- •Isbn 9965-803-47-1
- •Isbn 9965-803-47-1
- •1.1 Сызба. Қоғамдық жүйедегі қатынастардың дәйектілігі (бағыныңқылығы)
- •1.2 Сызба. Қоғамдық өнімді өндіру, оның құнын бөлу және қайта бөлу
- •Сызба. Қаржы қажеттігінің факторлары
- •1.2 Ұлттық өндіріс көлемдерін өлшеу.
- •Қаржының айрықшалықты белгілері
- •1.4. Қаржының функциялары және рөлі
- •1.5. Құндық экономикалық категориялардың өзара іс-әрекеті мен өзара байланысы
- •1.6. Қаржылық ресурстар мен қорлар қаржылық қатынастардың объекті ретінде
- •1.4 Сызба. Қаржылық ресурстардың құрамы
- •1.7. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары
- •1.7 Сызба. Қаржылық қорлардың сыныптамасы
- •1.5 Сызба. Функциялық критерийі бойынша қаржы жүйесінің құрылымы
- •1.6 Сызба. Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің сызбасы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Қаржылық саясаттың мазмұны, міндеттері және қағидаттары
- •2.1 Сызба. Қоғамдық-экономикалық формацияның базис және қондырма жүйесіндегі қаржы
- •2.2. Қаржылық саясатты жасау
- •2.3 Қаржылық механизмнiң мазмұны мен құрылымы
- •2.2 Сызба. Қаржылық механизмнiң жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1 Қаржыны басқару ұғымы
- •3.2. Мемлекеттің қаржысын басқару
- •3.3. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару
- •3.4. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері, қағидаттары және әдістері
- •4.2. Қаржы жоспарларының жүйесі
- •4.3. Қаржылық көрсеткіштер
- •4.4 Қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Қаржылық құқықтық қатынастар және қаржылық-құқықтық нормалар
- •5.1 Сызба, Қаржы мен құқықтың өзара іс-әрекеті. Қаржылық-құқықтық механизмнің қалыптасуы
- •5.2. Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері
- •5.3. Қаржы заңнамасы жүйесіндегі қаржылық-құқықтық актілер
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидаттары
- •6.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы
- •6.1. Сызба. Түрлері бойынша қаржылық бақылаудың сыныпталуы
- •6.3. Аудиторлық бақылау (аудит)
- •6.4. Қаржылық бақылаудың әдістері
- •6.5. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру негіздері
- •Бақылау сұрақтары
- •7.1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны
- •7.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
- •7.1 Сызба. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
- •7.3. Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері
- •7.4 Шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігін жаңғыртудың қаржылық ерекшеліктері және оның әртараптандырылуы
- •Бақылау сұрақтары
- •8.1. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері
- •8.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қорлары
- •8.3. Өндірістік капиталдар және шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің қаржылық нәтижелері.
- •Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметі нәтижелерінің қалыптасу сызбасы
- •8.5. Компаниялардың, фирмалардың қаржылық менеджменті
- •Бақылау сұрақтары
- •9.1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру
- •9.2. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері
- •9.3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердін шығыстары
- •Бақылау сұрақтары
- •10.1. Мемлекеттің экономикалық қызметі
- •10.1 Сызба. Құйылым шығындары
- •10.2 Сызба. Құйылым пайдалары
- •10.3 Сызба. Құйылым пайдаларын реттеу
- •10.2 Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер
- •10.4 Сызба.Тауар әлеміндегі қоғамдық тауарлар, қызметтер, игіліктер
- •10.3. Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы
- •10.5 Сызба. Қазақстанның мемлекет қаржысының құрамы
- •Бақылау сұрақтары
- •11.1. Мемлекет кірістерінің мәні
- •11.1 Сызба. Қаржылық ресурстар, мемлекеттің кірістері мен шығыстары
- •11.2 Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •12.1. Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
- •12.2. Қазақстанның салық жүйесі
- •1) Салықтар:
- •2) Бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер:
- •12.3. Салық салуды ұйымдастыру
- •12.1. Сызба. Салықтық механизмнің элементтері
- •12.2. Сызба. Салық нұсқамасы
- •12.3 Сызба. Үйлесімді және прогрессивті салық салу
- •12.4. Корпоративтік табыс салығы
- •12.4 Сызба. Корпоративтік табыс салығын есептеу және өндіріп алу
- •12.5. Жеке табыс салығы
- •12.6. Шетелдік заңи және жеке тұлғалардың табыстарына салық салу
- •12.2 Кесте. Бейрезиденттердің табыстары бойынша төлем көзінен салық салу мөлшерлемелері
- •12.7. Жанама салықтар
- •12.5 Сызба. Есепке жатқызылған ққс-ты өндіріп алу
- •12.3 Кесте. Ққс-тың іс-әрекет механизмінің сызбасы
- •12.8. Экспортқа рента салығы
- •12.9. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары
- •12.10. Әлеуметтік салық
- •12.11. Меншікке салынатын салықтар
- •12.12. Құмар ойын бизнесі салығы
- •12.13. Тіркелген салық
- •12.14. Арнаулы салық режімдері
- •12.15. Басқа міндетті төлемдер
- •12.16. Салықтарды аудару
- •12.6 Сызба.
- •12.17. Салықтардан жалтарыну
- •Бақылау сұрақтары
- •13.1. Мемлекет шығыстарының мәнi, құpaмы және сыныптамасы
- •13.2. Экономиканы қаржыландыру
- •13.3. Ғылыми-техникалық прогресті қаржыландыру
- •13.4. Әлеумeттiк-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар
- •13.5. Халықты әлеуметтiк қopғay шығыстары
- •13.6. Қорғанысқa және басқаруға жұмсалатын шығыстap
- •Бақылау сұрақтары
- •14.1. Мемлекеттік бюджеттің мазмұны, әлеуметтік-экономикалық мәні және рөлі
- •14.1 Сызба. Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы
- •14.2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
- •14.2 Сызба. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
- •14.3 Сызба. Баланстандырылған бюджеттік әдістің іс-әрекеті.
- •14.3 Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік реттеу механизмі
- •14.4. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
- •14.4 Кесте. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің құрамы мен құрылымы
- •14.5. Бюджеттік сыныптама
- •14.6. Бюджет тапшылығы, оның сыныптамасы. Бюджет тапшылығының тұжырымдамалары
- •14.7. Бюджеттік үдеріс
- •Бақылау сұрақтары
- •15.1. Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
- •15.2. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
- •15.1 Кесте. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерімен шығыстарының көлемі және құрылымы (2008 ж)
- •15.3. Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс
- •15.4. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
- •Бақылау сұрақтары
- •16.1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •16.2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.3. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.4 Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
- •16.4 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
- •Бақылау сұрақтары
- •15.1. Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
- •15.2. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
- •15.1 Кесте. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерімен шығыстарының көлемі және құрылымы (2008 ж)
- •15.3. Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс
- •15.4. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
- •Бақылау сұрақтары
- •16.1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •16.2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.3. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.4 Қазақстанның Республикасының Ұлттық қоры
- •16.4 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
- •Бақылау сұрақтары
- •Пен мемлекеттік борыш
- •17.1 Мемлекеттік кредиттің мәні
- •17.2. Мемлекеттік кредиттің нысандары мен әдістері
- •17.3. Сыртқы (халықаралық) кредит
- •17.4. Мемлекеттік борыш
- •17.2 Сызба. Мемлекеттік кредиттегі себеп-салдарлық өзара байланыстар
- •17.5. Елдің сыртқы борышы
- •17.1 Кесте.Сыртқы борыштың салыстырмалы параметрлері
- •17.2 Кесте. Жалпы сыртқы борыштың динамикасы, млрд ақш долларында.
- •17.6. Мемлекеттік борышты басқару
- •17.7. Мемлекеттік борыштың экономикалық салдарлары
- •17.2 Сызба. Өндірістік мүмкіндіктердің қисық сызығы
- •17.3 Сызба.
- •17.2 Кесте. Орта мерзімді кезеңдегі мемлекеттік берешек параметрлерінің шоғырланымдық ұлғаюы
- •Бақылау сұрақтары
- •IV бөлім. Үй шаруашылықтарының қаржысы
- •18.1. Үй шаруашылықтары қаржысының ұғымы және функциялары
- •18.1 Сызба. Экономикалық жүйеде ресурстардың, өнімдердің және табыстардың толық айналымы
- •18.2. Үй шаруашылықтарының қаржылық ресурстары және бюджеті
- •18.3. Үй шаруашылықтарының табыстары және олардың құрамы
- •18.4. Халықтың тұрмыстық деңгейін мемлекеттік реттеу
- •18.2 Сызба. Лоренцтің қисық сызығы
- •18.5. Мемлекеттік әлеуметтік трансферттер
- •18.1 Кесте. Табыс тұрғысынан Қазақстандағы кедейлік деңгейі
- •18.6. Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі
- •18.7. Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстары және олардың сыныптамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •Және әлеуметтік негіздері
- •19.1. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары
- •19.2. Мүліктік және жеке басты сақтандыру ерекшеліктері
- •19.3. Әлеуметтік сақтандыру
- •19.4. Медициналық сақтандыру
- •19.5. Сақтық рыногы
- •Бақылау сұрақтары
- •20.2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы
- •20.3. Фискалдық саясаттың нұсқалары
- •20.4. Экономикалық реттеу теорияларындағы қаржы
- •20.5. Рыноктық тепе-теңдікке салықтардың әсері
- •Бақылау сұрақтары
- •21.1. Қаржы рыногы туралы ұғым
- •21.1 Сызба. Қаржы рыногы мен бағалы қағаздар рыногының өзара байланысы
- •21.2. Бағалы қағаздар рыногы. Бағалы қағаздардың сыныптамасы.
- •21.2 Сызба. Бағалы қағаздардың сыныптамасы
- •21.3. Бағалы қағаздардың шығарылымы және айналысы.
- •21.4. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары
- •21.5. Қор биржасы
- •21.6 Қор рыногының индикаторлары
- •Бақылау сұрақтары
- •Байланыстар жүйесіндегі қаржы
- •22.1. Сыртқы экономикалық қызметтің сипаттамасы және оның даму бағыттары
- •22.2. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері
- •22.1 Кесте. Валюта бағамдары өзгерімінің экспорт пен испорттың көлеміне әсері (шетелдік ақшалай өлшемдерінде – шет. Ақшалай өлш. Және ұлттық ақшалай өлшемінде – ұлт. Ақшалай өлш.)
- •22.3. Сыртқы экономикалық қызметті салықтық реттеу
- •22.2 Кесте. Кеден баждарының түрлері
- •22.3. Валюталық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану
- •22.4. Елдің төлем балансы
- •22.3 Кесте. 2008 жылғы Қазақстан Республикасының жиынтық төлем балансы
- •Бақылау сұрақтары
- •23.1. Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы.
- •2 3.1 Сызба. Қаржы мен инфляцияның өзара іс-әрекеті
- •23.3 Сызба. Инфляциялық шиыршық
- •23.2. Сызба. Инфляциның сипаттамасы және оның іс-әрекеті.
- •23.2. Инфляцияға қарсы саясат шаралары
- •Бақылау сұрақтары
21.3. Бағалы қағаздардың шығарылымы және айналысы.
Бағалы қағaздардың эмиссиясы – бұл жарғылық капиталды қалыптастыру немесе қарыздық қаражатты тарту мақсатымен бағалы қағаздар шығару және орналастыру. Бағалы қағаздарды (акцияларды, облигацияларды және басқа мiндеттемелердi) жекешелердiң (акционерлiк қоғамның акциялары мен облигацияларын шығару) және мемлекеттiң (мемлекеттiк қарыздар облигацияларын шығару) шығаруы мүмкін.
Бағалы қағаздарды айналысқа шығару – эмиссия –бұл бағалы қағаздарды олардың бастапқы иелерiне – инвесторларға, яғни заңи тұлғаларға және азаматтарға сату.
Бағалы қағаздардың эмиссиясы:
1) акционерлiк қоғaм құрған кезде және акцияларды оның құрылтайшылары арасында орналастырған кезде;
2) акциялар шығару жолымен акционерлiк қоғамның бастапқы жарғылық капиталының мөлшерiн көбейткен кезде;
3) облигациялар және басқа борыштық жолымен мемлекет, заңи тұлғалар, биліктің жергілікті органдары қаражаттарын тapтқaн кезде жүзеге асырылады.
Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдiсiне қарай олардың рыногы бастапқы және қайталама болып бөлiнедi. Бастапқы рынокта бағалы қағаздардың бастапқы иеленушiлерiнiң жаңа шығарылған бағалы қағаздары сатылады; қайталама рынокта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иелерiнiң ауысуы болады.
Сөйтіп, бағалы қағаздар рыногы екі негізгі нысандарда жұмыс істейді: бастапқы рынок, онда бағалы қағаздарды сату арқылы капиталдарды жұмылдыру алғашқы орналастыру болады және қайталама рынок, онда бұрын шығарылған бағалы қағаздар айналады.
IPO – initial public offering – әр түрлі компаниялар акцияларын, «алғашқы ашық орналастыру». IPO – компания тұңғыш рет сыртқы инвесторларды тартатын операция және сонымен бірге акциялар тек акционерлердің, (негізінен құрылтайшылардың) арасында бөлігіндегі жабық компаниядан ашық компанияға айналады. Ары қарай акциялардың қосымша шығарылымдары жасалуы мүмкін және олар IPO шеңберінен тыс ашық рынокта орналастырылуы мүмкін. Бірақ бұл енді алғашқы орналастыру емес, өйткені акциялар айналыста жүреді.
IPO-ны ойдағыдай өткізу компанияны танымал етеді, оның беделінің өсуіне жәрдемдеседі. Мұның өзі өз кезегінде оның қор рыноктарында ірі және қымбат емес қаржылық ресурстарға қол жеткізуі жоспарында оның мүмкіндіктерінің айтарлықтай өсуіне жеткізеді.
Әлемдік практикада компания IPO-ны жүргізу үшін қазіргі нағыз тәсілдемелерге негізделген корпоративтік басқарудың белгілі бір қағидаттарын сақтауға міндеттейтін нормалар бекітілген. Қазақстанда 2005 жылдың ақпанында прогрессивті әлемдік тәжірибені ескере отырып корпоративтік басқару кодексі
бекітілген. Онда корпоративтік басқарудың негіз қалаушы қағидаттары айқындалған.
Корпоративтік басқару акционерлерге компания менеджментінің қызметіне тиімді мониторинг пен бақылауға мүмкіндік береді, бұл ішкі құжаттардың және ел заңнамасының талаптарын атқару деп түсініледі. Корпоративтік басқару қазіргі жағдайларда бірінші кезекке акционерлердің, соның ішінде миноритарийлердің – аздаған акциялардың иелері болып табылатын акционерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау проблемасын ұсынады.
Қайталама рынок eкi бөлiктен тұрады: ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы – мәмiлелер сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжaттapынa сәйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржылық құралдардың айналыс сферасы және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногы – бағалы қағаздар айналысының бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелер қаржылық құралдармен сауда- саттықты ұйымдастырушының iшкi құжaттapындa мәмiле объектiне және оның қатысушыларына белгiленген талаптар сақталмай жүзеге асырылатын сферасы. Биржадан тыс айналым рыногының ұйымдастырылған рыноктан айырмашылығы онда операцияларды жүзеге асыратын бiрыңғай орталық жоқ, мәмiлелердi олардың офистарында дилерлер мен брокерлер жүргiзедi. Ұйымдастырылған рынокта операциялар қатаң регламенттелiнген, ал ұйымдастырылмaған рынокта операциялар шамалы қатаң ережелер, негізінен параметрлері биржада тіркеу үшін оларға қойылатын критерийлерге сәйкес келмейтін жаңа компаниялар мен корпорациялардың бағалы қағаздары бойынша жүргiзiледi. Алайда бұл биржадан тыс рынок қатысушыларынан жауапкершіліктен босатпайды.
Бұдан басқа, қаржы рыноктарын басқа критерийлер бойынша ажыратады: бағалы қағаздардың түрлерi бойынша: акциялар, облигациялар және т.б. рыногы; эмитенттер бойынша: кәсiпорындардың бағалы қaғаздар рыногы, мемлекеттiк бағалы қағаздар рыногы; аумақтық критерийi бойынша: ұлттық, халықаралық, өңірлік; мезгiлдерi бойынша: қысқа мерзiмдi, орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi бағалы қағаздардың рыногы; мәмiлелердiң түрлерi бойынша: кассалық, форвардтық және т.б.; салалық критерийi бойынша.
Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi оның инфрақұрылымы жүзеге асырады. Қазiргi кезде Қазақстан Республикасы қаржы рыногының дамыған инфрақұрылымы бар, ол өзiне төлем жүйелерiн, Қазақстан қоp биржасын (КASE), Банкаралық есеп айрысудың Қазақстан орталығын (БEҚO), Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі, Банкнот фабрикасын, Теңге сарайы мен Кассалық операциялар және құндылықтарды сaқтay орталығын кiрiктiредi.
Эмuссuялық бағалы қағаздар шығару – эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздардың азаматтық объектiсi ретiнде пайда болуына бағытталған ic әpeкетi, немесе орналастырылуы, айналыста болуы және өтелуi, осы эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектiсiне сәйкес жүзег еасырылатын белгiлi бiр бағалы қағаздардың жиынтығы.
Эмиссиялық бағалы қағаздарды (акцияларды, облигацияларды) шығаруды жарияланған жарғылық капиталды құру мен өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында эмитент жүргізеді.
Бұрын айтылғандай, бағалы қағаздардың эмиссиясы бағалы қағаздардың бастапқы рыногында жүзеге асырылады. Онда бағалы қағаздарды шығару және бастапқы орналастыру үдерiстерiнде, бiр жағынан, эмитенттердiң немесе олардың тапсыруы бойынша бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысының және, екiншi жағынан, инвесторлар арасындағы қатынастар қалыптасады.
Бағалы қағаздардың бастапқы рыногы көбiнесе Мемлекеттiк бағалы қағаздардың (МБҚ) шығарылымымен сипатталады. Iшкi мемлекеттiк борыштың шегiнде мемлекеттiк бюджеттi инфляциясыз қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк қазынашылық мiндеттемелер мен Ұлттық жинақ aқшa облигацияларын шығарды. 1994 жылдың бiрiншi жартысында Қаржы министрлiгiнiң бағалы қағаздарының шығарылымы басталды.
Алғашқы мемлекеттiк бағалы қағаздар үш айлық қазынашылық мiндеттемелер – МЕККАМ болды. Алғашқы алты айда олар бойынша аукциондар өткiзудiң мерзiмдерi тұрақсыз, шамамен айына 1 рет болды және соңына қарай олар апта сайын жүргiзiле бастады. Қазiргi кезде Қаржы министрлiгiнiң МБҚ-ны орналастыру жөнiнде аукциондар аптасына 2-3 рет өткізіледі.
Мемлекеттiк бағалы қағаздардан басқа бастапқы рынокта мемлекеттiк емес (корпоративтiк және басқа) бағалы қағаздар айналысқа шығарылады.
Корпоративтік бағалы қағаздар нaғыз пайдалы, бiрақ сонымен бiрге қатерлі болып табылады, оларға кәсiпорындар мен компаниялардың акциялары, облигациялары жатады. Корпоративтiк бағалы қағаздар рыногының қалыптасуы белгiлi бiр дәрежеде 1996 жылы жарияланған "Көгiлдiр фишкалар" бағдарламасымен байланысты.
2009 жылы мемлекеттік бағалы қағаздар рыногында өсу қарқындары жоғары болды. Қаржы министрлігі жалпы сомасы 708,8 млрд теңгенің облигацияларын орналастыруды жүзеге асырды, бұл 2008 жылғы көрсеткіштен 51,7%-ға асып түсті. Нәтижесінде айналыстағы Қаржы министрлігінің бағалы қағаздар көлемі бір жылдың ішінде 57,9%-ға көбейіп, 1228,2 млрд теңгені құрады. Айналыстағы қағаздардың жылдық өсімі абсолюттік цифрларда 470 млрд теңгеден асып түсті. 2009 жылы Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталары эмиссиясының көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 есеге – 1446,5 млрд теңгеге дейін қысқарды. Сонда да жыл аяғында ноталардың көлемі 2008 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 1,5 есе өсіп, 473,3 млрд теңгені құрады.
Өткен жылы қаржы рыногында теңгелік инструменттер бойынша табыстылықтың төмендеуі байқалынды. Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталарының тиімді табыстылығы 6,17-ден 2,23%-ға, Қаржы министрлігінің жылдық бағалы қағаздарының табыстылығы 7,64-тен 3,20%-ға төмендеді.
Мемлекеттiк эмuссuялық бағалы қағазды шығарудың, оларды тiркеудiң, орналастырудың, айналысқа жiберудiң және өтеудiң талаптары мен тәртiбi және эмиссия көлемi арнаулы заңдармен реттелiнiп, белгiленедi. Мемлекеттiк бағалы қағаздарға құқықтық бiрдейлендiру нөмiрлерiн беру тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтар aктісімен белгiленедi.
Мемлекеттiк емес эмuссuялық бағалы қағaдap эмuссuясы бағалы қағаздар шығару туралы эмитенттiң шешiм қабылдануын; уәкiлеттi органда бағалы қағаздар эмиссиясын тiркеудi; инвесторлар үшiн эмиссия проспектiсiнде болатын ақпараттарды ашуды; бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды; бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi табыс етудi қамтиды.
Ашық орналастыруды жүзеге асыратын акционерлiк қоғамдардың акциялары эмиссияланатын мемлекеттiк тiркеудiң, сондай - ақ акцияларды шығару және орналастыру қорытындысы туралы есеп беру pәciмi мен тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Акционерлiк қоғамдардың – банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдapдың, бағалы қағаздар рыногының әуесқой қатысушыларының, бағалы қағаздар саудасын ұйымдастырушылардың, инвестициялық қорлардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың және Орталық депозитарийдiң акцияларының барлық эмиссиялары мiндеттi мемлекеттiк тipкeyгe жатады.
Эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттандырылған және құжатсыздандырылған нысандарда шығарылуы (документарлық) мүмкін. Бағалы қағаздар шығарудың құжаттандырылған нысаны – 6ағалы қағаздарда мүлiктiк құқықтар бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiмiнде тiркелетiн шығару нысаны. Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару нысанын мемлекеттiк тipкeyгe табыс етiлген құжаттарға тиiстi өзгерiстер енгiзе отырып, эмитенттiң жоғарғы бaсқapy органының шешiмi бойынша эмитент өзгертуі мүмкін.
Құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздар иелерiнiң құқықтары осы бағалы қағаздарды көpceтyi арқылы расталады. Құжатсыздандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздар меншiк иелерiнiң құқықтарын тiркеушiлер немесе нақты ұстаушылар растайды. Иелерiнiң талап eтyi бойынша бағалы қағаздарды тiркеушi немесе нақтылы ұстаушы оларға бағалы қағаздарға өздерiнiң құқықтарын растайтын құжaттap беруге мiндеттi.
Бағалы қағаздармен мәмiлелер ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында – қайталама рынокта жасалады. Бaғалы қағаздарды сатып алу-сату шарты тараптардың бiрiнiң талап eтyi бойынша нотариалдық куәландыруға тиiс.
Бағалы қағаздарды бастапқы иеленушілерге сататын эмитенттер мен инвестициялық институттар бағалы қағаздар эмиссиясының анықтамалығын (проспектін) шығарады. Бұл құжатта эмитент, сатуға ұсынылатын бағалы қағаздар, рәсім және оларды шығару туралы деректер және сатып алу немесе одан бас тарту туралы шешімге әсер ететін басқа ақпарат болады.
Шығарылымға және айналысқа мемлекеттiк тiркеуден өткен және белгiленген тәртiппен тipкey нөмірін алған бағалы қағаздар жiберiледi.
Бағалы қағаздардың эмиссиясы көпшiлiкке жариялаусыз немесе жарнамасыз инвесторлардың алдын ала белгiлi шектеулi саны арасында немесе инвесторлардың шектелмеген саны арасында ашық сату жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Бағалы қағаздардың айналысы, яғни инвесторлардың арасында, соның iшiнде инвестициялық институттардың делдалдығы кезiнде оларды сатып алу-сату рыноктық бағалар бойынша жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың бағамы қор биржасында анықталады, ол бағалы қағаздардың табыстылығы нормасына (акциялар үшiн дивидендке, облигациялар үшiн пайызға) тура және несие пайызының бар деңгейiне кepi үйлесiмдi болады. Демек, бағалы қағаздардың бағамы табыс шамасына тiкелей байланысты болады. Атап айтқанда, акциялардың бағамы дивидендтiң көбеюiне орай артады және дивидендтiң төмендеуiне орай құлдырайды.
Рыноктық бағам бағалы қағаздар сұранымы мен ұсынымының ара қатынасының әcepiмeн қалыптасады, ол көптеген факторларға және ең алдымен экономикалық факторларға байланысты. Дивидендтер көбейетiн және тиiсiнше бағалы қағаздарға сұраным артатын экономикалық ірлеу кезенiңде олардың бағамы артады, экономикалық дағдарыс кезiнде ол құлдырайды, өйткенi дивидендтер азаяды, несие пайызының нормасы өседі.
Акциялардың бағалары (бағамы) бiр акцияға ұлттық валюта бiрлiгiнде, ал облигациялар мен мемлекеттiк борыштық мiндеттемелер олардың атаулы құнынa (номиналға) пайызбен анықталады. Бағалы қағаздармен жасалынған мәмiлелер оларды белгiленген тәртiппен ресiмдегеннен кейiн ғана заңды деп есептеледi. Эмитент немесе инвестициялық институт бағалы қағаздарды сатарда инвесторларға мәмiле предметi болып табылатын бағалы қағаздар туралы, бұл бағалы қағаздарға салынған жұмсалымдармен байланысты тәуекелдiктер туралы, олардың табыстылығы, табыстарды алу тәртiбi және мезгiлдерi, бұл табыстарға салынатын салық туралы толық және объективтi ақпарат беруi мiндеттi.
