Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Соңғы нұсқасы ҚҰЛПЫБАЕВ С Айгерим.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
7.15 Mб
Скачать

1.1 Сызба. Қоғамдық жүйедегі қатынастардың дәйектілігі (бағыныңқылығы)

Жалпы қоғамдық қатынастар

Өндірістік қатынастар

Экономикалық қатынастар

Ақшалай қатынастар

Қаржылық қатынастар

Салықтық

Бюджеттік

Мемлекеттік-кредиттік

Ішкішаруашылықтық

Шаруашылықаралық

Үй шаруашылықтарының

Сыртқы экономикалық

Қаржылық қатынастар қаржылық мүдделер жайында, негізінде – ақшалай тұлғаланымда, ақшалай өлшенімде ортақтастырылған қатынастар субъектілерінің материалдық мүдделері жайында пайда болады. Кез келген экономикалық субъект басқа субъектке талаптар қоюы сияқты оның оған міндеттемелері де болуы мүмкін.

Қоғамдық қатынастар тауарларды, игіліктерді және қызметтерді қоғамдық өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну үдерісінде қалыптасады, бұл тауарлар, игіліктер және қызметтер осы үздіксіз жалғасып жататын төрт стадияның (фазаның) өзара байланысы және өзара тәуелді үйлесімі ретіндегі ұдайы өндірісті сипаттайды. Ұдайы өндіріс стадиялары қоғамдық өндіріс үдерісінің қатысушылары арасында тауарлық қатынастардың болуын айқындайды, өйткені өндірілген өнімдер сатып алуға-сатуға жататын тауарлар ретінде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау және бөлу стадияларынан өтеді. Бұл ретте материалдық өндіріс қатысушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс.

Сөйтіп, жалпы қоғамдық өнімнің құны мақсатты арналымдар мен субъектілер бойынша бөлініп, олардың әрқайсысы өндірілген өнімдегі өзінің үлесін алуы тиіс.

Өз кезегінде тауарлық қатынастардың болуы экономикалық агенттердің еңбегін бөлу қажеттігінен барып шығады, бұл олар мамандандырылған еңбектің, орындалатын қызметтердің нәтижелерімен, әр түрлі өндірілетін игіліктермен олардың саны мен сапасына сәйкес айырбасталуы тиіс.

Жасалынған игіліктер мен құндылықтарды өлшеу құн өлшемі мен жалпыға ортақ балама ретіндегі ақшаның көмегімен жүзеге асады. Сондықтан материалдық және материалдық емес игіліктердің, қызметтердің өндірілген массасының – қоғамдық өнімнің – натуралдық - заттай тұлғаланымен бірге оның ақшалай тұлғаланымы да болады. Қозғалыстың құндық нысаны натуралдық-заттай нысандағы өнімнің қозғалысын ортақтастыратын белгілі бір ақшалай қорларды тудырады. Басқаша айтқанда, өнімнің өндірістен тұтынуға өтуі тек тиісті ақшалай қорларды жасау, бөлу және пайдалану арқылы болады. Осы кезде пайда болатын ақшалай, экономикалық қатынастар қаржының ұғымын құрады. Қоғамдық өнімнің нақтылы іске асырылуының екі нысанының болуы қоғамдық өндірістің әрбір қатысушыларының қажеттіліктеріне сәйкес оны түпкілікті тұтынуға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін құндық категориялар – ақша, баға, қаржы, еңбекақы, кредит және басқалары пайдаланылады.

Ұдайыөндірістік үдерістің түрлі стадияларында жекелеген экономикалық категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.

Қаржылық қатынастардың пайда болуын олардың жұмыс істеу сферасына қарай – экономиканың бастапқы буындарында яғни материалдық өндіріс сферасында – нақты секторда, немесе қоғамдық, соның ішінде экономикалық өмірді де реттейтін ұйым ретіндегі мемлекеттің қаржысы сферасында қадағалап отыруға болады.

Қаржының мәнін түсіну үшін бірінші жағдайда ұдайыөндірістік үдерісте (кейбір шаруашылық жүргізуші субъектінің – өндірушінің өндірістік қорларының жалпы немесе жеке толық айналымында) есептеу нүктесі үшін құн бөлінісінің мезетін және дайындалған өнімді өткізу кезіндегі оның ақшалай нысанда біршама өздігінше қозғалысының бастауын алуға болады.

Өндірістің алдын ала шарттасылған сипаты кезінде «С», «V» және «m»-ге сәйкес элементтерге бөлінетін сатылатын өнім құрылымының үйлесімдері (пропорциялары) қалыптасады және оларға сәйкес ақшалай қаражаттардың қорлары немесе бұл қаражаттардың қорланымдары жасалынады.

Үлкейтілген түрде экономикадағы құн қозғалысын ұдайы өндіріс үдерісіндегі құнның басты компоненттерін сипаттайтын оның осы негізгі элементтері бойынша қадағалап отыруға болады:

Р = С + V + m

мұндағы: Р – жиынтық (жалпы) қоғамдық өнім; С – өндірістің

материалдық шығындары; V – қажетті өнімнің құны; m – қосымша өнімнің құны.

Бұл ретте айналым қаражаттарының қорлары, амортизациялық және басқа аударымдар (мысалы, әлеуметтік қажеттерге аударылатын аударымдар), еңбекке ақы төлеу қоры, пайда* бөлінеді.

Бұдан ары бөлудің анықталатын нормативтерімен белгіленген үйлесімдерге сәйкес құнның аталған элементтерін қайта бөлу үдерісі болады. Алынған табыстың немесе пайданың бір бөлігі мемлекеттің қарамағына оның орталықтандырылған қорларын қалыптастыру үшін аударылады, басқа бөлігі өндірушіде қалады және оның қалауы бойынша пайдаланылады.

Егер «С» элементіне сай келетін құнның бір бөлігі өндірістік үдерістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін өнімді өткізгеннен кейін еңбек предметтерін – айналым қорларын (айналым капиталын) сатып алуға авансыланса, онда «m» элементінен, одан басқа, қорланымға, яғни еңбек құралдарын – сонымен бірге

бұл үздіксіздікті қамтамасыз ететін өндірістің аса маңызды факторы – негізгі қорларды (негізгі капиталды) сатып алуға бағытталатын бөлігі бөлінуі мүмкін.

Қалыптастырылған ақшалай қорлар қайта бөлуге, ұсақтауға немесе, керісінше, қаражаттардың мақсатты арналымына қарай ірілендіруге, оларды атаулы бағыттауға немесе өндірістік және өндірістік емес қорлардың (капиталдың) толық айналымы үдерісінде пайдалануға ұшырайды. Сөйтіп, шаруашылық жүргізуші субъекті жасаған құнның бір бөлігі осы субъектінің толық айналымында қалады, бір бөлігі еңбекке ақы төлеу, әлеуметтік шығыстар нысанында жұмыс күшін ұдайы толықтыруға жұмсалады, материалдық және материалдық емес игіліктер мен қызметтерге айырбасталады, тұтынылады және одан ары қозғалыстан шығып қалады.

Материалдық өндірісте жасалған құнның едәуір бөлігі жалпы мемлекеттік қажеттерге беріледі және ақшалай нысанда өздігінше қозғалыс алып, мемлекеттің кірістері ретінде мемлекеттің қаржылық қатынастарының сферасына кіріктіріледі. Экономиканың бастапқы буындарының табыстарынан аударылатын аударымдарынан басқа мемлекет халықтың қаражаттарының бір бөлігін салықтар, ерікті төлемдер – қарыздар, лотереялар, мемлекеттің қатысуымен банктерде сақталынған жинақ ақшалар нысанында жұмылдырады. Қаражаттардың бір бөлігі мемлекеттік, жекеше, қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдардан және халықтан әр түрлі төлемдер, аударымдар, алымдар түрінде қор және қор емес нысанында түседі. Орталықтандырылған ақшалай қорларды – мемлекеттік бюджетті, әлеуметтік сақтандыру қорларын, түрлі бюджеттен тыс қорларды қалыптастыру арқылы мемлекет деңгейінде қаржылық қатынастардың нысандары осылай пайда болады. Қаржылық қатынастардың бұл бөлігі сан алуан және аталған қорларды мемлекеттік басқарудың түрлі деңгейлерінде – жалпыұлттық, жергілікті деңгейлерде жасаумен, сондай-ақ аталған деңгейлерде сонымен бірге салалық, ведомстволық, өңірлік, әлеуметтік қағидаттар бойынша қайта бөлумен және пайдаланумен байланысты. Бұдан басқа, ақшаның және қорлардың қозғалысы мемлекеттік ұзақ мерзімді мақсатты бағдарламаларды – өндіргіш күштерді дамыту, әлеуметтік, экологиялық, ғылыми, өңірлік және басқаларын орындаумен шарттасылған.

Ең ақырында, ұдайыөндірістік үдерістің барлық стадияларынан өте отырып, қоғамдық өнім жаңғырады және үш өзіндік қорда: орнын толтыру қорында, тұтыну қорында және қорлану қорында іске асады (1.2. сызбаны қараңыз).