Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Соңғы нұсқасы ҚҰЛПЫБАЕВ С Айгерим.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
7.15 Mб
Скачать

17.7. Мемлекеттік борыштың экономикалық салдарлары

Үлкен көлемдегі мемлекеттік борыш мемлекетті банкроттыққа ұшыратпайды, өйткені Үкіметтің мынадай іс-қимылдары қолданылуы мүмкін:

  1. Қайта қаржыландыру. Төлеу мезгілі жеткен облигацияларды өтеу үшін практикада Үкімет шығыстарды қысқартпайды және салықтарды көтермейді (тоқыраулық экономика жағдайында мұндай саясат қате болар еді). Ол өзінің борышын қайта қаржыландырады, яғни жаңа облигациялар сатады және түсім-ақшаны өтелетін облигацияларды ұстаушыларға төлеу үшін пайдаланады.

  2. Салық салу. Үкіметтің салық салуға және оларды жинауға құқығы бар. Қаржылық күйреу кезінде жекеше шаруашылықтар мен корпорациялар салық жинау есебінен кірістер ала алмайды, ал үкімет ала алады; сөйтіп, жекеше шаруашылықтар мен корпорациялар банкроттануы мүмкін, ал үкімет банкроттанбайды.

  3. Ақша жасау. Борыштың негізгі сомасын және пайыздарды төлеу үшін үкіметтің ақша басып шығаруға мүмкіндігі бар, бірақ мұның инфляциялық нәтижесі болады.

Бірақ үкіметтің мұндай іс-қимылдары жағымсыз зардаптар тудырады:

  1. Табыстардағы теңсіздіктің көбеюі. Табыстардың мөлшері бойынша халықтың түрлі топтары болады. Және салық жүйесі шамалы үдемелі болуы мүмкін, облигацияларға ие болудан алынатын пайыздық табыстарды қайта бөлудің нәтижесінде ол артық табыстар «алмайды»;

  2. Пайыздық төлемдер салық салуды көбейтуді қажет етеді, бұл инновацияларға, инвестицияларға, жұмысқа ынталандырмаларды төмендетеді, мұның өзі экономикалық өсуге зиян келтіреді. Көрсеткіштердің борышы бойынша пайыздық төлемдердің қатынасы – борыш бойынша пайыздарды төлеу үшін қажет салық салудың деңгейі;

  3. Ығыстыру нәтижесінің іс-әрекеті. Егер экономика толық жұмыстылық жағдайда жұмыс істеп тұрса және бюджет баланстандырылған болса, егер үкімет шығыстарды көбейтсе, онда өндірістік мүмкіндіктердің қисық сызығы бойынша экономика қисық сызықтың бойымен үкіметтік тауарлардың білігі (осі) бағытында жылжиды және жекеше тауарларға ашықтық кемірек болады

(17.3. сызбаны қараңыз).

17.2 Сызба. Өндірістік мүмкіндіктердің қисық сызығы

Жекеше тауарлар не тұтыну, не инвестициялық тауарлар болуы мүмкін:

1) егер тұтыну тауарларын қысқарту есебінен ұсыным азайса, онда халықтың бүгінгі ұрпағының тұрмыс деңгейі төмендейді, ал инвестициялардың деңгейі сақталынады және келер ұрпақ шалынбайды;

2) егер төмендеу инвестициялық тауарларды шалса, онда бүгінгі ұрпақтың тұтыну деңгейі өзгермейді, ал болашақта табыс деңгейі аз болады.

Уақиғалар дамуының екі сценарийі болуы мүмкін:

1) Үкімет шығыстарының көбеюі салық салудың өсуімен қаржыланады, онда тұтыну шығыстары төмендейді және үкіметтік шығыстардың ауыртпалығы бүгінгі ұрпаққа түседі;

2) Үкімет шығыстарының көбеюі мемлекеттік борыштың көбеюі есебінен қаржыланады.

Салдарлары: үкімет ақша рыногына шығады, жекеше қарыз алушылармен бәсекелеседі, пайыздық мөлшерлеме көбейеді, инвестициялар қысқарады. Болашақ ұрпақ аз экономикалық әлуетті мұраланады және оның ең төмен тұрмыс деңгейі болады.

Бірақ екі шектелім болады:

1. Мемлекеттік инвестициялар. Егер үкімет шығыстарының өсуі тұтыну шығыстарының көбеюі есебінен болатын болса, онда борыштың көбеюінің ауыртпалығы болашақ ұрпақтарға аударылады. Ал егер сонымен бірге мемлекеттік инвестициялар көбейетін болса, онда бұл экономиканың болашақ өнді-