- •Isbn 9965-803-47-1
- •Isbn 9965-803-47-1
- •1.1 Сызба. Қоғамдық жүйедегі қатынастардың дәйектілігі (бағыныңқылығы)
- •1.2 Сызба. Қоғамдық өнімді өндіру, оның құнын бөлу және қайта бөлу
- •Сызба. Қаржы қажеттігінің факторлары
- •1.2 Ұлттық өндіріс көлемдерін өлшеу.
- •Қаржының айрықшалықты белгілері
- •1.4. Қаржының функциялары және рөлі
- •1.5. Құндық экономикалық категориялардың өзара іс-әрекеті мен өзара байланысы
- •1.6. Қаржылық ресурстар мен қорлар қаржылық қатынастардың объекті ретінде
- •1.4 Сызба. Қаржылық ресурстардың құрамы
- •1.7. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары
- •1.7 Сызба. Қаржылық қорлардың сыныптамасы
- •1.5 Сызба. Функциялық критерийі бойынша қаржы жүйесінің құрылымы
- •1.6 Сызба. Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің сызбасы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Қаржылық саясаттың мазмұны, міндеттері және қағидаттары
- •2.1 Сызба. Қоғамдық-экономикалық формацияның базис және қондырма жүйесіндегі қаржы
- •2.2. Қаржылық саясатты жасау
- •2.3 Қаржылық механизмнiң мазмұны мен құрылымы
- •2.2 Сызба. Қаржылық механизмнiң жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1 Қаржыны басқару ұғымы
- •3.2. Мемлекеттің қаржысын басқару
- •3.3. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару
- •3.4. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері, қағидаттары және әдістері
- •4.2. Қаржы жоспарларының жүйесі
- •4.3. Қаржылық көрсеткіштер
- •4.4 Қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Қаржылық құқықтық қатынастар және қаржылық-құқықтық нормалар
- •5.1 Сызба, Қаржы мен құқықтың өзара іс-әрекеті. Қаржылық-құқықтық механизмнің қалыптасуы
- •5.2. Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері
- •5.3. Қаржы заңнамасы жүйесіндегі қаржылық-құқықтық актілер
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидаттары
- •6.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы
- •6.1. Сызба. Түрлері бойынша қаржылық бақылаудың сыныпталуы
- •6.3. Аудиторлық бақылау (аудит)
- •6.4. Қаржылық бақылаудың әдістері
- •6.5. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру негіздері
- •Бақылау сұрақтары
- •7.1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны
- •7.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
- •7.1 Сызба. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
- •7.3. Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері
- •7.4 Шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігін жаңғыртудың қаржылық ерекшеліктері және оның әртараптандырылуы
- •Бақылау сұрақтары
- •8.1. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері
- •8.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қорлары
- •8.3. Өндірістік капиталдар және шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің қаржылық нәтижелері.
- •Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметі нәтижелерінің қалыптасу сызбасы
- •8.5. Компаниялардың, фирмалардың қаржылық менеджменті
- •Бақылау сұрақтары
- •9.1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру
- •9.2. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері
- •9.3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердін шығыстары
- •Бақылау сұрақтары
- •10.1. Мемлекеттің экономикалық қызметі
- •10.1 Сызба. Құйылым шығындары
- •10.2 Сызба. Құйылым пайдалары
- •10.3 Сызба. Құйылым пайдаларын реттеу
- •10.2 Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер
- •10.4 Сызба.Тауар әлеміндегі қоғамдық тауарлар, қызметтер, игіліктер
- •10.3. Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы
- •10.5 Сызба. Қазақстанның мемлекет қаржысының құрамы
- •Бақылау сұрақтары
- •11.1. Мемлекет кірістерінің мәні
- •11.1 Сызба. Қаржылық ресурстар, мемлекеттің кірістері мен шығыстары
- •11.2 Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •12.1. Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
- •12.2. Қазақстанның салық жүйесі
- •1) Салықтар:
- •2) Бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер:
- •12.3. Салық салуды ұйымдастыру
- •12.1. Сызба. Салықтық механизмнің элементтері
- •12.2. Сызба. Салық нұсқамасы
- •12.3 Сызба. Үйлесімді және прогрессивті салық салу
- •12.4. Корпоративтік табыс салығы
- •12.4 Сызба. Корпоративтік табыс салығын есептеу және өндіріп алу
- •12.5. Жеке табыс салығы
- •12.6. Шетелдік заңи және жеке тұлғалардың табыстарына салық салу
- •12.2 Кесте. Бейрезиденттердің табыстары бойынша төлем көзінен салық салу мөлшерлемелері
- •12.7. Жанама салықтар
- •12.5 Сызба. Есепке жатқызылған ққс-ты өндіріп алу
- •12.3 Кесте. Ққс-тың іс-әрекет механизмінің сызбасы
- •12.8. Экспортқа рента салығы
- •12.9. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары
- •12.10. Әлеуметтік салық
- •12.11. Меншікке салынатын салықтар
- •12.12. Құмар ойын бизнесі салығы
- •12.13. Тіркелген салық
- •12.14. Арнаулы салық режімдері
- •12.15. Басқа міндетті төлемдер
- •12.16. Салықтарды аудару
- •12.6 Сызба.
- •12.17. Салықтардан жалтарыну
- •Бақылау сұрақтары
- •13.1. Мемлекет шығыстарының мәнi, құpaмы және сыныптамасы
- •13.2. Экономиканы қаржыландыру
- •13.3. Ғылыми-техникалық прогресті қаржыландыру
- •13.4. Әлеумeттiк-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар
- •13.5. Халықты әлеуметтiк қopғay шығыстары
- •13.6. Қорғанысқa және басқаруға жұмсалатын шығыстap
- •Бақылау сұрақтары
- •14.1. Мемлекеттік бюджеттің мазмұны, әлеуметтік-экономикалық мәні және рөлі
- •14.1 Сызба. Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы
- •14.2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
- •14.2 Сызба. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
- •14.3 Сызба. Баланстандырылған бюджеттік әдістің іс-әрекеті.
- •14.3 Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік реттеу механизмі
- •14.4. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
- •14.4 Кесте. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің құрамы мен құрылымы
- •14.5. Бюджеттік сыныптама
- •14.6. Бюджет тапшылығы, оның сыныптамасы. Бюджет тапшылығының тұжырымдамалары
- •14.7. Бюджеттік үдеріс
- •Бақылау сұрақтары
- •15.1. Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
- •15.2. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
- •15.1 Кесте. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерімен шығыстарының көлемі және құрылымы (2008 ж)
- •15.3. Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс
- •15.4. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
- •Бақылау сұрақтары
- •16.1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •16.2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.3. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.4 Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
- •16.4 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
- •Бақылау сұрақтары
- •15.1. Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
- •15.2. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
- •15.1 Кесте. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерімен шығыстарының көлемі және құрылымы (2008 ж)
- •15.3. Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс
- •15.4. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
- •Бақылау сұрақтары
- •16.1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •16.2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.3. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.4 Қазақстанның Республикасының Ұлттық қоры
- •16.4 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
- •Бақылау сұрақтары
- •Пен мемлекеттік борыш
- •17.1 Мемлекеттік кредиттің мәні
- •17.2. Мемлекеттік кредиттің нысандары мен әдістері
- •17.3. Сыртқы (халықаралық) кредит
- •17.4. Мемлекеттік борыш
- •17.2 Сызба. Мемлекеттік кредиттегі себеп-салдарлық өзара байланыстар
- •17.5. Елдің сыртқы борышы
- •17.1 Кесте.Сыртқы борыштың салыстырмалы параметрлері
- •17.2 Кесте. Жалпы сыртқы борыштың динамикасы, млрд ақш долларында.
- •17.6. Мемлекеттік борышты басқару
- •17.7. Мемлекеттік борыштың экономикалық салдарлары
- •17.2 Сызба. Өндірістік мүмкіндіктердің қисық сызығы
- •17.3 Сызба.
- •17.2 Кесте. Орта мерзімді кезеңдегі мемлекеттік берешек параметрлерінің шоғырланымдық ұлғаюы
- •Бақылау сұрақтары
- •IV бөлім. Үй шаруашылықтарының қаржысы
- •18.1. Үй шаруашылықтары қаржысының ұғымы және функциялары
- •18.1 Сызба. Экономикалық жүйеде ресурстардың, өнімдердің және табыстардың толық айналымы
- •18.2. Үй шаруашылықтарының қаржылық ресурстары және бюджеті
- •18.3. Үй шаруашылықтарының табыстары және олардың құрамы
- •18.4. Халықтың тұрмыстық деңгейін мемлекеттік реттеу
- •18.2 Сызба. Лоренцтің қисық сызығы
- •18.5. Мемлекеттік әлеуметтік трансферттер
- •18.1 Кесте. Табыс тұрғысынан Қазақстандағы кедейлік деңгейі
- •18.6. Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі
- •18.7. Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстары және олардың сыныптамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •Және әлеуметтік негіздері
- •19.1. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары
- •19.2. Мүліктік және жеке басты сақтандыру ерекшеліктері
- •19.3. Әлеуметтік сақтандыру
- •19.4. Медициналық сақтандыру
- •19.5. Сақтық рыногы
- •Бақылау сұрақтары
- •20.2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы
- •20.3. Фискалдық саясаттың нұсқалары
- •20.4. Экономикалық реттеу теорияларындағы қаржы
- •20.5. Рыноктық тепе-теңдікке салықтардың әсері
- •Бақылау сұрақтары
- •21.1. Қаржы рыногы туралы ұғым
- •21.1 Сызба. Қаржы рыногы мен бағалы қағаздар рыногының өзара байланысы
- •21.2. Бағалы қағаздар рыногы. Бағалы қағаздардың сыныптамасы.
- •21.2 Сызба. Бағалы қағаздардың сыныптамасы
- •21.3. Бағалы қағаздардың шығарылымы және айналысы.
- •21.4. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары
- •21.5. Қор биржасы
- •21.6 Қор рыногының индикаторлары
- •Бақылау сұрақтары
- •Байланыстар жүйесіндегі қаржы
- •22.1. Сыртқы экономикалық қызметтің сипаттамасы және оның даму бағыттары
- •22.2. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері
- •22.1 Кесте. Валюта бағамдары өзгерімінің экспорт пен испорттың көлеміне әсері (шетелдік ақшалай өлшемдерінде – шет. Ақшалай өлш. Және ұлттық ақшалай өлшемінде – ұлт. Ақшалай өлш.)
- •22.3. Сыртқы экономикалық қызметті салықтық реттеу
- •22.2 Кесте. Кеден баждарының түрлері
- •22.3. Валюталық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану
- •22.4. Елдің төлем балансы
- •22.3 Кесте. 2008 жылғы Қазақстан Республикасының жиынтық төлем балансы
- •Бақылау сұрақтары
- •23.1. Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы.
- •2 3.1 Сызба. Қаржы мен инфляцияның өзара іс-әрекеті
- •23.3 Сызба. Инфляциялық шиыршық
- •23.2. Сызба. Инфляциның сипаттамасы және оның іс-әрекеті.
- •23.2. Инфляцияға қарсы саясат шаралары
- •Бақылау сұрақтары
1.6 Сызба. Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің сызбасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ |
||||||||
Жалпымемлекеттік қаржы |
|
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы |
|
Үй шаруа- шылық- тарының (халық- тың) қар- жысы |
||||
Мемлекеттік бюджет |
Мемле- кеттік кредит |
Мемлекеттік арнаулы бюджеттен тыс корлар |
Материалдық өндіріс сферасы- ның қаржысы |
Қызметтер көрсету сферасының қаржысы |
||||
Респу- блика- лық бюджет |
Жергілікті бюджеттер: облыстар- дың бюджет- тері, қалалық, аудандық бюджеттер |
Мемле- кеттік борыш (ішкі, сыртқы) |
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, Әлеумет- тік сақтанды-рудың мемлекет-тік қоры, Ұлттық әл-ауқат қоры, Ұлттық Иннова- циялық қор, ҚР Ұлттық қоры |
|
Тұрғын үй- комуналдық шарушылық- тың, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетудің, көлік, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, ғылым және ғылыми қызмет көрсету, қоғамдық ұйымдардың, банк -кредит, сақтық, коммерциялық және делдалдық ұйымдардың, мемлекеттік емес (соның ішінде зейнет ақы ) жәнебасқа субъектілердің (басқару,қорғаныс құқық қорғау органдары- ның) қаржысы |
|||
Орталықтандырылған қаржылыр |
Орталықтандырылмаған қаржылар |
|||||||
Өзінің ортақ қағидалы біртұтастығына қарамастан, қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың нысандары мен олардың сыртқы көрінісі әр түрлі. Бұл мағынада қаржы құрамы туралы айтуға болады. Қаржылық қатынастардың сфералары мен буындары өзара тығыз байланыста болады және елдің біртұтас қаржы жүйесінің құрамын құрайды.
Сонымен бірге қаржы құрамын мемлекеттің қаржылық саясатын жүзеге асыруға қызмет ететін нақтылы қаржы органдары болып табылатын қаржы жүйесінен ажырата білген жөн.
Қазақстан Республикасында макро- және микроэкономиканың қаржы жүйесінің құрамы қаржылық қатынастардың біршама дербес мына буындарынан тұрады:
1) мемлекеттің бюджет жүйесі;
2) арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
3) мемлекеттік кредит;
4) жергілікті қаржы;
5) шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;
6) халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржысы.
Қаржылық қатынастардың алғашқы үш бөлігі жалпы мемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, үй шаруашылықтарының қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.
Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік рөлі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүктелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады.
Жалпы, қаржылардың бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке біріктіріледі:
мемлекеттік және муниципалдық қаржы;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
Қаржы жүйесі ұғымымен қатар қаржы-кредит жүйесінің жалпылама ұғымы да бар, оған қаржы жүйесінің буындары ғана емес, сондай-ақ кредит жүйесі де кіріктіріледі. Қаржы-кредит жүйесі бірлескен түрде көбінесе материалдық өндіріс сферасыда қызмет етеді, өйткені кредит мекемелері өндірістік емес сфераға жатқанымен өндірістік емес сферада кредиттік қатынастар шектелінген.
Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
Мемлекеттердің көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың қағидаты – фискалдық (қазыналық) федерализм қағидаты.
Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілерге кең құқық пен дербестік берілген.
Бұл қағидат жергілікті қаржы органдарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғарғы қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын ала айқындайды.
Салалық қаржыларды басқарудағы демократиялық негіз шаруашылық жүргізуші органдарға капиталды (негізгі және айналым капиталдарын) бекітіп беруге, оларға әр түрлі мақсатты арналымның ақшалай қорларын жасауға және оларды пайдалануға құқық беруде көрінеді. Жоғарғы органдар өзінің құзыры шегінде салалық қорлар мен резервтерге орналастырылатын қаражаттардың бір бөлігін қайта бөлу туралы шешім қабылдайды, оларды мақсатты пайдаланудың тәртібін анықтайды.
Кәсіпкерлік секторда қаржылық дербестік неғұрлым толық көрінеді: оның қатысушылары мемлекеттің қаржы жүйесі алдындағы міндеттемелерді орындағаннан кейін қаржылық ресурстарды еркін иемденеді.
Ұлттық және өңірлік мүдделерді сақтау. Өңірлерді дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сияқты бұл қағидаттың талаптары да қаржылық қатынастарда ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады. Қаржы жүйесін құрудағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары құрылымының ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-өңірлік құрылымына сай келуі. Әрбір облыста, ауданда және қалада қаржы органдарының тиісті аппараты бар. Төменгі құрылымдарда арнаулы қаржы органдарының болмауы мүмкін, онда олардың функцияларын жергілікті әкімшіліктің аппараты атқарады. Федеративтік құрылысы бар көп ұлтты мемлекеттерде бұл қағидаттың маңызы айтарлықтай артып отыр.
Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттарымен алдын ала айқындалып отырады. Қаржылардың барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік актілерге негізделеді. Қаржы жүйесінің бірлігі қаржылық ресурстардың басты көздерінің ортақтастығында (бірлігінде), олардың қозғалысының өзара байланыстығында, қажетті қаржылық көмек көрсету үшін қаражаттарды өңірлер, салалар арасында қайта бөлуде болып отыр. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде жасалатын қаржы жоспарлары мен баланстардың өзара үйлесу жүйесінде өзінің нақтылы қөрінісін табады.
Қаржы жүйесінің жекелеген құрамды элементтерінің функциялық арналым қағидаты қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығынан көрінеді. Оған айрықша қаржылық аппарат сәйкес келеді. Мемлекеттік бюджеттің ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.
Бюджеттен тыс қорлардың (ресурстардың) мақсатты міндеттерін тиісті аппараттар анықтайды және шешеді немесе белгілі бір министрліктің және үкіметтің басқаруына беріледі.
Ұлттық шаруашылықты басқарудың сатылас қағидаты жоғарғы органдар (министрліктер, ведомстволар, холдингтер, ассоциациялар, бірлестіктер) деңгейінде де, сондай-ақ төменгі (фирмаларда, компанияларда және т.б.) деңгейде де қаржылық аппараттың тиісті құрылымын байланыстырады (қамтамасыз етеді). Бұдан басқа, қаржылық аппаратты ұйымдастыруда акционерлік, бірлескен, аралас, кооперативтік, сондай-ақ қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдарды басқарудың ерекшеліктері бейнелеп көрсетіледі.
Қазіргі кезде қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта құрылуда. Каржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандырып, одан ары тездетуге қаржы жүйесінің ықпал етуін күшейту, жиынтық ұлттық табыстың, қаржылық ресурстардың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, қоғамдық өндірістің барлық буындарында шаруашылық-коммерциялық есептерді нығайту болып табылады.
Рыноктық қатынастар барысында қаржы жүйесінің рөлі мен маңызы шұғыл артады. Қаржы-кредит секторы рыноктық механизмдердің негұрлым тиімді жұмыс істейтін секторларының біріне айналуы тиіс.
Қаржы және ең алдымен бюджет жүйесі ішкі жалпы өнімнің өсуіне және оның басты бөлігі – ұлттық табысқа, макро-және микроэкономика кәсіпорындарының, фирмаларының және салаларының дамуына және халықтың көптеген жігінің хал-ахуалына айтарлықтай ықпал жасайды.
Қоғамда істің жайы қаржылық ахуалмен анықталады, сондықтан тұрақтану мен дамудың бағдарламасы бірінші кезекте экономиканың тиімділігін арттыру жөніндегі жалпыэкономикалық шараларды іске асыруды қарастыруы тиіс. Бұл шаралардың қатарында – өндірістік қатынастарды жетілдіру, экономиканы әлеуметтік қайта бағдарлау, ұлттық шаруашылықтың құрылымын жаңғырту, ғылыми-техникалық прогресті тездету, сыртқы экономикалық қызметті жандандыру, ішкі өндіріс есебінен тұтыну рыногын толықтыру проблемасын шешу шаралары және тұр. Қаржылық шаралардың ішінде инвестицияларды оңтайландыру, басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындарды азайту, шаруашылық жүргізудің барлық деңгейінде үнем режімін қатаңдандыру қажет; экономиканың төменгі деңгейлерінде залалдықты болдырмау, коммерциялық есепті дамыту, қаржы жүйесінің барлық буындарында қаржылық өзара қарым-қатынастарды индикативтік реттеу қажет.
