Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Соңғы нұсқасы ҚҰЛПЫБАЕВ С Айгерим.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
7.15 Mб
Скачать

5.2. Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері

Мемлекеттің қаржылық қызметі оның ақшалай қорларын жасау, бөлу және пайдалану ­сияқты үш жалпы бағытта іс-әрекет ететін толып жатқан және сан қырлы функцияларында білінеді. Бұлардың әрқайсысындағы ажырағысыз элемент бақылау функциясы болып табылады.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің сан алуандығы қаржы жүйесін құрудың ерекшеліктерімен анықталады. Мемлекет әр түрлі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорларға, сондай-ақ меншіктің басқа нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақшалай қаражаттарына өзінің ықпалын жая отырып, бюджеттік ресурстарды, мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық қаражаттарды жасау, бөлу және пайдалану жөніндегі функцияларын жүзеге асырады.

Сол немесе өзге функциялардың мазмұнына, рөліне және іс-әрекетінің ауқымдарына қарай қаржылық қызмет мемлекеттік билік немесе мемлекеттік басқару (атқарушы-жарлықшы қызмет) түрінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік биліктің жоғары органы – Қазақстан Республикасының Парламенті, мемлекеттік биліктің жер-жердегі органдары – депутаттардың жиналысы – мәслихаттар. Атқарушы биліктің басшысы Президент болып табылады, атқарушы-жарлықшы қызметті Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті жерлерде – басшылар (әкімдер) және жергілікті әкімшіліктердің аппараты жүргізеді.

Мемлекеттің қаржылық қызметі мына факторларға:

мемлекеттің жұмыс істеуінің нақтылы кезеңдеріндегі оның міндеттеріне;

қаржылық құқық субъектілерінің қызметі негізделген меншіктің нысандарына;

мемлекет кірістерінің көздеріне;

ақшалай қаражаттарды пайдаланудың мақсаттарына;

мемлекеттің қарамағына түскен қаражаттар мен оларға деген қажеттіліктердің ара салмағына байланысты әр түрлі әдістермен жүргізіледі.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің мынадай әдістері пайдаланылады:

1.Орталықтандырылған мемлекеттік қорларға: мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға, сақтық және несиелік қорларға төленетін міндетті және ерікті төлемдердің әдістері. Міндетті төлемдерге салықтар, қаражаттардың аударымдары (әлеуметтік мақсаттарға, арнаулы және бюджеттен тыс қорларға аударымдар) жатады. Ерікті негіздерде жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру, мемлекеттік қарыздар, ақшалай-заттай лотереялар, банктерге салынатын салымдар және депозиттер бойынша төлемдердің бір бөлігі жүзеге асырылады.

2.Мемлекеттің ақшалай қаражаттарын бөлген кезде мына әдістерді ажыратады: қаржыландыру – қаражаттарды қайтарусыз және өтеусіз беру және кредиттеу – айтарымдылық және өтеулілік негіздерде ақша бөлу.

3.Қаржылық операциялар кезінде ақшалай қаражаттармен қолма-қол ақшасыз және қолма-қол ақша мен есеп айырысу әдістері қолданылады. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар басымырақ болуы тиіс, өйткені олар ақша айналысының шығынын қысқартады, мемлекеттің кәсіпорындармен, басқа шаруашылық ұйымдарымен және ішінара халықпен қарым-қатынастарында пайдаланылады

Сыртқы экономикалық байланыстарда мемлекет қызметінің нысандары мен әдістері түрліше болып келеді (20.2 параграфты қараңыз).