- •Isbn 9965-803-47-1
- •Isbn 9965-803-47-1
- •1.1 Сызба. Қоғамдық жүйедегі қатынастардың дәйектілігі (бағыныңқылығы)
- •1.2 Сызба. Қоғамдық өнімді өндіру, оның құнын бөлу және қайта бөлу
- •Сызба. Қаржы қажеттігінің факторлары
- •1.2 Ұлттық өндіріс көлемдерін өлшеу.
- •Қаржының айрықшалықты белгілері
- •1.4. Қаржының функциялары және рөлі
- •1.5. Құндық экономикалық категориялардың өзара іс-әрекеті мен өзара байланысы
- •1.6. Қаржылық ресурстар мен қорлар қаржылық қатынастардың объекті ретінде
- •1.4 Сызба. Қаржылық ресурстардың құрамы
- •1.7. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары
- •1.7 Сызба. Қаржылық қорлардың сыныптамасы
- •1.5 Сызба. Функциялық критерийі бойынша қаржы жүйесінің құрылымы
- •1.6 Сызба. Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің сызбасы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Қаржылық саясаттың мазмұны, міндеттері және қағидаттары
- •2.1 Сызба. Қоғамдық-экономикалық формацияның базис және қондырма жүйесіндегі қаржы
- •2.2. Қаржылық саясатты жасау
- •2.3 Қаржылық механизмнiң мазмұны мен құрылымы
- •2.2 Сызба. Қаржылық механизмнiң жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1 Қаржыны басқару ұғымы
- •3.2. Мемлекеттің қаржысын басқару
- •3.3. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару
- •3.4. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері, қағидаттары және әдістері
- •4.2. Қаржы жоспарларының жүйесі
- •4.3. Қаржылық көрсеткіштер
- •4.4 Қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Қаржылық құқықтық қатынастар және қаржылық-құқықтық нормалар
- •5.1 Сызба, Қаржы мен құқықтың өзара іс-әрекеті. Қаржылық-құқықтық механизмнің қалыптасуы
- •5.2. Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері
- •5.3. Қаржы заңнамасы жүйесіндегі қаржылық-құқықтық актілер
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидаттары
- •6.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы
- •6.1. Сызба. Түрлері бойынша қаржылық бақылаудың сыныпталуы
- •6.3. Аудиторлық бақылау (аудит)
- •6.4. Қаржылық бақылаудың әдістері
- •6.5. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру негіздері
- •Бақылау сұрақтары
- •7.1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны
- •7.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
- •7.1 Сызба. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
- •7.3. Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері
- •7.4 Шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігін жаңғыртудың қаржылық ерекшеліктері және оның әртараптандырылуы
- •Бақылау сұрақтары
- •8.1. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері
- •8.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қорлары
- •8.3. Өндірістік капиталдар және шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің қаржылық нәтижелері.
- •Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметі нәтижелерінің қалыптасу сызбасы
- •8.5. Компаниялардың, фирмалардың қаржылық менеджменті
- •Бақылау сұрақтары
- •9.1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру
- •9.2. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері
- •9.3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердін шығыстары
- •Бақылау сұрақтары
- •10.1. Мемлекеттің экономикалық қызметі
- •10.1 Сызба. Құйылым шығындары
- •10.2 Сызба. Құйылым пайдалары
- •10.3 Сызба. Құйылым пайдаларын реттеу
- •10.2 Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер
- •10.4 Сызба.Тауар әлеміндегі қоғамдық тауарлар, қызметтер, игіліктер
- •10.3. Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы
- •10.5 Сызба. Қазақстанның мемлекет қаржысының құрамы
- •Бақылау сұрақтары
- •11.1. Мемлекет кірістерінің мәні
- •11.1 Сызба. Қаржылық ресурстар, мемлекеттің кірістері мен шығыстары
- •11.2 Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •12.1. Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
- •12.2. Қазақстанның салық жүйесі
- •1) Салықтар:
- •2) Бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер:
- •12.3. Салық салуды ұйымдастыру
- •12.1. Сызба. Салықтық механизмнің элементтері
- •12.2. Сызба. Салық нұсқамасы
- •12.3 Сызба. Үйлесімді және прогрессивті салық салу
- •12.4. Корпоративтік табыс салығы
- •12.4 Сызба. Корпоративтік табыс салығын есептеу және өндіріп алу
- •12.5. Жеке табыс салығы
- •12.6. Шетелдік заңи және жеке тұлғалардың табыстарына салық салу
- •12.2 Кесте. Бейрезиденттердің табыстары бойынша төлем көзінен салық салу мөлшерлемелері
- •12.7. Жанама салықтар
- •12.5 Сызба. Есепке жатқызылған ққс-ты өндіріп алу
- •12.3 Кесте. Ққс-тың іс-әрекет механизмінің сызбасы
- •12.8. Экспортқа рента салығы
- •12.9. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары
- •12.10. Әлеуметтік салық
- •12.11. Меншікке салынатын салықтар
- •12.12. Құмар ойын бизнесі салығы
- •12.13. Тіркелген салық
- •12.14. Арнаулы салық режімдері
- •12.15. Басқа міндетті төлемдер
- •12.16. Салықтарды аудару
- •12.6 Сызба.
- •12.17. Салықтардан жалтарыну
- •Бақылау сұрақтары
- •13.1. Мемлекет шығыстарының мәнi, құpaмы және сыныптамасы
- •13.2. Экономиканы қаржыландыру
- •13.3. Ғылыми-техникалық прогресті қаржыландыру
- •13.4. Әлеумeттiк-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар
- •13.5. Халықты әлеуметтiк қopғay шығыстары
- •13.6. Қорғанысқa және басқаруға жұмсалатын шығыстap
- •Бақылау сұрақтары
- •14.1. Мемлекеттік бюджеттің мазмұны, әлеуметтік-экономикалық мәні және рөлі
- •14.1 Сызба. Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы
- •14.2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
- •14.2 Сызба. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
- •14.3 Сызба. Баланстандырылған бюджеттік әдістің іс-әрекеті.
- •14.3 Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік реттеу механизмі
- •14.4. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
- •14.4 Кесте. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің құрамы мен құрылымы
- •14.5. Бюджеттік сыныптама
- •14.6. Бюджет тапшылығы, оның сыныптамасы. Бюджет тапшылығының тұжырымдамалары
- •14.7. Бюджеттік үдеріс
- •Бақылау сұрақтары
- •15.1. Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
- •15.2. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
- •15.1 Кесте. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерімен шығыстарының көлемі және құрылымы (2008 ж)
- •15.3. Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс
- •15.4. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
- •Бақылау сұрақтары
- •16.1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •16.2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.3. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.4 Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
- •16.4 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
- •Бақылау сұрақтары
- •15.1. Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
- •15.2. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
- •15.1 Кесте. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерімен шығыстарының көлемі және құрылымы (2008 ж)
- •15.3. Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс
- •15.4. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
- •Бақылау сұрақтары
- •16.1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •16.2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.3. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.4 Қазақстанның Республикасының Ұлттық қоры
- •16.4 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
- •Бақылау сұрақтары
- •Пен мемлекеттік борыш
- •17.1 Мемлекеттік кредиттің мәні
- •17.2. Мемлекеттік кредиттің нысандары мен әдістері
- •17.3. Сыртқы (халықаралық) кредит
- •17.4. Мемлекеттік борыш
- •17.2 Сызба. Мемлекеттік кредиттегі себеп-салдарлық өзара байланыстар
- •17.5. Елдің сыртқы борышы
- •17.1 Кесте.Сыртқы борыштың салыстырмалы параметрлері
- •17.2 Кесте. Жалпы сыртқы борыштың динамикасы, млрд ақш долларында.
- •17.6. Мемлекеттік борышты басқару
- •17.7. Мемлекеттік борыштың экономикалық салдарлары
- •17.2 Сызба. Өндірістік мүмкіндіктердің қисық сызығы
- •17.3 Сызба.
- •17.2 Кесте. Орта мерзімді кезеңдегі мемлекеттік берешек параметрлерінің шоғырланымдық ұлғаюы
- •Бақылау сұрақтары
- •IV бөлім. Үй шаруашылықтарының қаржысы
- •18.1. Үй шаруашылықтары қаржысының ұғымы және функциялары
- •18.1 Сызба. Экономикалық жүйеде ресурстардың, өнімдердің және табыстардың толық айналымы
- •18.2. Үй шаруашылықтарының қаржылық ресурстары және бюджеті
- •18.3. Үй шаруашылықтарының табыстары және олардың құрамы
- •18.4. Халықтың тұрмыстық деңгейін мемлекеттік реттеу
- •18.2 Сызба. Лоренцтің қисық сызығы
- •18.5. Мемлекеттік әлеуметтік трансферттер
- •18.1 Кесте. Табыс тұрғысынан Қазақстандағы кедейлік деңгейі
- •18.6. Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі
- •18.7. Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстары және олардың сыныптамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •Және әлеуметтік негіздері
- •19.1. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары
- •19.2. Мүліктік және жеке басты сақтандыру ерекшеліктері
- •19.3. Әлеуметтік сақтандыру
- •19.4. Медициналық сақтандыру
- •19.5. Сақтық рыногы
- •Бақылау сұрақтары
- •20.2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы
- •20.3. Фискалдық саясаттың нұсқалары
- •20.4. Экономикалық реттеу теорияларындағы қаржы
- •20.5. Рыноктық тепе-теңдікке салықтардың әсері
- •Бақылау сұрақтары
- •21.1. Қаржы рыногы туралы ұғым
- •21.1 Сызба. Қаржы рыногы мен бағалы қағаздар рыногының өзара байланысы
- •21.2. Бағалы қағаздар рыногы. Бағалы қағаздардың сыныптамасы.
- •21.2 Сызба. Бағалы қағаздардың сыныптамасы
- •21.3. Бағалы қағаздардың шығарылымы және айналысы.
- •21.4. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары
- •21.5. Қор биржасы
- •21.6 Қор рыногының индикаторлары
- •Бақылау сұрақтары
- •Байланыстар жүйесіндегі қаржы
- •22.1. Сыртқы экономикалық қызметтің сипаттамасы және оның даму бағыттары
- •22.2. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері
- •22.1 Кесте. Валюта бағамдары өзгерімінің экспорт пен испорттың көлеміне әсері (шетелдік ақшалай өлшемдерінде – шет. Ақшалай өлш. Және ұлттық ақшалай өлшемінде – ұлт. Ақшалай өлш.)
- •22.3. Сыртқы экономикалық қызметті салықтық реттеу
- •22.2 Кесте. Кеден баждарының түрлері
- •22.3. Валюталық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану
- •22.4. Елдің төлем балансы
- •22.3 Кесте. 2008 жылғы Қазақстан Республикасының жиынтық төлем балансы
- •Бақылау сұрақтары
- •23.1. Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы.
- •2 3.1 Сызба. Қаржы мен инфляцияның өзара іс-әрекеті
- •23.3 Сызба. Инфляциялық шиыршық
- •23.2. Сызба. Инфляциның сипаттамасы және оның іс-әрекеті.
- •23.2. Инфляцияға қарсы саясат шаралары
- •Бақылау сұрақтары
23.3 Сызба. Инфляциялық шиыршық
23.2. Сызба. Инфляциның сипаттамасы және оның іс-әрекеті.
САЛДАРЛАРЫ
Халықтың, шаруашылық
жүргізуші субъектілердің, мемлекеттің
нақты табыстарын қысқарту
Инвестицияны
қысқарту
Экономика
басқарылымының
нашарлауы
Ғылыми-техникалық
прогресті оқшаулау
Рыноктық экономиканың механизмі – бәсеке мен тиімсіз кәсіпорындардың банкроттығы жеткіліксіз қалыптасқанда, ал өндірістің жеке салаларында ол жоқ болғанда инфляция дамиды. Еркін бәсеке жағдайында, мемлекет шығыстарын немесе кредиттерді қысқарту жөніндегі шаралармен туындайтын сұранымның төмендеуі кезінде кәсіпорын не өндірістің көлемін қысқартуға, не оның шығындарын төмендетуге мәжбүр болады. Макроэкономикалық деңгейде мұнымен қатар не іскерлік белсенділіктің құлдырауы, не бағалардың төмендеуі болады. Алайда фирмалар, компаниялар жағдайының жақсаруына үміттене отырып, рынокта тұра алуға тырысады және бағалар мен өндіріс шығындарын төмендетуге мәжбүр болады. Үдерістің жаппай ауқымды әрекеті инфляцияның төмендеуіне мүмкіндік жасайды.
Монополияландырылған экономикада бұл механизм әрекет етпейді, өйткені өндіруші-кәсіпорын шикізат, материалдар, шала фабрикаттар, жинақтау бұйымдары, жабдық, саймандар жеткізушілерін таңдай алмайды. Ол жеткізушілер тарапынан белгіленген бағалармен келісуге мәжбүр болады және жоғарылатылған бағаларды өзінің тұтынушыларына, тұтынушылар өз кезегінде ары қарай технологиялық өзгертіп жасау бойынша түпкі тұтынушыға – халыққа аударып салады. Мұндай жағдайда бюджет шығыстарын және кредиттерді шектеу жөніндегі шаралар өндірістің құлдырауына жеткізеді.
Инфляция сыртқы экономикалық қызмет тарапынан арандатылуы мүмкін, бұл – импортталатын және экспортталатын инфляция. Бірінші жағдайда ол шетелдік валютаның шамадан тыс түсімінен және импорттық бағалардың жоғарылауынан туады. Түскен шетелдік валютаны коммерциялық банктер орталық банкте депозиттейді, орнына ұлттық валютада баламалы сома алады; банк пассивтері артады, мұның өзі оларға кредиттік операцияларды және кредиттік экспансияны кеңейтуге мүмкіндік береді, ұлттық валютада номиналдандырылған ақша ауқымының көбейіп кетуіне қозғау салады.
Экспортталатын инфляция тауарлар мен қызметтер көрсетуге экспорттық бағаның көтерілуінен туады, бұл тұтынушы-елдерде, соның ішінде дамып келе жатқан елдерде бағаның өсуіне соқтырады. Инфляциялар халықаралық корпорациялардың – рыноктардағы үстемдік жағдайды пайдаланатын монополиялардың қызметіне қозғау салады. Корпорациялардың валюталық операциялары олар болған елдерде несиелік капиталдың қосымша ұсынымын және сұранымының артуын жасайды; сөйтіп шетелдік валютаның қосымша ауқымы айналысқа түседі және коммерциялық және орталық банктер арқылы ұлттық ақша айналысқа шығарылады.
Тұтас алғанда инфляцияның себептері базистік қатынастардың қарама-қайшылықтарынан, экономикадағы үйлесімсіздіктер мен дағдарыстан, оның өздігінен дамуға қабілетсіздігінен, бүкіл қоғамдық өндірістің төмен тиімділігінен болады.
Инфляцияның көрініс нысаны – ақшаның құнсыздануы мен өнімге, тауарларға және қызметтерге бағаның көтерілуінде тұлғаланатын оның сатып алуға қабілеттілігінің тиісінше төмендеуі. *
Инфляцияның табиғаты ақшаның онымен салыстырмалы тұлғаланатын тауар ауқымынан оқшауландырылған қозғалысты жүзеге асыратын қабілеттілігінде. Ақшаның жұмыс істеу негізі болып табылатын оның бұл қасиеті оған өзінің арналымын – тауар, төлем айналымына қызмет көрсете отырып, тиімді орындауға, қорланым мен құнды сақтаудың құралы болуға мүмкіндік береді. Бірақ ақшаның бұл қасиеті мемлекет белгілеген өлшемге сәйкес оның саны мен оған қарсы тұратын құнның натуралдық заттай –компоненттерінің сәйкестігі жағдайында көрінеді. Жалпы түрде мұндай тәуелділік айырбас теңдеуі арқылы көрінеді:
P x Q = M x V
мұндағы сол жақ бөлігі қоғамдық өнім құнын, (Р – баға, Q – саны) ал оң жағы ақша айналысының жылдамдығын ескере отырып ақшаның санын (М – ақша массасы, V – айналыс жылдамдығы) білдіреді.
Ұлттық өндірістің артуы жағдайында ұдайы өндіріс үдерістерінде материалдық ағындарға қалыпты қызмет көрсету үшін ақшаның саны үйлесімді өсуі тиіс, өндіріс төмендеген кезде ақшаның артық санын айналыстан алу қажет. Алайда, практикада соңғы шарт бірқатар себептер бойынша ылғи орындала бермейді, бұл себептер тиісінше инфляцияның өмір сүруінің себептері де болып табылады.
Қазіргі мемлекет қаржылық қаражаттардың, бірақ өзінің негізгі бөлігінде тауар айналысымен байланысты емес едәуір көлемдерін керек ететін саналуан функциялар орындайды. Бұл халықтың аз қамсыздандырылған топтарын әлеуметтік қолдау шығыстары, денсаулыққа, мәдени-ақпараттық мақсаттарға, білімге, басқаруға, қорғанысқа жұмсалатын шығыстар. Кінәратсыз экономика жағдайында мұндай шығыстардың көбеюі оның өздігінше дамуына жәрдемдесуі мүмкін, өйткені тауарлардың көбеюін және ұлттық өндірістің өсуін ынталандыра отырып, тиісті өнімге, қызметтерге, тауарларға қосымша төлем қабілеті бар сұранымды туғызады.
Тұралаушы экономикада мұндай шараларды қаржыландыру үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың қарыздар арқылы жұмылдырылуы мүмкін болатын бос ақшалай қаражаттарының сияқты салықтық түсімдердің жетіспеушілігі сезіліп тұрады. Мұндай жағдайда бұл шығыстарды жабудың бірден-бір көзі ақшаның қосымша эмиссиясы болып табылады.
*Басқа нысандары да бар: шетелдік валюта бағамдарының көтерілуі және тиісінше, ұлттық валюта бағамының төмендеуі; қағаз ақшаларда тұлғаланатын алтынның рыноктық бағасының көтерілуі (алтынның бұл санын атаулы түрде көрсететін ақша-қағаз белгілерінің санымен салыстырғанда).
Өндірістік емес сфераны қаржыландыру міндеттіліктерімен қатар мемлекет дағдарыстық жағдайда көпшілік қолды тауарларға салыстырмалы төмен бағаларды қолдау қажеттігінен залалды болып табылатын өндірістік сфераның қызметін қамтамасыз ететін салаларды қолдап отырады. Бұл қолдау не шаруашылық субъектілерге тура қаржылар бөлуде, не залалдарды өтеуге берілетін жәрдемақыларда, не мұндай субъектілерді жеңілдікпен несиелендіруге банктердің төмен пайыздық мөлшерлемелерін өтеуде көрінеді; сондай-ақ бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерге берілетін кредиттерге кепілдік берілуі мүмкін. Барлық жағдайда, әдеттегідей, баламалы қаржылық ресурстардың алынған көлемі түрінде экономикаға қажетті қайтарым әкелмейтін қосымша ақшалай қуат беру болады.
Инфляция өндірістік сфераға, халықтың көптеген жігінің материалдық жағдайына, инвестициялық қызметке қауіпті әсер етеді.
Тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуінде тұлғаланған ақшаның сатып алуға жарамдылығының құлдырауы, баға құрылымының өзгеруі халықтың, әсіресе төмен, сондай-ақ тіркелген табыстар алатын оның жіктерінің материалдық жағдайын түсіреді. Бағалардың көтерілуінен халықтың атаулы табыстары өсуінің артта қалуының нәтижесінде нақты табыстар қысқарады. Табыстардың үнемі инфляциялық құнсыздануы халықтың жаңа және жаңа массаларын кедейлік шегінің сыртында қалдыра береді. Өндірістің қысқаруы жұмыссыздар санының өсуі есебінен әлеуметтік жайсыз жағдайдың үдерісін күшейтеді; оларды ұстау мемлекетке аударып салынады, ал мемлекет өз кезегінде мемлекет кірістерінің құнсыздануымен және шығыстарының, соның ішінде әлеуметтік мұқтаждарға көбеюімен байланысты қиыншылықты бастан кешеді.
Инфляция инвестицияларға ауыр соққы болып тиеді; қаржыландыру көздерінің құнсыздануынан ұзақ мерзімді жұмсалымдар жүзеге аспай қалады. Жобаны жүзеге асыруға жұмсалатын болашақ шығындардың тұрлаусыздығы кезінде бұл жобаның нақты құнын анықтау қиынға түседі. Инвестициялық тауарлардың шапшаң өскелең бағалары тапсырыс берушілердің қарамағындағы қорланымдары қорларына немесе жекеше тұлғалардың жинақ ақшаларына сиыспайды. Инвестициялық белсенділік әлсірейді, мұның өзі болашақ өндіріске қауіп төндіреді, өйткені қолданыстағы негізгі капиталдар тозады, сапалық және табиғи жағынан ескіреді. Негізгі капиталдар тозуының артуы өнімділіктің төмендеуіне және ұсынымды төмендететін өнім өндірудің қысқаруына жеткізеді.
Бұл үдеріспен қосарлана өндірісті ғылыми-техникалық жетілдіру шектеледі. Бұл сфера инфляцияның өзіндік ерекшелігіне қарай күйреткіштік іс-әрекетін бастан кешіреді: ғылыми-техникалық және технологиялық зерттемені жүргізу және ендіру жұмсалынған қаражаттардың тез қайтарымымен қосталынбайды және оларды қаржыландыру пайдасыз болады. Бұл қоғамды ғылыми-техникалық және технологиялық тоқырауға ұшыратады.
Шығындар инфляциясымен және осыған байланысты мемлекет кірістерінің құнсыздануымен қоздырылатындықтан бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама факторы болғанымен инфляцияның классикалық көзі – мемлекеттік бюджет тапшылығы Қазақстан үшін де сипатты.
Тапшылықты ақша эмиссиясымен жабу оның инфляциялық құнсыздануына ұшыратады және бұл үдерістерде инфляция мен бюджет тапшылығы тұйық себеп-салдарлық заңдылықты жасай отырып өзара күшейе түседі. Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің тапшылығы тіпті КСРО-ның кезінен экономиканың теңгерімсіздігінің тұрақты салдары болып табылады. Ол ірі жәрдемқаржылармен, ал кейін одақтық бюджеттен субвенциялармен жабылып отырады. Бюджет тапшылығы Қазақстанның егемендігі жағдайында да сақталып отыр: бюджеттің шығыстары бөлігіне қатысты ол 1991ж – 20,4%-ды, 1992ж – 8,6%, 1993ж – 11,9%, 1994ж – 10,2%, 1995ж – 17,4%, 1996ж – 15,4%, 1997ж – 17,7%, 1998ж – 18%, 1999ж – 14,3%, 2000ж – 0,5%, 2001ж – 1,7%, 2003ж –4,3% , 2004 ж – 1,4%-ды құрады. 2005-2006 жылдары бюджет профицитпен атқарылды – тиісінше + 2,4 және +3,82% болды; 2007 жылы бюджет тапшылығы 8,0%-ды, 2008 ж – 9,8%-ды, 2009 жылы – 3,1%-ды құрады.
Инфляциялық нәтижені тудырған жаңа салықтарды – алғашқы мөлшерлемесі 28% қосылған құн салығын, акциздерді, экспорттық және импорттық кеден баждарын енгізу, өнімнің өзіндік құнына қосылатын қаражаттар аударымдарын экономиканы жаңғырту қорына (бұрын – инвестициялық қор), халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорына аудару, әлеуметтік сақтандыруға аударылатын аударымдарды бірден көбейту сияқты қаржылық және әлеуметтік шараларды асығыс жүргізу инфляцияның дамуына мүмкіндік туғызды.
Инфляция дамуының қосымша факторы пайдаланылатын кредиттер бойынша пайыздарды өндіріс шығындарына жатқызудың тәртібі болып табылады; кредит үшін төлемақының өсуі жағдайында бұл өнімнің өзіндік құнының, оның өзін шала бағаның да өсуіне соқтырады.
Айтылған факторлар өндіріс шығындарын – өндірушілер инфляциясын арандатушы факторларға жатады.
Бағалардың артуы жағдайында халықтың, әсіресе жеке кәсіби және әлеуметтік топтардың әлеуметтік дәмегөйліктерінің өсуін инфляцияны жеделдету факторы деп есептеуге болады.
