- •Isbn 9965-803-47-1
- •Isbn 9965-803-47-1
- •1.1 Сызба. Қоғамдық жүйедегі қатынастардың дәйектілігі (бағыныңқылығы)
- •1.2 Сызба. Қоғамдық өнімді өндіру, оның құнын бөлу және қайта бөлу
- •Сызба. Қаржы қажеттігінің факторлары
- •1.2 Ұлттық өндіріс көлемдерін өлшеу.
- •Қаржының айрықшалықты белгілері
- •1.4. Қаржының функциялары және рөлі
- •1.5. Құндық экономикалық категориялардың өзара іс-әрекеті мен өзара байланысы
- •1.6. Қаржылық ресурстар мен қорлар қаржылық қатынастардың объекті ретінде
- •1.4 Сызба. Қаржылық ресурстардың құрамы
- •1.7. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары
- •1.7 Сызба. Қаржылық қорлардың сыныптамасы
- •1.5 Сызба. Функциялық критерийі бойынша қаржы жүйесінің құрылымы
- •1.6 Сызба. Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің сызбасы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Қаржылық саясаттың мазмұны, міндеттері және қағидаттары
- •2.1 Сызба. Қоғамдық-экономикалық формацияның базис және қондырма жүйесіндегі қаржы
- •2.2. Қаржылық саясатты жасау
- •2.3 Қаржылық механизмнiң мазмұны мен құрылымы
- •2.2 Сызба. Қаржылық механизмнiң жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1 Қаржыны басқару ұғымы
- •3.2. Мемлекеттің қаржысын басқару
- •3.3. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару
- •3.4. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері, қағидаттары және әдістері
- •4.2. Қаржы жоспарларының жүйесі
- •4.3. Қаржылық көрсеткіштер
- •4.4 Қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Қаржылық құқықтық қатынастар және қаржылық-құқықтық нормалар
- •5.1 Сызба, Қаржы мен құқықтың өзара іс-әрекеті. Қаржылық-құқықтық механизмнің қалыптасуы
- •5.2. Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері
- •5.3. Қаржы заңнамасы жүйесіндегі қаржылық-құқықтық актілер
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидаттары
- •6.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы
- •6.1. Сызба. Түрлері бойынша қаржылық бақылаудың сыныпталуы
- •6.3. Аудиторлық бақылау (аудит)
- •6.4. Қаржылық бақылаудың әдістері
- •6.5. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру негіздері
- •Бақылау сұрақтары
- •7.1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны
- •7.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
- •7.1 Сызба. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
- •7.3. Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері
- •7.4 Шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігін жаңғыртудың қаржылық ерекшеліктері және оның әртараптандырылуы
- •Бақылау сұрақтары
- •8.1. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері
- •8.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қорлары
- •8.3. Өндірістік капиталдар және шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің қаржылық нәтижелері.
- •Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметі нәтижелерінің қалыптасу сызбасы
- •8.5. Компаниялардың, фирмалардың қаржылық менеджменті
- •Бақылау сұрақтары
- •9.1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру
- •9.2. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері
- •9.3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердін шығыстары
- •Бақылау сұрақтары
- •10.1. Мемлекеттің экономикалық қызметі
- •10.1 Сызба. Құйылым шығындары
- •10.2 Сызба. Құйылым пайдалары
- •10.3 Сызба. Құйылым пайдаларын реттеу
- •10.2 Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер
- •10.4 Сызба.Тауар әлеміндегі қоғамдық тауарлар, қызметтер, игіліктер
- •10.3. Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы
- •10.5 Сызба. Қазақстанның мемлекет қаржысының құрамы
- •Бақылау сұрақтары
- •11.1. Мемлекет кірістерінің мәні
- •11.1 Сызба. Қаржылық ресурстар, мемлекеттің кірістері мен шығыстары
- •11.2 Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •12.1. Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
- •12.2. Қазақстанның салық жүйесі
- •1) Салықтар:
- •2) Бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер:
- •12.3. Салық салуды ұйымдастыру
- •12.1. Сызба. Салықтық механизмнің элементтері
- •12.2. Сызба. Салық нұсқамасы
- •12.3 Сызба. Үйлесімді және прогрессивті салық салу
- •12.4. Корпоративтік табыс салығы
- •12.4 Сызба. Корпоративтік табыс салығын есептеу және өндіріп алу
- •12.5. Жеке табыс салығы
- •12.6. Шетелдік заңи және жеке тұлғалардың табыстарына салық салу
- •12.2 Кесте. Бейрезиденттердің табыстары бойынша төлем көзінен салық салу мөлшерлемелері
- •12.7. Жанама салықтар
- •12.5 Сызба. Есепке жатқызылған ққс-ты өндіріп алу
- •12.3 Кесте. Ққс-тың іс-әрекет механизмінің сызбасы
- •12.8. Экспортқа рента салығы
- •12.9. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары
- •12.10. Әлеуметтік салық
- •12.11. Меншікке салынатын салықтар
- •12.12. Құмар ойын бизнесі салығы
- •12.13. Тіркелген салық
- •12.14. Арнаулы салық режімдері
- •12.15. Басқа міндетті төлемдер
- •12.16. Салықтарды аудару
- •12.6 Сызба.
- •12.17. Салықтардан жалтарыну
- •Бақылау сұрақтары
- •13.1. Мемлекет шығыстарының мәнi, құpaмы және сыныптамасы
- •13.2. Экономиканы қаржыландыру
- •13.3. Ғылыми-техникалық прогресті қаржыландыру
- •13.4. Әлеумeттiк-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар
- •13.5. Халықты әлеуметтiк қopғay шығыстары
- •13.6. Қорғанысқa және басқаруға жұмсалатын шығыстap
- •Бақылау сұрақтары
- •14.1. Мемлекеттік бюджеттің мазмұны, әлеуметтік-экономикалық мәні және рөлі
- •14.1 Сызба. Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы
- •14.2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
- •14.2 Сызба. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
- •14.3 Сызба. Баланстандырылған бюджеттік әдістің іс-әрекеті.
- •14.3 Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік реттеу механизмі
- •14.4. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
- •14.4 Кесте. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің құрамы мен құрылымы
- •14.5. Бюджеттік сыныптама
- •14.6. Бюджет тапшылығы, оның сыныптамасы. Бюджет тапшылығының тұжырымдамалары
- •14.7. Бюджеттік үдеріс
- •Бақылау сұрақтары
- •15.1. Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
- •15.2. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
- •15.1 Кесте. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерімен шығыстарының көлемі және құрылымы (2008 ж)
- •15.3. Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс
- •15.4. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
- •Бақылау сұрақтары
- •16.1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •16.2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.3. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.4 Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
- •16.4 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
- •Бақылау сұрақтары
- •15.1. Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
- •15.2. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
- •15.1 Кесте. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерімен шығыстарының көлемі және құрылымы (2008 ж)
- •15.3. Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс
- •15.4. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
- •Бақылау сұрақтары
- •16.1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •16.2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.3. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.4 Қазақстанның Республикасының Ұлттық қоры
- •16.4 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
- •Бақылау сұрақтары
- •Пен мемлекеттік борыш
- •17.1 Мемлекеттік кредиттің мәні
- •17.2. Мемлекеттік кредиттің нысандары мен әдістері
- •17.3. Сыртқы (халықаралық) кредит
- •17.4. Мемлекеттік борыш
- •17.2 Сызба. Мемлекеттік кредиттегі себеп-салдарлық өзара байланыстар
- •17.5. Елдің сыртқы борышы
- •17.1 Кесте.Сыртқы борыштың салыстырмалы параметрлері
- •17.2 Кесте. Жалпы сыртқы борыштың динамикасы, млрд ақш долларында.
- •17.6. Мемлекеттік борышты басқару
- •17.7. Мемлекеттік борыштың экономикалық салдарлары
- •17.2 Сызба. Өндірістік мүмкіндіктердің қисық сызығы
- •17.3 Сызба.
- •17.2 Кесте. Орта мерзімді кезеңдегі мемлекеттік берешек параметрлерінің шоғырланымдық ұлғаюы
- •Бақылау сұрақтары
- •IV бөлім. Үй шаруашылықтарының қаржысы
- •18.1. Үй шаруашылықтары қаржысының ұғымы және функциялары
- •18.1 Сызба. Экономикалық жүйеде ресурстардың, өнімдердің және табыстардың толық айналымы
- •18.2. Үй шаруашылықтарының қаржылық ресурстары және бюджеті
- •18.3. Үй шаруашылықтарының табыстары және олардың құрамы
- •18.4. Халықтың тұрмыстық деңгейін мемлекеттік реттеу
- •18.2 Сызба. Лоренцтің қисық сызығы
- •18.5. Мемлекеттік әлеуметтік трансферттер
- •18.1 Кесте. Табыс тұрғысынан Қазақстандағы кедейлік деңгейі
- •18.6. Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі
- •18.7. Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстары және олардың сыныптамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •Және әлеуметтік негіздері
- •19.1. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары
- •19.2. Мүліктік және жеке басты сақтандыру ерекшеліктері
- •19.3. Әлеуметтік сақтандыру
- •19.4. Медициналық сақтандыру
- •19.5. Сақтық рыногы
- •Бақылау сұрақтары
- •20.2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы
- •20.3. Фискалдық саясаттың нұсқалары
- •20.4. Экономикалық реттеу теорияларындағы қаржы
- •20.5. Рыноктық тепе-теңдікке салықтардың әсері
- •Бақылау сұрақтары
- •21.1. Қаржы рыногы туралы ұғым
- •21.1 Сызба. Қаржы рыногы мен бағалы қағаздар рыногының өзара байланысы
- •21.2. Бағалы қағаздар рыногы. Бағалы қағаздардың сыныптамасы.
- •21.2 Сызба. Бағалы қағаздардың сыныптамасы
- •21.3. Бағалы қағаздардың шығарылымы және айналысы.
- •21.4. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары
- •21.5. Қор биржасы
- •21.6 Қор рыногының индикаторлары
- •Бақылау сұрақтары
- •Байланыстар жүйесіндегі қаржы
- •22.1. Сыртқы экономикалық қызметтің сипаттамасы және оның даму бағыттары
- •22.2. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері
- •22.1 Кесте. Валюта бағамдары өзгерімінің экспорт пен испорттың көлеміне әсері (шетелдік ақшалай өлшемдерінде – шет. Ақшалай өлш. Және ұлттық ақшалай өлшемінде – ұлт. Ақшалай өлш.)
- •22.3. Сыртқы экономикалық қызметті салықтық реттеу
- •22.2 Кесте. Кеден баждарының түрлері
- •22.3. Валюталық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану
- •22.4. Елдің төлем балансы
- •22.3 Кесте. 2008 жылғы Қазақстан Республикасының жиынтық төлем балансы
- •Бақылау сұрақтары
- •23.1. Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы.
- •2 3.1 Сызба. Қаржы мен инфляцияның өзара іс-әрекеті
- •23.3 Сызба. Инфляциялық шиыршық
- •23.2. Сызба. Инфляциның сипаттамасы және оның іс-әрекеті.
- •23.2. Инфляцияға қарсы саясат шаралары
- •Бақылау сұрақтары
15.4. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
Рыноктық экономикада әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумақтарында экономикалық және әлеуметтік қызметті неғұрлым кең ырықтандыру арқылы оларды дамытудың өзіндік ұйымдық-экономикалық әдістері кең тараған. Бұл әдістер еркін немесе арнаулы экономикалық аймақтар түрінде экономиканы дамытудың рыноктық жолын таңдап алған елдерде кеңінен дамыған. Экономикалық қызмет еркіндігінің дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан атауларда: еркін сауда аймағы, еркін кеден аймағы, қосалқы аймақ және т.с.с. нұсқалар болуы мүмкін; экономикалық ырықтандырудың шекті нұсқасы оффшорлық аймақ немесе аумақ болып табылады.
Арнаулы (еркін) экономикалық аймақ (АЭА) – қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалатын дәл белгіленген шекаралары бар Қазақстан Республикасының шектеулі аумағы.
Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 6 арнаулы экономикалық аймақ жұмыс істейді: «Ақтау теңіз порты», «Астана – жаңа қала», «Ақпараттық технологиялар паркі», «Оңтүстік», «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» және «Бурабай».
Арнаулы экономикалық аймақтар экономиканың салаларын дамыту және қолдау, өңірлерді жедел дамыту және әлеуметтік проблемаларды шешу, кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін арттыру, инвестицияларды, технологияларды және қазіргі замаңғы менеджментті тарту тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті өндірістерді құру мақсатында құрылады.
Арнаулы экономикалық аймақтар жиырма бес жылға дейінгі мерзімге құрылады.
АЭА-ны құру өңір экономикасын сауықтыруға, маңызды микроэкономикалық міндеттерді шешуге – өндірісті тұрақтандыруға және оны ұлғайтуға, шаруашылықты жаңғыртуға, ішкі рынокты жоғары сапалы тауарлармен толықтыруға бағытталған. Қосымша шетелдік капитал мен озық технологияны тарта отырып, халықтың жұмыспен қамтылуын кеңейтуге, жергілікті жұмыс күшінің біліктілігін арттыруға, маркетинг және менеджмент саласында тәжірибе алуға мүмкіндік туады.
АЭА аумағында отадық және шетелдік заңи тұлғалар мен азаматтардың шаруашылық, қаржылық және өзге қызметінің кез келген түріне (заңнамамен тиым салынған түрлерінен басқасы) рұқсат етіледі. Отандық заңи тұлғалар (энергетикалық және көлік жүйелеріне жататаныдарынан басқасы) аймақта дербес және ведомстволық бағыныштығына қарамастан тәуелсіз ұйымдар болып табылады. Аймақтан тыс орналасқан заңи тұлғалар аймақ аумағында өздерінің филиалдары мен жаңа кәсіпорындарын құра алады.
Қазақстанда АЭА жұмысының тәжірибесі бар: тіпті 1992 ж. әр түрлі облыстарда бірнеше аймақтар құрылған болатын, бірақ олардың жұмыс істеуі тауар-ақша ауқымының қозғалысына толық бақылаудың жоғалуы және әкімшілік-аумақтық бөліністердің экономикалық дербестігін алуы тұрғысынан орталық билікті қанағаттандырмады – аймақтар таратылды.
1996 жылдан АЭА-ның (Қызылорда, Ақмола, Лисаков) іс - әрекетін жаңғырту өңірлерді дамытудың бұл тиімді жолының жұмыс істеу тетіктерін жақсартуға мүмкіндік берді, бірақ 1998 жылдың аяғынан бастап басқару мен қаржыны орталықтандыруға белгіленген бет бұрыс бұл аймақтардың өмір сүруін алдын ала шешті. Қазіргі кақытта Қазақстанда АЭА Ақтауда «Морпорт Актау» ЖШС «АЗСТ», Оңтүстік Қазақстан облысында және Астанада жұмыс істейді, олар қысқа мерзім ішінде бірқатар жаңа өндірістер құруға мүмкіндік берді. Астана қаласында оның мемлекет астанасы ретіндегі айрықша мәртебесіне байланысты салықтарды бөлу, өндірістік-техникалық арналым заттары мен тауарлары импортының жеңілдетілген режімі сақталынған. Елде ақпараттық технологиялардың жаңа экспортқа бағдарланған және импорт алмастырушы саласын құру мен Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және инновациялық әлуетін неғұрлым толық пайдалану мақсатында 2013 жылғы қазанның 1-іне дейінгі кезеңге «Ақпараттық технологиялар» паркі арнаулы экономикалық аймағы құрылған.
Бұл мысалдардан арнаулы экономикалық аймақтардағы шаруашылық жүргізуді экономикалық-құқықтық реттеу тәртібін бақылап отыруға болады.
Арнаулы экономикалық аймақ орталық атқарушы биліктің жергілікті өкілетті және атқарушы органдарының ұсыныстарына негізделген шешімдері бойынша құрылады. Басқару үшін билік пен басқарудың республикалық және жергілікті органдарының, АЭА аумағында тіркелген отандық және шетелдік кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерінен Әкімшілік кеңес құрылады, кеңесті төраға басқарады, оны Президент тағайындайды және қызметінен босатады. Аймақтың Әкімшілік кеңесі егер кәсіпорындар мен ұйымдардың оперативтік шаруашылық-қаржылық қызметі аймақты белгіленген құқықтық режімге қайшы келмесе оған араласпайды. Жалпы аймақтың Әкімшілік кеңесіне шетелдік капиталды тарту, ағымдағы және келешек кезеңге арналған аймақты дамытудың бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру жөнінде кең өкілеттіктер берілген; ол аймақтағы қаржылық, кредиттік, кедендік саясатты анықтайды; тауарлардың, қызметтердің, табиғи ресурстардың экспорты мен импортын лицензиялау мен үлестеуді жүзеге асырады; салықтар мен басқа төлемдерді өндіріп алады, бағалы қағаздар шығарады; жерді, жер қойнауын, басқа табиғи ресурстарды, негізгі капиталдарды жалға береді; қаржы рыногы мен оның инфрақұрылымын ұйымдастырады.
Аймақтың отандық және шетелдік заңи тұлғаларының аймақтың аумағынан тысқары жерлеріндегі әріптестерімен кредиттік-есеп айырысу операциялары корреспонденттік шоттар жүйесі арқылы ұлттық валютада жүзеге асырылады.
Әкімшілік кеңестің салық службасы аймақ аумағынағы салықтық операциялардың барлық түрлерін жүзеге асырады.
Арнаулы экономикалық аймақтардың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу Қазақстан Республикасы салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
АЭА Әкімшілік кеңесі қаржылық қорды, ал аймақ шекараларының әкімшілік-аумақтық бөліністер шекарасымен тоқайласқан жағдайда бюджетті қалыптастырады, ол сонымен бірге әкімшілік аумақтық бөліністің бюджеті болып табылады. Қор (бюджет) аймақ аумағында тіркелген заңи және жеке тұлғалардан алынатын салықтар, алымдар және басқа міндетті төлемдер есебінен құрылады. Арнаулы қорларға түсетін түсімдер АЭА қаржылық қорын (бюджетін) қалыптастырудың көзі бола алмайды.
Қаржылық қордың (бюджеттің) жоғарғы бюджетпен өзара қарым-қатынасы АЭА-ның қаржылық қорына (бюджетіне) түсетін кірістердің жалпы сомасынан аударылатын аударымдардың ұзақ мерзімді тұрлаулы нормативі арқылы анықталады.
Аймақтың Әкімшілік кеңесі мақсатты қаржылық қорларды, соның ішінде АЭА-ның экономикалық және әлеуметтік қорын құра алады, сонымен бірге бос бюджеттік қаражаттар, салықтық емес сипаттағы аударымдар мен алымдар есебінен оларды қалыптастырудың көздерін анықтай алады.
Аймақ аумағында салық салу елдің салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. АЭА аумағында тіркелген және қызметін жүзеге асырушы заңи ұйымдардан алынатын корпорациялық табыс салығының мөлшерлемесі кәдуілігі мөлшерлемеден төмен белгіленеді.
АЭА аумағында еркін кеден аумағының режімі іс-әрекет етеді.
Егер АЭА-ның құқықтық режімі өзгерсе немесе ол мезгілінен бұрын таратылса, онда аймақ аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асырып жатқан шаруашылық жүргізуші субъектілерге мұндай қызметті инвестициялар салынған мезетке сай келетін жағдайда жалғасытыра беру құқығы кепілдендіріледі. Мұндай құқық АЭА құрылған мерзімінің аяғына дейін іс-әрекет етеді, бірақ ол 10 жылдан аспауы тиіс; мерзім айтылған құқықтық режімді жою немесе өзгерту күнінен есептеледі.
Сөйтіп, АЭА-да бизнестің барлық сфераларындағы сан алуан кәсіпкерлік қызметті өрістеу үшін қолайлы жағдайлар жасалады.
Басқа мемлекеттердегі АЭА-ның жұмыс істеу практикасы әлемдік экономикада болып жатқан өзгерістерді белсенді қабылдай отырып, аймақтардың құрылымы өздігінше дамуға қабілетті екенін және өз кезегінде өз мемлекетінің экономикасына оңтайлы әсер ететінін көрсетіп отыр. Бірлескен кәсіпорындар жұмысының тәжірибесі бар, жоғарғы дайындықтың жобалары бар, инфрақұрылым мен көлік жүйелері дамыған, шет мемлекеттермен шекарасы бар аймақтар неғұрлым тиімдірек болады.
