Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Соңғы нұсқасы ҚҰЛПЫБАЕВ С Айгерим.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
7.15 Mб
Скачать

18.1 Кесте. Табыс тұрғысынан Қазақстандағы кедейлік деңгейі

кезең

кедей- лік ауқым дары, %

кедей –лік терең- дігі, %

кедей -лік өт-кірлі-гі, %

қорлар коэффициен-ті, есе

Джини коэффи -циенті (халықтың 20 %-дық топтары бойынша)

Джини коэффи -циенті (халықтың 10 %-дық топтары бойынша)

2001

16,1

14,8

6,5

8,84

0,322

0,339

2002

13,8

13,3

5,5

8,1

0,312

0,328

2003

9,1

10,2

3,9

7,43

0,300

0,315

2004

6,3

8,3

2,9

6,81

0,291

0,305

2005

5,2

7,5

2,5

6,75

0,290

0,304

2006

2,7

3,9

1,3

7,38

0,296

0,312

2007

1,4

2,4

0,8

7,17

0,294

0,309

Кедейлік ауқымы – сандық көрсеткіш, ең төменгі күнкөріс деңгейінен (кедейліктің азық-түліктік шеңберінен және кедейліктің белгіленген шеңберінен) төмен табыстары бар халықтын үлесі (саны); бір адамдық тұтыну (табыс) деңгейінің белгілі бір шеңберден төмен халықтын үлесі.

Кедейлік тереңдігінің коэффициенті ең төменгі күнкөріс денгейінің мөлшерінен ең төменгі күнкөрістен төмен болатын адамдардың табыс (тұтыну) деңгейінің орта ауытқуын көрсетеді және үй шаруашылықтары мүшелерінің жалпы санымен арақатынасы белгіленген табыстың жиындық тапшылығының мөлшерімен тұлғаланады. Ол олардың табысы (тұтыну) деңгейінің қанша-лықты төмен болуына қарай әлжуаз адамдардың әр түрлі топтарын айырады.

Кедейлік өткірлігінің коэффициенті – үй шаруашылықтарының ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінен орташа безбенделген ауытқуын сипаттайды және зерттелетін үй шаруашылықтары мүшелерінің жалпы санымен ара қатынасы белгіленген табыстың жиынтық квадратикалық тапшылығының мөлшерімен тұлғаланады. Кедейлік өткірлігінің көрсеткіші табыс тапшылы-ғының анагұрлым жоғары мөлшері бар отбасы үшін үлкен салмақты есепке ала отырып есептеп шығарылады. Кедейлік қиындылығы дәрежесін сандық өлшеу үшін қажет, яғни кедейлер арасындағы теңсіздікті сипаттайды.

Қорлар коэффициенті – оныншы және бірінші децилдық топтарда бөлу қатарының ішіндегі халықтың салыстырмалы топтарының орташа табыста-рының арасындағы ара салмақты өлшейді.

Халық арасында табыстарды бөлу тенсіздігінің коэффициенті (Лоренцтің табыстарды шоғырландыру коэффициенті немесе Джини индексі) тенсіздік дәрежесін санмен бағалауға мүмкіндік береді. Ол халықтың сан жағынан тең топтары бойынша табыстарды нақтылы бөлудін оларды тендей бөлудін сызығынан ауытқу дәрежесін анықтайды. Табыстар тендігінің статистикалық өлшемі 0 кезінде – халықтың барлық топтары табыстарының жасалған теңдігін, 1 кезінде – барлық табыс адамдардың бір тобына жатқызылғанда жасалған тендікті білдіре отырып, 0-ден 1-ге дейін ауытқиды.