Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Соңғы нұсқасы ҚҰЛПЫБАЕВ С Айгерим.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
7.15 Mб
Скачать

17.2 Кесте. Жалпы сыртқы борыштың динамикасы, млрд ақш долларында.

2004ж

2005ж

2006ж

2007ж

2008ж

Мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген борыш

3,1

2,2

3,1

2,1

1,7

жиынға %-бен

9,6

5,0

4,2

2,2

1,6

Мемлекет кепілдендірмеген борыш

29,6

41,2

70,9

94,3

106,2

жиынға%-бен

90,4

95,0

95,8

97,8

98,5

Жиыны

32,7

43,4

74,0

96,4

107,8

Соның ішінде фирмааралық берешек

16,7

19,2

25,5

29,9

36,9

жиынға%-бен

51,0

44,3

34,5

31,0

39,8

Дереккөз: Ұлттық банк, Қаржы министрлігі, Статистика жөніндегі агенттік

2008 жылы жалпы сыртқы борыш 107,8 миллиард долларды, соның ішінде мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген борыш – 1,7 миллиард долларды, мемлекет кепіл- дендірмеген борыш – 106,2 фирмааралық берешек – 36,9, екінші деңгей банктерінің берешегі – 41,6 миллард долларды құрады. Сөйтіп, жалпы сыртқы борыштың ІЖӨ-ге қатынасы 66,3%-ды, ал мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген борыштың жалпы сыртқы борыштағы үлесі 20%-ды, ІЖӨ-дегі үлесі 1,3%-ды құрады; халықтың жан басына шаққандағы жалпы сыртқы борыш 6,8 мың доллар, таза сыртқы борыш (елдің сыртқы активтерін шегергендегі) 18,6 миллиард доллар болды.

Мемлекеттік борыштың болуы мезгілі келген пай­ыз­дар­ды жә­не­ бо­рыш­тық ­мін­дет­те­ме­лер­ді­ өтеу­ді­ тө­леу­ жө­нін­де­гі жыл сайынғы шы­ғын­дар­ды қажет етеді, олар мем­ле­кет­тік­ бо­рыш­ты ­бас­қа­ру­ жө­нін­де­гі­ шы­ғын­дар деп аталады.

Қазақстан Республикасының үкіметтік борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді Қаржы министрлігі тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы заңында көзделген қаражат есебінен Ұлттық банк арқылы, Ұлттық банктің борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді Ұлттық банк өзінің билігіндегі активтер есебінен, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді ол тиісті жылға арналған мемлекеттік бюджетте көзделген қаражат есебінен Ұлттық банктің келісімі бойынша жергілікті атқарушы органның қарыздарына қызмет көрсету үшін тартылатын екінші деңгей банктері арқылы жүзеге асырылады.

Барлық мемлекеттік қарыздар Үкімет белгілеген тәртіппен Қаржы министрлігінде тіркеліп, есепке алынуға тиіс.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышын есеп­ке­алу­үшін Ұлттық банк пен жергілікті атқарушы органдар келісілген тәртіппен Қаржы министрлігіне өз қарыздарының талаптары, алынуы, оларға қызмет көрсетілуі және өтелуі туралы ақпарат тапсырып отырады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджеттің қаражатымен қамтамасыз етілетін үкіметтік борышты өтеу және оған қызмет көрсету, Ұлттық банк өзінің билігіндегі барлық активтермен қамтамасыз етілетін Ұлттық банктің борышын өтеу және оған қызмет көрсету, жергілікті атқарушы орган билігінде тұрған меншік құқығындағы мүлікпен, қаржылық ресурстармен және басқа активтермен қамтамасыз етілетін өз борышын өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелерді атқарады.

Борыштың негізгі сомасы қайтарылған және борышқа қызмет көрсету жөніндегі төлемдер толық көлемінде төленген жағдайда мемлекеттік борыш өтелген болып саналады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық банкінің және жергілікті атқарушы органдарының осындай шарттың (келісімнің) талаптарында, осындай қағаздарды шығару талаптарында көзделген жағдайда, қарыз туралы шарт (келісім) бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуге, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды мерзімінен бұрын сатып алуға құқығы бар.