Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Соңғы нұсқасы ҚҰЛПЫБАЕВ С Айгерим.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
7.15 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары

  1. Қаржылық жоспарлаудың қажеттігі мен арналымы неде?

  2. Қаржылық жоспарлаудың міндеттері мен мақсаттары қандай?

  3. Қаржылық жоспарлаудың қаржылық болжаудан қандай айырмашылығы бар?

  4. Индикативтік жоспарлау дегеніміз не?

  5. Қаржылық жоспарлаудың қағидаттарын сипаттандар.

  6. Қазіргі кезде қаржылық жоспарлауда қандай әдістер қолданылады?

  7. Қаржылық жоспарлауды жасау қандай кезеңдерден тұрады?

  8. Қаржы жоспарларының негізгі түрлерін атап шығыңдар және олардың әрқайсысына қысқаша сипаттама беріңдер.

  9. Бизнес-жоспар дегеніміз не және ол қандай негізгі кестелер мен баланстарды қамтиды?

  10. Кәсіпорындар мен ұйымдар деңгейіндегі негізгі қаржылық көрсеткіш-терді атап шығындар.

  11. Қаржылық жоспарлау мен болжауды қандай бағыттарда жетілдіру керек?

5-тарау. Қаржылық қатынастарды құқықтық қамтамасыз ету

5.1. Қаржылық құқықтық қатынастар және қаржылық-құқықтық нормалар

Қоғамда пайда болатын қаржылық қатынастар құқықтық реттеуді қажет етеді. Бұл ретте қаржылық құқықтың әр түрлі нормалары қолданылады.

Қаржылық құқық – бұл қоғам дамуының тиісті кезеңіндегі мемлекеттің және басқа экономикалық субъектілердің міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті ақшалай қорларды жасау, бөлу және пайдалану үдерісінде пайда болатын қаржылық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жиынтығы.Ол біртекті қаржылық қатынастарға жататын жеке бағыттар бойынша: бюджеттік құқыққа, салықтық құқыққа, шаруашылықтық құқыққа межеленіп айырылады; қаржының кең ұғыным тұрғысында жалпы ақшалай қатынастар ретінде баян етілуіне байланысты қаржылық құқыққа сонымен бірге валюта және сақтық заңнамасын, банктік құқықты, мемлекеттік кредитті, ақша айналысын құқықтық реттеу сияқты бөлімдер де кіріктіріледі.

Қаржылық құқықта қаржылық құқықтық нормалар – құқықтың негізгі бастапқы элементтері, яғни құқық белгілеу органы қабылдаған және қаржылық қатынастардағы мемлекеттік мәжбүрлеу (күштеу) шараларымен қамтамасыз етілген қылықтың қатаң белгілі бір ережесі пайдаланылады. Сөйтіп, қаржылық-құқықтық нормалардың императивтік (әмірлік, бұйрықтық) сипаты болады. Қағида бойынша, олардың үзілді-кесілді нысанда көрінетін талаптары болады және оларды беталды өзгерте беруге жол берілмейді, қаржылық қатынастар қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің ауқымын дәл анықтайды. Қаржылық-құқықтық нормалар міндеттеушілік, тиым салушылық және уәкілеттілік (яғни белгілі бір іс-қимылдарды жасауға бағытталған қаржылық қатынастар қатысушыларының бекітуші құқықтары) болып бөлінеді.

Сөйтіп, базистік болып табылатын қаржылық қатынастар қаржылық-құқықтық нормаларды пайдаланған кезде қаржының құқықтық қатынастарына жаңғырады (5.1 сызбаны қараңыз). Қаржының қосалқы категорияларының сыныптамасына сәйкес қаржылық құқықтық қатынастар бюджеттік, салықтық, мемлекеттік кредиттік, қаржылық шаруашылықтық, сақтық, валюталық қаржылық, есеп-қисаптық, бақылау және т.б.болып бөлінеді. Олардың қатысушылары субъективті заңи құқықтар мен міндеттер арқылы өзара байланыста болады, ал байланыстар (қатынастар) мемлекеттің мәжбүрлеуші күшімен қорғалады.