Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Соңғы нұсқасы ҚҰЛПЫБАЕВ С Айгерим.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
7.15 Mб
Скачать

21.4. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары

Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары бағалы қағаздар эмитенттері, инвесторлар және инвестициялық делдалдар болып табылады. Олар бұл рыноктың құрылымын қалыптастырады.

Эмитент деп эмиссиялық бағалы қағаздар шығаратын заңи тұлғаны, мемлекеттік органды немесе жергілікті әкімшілік органды және бағалы қағаздарды иеленушілердің алдында олар бойынша міндеттемелерді алып жүретінді айтады.

Инвесторлар – өз қаражаттарын бағалы қағаздарға салуды инвестицияны жүзеге асыратын жеке немесе заңи тұлғалар; инвесторлар құрaмындa бағалы қағаздар портфелiн қалыптастыру үшiн өздерi тapтқан қаржыны пайдаланушы субъектiлер болып табылатын институционалдық инвесторларға – инвестициялық қорларға, инвестициялық банктерге, мемлекеттiк емес зейнетақы қорларына, сақтандыру компанияларына және қызметiнiң сипатына қарай айтарлықтай ақшалай қаражаттар жинақталатын басқа арнаулы арналым қорларына маңызды орын берiледi.

Мемлекет Ұлттық банк немесе Қаржы министрлiгi арқылы бағалы қағаздар рыногында инвестор ретiнде ic-қимыл жасайды.

Бағалы қағаздар рыногының инвестициялық делдалдары – бағалы қағаздардың бастапқы эмиссиясы кезінде де, сондай-ақ оларды қайта сату кезінде де эмитенттерден инвесторларға бағалы қағаздардың жылжытылуын қамтамасыз ететін арнаулы ұйымдар – инвестициялық қорлар, коммерциялық қор биржалары, брокерлік және дилерлік кеңселер, консалтингтік фирмалар, бағалы қағаздарды сақтау, бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестірін жүргізу, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар бойынша өзара есеп-қисаптар жөніндегі арнаулы ұйымдар (депозитарийлар, кастодиумдар, клирингтер, тәуелсіз реестр ұстаушылар).

Бағалы қағаздар рыногының кәсiбu қатысушылары – өз қызметiн акционерлiк қоғамның ұйымдық - құқықтық нысанында жүзеге асыратын және бағалы қағаздар рыногында лицензиясы бар заңи тұлғалар. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби өкiлдерiне брокерлер, дилерлер, кастодиан, депозитарийлер, андеррайтерлер және басқалар жатады.

Бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметтi заңдарға және шартқа сәйкес кастодиандық қызмет пен сейфтiк операцияларға лицензиялары бар банктер жүзеге асырады. Кастодианға кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шартқа сәйкес клиент берген ақша мен қаржы құралдары бұл қызметтiң объектiлерi болып табылады.

Орталық депозuтарuй – негізгі функциясы депозитарийлік қызметті жүзеге асыру болып табылатын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым болып табылады және акционерлiк қоғам нысанында құрылады. Орталық депозитарийдiң акциялары бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары, сауда-саттықты ұйымдастырушылар және халықаралық қаржы ұйымдapы арасында орналастырылады. Бағалы қағаздар рыногының бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушылар болып табылатын кәсiби қатысушылары, сондай-aқ шетелдiк депозитарийлер мен кастодиандар орталық депозитарийдiң депонентгерi болып табылады. Орталық депозитарий Қазақстан Республикасы аумағында депозитарлық қызметгi жүзеге асыратын бiрден-бiр ұйым болып табылады.

Андеррайтер – бағалы қағаздар рыногының брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және орналастыру жөнiнде қызмет көрсететін кәсiби қатысушы. Компаниялардың басшылығымен бiрге андеррайтерлер жаңа шығарылымды тipкeyгe әзiрлiк жүргiзедi және бағалы қағаздар рыногында оларды жүзеге асыру кезiнде эмитенттiң мүдделерiн бiлдiредi.

Сауда-саттықты ұйымдастырушы – қоp биржасы және биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгiлеу ұйымы. Бұл ұйымының акциялары бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының, бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары болып табылмайтын, бiрақ заңнамаға сәйкес бағалы қағаздардан басқа, өзге қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыруға құқығы бар заңи тұлғалар арасында орналастырылады. Қор биржасының әрбiр акционерiнiң өзiне тиесiлi акциялардың санына қapaмaстaн оның акционерлерінің жалпы жиналысында бiр ғанa дауысы болады.

Бағалы қағаздар рыногының бiрсыпыра қатысушыларын инвестициялық институттар, яғни бұл инвесторлармен делдалдар ретiнде болатын заңи тұлғалар, соның iшiнде инвестициялық қорлар, инвестициялық компаниялар, коммерциялық банктер, қаржы брокерлерi, инвестициялық консультанттар құрайды.

Қаржы делдалдарының сипатына қарай бағалы қағаздар рыногының үш моделі болады: банктiк емес, банктiк және аралас. Қазақстанда аралас модель пайдаланылады: бағалы қағаздар рыногында банктiк емес компаниялар да, банктер де делдалдар бола алады.

Бағалы қағаздар рыногында инвестициялық қорлар өзгеше жағдайда болады. Олар инвесторлардың ақшасын жұмылдыру және оларды қоp атынан бағалы қағаздарға, сондай-ақ банк шоттарына және салымдарға жұмcay мақсатымен акциялар шығарады; сонымен бiрге мұндай жұмсаумен байланысты барлық тәуекелдiктер, бүкiл табыстар мен зияндар осы қор иелерiнiң (акционерлердiң) есебiне жатқызылады және олар қоp акцияларының ағымдағы бағасын ізгерту есебiнен iскe асырылады. Инвестициялық қоp тек акционерлiк қоғaм нысанында құрылуы мүмкін. Инвестициялық қорлар қоp түpiнe қарай белгілі бір мөлшерлерде жарғылық қорларды қалыптастырады.

Инвестициялық қордың инвестициялық қызметі акционерлік инвестициялық қордың тиісті лицензиясы болуы кезінде дербес немесе қордың басқарушы компаниясының осы қор пайларының акционерлері мен ұстаушыларының табыстар алу және инвестициялау кезінде тәуекелдерді төмендетуді қамтамасыз ету мақсатымен активтерді инвестициялау болып табылады.

Инвестициялық қоp қызметiн айқындайын құжат инвестициялық мағлұмдама болып табылады. Ол инвестициялаудың мақсаттарын, стратегиясын, бағыттарын, инвестициялық қоp қызметiнiң бағалы қағаздар портфелiн әртараптандырудың нормаларын анықтайды.

Акционерлермен өзара қатынастарына қарай инвестициялық қорлар өзара қорлар – заңнамамен белгіленген баға бойынша және шарттарда қор акционерлерінен айналысқа шығарылған акцияларды төлеп алуға міндетті ашық инвестицциялық қорлар және инвестициялық компаниялар – қор акционерлерінен айналысқа шығарылған акцияларды төлеп алуға міндетті жабық инвестициялық қорлар болып бөлінеді.

Қазақстан Республикасында инвестициялық қорлардың мынадай түрлері жұмыс істейді:

1) акционерлік инвестициялық қор;

2) үлестік (пай) инвестициялық қор.

Акционерлік инвестициялық қор – қызметінің айрықша түрі заңнама және оның инвестициялық мағлұмдамасы талаптарына сәйкес осы қоғамның акционерлері оның акцияларын төлемге салған ақшаларды, сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесінде алынған активтерді шоғырландыру және инвестициялау болып табылады.

Үлестік инвестициялық қор – үлестерді ұстаушыларға жалпы үлестік меншік құқығында жататын және басқарушы компанияның басқаруында болатын, үлестерді төлеуге арналған ақшалардың, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесінде сатып алынған өзге активтердің жиынтығы. Ол межелдемелік (интервалдық) ашық, интервалдық және жабық нысандарында құрылуы мүмкін.

Трансферагенттік қызмет бағалы қағаздар рыногында клиенттер арасында құжаттар мен ақпаратты қабылдау және беру мақсаттарында жүзеге

асырылады. Трансферагенттер алған клиенттерге беру үшін және берілетін құжаттарды тіркейді және есеп жүргізеді.

Жоғары ұйымдастырылған қаржы рыногының дамуына бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушыларының –ассоцациялар мен бірлестіктер ұйымдары мүмкіндік туғызады.

Эмитенттердiң арасында қаржы рыногының жұмыc iстеуiнде анықтаушы рөлді акционерлік қоғамдар алады.

Өз қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңи тұлғa акционерлiк қоғaм деп танылады. Қоғамның өз акционерлерiнiң мүлкiнен оқшауланған мүлкi болады және із мiндеттемелерi бойынша өз мүлкi шегiнде жауап бередi. Қоғамның барлық мүлкiнiң aқшалай баламасы қорлар түрiнде тiркеледi, сондықтанда бұл үдеріс қорландыру (қop жасау) деп, ал оның ақшалай баламасын тең үлестерге немесе акцияларға білу акционерлендipу деп аталады. Осы операциялар арқылы жылжымайтын және білiнбейтiн мүлiк икемдi және бөлiнгiш мүлiкке айналады, бұл оған жаңа қасиет бередi: мүлiк иесiзденген нысанда өткізілуі және қатысушылардың кез келген санына сатылуы мүмкін. Кәсiпорын – құрылтайшылардан басқа, тiкелей бұл өндiрiске қатысты және қатысы жоқ заңи тұлғалар акциялардың иеленушiлерi бола алады. Акциялардың барлық саны бiрден құрылтайшылар мен шақырылған акционерлер арасында бiрден бөлiнуi заңнамамен қарастырылған.

Акционерлiк қоғамның жарғысы қоғамның заңи тұлғa ретiндегi құқықтық мәртебесiн айқындайтын құжат болып табылады. Қоғамның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы заңында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 50 мың еселенген мөлшерiнде болады. Акционерлiк қоғамның өмip сүруiнiң нормасы мүлкiн жарғылық капитал деңгейiнен төмен етпей ұстayы болып табылады; ол борыштар бойынша барлық мiндеттемелердi атқарады, салықтар төлейдi және есептеме жүргізеді.

Акционерлiк қоғамды басқарудың жоғары органы акционерлердiң жалпы жиналысы, басқару органы – директорлардың кеңeci, атқарушы орган – алқалы орган немесе атауы қоғамның жарғысында белгiленетiн атқарушы орган қызметiн жеке-дара жүзеге асыратын тұлғa болып табылады.

Қазақстанда жаңа зейнетақы жүйесiн өндiрiп, оның дамуымен байланысты қаржы рыногының жаңа институционалдық қатысушылары да жинақтаушы зейнетақы қорлары (мемлекеттiк және мемлекеттiк емес) мен зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйым қалыптасты. Олар зейнетақы жарналары түрiнде айтарлықтай ақшалай ресурстарды шоғырландырады және мемлекеттiң, корпорациялардың, банктердiң, басқа қаржы-кредит мекемелерiнiң бағалы қағаздарын сатып алу жолымен оларды қайта бөледi. Экономиканың нақты секторын қаржыландыруда олардың рөлi корпоративтік бағалы қағаздардың эмиссиясын кеңейту дәрежесiне қарай артатын болады.

Мемлекеттік реттеу органдары бір инвестордың немесе олардың бір тобы сатып алатын бағалы қағаздардың үлесі туралы хабарламаны талап етуі немесе Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетпен акционерлік қоғамдағы дауыстардың үлесіне әсер ететін заңнамамен белгіленген деңгейден асып түсуі кезінде бағалы қағаздар бойынша мәмілелерде келісімді талап ету мүмкін.

Елiмiздiң қаржы рыногында орныға бастаған қатынастарды реттеудiң және қадағалау тиiмдiлiгiн арттырудың бiртұтас жүйесiн ұйымдастыpy қажеттiгiне байланысты Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасының қаржы рыногын мемлекеттiк реттеудiң бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыpy мәселелерi» туралы жарлығы (2002 жылғы 17 мамыр № 872) қабылданды. Осы жарлыққа сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғay министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетiнiң функциялары мен өкiлеттiктерi Ұлттық банкке берiлдi.

Елiмiздiң есептiк төлем балансын неғұрлым тиiмдi қалыптастыру, неғұрлым пәрмендi валюталық реттеу мен бақылаy жүргiзу үшiн Ұлттық банктiң жаңа бөлiмшелерi – төлем балансы мен валюталық реттеу департаментiн және Ұлттық банк басшылығының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi басқарма құрылған. Қаржы рыногының орнықтылығын және оның қызметiн реттеп отыруды жақсарту мақсатымен Қаржы рыноктары мен ұйымдapын реттеу және қадағалау жөнiндегi агенттiк құрылған.

Қазақстан Республикасындағы қаржылық қызметтi мемлекеттiк реттеу мен қадағалаудың бiртұтас жүйесiне кезең-кезеңмен көшу қамтамасыз етілуі тиіс.

Қаржы рыногының жұмыc iстeyi мемлекеттiк реттеудi талап етедi. Қазақстанда мұндай функцияларды жүзеге асырушы уәкiлеттi орган Ұлттық банктiң құpамындағы Бағалы қағаздар жөнiндегi департамент болып табылады. Ол эмитенттер қызметiнe талаптар мен стандарттарды белгiлейдi, эмиссиялардың анықтамалықтарын және бағалы қағаздар шығару туралы шешiмдерiн тiркейдi, эмиссиялар бойынша барлық шарттар мен мiндеттемелердi эмитенттердiң сaқтaуынa бақылауды жүзеге асырады, бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының қызметiн лицензиялайды, бұл рыноктағы инвесторлардың құқықтарын қамтамасыз етеді және т.с.с. Реттеушілік әрекеттерді сондай-ақ Қаржы министрлігі, Ұлттық банк және Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі де орындайды.

Бағалы қағаздар рыногының өзiн-өзi реттейтiн ұйымы – бағалы қағаздар рыногында өз қызметiнiң бiрыңғай ережелерi мен cтaндapттapын белгiлеу мақсатымен қауымдастық (одақ) нысанында бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары құрған заңи тұлға. Оның негiзгi мiндетi өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң және олардың клиенттерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қopғay, сондай-aқ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында кәсiптік қызметтi жүзеге асырудың бiрыңғай жағдайларын жасауды қамтамасыз ету болып табылады.

Қаржы секторы – бұл қызмет саласы, сондықтанда қаржы институттары өз беттерiнше, оның үстінe өздерi үшiн емес, өз қызмет көрушiлерiнiң сұpанымдарын қанағаттандыру үшiн жұмыc iстейдi.

Қазақстан Республикасының қаржы рыногын дамытуда Алматы қаласының Өңірлік қаржы орталығы (АӨҚО) үлкен рөл атқарады, ол қаржы орталығының қатысушылары мен мүдделі тұлғалардың өзара қатынасын реттейтін ерекше құқықтық режімді білдіреді. Қазіргі кезеңде АӨҚО Қазақстанның қор рыногын нығайтуға салмақты үлесін қосып отырған отандық қаржы рыногының стратегиялық құрылымдарының бірі болып табылады.

Қаржы орталығын құрудың мақсаттары бағалы қағаздар рыногын дамыту, оның халықаралық капитал рыноктарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тарту, қазақстандық капиталдың шетелдік бағалы қағаздар рыногына шығуы болып табылады.

Қаржы орталығы:

1) қазақстандық және шетелдік қатысушылардың теңдігі;

2) капиталдың Қазақстан Республикасының валюта заңнамасына сәйкес қозғалуы қағидаттарымен жұмыс істейді;

Қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган (Алматы қаласының Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттік (АӨҚО ҚРА) – қаржы орталығының жұмыс істеуін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Агенттіктің белсенді түрде атсалысуымен Исламдық қаржыны дамыту қауымдастығы тіркелді. Аталған қауымдастықтың қызметі Қазақстанда Исламдық қаржыландыру рыноғын қалыптастыру бағытында іске асырылады. БАӘ, Кувейт, Бахрейн, Катар, Туркия, Сауд Арабиясы мен Малайзия елдерінің инвестициялық банктері мен қорларынан тұратын әлеуетті исламдық инвесторлар базасы қалыптастырылды.

Халықаралық кеңес тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады және уәкілетті органның ( АІҚО ҚРА) жанынан құрылады.

Брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын және заңи тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы уәкілетті орган берген куәлігі, бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеуіне арналған, қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадғалау жініндегі уәкілетті мемлекеттік орган ( ҚҚА) берген лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушылары қаржы орталығының қатысушылары болып табылады және олар қаржылық құралдармен қаржы орталығының арнаулы сауда алаңында ғана мәмілелер жасауға құқылы.

Заңи тұлғаның Алматы қаласының аумағында тұрақты жұмыс істейтін органының болуы бағалы қағаздар рыногына кәсіпқой қатысушы-заңи тұлғаны уәкілетті органның мемлекеттік тіркеуінің міндетті шарты болып табылады.

Қор биржасының Алматы қаласының аумағында жұмыс істейтін және АӨҚО ҚРА белгілеген сауда алаңы қаржы орталығының қатысушылары қаржылық құралдармен сауда-саттықты жүзеге асыратын қаржы орталығының арнаулы сауда алаңы болып табылады. Қазірге уақытта Қазақстан қор рыногының негізгі алаңы – KASE мен АӨҚО арнайы сауда алаңының бірігу үдерісі аяқталды.

Сауда-сатықты ұйымдастырушының қаржы орталығының арнауы сауда алаңына қатысты қабылданатын ережесі АӨҚО ҚРА-мен және қаржы рыноктары мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісуге тиіс.

Қаржы орталығының қатысушыларын салықтық бақылау Қазақстан Республикасы салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мыналар Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушы-заңи тұлғалар ұсынатын, көрсетуден түсетін табыс олардың жиынтық жылдық кірісінен алып тастауға жататын қаржылық қызметтер болып табылады: өз клиентінің есебінен және мүддесінде (брокер ретінде) қаржылық құралдармен жасалатын мәмілелерді жүзеге асыру, номиналды ұстау, андеррайтер қызметтері, ақпараттық, талдамалық және консультациялық қызметтер, бағалы қағаздар бойынша белгілеуді үнемі жариялау және ұстап тұру жөніндегі қызметтер.