Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Менеджмент каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
1.45 Mб
Скачать

1. Ұйымдар түсінігі, олардың негізгі түрлері мен жалпы сипаты.

Ұйым дегеніміз - алға қойылған мақсатқа жету барысында адамдар тобы еңбегінің саналы үйлестірі луі .

Әрбір топтың ұйым болып есептелуіне төмендегідей талаптар қойылады:

  1. 0сы топтың мүшесі болатын кем дегенде 2 адамның бар болуы керек.

  2. Барлығының алдына қойылған ортақ мақсат немесе нәтиженің болуы.

  3. Топтың мақсатына жетуі үшін топ мүшелерінің бірегей арнайы еңбектенуі керек.

Мақсатты орындауда нәтижеге қол жеткізуде ұйымдар құралады және олар:

1. Ресми ұйымдар

2. Бейресми ұйымдар

3. Күрделі ұйымдар болып жіктеледі.

Ресми ұйымдар дегеніміз - мақсатты орындауда басқару принципін жүйелі үйлестіретін нақтылы құрылымға ие болатын басшылық еркімен құрылған адамдар тобы.

Бейресми ұйымдар дегеніміз - қызмет барысындағы әлеуметтік қатнастарға, ішкі еңбектерге байланысты ойламаған жерден құрылады.

Күрделі ұйымдар дегеніміз - құрылым мен мақсаттарды жан-жақты кешенде сипаты жағдайында пайда болады. Ресурстар мен мүмкіндіктер, мақсаттар басымдылығына қарай тиімді үйлестіруді талап етеді.

Ұйымдар міндеттерді орындау барысында өздеріне тән бір қатар сипаттамаға ие болады.

Оларға мыналар жатады:

1. Ресурстардың орын алуы.

2. Сыртқы ортадан тәуелділігі

3. Көлденең және тік еңбек бөлінісі.

4. Басқарудың қажеттілігінің енгізілуі.

Ресурстар жалпы алғанда кез-келген қызметі - нәтижеге мақсатқа қол жеткізуде ресурстарды тиімді пайдалану.

Ұйымдардағы ресурстар: келесідей болып жіктелінеді:

- адамдық

- қаржылық

- материалдық

-технологиялы

- ақпараттық

Сыртқы ортадан тәуелділігі дегеніміз ұйымның қызметі мен нәтижесі көп жағдайда оның қоршаған ортасындағы экономикалық, саяси, нарық тық, технологиялық, халықаралық, әлеуметтік, мәдени факторларға байланысты болады.

Көлденең еңбек бөлінісі дегеніміз - қызметкерлерді икемді орындау мақсатында компоненттерге жіктелінеді, яғни ұйым ішіндегі өндірістік және функционалдық қызметтердің орын алуы т.б.

Тік еңбек бөлінісі дегеніміз- баскару ісінің күрделі жүйелік сипатта болуынан туындайтын әрекет. Мақсатқа жетуде басқарушы ұйым қызметін тиімді үйлестіріп отыруы қажет, осыдан барып қызметтердің анықталуы, екі өкілеттіктердің берілуі және баскару денгейлеріне бөліну жүзеге асырылады.

Ұйым ішінде басқару денгейлері

- жоғары

- орта

- төменгі болып бөлінеді.

Жоғарғы буын – ұйымның жалпы стратегиясын, бағыт-бағдарламасын қалыптастырып жасауда және жалпы ұйымдық дамуды бағалауда қызмет атқаратын жоғарғы басшыларды (президент, вице-президент, директор, басқарма) өз құрамына енгізеді.

Орта буын (денгей) - жоғарғы буын анықтаған ұйымның жалпы мақсатын жүзеге асыруда үйлестіру қызметтерін орындайтын өндірістік және функционалдық бөлім басшылары.

Төменгі деңгей - тікелей орындаушылар және де төменгі қызметтерді орындайтын басшы буындар.

Нарықтық экономика жағдайында басқару ісі одан әрі күрделене түсіп, бәсәкелестік меншік формаларының сан алуандығы, шаруашылық дербестік орын алғанда басқарудың қажеттілігі мен басқаруға қойылатын талаптар арта түседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]