Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Соңғы нұсқасы ҚҰЛПЫБАЕВ С Айгерим.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
7.15 Mб
Скачать

2 3.1 Сызба. Қаржы мен инфляцияның өзара іс-әрекеті

Инфляция бағалардың индексімен өлшенді: қазргі кезеңнің тұтыну арналымының тауарлар мен қызметтер жинақтылымының бағалары сомасының қатынасымен және базалық кезеңнің осындай жинақталым бағаларының сомасымен (салыстыру үшін тауарлардың қолайлы жинақталымы таңдап алынуы мүмкін). Барлық тауарлар бағаларының динамикасы бағалардың жалпы жиындық индексімен өлшенеді; өлшеу үшін сондай-ақ бағалардың топталған индекстері пайдаланылады, мысалы, көтерме бағалар индекстері. Инфляция қарқынының көрсеткіші есепті және базалық кезеңдерден инфляциясы индекстерінің ара қатынасымен өлшенеді.

Қазақстанда тұтыну тауарларының бағасы мен қызметтер көрсетудің тарифтері өткен жылға қарағанда былайша өсіп отырды (есе): 1990ж –1; 1992ж –2,5; 1993ж –30,6; 1994ж –22,7; 1995ж –1,60; 1996ж –1,39; 1997ж –1,17; 1998ж –1,07; 1999ж –1,18; 2000ж –1,13; 2001ж –1,06; 2002ж –1,07; 2003ж –1,068; 2004ж –1,069; 2005ж –1,075; 2006 ж. – 1,086; 2007 ж. – 1,108; 2008 ж. – 1,095.

Егер инфляцияның қарқыны жарты жыл ішінде және одан көбірек жағдайда айына 50 пайыз (немесе аптасына 11,5 пайыз) көпшілік таныған деп арналады құраса, онда мұндай деңгей әсіреинфляцияға сәйкес келеді.Сөйтіп,Қазақстанда бұл деңгей 1992-1995жж.ішінде айтарлықтай асып түсті.

Соңғы жылдардың ішінде баға сферасында ең сәтті жыл 2001 жыл болды,бұл жылы Қазақстанда инфляция денгейі 6,4%-ға дейін төмендеді. Келесі жылдары оның денгейін 3-5%-ға дейін төмендетуге сәті түседі деп ұйғарылды. Алайда 2002 жылдан бастап бағалардың өсуін бәсендету үрдісі тоқталды.

Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша инфляция баяулап 2009 жылы жылдық тұлғаланымда 6,2%-ды (2008 жылы – 9,5%-ды) құрады ал орта есеппен ол жылына 7,3%-да қалыптасты. Бұл 2008 жылмен салыстырғанда 3,3%-ға төмен.

2009 жылдың соңына инфляция 8,0-8,5 деңгейінде бағалануда,. Инфляция бойынша болжамды параметрлердің төмендеуі әлемдік экономикадағы, сондай-ақ Қазақстан экономикасындағы инфляциялық үдерістердің бәсеңдеуіне негізделген. Бұдан басқа, 2009 жылғы ақпан айының басында жүргізілген девальвация, күтілгендей, ішкі рыноктағы бағаның өсуіне айтарлықтай әсерін тигізген жоқ.

Инфляциялық үдерістің қуаттылығын бағалауды және инфляцияның түрлерін мынадай критерийлер бойынша ажыратады:

бағалар өсуінің қарқыны бойынша:

баяу – баға жылына 10 пайыз өскенде; бұл кезде ақшаның номиналдық құны сақталады, кәсіпкерлік тәуекел болмайды;

өршімелі – баға 100 пайыз шегіне өскенде; ақшаның затталынуы өседі;

әсіреинфляция – баға жүздеген пайызға өскенде; баға мен табыстардың арасындағы алшақтық ұлғая бастайды;

бағалар өсуінің теңгерімділік дәрежесі бойынша:

баланстандырылған және баланстандырылмаған инфляция; баланстандырылған инфляция кезінде әр түрлі тауарлардың бағасы бір-біріне қатысты өзгерусіз қалады, баланстандырылмаған инфляция кезінде олардың бір-біріне ара қатысы өн бойы өзгеріп отырады, оның үстіне әр түрлі үйлесімде;

болжаулық (болжап айтушылық) дәрежесіне қарай:

күтілген және күтілмеген;

шығу немесе пайда болу орнына қарай:

импортталған және экспортталған; сондай-ақ дамудың әркелкілігімен сипатталатын сатылы, баға шамалы өскен немесе өзгерусіз қалған, бірақ тауар тапшылығы күшейген кездегі тұқыртылған инфляцияны ажыратады.

Қаржы мен инфляцияның өзара байланысын инфляцияның екі тұрпаты бойынша бақылап отыруға болады: сұраным инфляциясы (тұтынушылар инфляциясы) және шығындар инфляциясы (өндірушілер инфляциясы). Бірінші жағдайда ол заңи және жеке тұлғалардың ақша массасының өсуімен байланысты өнімге, тауарларға және қызметтерге сұранымның өсуінің салдары болып табылады. Екінші жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектілердің еңбекке ақы төлеуге, кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің көбеюіне, тұтынатын шикізатқа, материалдарға бағаның, қызметтерге (тасымалдауға, электр қуатына, ақпаратқа және т.б.) тарифтердің өсуіне жұмсалатын шығындардың көбеюі инфляцияны тудырады. Нақты экономикалық өмірде инфляцияның жоғарыда аталған түрлері және оларға ілеспелі салдарлар тығыз тоқайласады, өзін өзара толықтырады, бұл инфляциялық шиыршық деп аталынатынды тудырады, бұл кезде өндірістің тұтынылатын компоненттері баға мен еңбекке ақы төлеудің өсуі нәтижесінде шығындардың көбеюі шығарылатын өнім құнының артуына соқтырды, мұндай өнімді тұтыну жалақының және экономиканың шектес секторларында материалдық шығындардың қосымша өсуін талап етеді және осылайша шексіздікке кете береді (23.3 сызбаны қараңыз).