Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Соңғы нұсқасы ҚҰЛПЫБАЕВ С Айгерим.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
7.15 Mб
Скачать

1.7. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары

«Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан ары дамуы және нақтылана түсуі болып табылады және тиісті ақшалай қорлар құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. ­Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.

Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржылық қатынастардың пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен – мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын – мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады.Олар ақшалай қорларды қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.

Қаржы жүйесі түрлі критерийлер бойынша сыныпталады.

Қаржы жүйесі терминінің келтірілген анықтамасында қаржының мәндік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық үдерістегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы моделі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөліктен тұрады:

1) қаржылық қатынастардың жиынтығы;

2) ақшалай қорлардың жиынтығы;

3) басқарудың қаржылық аппараты.

Ақшалай қорлардың қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, өңірлер және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақшалай қатынастардың жиынтығы қаржылық қатынастарды құрайды.

Қаржылық қатынастар өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды бөлу ең алдымен субъектілер бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан қоғамдық өндірістегі субъектілердің рөлі қаржылық қатынастар жіктемесінің алғашқы объективті белгісі ретінде көрінеді.

Қаржылық қатынастар негізінен мына екі сфераны қамтиды:

1) мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақшалай қатынастар;

2) кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақшалай қорларының толық айналымын ортақтастыратын экономикалық ақшалай қатынастар.

Қаржылық қатынастардың буындарына тән болып келетін тиісті орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қорлардың жиынтығы қаржы жүйесінің екінші бөлігін құрайды.

Қаржының материалдық мазмұны өзінің көрінісін бюджеттік, мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру, амортизациялық, айналым қаражаттары, тұтыну, резерв және басқа көптеген ақшалай қорларды кіріктіретін қаржылық ресурстарды қалыптастырып, пайдалануда табады. (1.7сызбаны қараңыз). Бір қорлар едәуір дәрежеде, біреулері аз дәрежеде орталықтандырылған. Бір қорлар үнемі жұмсалады (тұтыну қоры), басқалары уақытша сақталады (резервтік капитал), үшіншісі қорланады (амортизациялық аударымдар).

1.7 Сызба. Қаржылық қорлардың сыныптамасы

Меншік нысандары бойынша қ о р л а р

Жеке меншік ұжымдық қоғамдық аралас

қорлары Мемлекеттік

т ы с Мақсатты белгісі бойынша (пайдаланылуы бойынша)

БЮДЖЕттІк қорлар Экономикалық әлеуметтік ғылыми зерттеу (инновациялық) Экологиялық (табиғат қорғау) Мәдени арналым (ізгілік) құрамдастырылған Басқа (көші-қон және т.б.) ШаруаШылықЖҮргІЗуШІ СуБЪЕктІлЕрДІң қарЖы

Б Ю Д Ж Е Т Т Е Н Басқару деңгейі бойынша

Мемлекетаралық ұлттық Жергілікті (өңірлік)

Жасалу әдісі бойынша

Міндетті Ерікті

Қаржылық қатынастардың нысандары мен ақшалай қорлары басқарылатын материалдық объектіні құрайды. Басқарушы субъект қаржыны басқарудың мемлекеттік және қоғамдық аппараттарының жүйесі – қаржылық аппарат болып келеді, бұл қаржы жүйесінің үшінші бөлігі болып табылады. Қаржылық қызметті ұйымдастыру мен жоспарлау үдерісіндегі экономикалық және бақылау жұмысымен, қаржылық қатынастар буындарының байланысын жетілдірумен айналысатын қаржылық аппарат қаржы жүйесінің басқа бөліктерімен қабысып, етене ұштасып жатады. Бұл қаржы жүйесінде базистік қатынастардың да, қондырмалық қатынастардың да айқыш-ұйқыш тоқайласуын және оның басқарымдылығын білдіреді.

Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпат жүйесі болып табылады, оған кіретін элементтердің (қосалқы жүйелердің) тығыз байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің бірде-бірі өздігінен өмір сүре алмайтындығымен анықталады: қаржы, бір жағынан, өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және сондықтан осы қатынастар жүйесінің элементі болып келеді, басқа жағынан, өзінің функциялық қасиеттері бар өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе болып табылады. Қаржыларда функциялық қосалқы жүйелер ретінде салық, бюджет, сыртқы экономикалық, қаржы жоспарлары (болжамдары), қаржылық бақылаудың заңнамалық қамтамасыз етілуі және басқалар сияқты қосалқы жүйелерді атауға болады (1.5 сызбаны қараңыз).