Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Соңғы нұсқасы ҚҰЛПЫБАЕВ С Айгерим.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
7.15 Mб
Скачать

21.5. Қор биржасы

Қоp биржасы, зандарға сәйкес өзге ұйымдap бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдaстыpaды.

Қор биржасы – акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiн пайдалана отырып, оларды тiкелей жүргiзу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңи тұлға және акционерлiк қоғам нысанындағы өзiн-өзi реттейтiн коммерциялық емес ұйым. Қор биржасының қызметі өзiн-өзi өтеу қағидатына негiзделедi және оның қызметiнен түскен кipicтep биржаны материалдық-техникалық дамытуға пайдаланылады.

Қор биржасы – бағалы қағаздармен сауда-саттық жасалатын ұйымдастырылған әмбебап қаржы рыногы.

Неліктен екені беймәлім, көп адамдар қор биржасы бағалы қағаздар сатады деп санайды. Іс жүзінде биржа онда сатылатын бағалы қағаздарға иелік етпейді. Қор биржасының өзі ешнәрсе сатпайды және сатып алмайды, эмитенттер (компаниялар) мен инвесторлар (жеке және заңи тұлғалар) брокерлер деп аталатын өзінің агенттері арқылы бағалы қағаздарды сатады және сатып алады, бұл брокерлер өз клиенттерінің тапсыруы бойынша әр түрлі эмитенттердің акциялары мен облигацияларын сатады және сатып алады.

Қазақстанда биржа ісі 1993 жылы 30 желтоқсанда Қазақ банкіаралық валюта биржасын тіркеуден бастап дами бастады. Бағалы қағаздармен алғашқы сауда-саттықтар биржада 1995 жылы 14 қарашада болды. Қазақстан қор биржасы (КАSE) атауын ол 1996 жылдың сәуірінде алды. Биржада мынадай секторлар жұмыс істейді: шетелдік валюталар рыногы, мемлекеттік, соның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық бағалы қағаздар рыногы, акциялар(мемлекеттік емес) және корпоративтік облигациялар рыногы, деривативтер рыногы.

Қор биржасы:

1) сауда жүйелерiн пайдалану және қолдау;

2) қоp биржасының тiзiмiне бағалы қағаздарды енгiзуге жорамалданып отырған немесе енгiзiлген эмитенттерге, сондай-ақ қоp биржасында айналысқа жiберiлетiн (жiберiлген) бағалы қағаздар мен өзгеде қаржылық құралдарға талап қою;

3) қоp биржасында айналысқа жiберiлген бағалы қағаздармен және өзге қаржылық құралдармен мәмiле жасау мақсатында сауда жүйесiне кipyгe өз мүшелерiне мүмкiндiк беру, осы қаржылық құралдар бойынша тұрақты сауда-саттық ұйымдaстыpy және өткiзу, қаржылық құралдармен мәмiлелер бойынша есеп айырысуды ұйымдaстыpy және жүзеге асыру, не осындай есеп айырысуды жүзеге асыру үшiн қажет ақпаратты әзiрлеу;

4) өз мүшелерiне ұйымдық, консультациялық, ақпараттық және өзге қызметтер көрсету;

5) бағалы қағаздар рыногы және өзге қаржылық құралдар мәселелерi бойынша талдамалық зерттеулер жүргiзу;

6) банк заңнамасында белгiленген тәртiппен банктік операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыру және қор биржасының iшкi құжaттapындa көзделген өзге функцияларды жүзеге асырады.

Қор биржасы – бұл бірінші кезекте бағалы қағаздар сатушысы мен оларды сатып алушының бірін-бірі табатын алаңы. Делдалдар ретіндегі биржа мүшелері арқылы бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелері жасалады. Негізінде сұраным мен ұсынымның ара қатынасы жататын бағалы қағаздарға баға белгілейтін механизм барлық қор биржалары үшін жалпы сипаттама болып табылады.

KASE – әмбебап қаржы рыногы, оны шартты түрде төрт негізгі секторға бөлуге болады: шетелдік валюталар рыногы, мемлекеттік бағалы қағаздар, соның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық бағалы қағаздар рыногы, акциялар және корпоративтік облигациялар рыногы, деривативтер рыногы.

Қор биржасы бағалы қағаздардың қайталама рыногының ұйымдастырушысы болып табылады. Биржадан тыс рынок, әдеттегiдей, тек бағалы қағаздардың жаңа шығарылымдарын қамтиды. Онда көбiнесе облигациялар орналастырылады. Биржада, керiсiнше, бағалы қағаздардың eскi шығарылымдарының, негiзiнен акционерлiк қоғамдардың акцияларының бағамы белгiленедi. Заңнамамен қоp биржаларының ең төмен жарғылық капиталы белгiленедi. Қор биржасы инвестициялық институттар ретiнде қызметпен айналыспайды, бiрақ меншiктi акциялар шығара алады және сата алады, бұл оның мүшелерi болуға құқық бередi.

Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары және заңдарға сәйкес бағалы қағаздардан басқа өзге қаржылық құралдармен өзге мәмiлелердi жүзеге асыру құқығы бар өзге заңи тұлғалар қоp биржаларының мүшелерi болып табылады. Қор биржасында бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының кемiнде он мүшесi болуы тиiс. Қор биржасының мүшелерi мәмiлелердi жасау осы мүшелер үшiн қоp биржасының ережелерiнде жол берiлетiн қаржылық құралдардың түрлерi бойынша сауда-саттыққа қатысуға құқылы. Олардың тапсырмасы бойынша бағалы қағаздарды тікелей сатып алу-сатуды брокер мен дилерлер жүзеге асырады.

Қор биржасы заңнамаға сәйкес тiркелiнедi және бағалы қағаздармен биржалық қызмет жүргiзуге Бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссиясында лицензия алады.

Қор биржасында операцияларды тек оның мүшелері жүзеге асырады. Олардың тапсыруымен бағалы қағаздарды тікелей сатып алуды-сатуды брокерлер мен дилерлер жүзеге асырады.

Мысалы, брокер – бағалы қағаздар рыногының клиенттiң тапсырмасы бойынша, соның есебiнен және мүдделерiн көздеп, эмиссиялық бaғалы қағаздармен және өзгеде қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын кәсiби қатысушы. Ал өз клиенттерiнiң бағалы қағаздарымен жасалатын операциялар есебiн арнаулы шоттарда жүргiзедi. Брокер клиенттердiң бағалы қағаздарының нақты ұстаушысы ретiнде болуы мүмкін.

Бағалы қағаздармен операцияларды сондай-ақ мұндай қызметке лицензиялары бар дербес құрылымдық бөлімшелер ретіндегі тауар және валюта биржаларының қор бөлімдері де жүзеге алады.

Өзгедей биржалардың қор биржасы мен қор бөлімдері заңнамалық тәртіппен бекітілген қағида, Биржаның жарғысы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасаудың ішкі ережелері негізінде іс-әрекет етеді.

Биржа делдалдарының рөлін биржа мүшелері болып табылатын ұйымдар: бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушылары, бағалы қағаздардан басқа, өзгедей қаржылық құралдармен мәмілелерді жүзеге асыруға құқығы бар заңи тұлғалар орындайды. Қазақстандық заңнаманың талаптарына сай келетін шетелдік заңи тұлғалар биржа мүшелері бола алады.

Биржадағы мүшелік биржа мүшесі сауда-саттыққа олармен қатысу құқығы болатын қаржылық құралдарға қарай бірнеше санатқа бөлінеді. Бір ұйымның биржада бірнеше санаттар бойынша мүшелігі болуы мүмкін. Санаттарға бөлініс былай көрінеді:

1) «Р» биржаның ресми тізіміне кіріктірілген мемлекеттік емес эмиссиялық (соның ішінде шетелдік) бағалы қағаздармен, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарымен және биржада айналысқа жіберілген шетелдік мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздармен сауда-саттыққа қатысу құқығы;

2) «Н» «Листингтік емес бағалы қағаздар» секторында айналысқа жіберілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздармен, сонымен бірге жекешелендірелетін кәсіпорындар акцияларының мемлекеттік пакеттерімен;

3) «К» биржада айналыста жүрген Қазақстан Республикасының мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарымен, соның ішінде жергілікті атқарушы органдардың бағалы қағаздарымен;

4) «С» биржада айналыста жүрген мерзімдік контракттармен;

5) «В» шетелдік валюталармен.

KASE-дегі сауда-саттыққа ондағы белгіленген талаптарға, сондай-ақ Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының агенттігі болып табылатын реттеуші органның талаптарына сай келетін бағалы қағаздар ғана жіберіледі.

Қор биржасы Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi агенттiкпен келiсе отырып, саудaға бағалы қағаздарға – листингке рұқсат ету ережелерiн, сондай-ақ оларды – делистингтi саудадан шығарып тастау ережелерiн белгiлейдi.

Қажетті талаптарға жауап беретін бағалы қағаздарды іріктеуді биржаның листингтік комиссиясы орындайды. Бұл –биржаның құрылымынан тыс бөлімше. Бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды анықтайтын нормативтік құжат листингтік ережелер болып табылады. Оларды қолдану нәтижесінде шешілетін негізгі мәселе – листингтік іріктеу рәсімінен өткен компаниялар қызметінің ашықтығын және олардың қаржылық жай-күйін қамтамасыз ету.

Клирингтік комиссия қор мәмілелерінің қатысушылары арасында есеп-қисаптарды ұйымдастыру нысанындағы сауда-саттықтан кейінгі операциялармен айналысады, сонымен бірге тауарды жаңа иеленушілерге жеткізуді ұйымдастырады. Төрелік комиссиясы қор биржасының атқарушы органы болып табылады және мәмілелер қатысушыларының арасында пайда болатын құқыққа сәйкестілігі мен операцияның заңдылығына қатысты дауларды шешумен айналысады.

Сауда-саттықтарға қатысуға жіберлетін өзге тұлғалар тек байқаушылар (қадағалаушылар) рөлінде бола алады.

Қор биржасындағы сауда-саттықтардың негізі – биржаның сауда жүйесі, ол тиісті үй-жайлардың, құрал-жабдықтың, бағдарламалық-техникалық құралдардың, сондай-ақ көмегімен бағалы қағаздармен мәмілелер жасасылатын ішкі құжаттар мен рәсімдердің жиынтығы болып табылады. Сауда-саттықтардың қатысушылары биржа залындағы өз орнынан тікелей және «интернеттрейдинг» жүйесі бойынша қашықтықтан қол жеткізу режімінде жұмыс істей алады. Биржада сауда-саттықтар күнде жүргізіледі. Бағалы қағаздың және шетелдік валютаның әрбір түрі үшін өзіндік регламент анықталған.

Сауда-саттықтарды өткізудің негізгі әдісі үздіксіз ыңғайласпа аукциондық әдіс болып табылады, бұл әдіс кезінде алдын ала өтінімдер беруге мүмкіндік болады. Бұл әдіспен биржаның ресми тізіміне кіріктірілген акцияларды сатуға және сатып алуға өтінімдер бағаларының тоқайласу немесе бұлтартпау, сондай-ақ сатуға және сатып алуға алдын ала ыңғайласпа өтінімдерде көрсетілген бағалардың тоқайласу немесе бұлтартпау мезеті айқындалады.

2008 жылы Қазақстан қор биржасының сауда айналымының құрылымында мәмілелердің едәуір бөлігі (61,9%) «репо» операцияларына, 33,7% – шетелдік валютамен операцияларға, 2,2% – мемлекеттік бағалы қағаздармен операцияларға тиді; корпоративтік бағалы қағаздармен операцияларға небәрі 2,2%, соның ішінде акциялармен операцияларға 1,1% және корпоративтік облигациялармен операцияларға 1,1% тиді.

Репо операциясы сауда жүйесінде екі әдіспен жүзеге асырылуы мүмкін:

1) «тура» әдіспен – тура мәмілелер жасасу әдісімен жүргізілетін сауда-саттықтарда;

2) «автоматтық» әдіспен – автоматтық репо рыногында үздіксіз ыңғайласпа аукциондық әдіспен жүргізілетін сауда-саттықтарда.

«Автоматтық» әдіспен жүзеге асырылатын репо операциялары сауда жүйесінде жекелеген қаржылық құралдар (инструменттер) ретінде пайдаланылады.

«Тура» әдіспен жүзеге асырылатын репо операцияларының предметтері ретінде пайдаланылатын бағалы қағаздарды биржада айналысқа жіберілген бағалы қағаздар ішінен осы операциялар қатысушылары өзінше анықтайды.

«Автоматтық» әдіспен жүзеге асырылатын репо операцияларының предметтері ретінде пайдаланылатын бағалы қағаздарды репо сатушылары биржаның ішкі құжатына сәйкес анықтайды.

Мәміле қорытындысы биржаның сауда жүйесінде тіркелінеді және тиісті биржалық куәліктермен ресімделеді. Биржалық куәлік – бұл бағалы қағаздар сатып алу-сату мәмілесін жасасу фактін және осы мәмілені биржаның есепке алуын растайтын басты құжат.

Қор биржасында операцияларды тек оның мүшелері жүзеге асырады. Олардың тапсырмасымен тікелей бағалы қағаздарды сату-сатып алуды брокерлер мен дилерлер жүзеге асырады.

Биржаны басқарудың жоғары органы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады, жиналыстар арасындағы үзілісте биржалық кеңес жұмыс істейді.

Биржа мүшелері, бағалы қағаздар эмитенттері, трейдерлер биржалық сауда-саттықтардың қатысушылары бола алады.

Бuржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгiлеу ұйымы акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушы клиенттердiң арасында баға белгiлеу арқылы айырбастау жүйесiн пайдалану мен қолдау арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңи тұлға. Бұл ұйымның негiзгi мақсаты оның клиенттерi apacындaғы бағалы қағаздарға баға белгiлеудің алмасу жүйесiн ұйымдастыру болып табылады. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары ғaнa баға белгiлейтiн ұйымның клиенттерi бола алады.

Бағалы қағаздармен сауда-саттық, әдеттегідей, акциялардың стандарттық сандарымен анықталған лоталармен жүреді. Бір лоттағы олардың кәдуілгі саны жүз дана. Жеткізілім мен төлемнің мезгілдері, әдеттегідей, бір-үш күнді құрайды.

Биржаны басқарудың жоғары органы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады, жиналыстар арасындағы үзілісте биржалық кеңес жұмыс істейді. Биржаның атқарушы органы дирекция болып табылады.

Сауда-саттықты ұйымдастырушының табысы оның негiзгi қызметiнен алатын қаражат есебiнен құрылады. Сауда-саттықты ұйымдастырушы мынадай жaғдайларда:

1) сауда-сатықты ұйымдастыушының мүшелiгiне кipгeнi үшiн;

2) сауда-саттықты ұйымдастырушының мүлкiн пайдаланғаны үшiн;

3) бағалы қағаздар листингi үшiн және олардың сауда-саттықты ұйымдастырушысының тiзiмiнде болғаны үшiн;

4) мәмiлелердi тipкey және ресiмдеу үшiн;

5) ақпараттық қызмет көpceткeнi үшiн және өзге де жағдайларда ақшалай жарналар мен алымдар алады.

Биржаның табыстары оның өзiнiң функцияларын жүзеге асырумен, оның қызметiн ұлғайтумен және жетiлдiрумен байланысты шығыстарды жабуға бағытталады.

Биржаның негіз қалаушы қағидаты бағалы қағаздар рыногының өтімділігін қамтамасыз ету.

Қop биржасы бағалы қағаздар рыногының субъектiне келтiрiлген залалдардың орнын толтырады және oғaн өз жарғысын, биржалық сауда ережелерiн бұзған немесе коммерциялық құпияны жария еткен жағдайда заңнамaға сәйкес жауап бередi.

Қазақстандық қор рыногы үшін «Қазақстанның бағалы қағаздарының рыногы» журналы ұсынған RCBK индексі есептеп шығарылады. Бұл индекс Қазақстандық қор биржасының ресми тізіміне кіріктірілген эмитенттер акцияларының орташа бір шамасы болып келеді. Әрбір акцияның салмағы рыноктық капиталдану үлесіне және осы нақтылы акцияның саудалық үлесіне сәйкес анықталады. Сөйтіп, RCBK индексінің пайыздық өзгеруі рыноктағы бағалардың орташа пайыздық өзгеруін көрсетеді. Сонымен бірге егер қандай бір акция бойынша бір апта бойы мәмілелер болмаса, ол автоматты түрде индексті есептеуге арналған тізімнен бұл акция бойынша кезекті мәміле тіркелгенге дейін шығып қалады.