранымы мен ұсынымы болып табылады.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақшалай қатынастармен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі. Тауар өндірісінің негізіне тауар өндірушілердің экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі қойылған. Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық-заттай факторларының айырмашылығы мен олардың әр түрлі деңгейі жағдайларында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар нақтылы және затталынған еңбектің әр түрлі шығындарымен өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін өлшеудің қажырлы еңбектің және жұмсалынған күш-жігерге баламалы тұтынудың өлшемін ескере алатын айрықша механизмнің объективті қажеттігі туады. Бұған ақшаның және оның туынды экономикалық категорияларының, соның ішінде қаржының да көмегімен жетеді. Қаржы тауарлық қатынастардан тыс өмір сүре алмайды.Тек өндірілген тауарлар, қызметтер, адам еңбегінің басқа өнімдері айырбасталғанда, оларды белгілі бір ақшалай баламамен өткізгенде өндірушілердің түсім-ақшасы (табысы) жасалады. Түсім-ақша жиынтық қоғамдық өнімнің микроэлементі ретінде «с», «v» және «m» құрамды бөліктерін, яғни өндірістің жұмсалынған құрал-жабдықтары құнының мөлшерін, жұмыскерлердің жұмсалынған нақты еңбегін өтеуге сәйкесетін құнының бір бөлігін және жасалған қосымша өнім құнын кіріктіреді. Тиісінше өнімді, жұмыстарды, қызметтерді өткізуден алынған түсім-ақшадан өндірістің жұмсалынған құрал-жабдықтарының орнын толтыруға, еңбекке ақы төлеуге бағытталатын тиісті ақшалай қорлар бөлінуі тиіс, ал қосымша өнім құны қоғамдық өндірістің, өндірістік емес сфераның барлық қатысушыларының, қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерінің экономикалық мүдделерін қанағаттандыратын, сақтық қорлары мен резервтерін жасауға арналған бөліктерге бөлінуі тиіс.
Бөлудің бүкіл үдерісі өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну предметтері қорларын жасай отырып натуралдық-заттай нысанда да, сонымен бірге ақшалай нысанда да еңбектің аталған өнімдерін сатып алуға арналған ақшалай қорлардың қозғалысы арқылы болып жатады. Ақшалай қорларды қалыптастыру, тауарлық қатынастарда оларды пайдалану қаржыны пайдалану көмегімен жүргізіледі. Сөйтіп қаржы тауар-ақшалай қатынастармен байланысқан, олардың салдарлары болып табылады және сонымен бірге олардың жұмсалуына жәрдемдеседі.