Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Соңғы нұсқасы ҚҰЛПЫБАЕВ С Айгерим.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
7.15 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары

  1. «Қаржы» термині қандай ұғымды білдіреді және қай кезде пайда болды?

  2. Қоғамдық өнімнің ұдайы өндірісі, оның құрамы деп не түсініледі?

  3. Ұлттық өндірістің көлемі қалай өлшенеді?

  4. Қоғамдақ өнімді алғашқы бөлу үдерістері мен оны қайта бөлу қалай көрінеді?

  5. Қаржының айрықшалықты белгілерін атап шығыңдар.

  6. Экономикалық категория ретіндегі қаржының анықтамасын тұжырымдаңдар.

  7. Қаржының объективті қажеттігі неде және оның қоғамдық дамудағы рөлі қандай?

  8. Қаржының тауар-ақшалай қатынастармен және құн заңының іс-әрекетімен байланысын анықтаңдар.

  9. Қаржы қандай функцияларды орындайды?

  10. Қаржының бөлгіштік және ұдайыөндірістік тұжырымдамаларының мағыналарын ашыңдар.

  11. Қаржының негізгі экономикалық категориялармен өзара байланысы мен өзара іс-әрекетін ашыңдар.

  12. Қаржылық ресурстар және қаржылық қорлар деп нені түсінеді? Қаржылық ресурстардың негізгі түрлері мен көздерін атаңдар.

  13. Қаржылық ресурстарды өсірудің қандай негізгі факторларын білесіңдер?

  14. Мемлекеттің қаржы жүйесі қандай бөліктерден тұрады?

  15. Қаржылық қатынастардың субъектілері бойынша қаржы жүйесінің сызбасын құрыңдар.

  16. Қаржы жүйесін ұйымдастыруда белгілі бір қағидаттарды қолдану неге қажет?

  17. Қазақстан Республикасында қаржы жүйесін жетілдірудің міндеттері неде?

2- тарау. Мемлекеттiң қаржылық саясаты. Қаржылық механизм

2.1. Қаржылық саясаттың мазмұны, міндеттері және қағидаттары

Кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзiнiң функциялары мен мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн, белгiлi бip мақсаттарға жету үшiн пайдаланады. Қойылған мақсаттарды iскe асыруда қаржылық саясат маңызды рөл атқарады. Оны жасап, жүзеге асыру үдерiсiнде қоғам алдында тұрған мiндеттердi орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі; ол экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың белгiлi бip құралы болып табылады.

Елдің қаржы заңнамасының негiзiнде қаржылық ресурстарды жұмылдыру, бөлу және пайдалану жөнiндегi мемлекеттiң және басқа экономикалық агенттердің іс- шаралары қаржылық саясат деп аталады. Ол мемлекеттiң экономикалық саясатының құрамды бөлiгi болып табылады. Қаржыны басқарудың бүкiл жүйесi мемлекеттiң қаржылық саясатына негiзделедi.

Материалистік диалектика жүйесінде түрлі басқа саясат сияқ- ты қаржылық саясат қондырмаға жатады, ал қаржылық саясатта білінетін және өндірістік қатынастардың, белгілі бір экономикалық формацияның бір бөлігі ретінде көрінетін қаржылық қатынастар базистік болып табылады (2.1 сызбаны қараңыз).

Қаржылық саясат қоғамның әлеуметтiк-экономикалық дамуы жөнiндегi мiндеттердi шешу үшiн қаржыны пайдалану жөнiндегi мемлекеттiң нысаналы қызметi, қаржыны басқарудың түпкiлiктi

мақсаты, оның нақтылы нәтижесi болып табылады.

Қаржылық саясаттың бағыттары елдiң экономикалық жай-күйiне, шешілетін әлеуметтік-экономикалық және өзге міндeттepгe байланысты болады. Экономиканың дағдарысты жағдайы, бip жағынан, өндiрiстiң құлдырауының тоқтатылуына және өндiрiстi ынталандыруға (мысалы, өндiрушiлерге жекелеген салық жеңiлдiктерi түрiнде), қаржылық ресурстарды экономиканың белгiлi бip салаларына тиiмдi жұмсау мақсатында оларды жұмылдыруға, ал, басқа жағынан, әлеуметтiк бағдарламаларды тежеуге, қорғанысқа жұмсалатын шығыстарды қысқартуға және т.с.с. бағытталған қаржылық саясатты алдын ала анықтайды. Тиiciнше, экономика басқа жай-күйге ауысқанда қаржылық саясаттың бағыттары да өзгерiп отырады.

Таңдап алынған қаржылық саясаттың дұрыстығы, сөзсiз, елде қалыптасып отырған экономикалық жағдайды сыни бағалауға, экономикалық теорияның «алтын ережесiн» сақтауға – болжамдар мен ұсыныстapды әзiрлеу кезiнде экономикалық жағдайды объективтi бағалауға байланысты болады. Оның үстіне бұл аса маңызды, өйткенi дамудың жалпы үрдiсi қаржы жүйесi арқылы, атап айтқанда, әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi бағдарламаларға, табыстардың орташа деңгейiн қолдауға, денсаулық сақтауға, т.с.с. жұмсалатын мемлекеттiң басым шығыстары арқылы ұлттық экономиканы реттеуде мемлекеттiң жоғары рөлi болып табылады.