
- •Isbn 9965-803-47-1
- •Isbn 9965-803-47-1
- •1.1 Сызба. Қоғамдық жүйедегі қатынастардың дәйектілігі (бағыныңқылығы)
- •1.2 Сызба. Қоғамдық өнімді өндіру, оның құнын бөлу және қайта бөлу
- •Сызба. Қаржы қажеттігінің факторлары
- •1.2 Ұлттық өндіріс көлемдерін өлшеу.
- •Қаржының айрықшалықты белгілері
- •1.4. Қаржының функциялары және рөлі
- •1.5. Құндық экономикалық категориялардың өзара іс-әрекеті мен өзара байланысы
- •1.6. Қаржылық ресурстар мен қорлар қаржылық қатынастардың объекті ретінде
- •1.4 Сызба. Қаржылық ресурстардың құрамы
- •1.7. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары
- •1.7 Сызба. Қаржылық қорлардың сыныптамасы
- •1.5 Сызба. Функциялық критерийі бойынша қаржы жүйесінің құрылымы
- •1.6 Сызба. Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің сызбасы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Қаржылық саясаттың мазмұны, міндеттері және қағидаттары
- •2.1 Сызба. Қоғамдық-экономикалық формацияның базис және қондырма жүйесіндегі қаржы
- •2.2. Қаржылық саясатты жасау
- •2.3 Қаржылық механизмнiң мазмұны мен құрылымы
- •2.2 Сызба. Қаржылық механизмнiң жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1 Қаржыны басқару ұғымы
- •3.2. Мемлекеттің қаржысын басқару
- •3.3. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару
- •3.4. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері, қағидаттары және әдістері
- •4.2. Қаржы жоспарларының жүйесі
- •4.3. Қаржылық көрсеткіштер
- •4.4 Қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Қаржылық құқықтық қатынастар және қаржылық-құқықтық нормалар
- •5.1 Сызба, Қаржы мен құқықтың өзара іс-әрекеті. Қаржылық-құқықтық механизмнің қалыптасуы
- •5.2. Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері
- •5.3. Қаржы заңнамасы жүйесіндегі қаржылық-құқықтық актілер
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидаттары
- •6.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы
- •6.1. Сызба. Түрлері бойынша қаржылық бақылаудың сыныпталуы
- •6.3. Аудиторлық бақылау (аудит)
- •6.4. Қаржылық бақылаудың әдістері
- •6.5. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру негіздері
- •Бақылау сұрақтары
- •7.1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны
- •7.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
- •7.1 Сызба. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
- •7.3. Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері
- •7.4 Шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігін жаңғыртудың қаржылық ерекшеліктері және оның әртараптандырылуы
- •Бақылау сұрақтары
- •8.1. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері
- •8.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қорлары
- •8.3. Өндірістік капиталдар және шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің қаржылық нәтижелері.
- •Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметі нәтижелерінің қалыптасу сызбасы
- •8.5. Компаниялардың, фирмалардың қаржылық менеджменті
- •Бақылау сұрақтары
- •9.1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру
- •9.2. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері
- •9.3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердін шығыстары
- •Бақылау сұрақтары
- •10.1. Мемлекеттің экономикалық қызметі
- •10.1 Сызба. Құйылым шығындары
- •10.2 Сызба. Құйылым пайдалары
- •10.3 Сызба. Құйылым пайдаларын реттеу
- •10.2 Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер
- •10.4 Сызба.Тауар әлеміндегі қоғамдық тауарлар, қызметтер, игіліктер
- •10.3. Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы
- •10.5 Сызба. Қазақстанның мемлекет қаржысының құрамы
- •Бақылау сұрақтары
- •11.1. Мемлекет кірістерінің мәні
- •11.1 Сызба. Қаржылық ресурстар, мемлекеттің кірістері мен шығыстары
- •11.2 Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •12.1. Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
- •12.2. Қазақстанның салық жүйесі
- •1) Салықтар:
- •2) Бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер:
- •12.3. Салық салуды ұйымдастыру
- •12.1. Сызба. Салықтық механизмнің элементтері
- •12.2. Сызба. Салық нұсқамасы
- •12.3 Сызба. Үйлесімді және прогрессивті салық салу
- •12.4. Корпоративтік табыс салығы
- •12.4 Сызба. Корпоративтік табыс салығын есептеу және өндіріп алу
- •12.5. Жеке табыс салығы
- •12.6. Шетелдік заңи және жеке тұлғалардың табыстарына салық салу
- •12.2 Кесте. Бейрезиденттердің табыстары бойынша төлем көзінен салық салу мөлшерлемелері
- •12.7. Жанама салықтар
- •12.5 Сызба. Есепке жатқызылған ққс-ты өндіріп алу
- •12.3 Кесте. Ққс-тың іс-әрекет механизмінің сызбасы
- •12.8. Экспортқа рента салығы
- •12.9. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары
- •12.10. Әлеуметтік салық
- •12.11. Меншікке салынатын салықтар
- •12.12. Құмар ойын бизнесі салығы
- •12.13. Тіркелген салық
- •12.14. Арнаулы салық режімдері
- •12.15. Басқа міндетті төлемдер
- •12.16. Салықтарды аудару
- •12.6 Сызба.
- •12.17. Салықтардан жалтарыну
- •Бақылау сұрақтары
- •13.1. Мемлекет шығыстарының мәнi, құpaмы және сыныптамасы
- •13.2. Экономиканы қаржыландыру
- •13.3. Ғылыми-техникалық прогресті қаржыландыру
- •13.4. Әлеумeттiк-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар
- •13.5. Халықты әлеуметтiк қopғay шығыстары
- •13.6. Қорғанысқa және басқаруға жұмсалатын шығыстap
- •Бақылау сұрақтары
- •14.1. Мемлекеттік бюджеттің мазмұны, әлеуметтік-экономикалық мәні және рөлі
- •14.1 Сызба. Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы
- •14.2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
- •14.2 Сызба. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
- •14.3 Сызба. Баланстандырылған бюджеттік әдістің іс-әрекеті.
- •14.3 Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік реттеу механизмі
- •14.4. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
- •14.4 Кесте. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің құрамы мен құрылымы
- •14.5. Бюджеттік сыныптама
- •14.6. Бюджет тапшылығы, оның сыныптамасы. Бюджет тапшылығының тұжырымдамалары
- •14.7. Бюджеттік үдеріс
- •Бақылау сұрақтары
- •15.1. Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
- •15.2. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
- •15.1 Кесте. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерімен шығыстарының көлемі және құрылымы (2008 ж)
- •15.3. Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс
- •15.4. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
- •Бақылау сұрақтары
- •16.1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •16.2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.3. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.4 Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
- •16.4 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
- •Бақылау сұрақтары
- •15.1. Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
- •15.2. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
- •15.1 Кесте. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерімен шығыстарының көлемі және құрылымы (2008 ж)
- •15.3. Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс
- •15.4. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
- •Бақылау сұрақтары
- •16.1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •16.2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.3. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.4 Қазақстанның Республикасының Ұлттық қоры
- •16.4 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
- •Бақылау сұрақтары
- •Пен мемлекеттік борыш
- •17.1 Мемлекеттік кредиттің мәні
- •17.2. Мемлекеттік кредиттің нысандары мен әдістері
- •17.3. Сыртқы (халықаралық) кредит
- •17.4. Мемлекеттік борыш
- •17.2 Сызба. Мемлекеттік кредиттегі себеп-салдарлық өзара байланыстар
- •17.5. Елдің сыртқы борышы
- •17.1 Кесте.Сыртқы борыштың салыстырмалы параметрлері
- •17.2 Кесте. Жалпы сыртқы борыштың динамикасы, млрд ақш долларында.
- •17.6. Мемлекеттік борышты басқару
- •17.7. Мемлекеттік борыштың экономикалық салдарлары
- •17.2 Сызба. Өндірістік мүмкіндіктердің қисық сызығы
- •17.3 Сызба.
- •17.2 Кесте. Орта мерзімді кезеңдегі мемлекеттік берешек параметрлерінің шоғырланымдық ұлғаюы
- •Бақылау сұрақтары
- •IV бөлім. Үй шаруашылықтарының қаржысы
- •18.1. Үй шаруашылықтары қаржысының ұғымы және функциялары
- •18.1 Сызба. Экономикалық жүйеде ресурстардың, өнімдердің және табыстардың толық айналымы
- •18.2. Үй шаруашылықтарының қаржылық ресурстары және бюджеті
- •18.3. Үй шаруашылықтарының табыстары және олардың құрамы
- •18.4. Халықтың тұрмыстық деңгейін мемлекеттік реттеу
- •18.2 Сызба. Лоренцтің қисық сызығы
- •18.5. Мемлекеттік әлеуметтік трансферттер
- •18.1 Кесте. Табыс тұрғысынан Қазақстандағы кедейлік деңгейі
- •18.6. Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі
- •18.7. Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстары және олардың сыныптамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •Және әлеуметтік негіздері
- •19.1. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары
- •19.2. Мүліктік және жеке басты сақтандыру ерекшеліктері
- •19.3. Әлеуметтік сақтандыру
- •19.4. Медициналық сақтандыру
- •19.5. Сақтық рыногы
- •Бақылау сұрақтары
- •20.2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы
- •20.3. Фискалдық саясаттың нұсқалары
- •20.4. Экономикалық реттеу теорияларындағы қаржы
- •20.5. Рыноктық тепе-теңдікке салықтардың әсері
- •Бақылау сұрақтары
- •21.1. Қаржы рыногы туралы ұғым
- •21.1 Сызба. Қаржы рыногы мен бағалы қағаздар рыногының өзара байланысы
- •21.2. Бағалы қағаздар рыногы. Бағалы қағаздардың сыныптамасы.
- •21.2 Сызба. Бағалы қағаздардың сыныптамасы
- •21.3. Бағалы қағаздардың шығарылымы және айналысы.
- •21.4. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары
- •21.5. Қор биржасы
- •21.6 Қор рыногының индикаторлары
- •Бақылау сұрақтары
- •Байланыстар жүйесіндегі қаржы
- •22.1. Сыртқы экономикалық қызметтің сипаттамасы және оның даму бағыттары
- •22.2. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері
- •22.1 Кесте. Валюта бағамдары өзгерімінің экспорт пен испорттың көлеміне әсері (шетелдік ақшалай өлшемдерінде – шет. Ақшалай өлш. Және ұлттық ақшалай өлшемінде – ұлт. Ақшалай өлш.)
- •22.3. Сыртқы экономикалық қызметті салықтық реттеу
- •22.2 Кесте. Кеден баждарының түрлері
- •22.3. Валюталық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану
- •22.4. Елдің төлем балансы
- •22.3 Кесте. 2008 жылғы Қазақстан Республикасының жиынтық төлем балансы
- •Бақылау сұрақтары
- •23.1. Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы.
- •2 3.1 Сызба. Қаржы мен инфляцияның өзара іс-әрекеті
- •23.3 Сызба. Инфляциялық шиыршық
- •23.2. Сызба. Инфляциның сипаттамасы және оның іс-әрекеті.
- •23.2. Инфляцияға қарсы саясат шаралары
- •Бақылау сұрақтары
17.2. Мемлекеттік кредиттің нысандары мен әдістері
Мыналар: мемлекеттік қарыздар шығару; коммерциялық банктердегі халықтың салымдарының бір бөлігін мемлекеттік қарыздарға айналдыру; қазынашылық несиелер мемлекеттік кредиттің нысандары болып табылады
Мемлекеттік кредиттің негізгі нысаны кредиттік қатынастарды білдіретін мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінен қарыз алушы ретінде болады.
Қарыздардың салықтардан айырмашылығы:
Қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз ва- лютасы, эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады. Өтеу мезгілі бойынша: қысқа мерзімді (бір жылға дейін), ортамерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді(5 жылдан жоғары) болып ажыратылады. Орналастыру орны бойынша қарыздар ішкі және сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың облигацияларын шетелдік азаматтар мен қоғамдар сатып ала алады. Орналастыру әдістері бойынша: еркін айналатын, жазылу бойынша орналастырылатын және мәжбүрлеме қарыздар болып ажыратылады. Мемлекеттік қарыздар, әдеттегідей, ақшалай нысанда шығарылады, бірақ қажет болғанда олардың заттай нысаны да болады.
Эмитентке қарай қарыздар орталық үкіметтің қарыздарына және биліктің жергілікті органдарының қарыздарына (муниципалдық қарыздарға) ажыратылады.
Табыстылық түрлері бойынша қарыздар қарыз иелері жыл сайын тең үлеспен бекітілген мөлшерлеме бойынша тұрлаулы табыс алатын пайыздық, ұтыстық (табыс облига- циялардың өтеу тиражы немесе ұтыс тиражы шыққанда төленеді) қарыздар болуы мүмкін.
Дербестікке ие болғаннан кейін Қазақстан Республикасында меншікті ішкі қарыздарды қолдану басталды. 1992 жылы республика Үкіметі Мемлекеттік ішкі қарыз шығарды, ол кәсіпорындар мен ұйымдар арасында таратылды. Сол жылы айналысқа 20 жылға есептелінген Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі ұтыс қарызының боналары шығарылды. Қарыздар бойынша ұтыстар жыл сайын 25, 50, 500 мың теңге мөлшерінде 4 рет ойналады. Қарыздың шарттары бойынша 1982 жылғы одақтық қарыз бойынша облигацияларды боналарға айырбастау жолымен Үкімет міндеттемелер қабылдады.
1996 жылы Қазақстан Республикасында резидент және бейрезидент-заңи және жеке тұлғалар арасында номиналы 1000 теңгеге, айналым мерзімі 364 күнге тең мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылатын Мемлекеттік ішкі қарызының ұлттық жинақ облигацияларын тарату басталды. Ұлттық жинақ облигацияларына жүзбелі табыстық пайыздары есептеліп, олар тоқсан сайын төленіп тұрады.
Шартты мемлекеттік кредитте кепілдер мен кепілгерліктер нысандар болып табылады.
Елдің қарыз алушы-резиденті одан тиесілі соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда Үкіметтің берешекті толық немесе ішінара өтеуге қарыз берушінің алдындағы міндеттемесі осы елден мемлекеттік (үкіметтік, егеменді) кепілдігі (мемлекеттік кепілдік) болып табылады. Мемлекеттік кепілдіктер қарыз берушілерге осы ел резиденттерінің өздері алған мемлекеттік емес қарыздар бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуі ретінде беріледі.
Үкіметтің кепілгерлік шартына сәйкес концессиялық шарт шеңберінде тартылған, қарыз бойынша қарыз беруші алдындағы қарыз алушының борышын толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі мемлекет кепілгерлігі болып табылады.
Кепілгерлік бойынша міндеттемелер қарыздың негізгі сомасын және ол бойынша сыйақыны кіріктіреді. Сөйтіп, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздық қаражаттар. Концессия объектілерін құруға ғана пайдаланылады.
Мемлекеттік кепілдік және кепілгерлік бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен қарыз беруші арасында жазбаша келісімшарт жасасу арқылы беріледі.
Кірістер түспеген немесе жеткіліксіз түскен кезде қарастырылған шараларды бюджеттен қаржыландыру кезінде ақшалай ресурстардағы қысқа мерзімді қажеттіліктерді жабу үшін кредиттің мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері (МҚМ ) сияқты нысаны пайдаланылады. МҚМ қағазсыз (заттандырылмаған) нысанда заңи тұлғаларға – коммерциялық банктерге, кәсіпорындарға, фирмаларға арналып үш, алты, тоғыз, он екі ай мерзімге шығарылады. Ұстаушылар арасында МҚМ-ді орналастыру аукциондық сауда-саттықта жүргізіледі, онда міндеттемелердің кезекті шығарылымының дисконтталған бағасы белгіленеді. Айналыс мерзімі өткеннен кейін Қаржы министрлігі оларды көрсетулі құны бойынша сатып алады, бұл бағалы қағаздың атаулы (номи-налды) құны мен дисконттық бағасы арасындағы айырма инвестордың табысын құрайды. Мемлекет МҚМ-ға конъюнктураны ескере отырып, қалыптасып отырған рыноктық бағалар бойынша шаруашылық операциялар бойынша оларға есеп айырысу және төлемдер құралының мәртебесін бере отырып, МҚМ-ның орнықтылығына кепілдік береді.
МҚМ бюджеттің «кассалық алшақтықтарын» жабудың пәрменді құралы болып табылады, бірақ бір мезгілде МҚМ-ды сатып алу кезінде мемлекеттің белгілі бір ысыраптары болады, ол дисконттың шамасына тең болады, ал оның мөлшері – МҚМ - ның табыстылығы – инвесторларды МҚМ-ды сатып алуға қызықтыру үшін банктік пайыздың қолданыстағы шамасынан асып түсуі тиіс. Бұл аспектіде МҚМ өзгеше «қаржылық пирамида» болды, ол мемлекеттің бюджеттік қаражаттары есебінен болатын тұрақты қаржылық қолдаудың арқасында орнықтылығын сақтайтын.
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландыру үшін халықтың мемлекеттік банктердегі салымдары бойынша қалдықтарының бір бөлігін мемлекеттік қарыздарға айналдыру – мемлекеттік кредиттің бұрын қолданылған нысаны. Әдетте бұл жинақ банкілері арқылы жүргізіледі және егер, олардың капиталы мемлекетке жататын болса, онда депозиттерді пайдалану тәуекелдері бойын-ша мемлекет жауап береді; жинақ банкінің (акционердің) капиталына мемлекет қатынасқан жағдайда банк мекемелерінің (акционерлердің) пікірлеріне сәйкес тартылған қаражаттарды тиімді пайдалану нұсқаларының проблемалары пайда болады.
Мемлекеттік кредиттің қисынды нысаны – бұл елдің орталық эмиссиялық банкісінің қаражаттарын тарту болуы мүмкін. Бұл нысан, тіпті егер мұндай қарыз алу коммерциялық негіздерде, яғни несиелік пайыздың қолданыстағы нормасын ескере отырып жүзеге асырылса да, айналыстағы ақша массасының инфляциялық құнсыздануымен қабаттаса жүреді, бұл экономикаға ақшаның едәуір біржолғы құйылуымен байланысты, ал оны алу (егер бұл болған жағ-дайда) ұзаққа созылуы мүмкін. Мемлекет бұл нысанға мемлекеттік кредиттің әр түрлі келеңсіз себептерден – дағдарыстық жағдаяттардан, мемлекеттік бағалы қағаздарға сенімнің жоғалуынан, төтенше жағдайлардан туатын басқа нысанда-рын пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда иек артады.
Үкіметтің, жергілікті органдардың қарамағына ақшалай қара- жаттарды тартуға қарама-қарсы мемлекеттің операциялары олар жағынан заңи және жеке тұлғаларға кредиттер беру болып табы- лады. Кредиттің бұл нысаны мемлекеттік (қазынашылық) несиелер деп аталады және бұл нысан шаруашылық жүргізуші субъектілерге немесе бюджеттік қаражаттар есебінен мемлекеттік билік пен басқару органдарының халыққа қаржылық көмек көрсету жөніндегі ақшалай қатынастарын білдіреді және кәсіпорындарды, ұйымдарды қаржылық қиындықтар немесе дамуға қаражаттардың жеткіліксіздігі кезінде олардың ақшалай ресурстарға кезек күттірмейтін жағдайында қолдауға арналған.
Бюджеттік кодекске сәйкес қарыз алудың мынадай түрлері болады: Үкіметтің қарыз алуы, жергілікті атқарушы орган-дардың қарыз алуы және мемлекет кепілдік берген қарыз алу.
Үкіметтің қарыз алуы республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыру мақсатында жергілікті бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін Үкіметтен қарыз алу түрінде жүзеге асырылады.
Қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының атынан кепілдіктер беруге Үкіметтің айрықша құқығы бар.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің, жергілікті атқарушы органдарының қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының атынан кепілдіктер беруге құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің тапсыруымен мемлекеттік кепілдіктер беруді Қаржы министрлігі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы, мемлекет кепілдендірген қарыз алу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарыз алуы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарыз алуы мемлекеттік қарыз алу болып табылады.
Мемлекеттік емес қарыз алуды Қазақстан Республикасының резиденттері кез келген мөлшерде, кез келген валютада және кез келген нысанында Қазақстан Республикасы заңнамасында белгі- ленген шектеулерді ескере отырып, өз бетінше жүзеге асырады.
Мемлекеттік емес қарыздарды заңды тұлғалар мемлекеттік кепілдікпен және мемлекет кепілгерлігімен тарта алады. Жедел басқару құқығында мүлкі бар заңи тұлғаларға мемлекеттік емес қарыз алуды жүзеге асыруға тыйым салынады. Бюджеттік кодексте мемлекеттік қарыздардың мынадай түрлері мен нысандары карастырылған;
1. Мемлекеттік қарыздар қарыз алушыға қатысты алғанда:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары;
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарыздары;
жергілікті атқарушы органдарының қарыздары болып бөлінеді.
2.Несие капиталының рыноктары бойынша мемлекеттік қарыздар:
сыртқы мемлекеттік қарыздар;
ішкі мемлекеттік қарыздар болып бөлінеді.
3. Қарыз алу нысаны бойынша мемлекеттік қарыздар:
мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару;
қарыз келісімшарттарын жасасу болып бөлінеді.
4.Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар қолданылу мерзімі бойынша :
айналыс мерзімі 1 жылға дейін, қысқа мерзімді;
айналыс мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейін, орта мерзімді;
айналыс мерзімі 5 жылдан артық, ұзақ мерзімді болып бөлі-неді.
5. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару мақсаттары бойынша:
бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында шығарылатын;
борыштық құралдардың ішкі рыногын дамытуға жәрдемдесу мақсатында шығарылатын болып бөлінеді.
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттамалық және құжаттамалық емес нысандарда, ал ұсынушыға арналып тек құжаттамалық нысанда ғана, атаулы және дисконтталған құны бойынша сыйақының тіркелген және тіркелмеген (құбылмалы) мөлшерлемесімен шығарылуы мүмкін.
Мемлекеттік емес қарыз – Үкіметті, Ұлттық банкті және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденті- қарыз алушы болатын қарыздық қатынастар.
Мемлекеттік кредиттің әдістері сан алуан және баяндалған нысандарға сай келеді. Мемлекеттік қарыздарда – бұл қаражаттарды тартудың және оларды кейін қайтарудың амалдары, тәсілдері. Олар қарыздарды шығарудың келісімшарттарымен анықталады: табыстылықты анықтаудың және табыс алудың әдістерімен, іс-қимылдың мерзімімен, орналастыру амалдарымен(облигацияларды, боналарды еркін сатып алу және сату, жазылу, мәжбүрлеме орналастыру), өтеу амалымен (облигациялар бойынша ұтыстар, қордаланған пайыздық кірісі бар облигацияларды төлеп сатып алу, мерзімсіз қарыздарда – пайыздық кірісті кезеңдік төлеу).
Қарыздардағы әдістерге сондай-ақ мемлекеттік борышты басқару әдістері де жатады (ары қарай қараңыз: жаңғырту, мерзімді ұзарту,сәйкестендіру, қайта қаржыландыру).
Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерде мыналар әдістер болып табылады: дисконттың мөлшері, кесіп тастау бағасы**, көрсетулі құны бойынша МҚМ-ды өтеу, өтеу мерзімі, аукциондарды өткізудің тәртібі (реті).
Мемлекеттік кредиттің нысандары кезінде – мемлекеттік банктердің депозиттік ресурстарының қалдықтарын пайдалану кезінде – мұндай пайдаланудың шарттары әдістер болып табыла- ды: мемлекеттің қаржылық ресурстары ретінде тартылатын ресурстардың үлесі, қайтару мерзімі, табыстылық нормасы. Елдің орталық эмиссиялық банкісінің қаражаттарын тарту келісімшарттары – әдістері ұқсас болады, бұл әдістер мұндай қарыз алудың инфляциялық ықпалын азайтуы тиіс.
Мемлекеттік несиелер нысанындағы әдістер кәдуілгі банк кредитінің әдістеріне ұқсас болып келеді.