Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
191.04 Кб
Скачать

1992 Жыл, 4 маусым – қр-ның Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Гимнінің музыкалық редакциясы бекітілді

Осы күні Қазақстанның Жоғарғы Қеңесі өз жұмысын Республиканың мемлекеттік символдарын талқылаудан бастады. Осы мәселе бойынша Жоғарғы Кеңес төрағасы баяндама жасады.

Баяндамада қаңтар айында арнайы құрылған жұмыс тобының  нәтижесі айтылды. Оған халық депутаттары, өнер, мәдениет, ғылыми интеллигенция өкілдері кірді. Топтың жұмысы кезеңінде мемлекетік белгілер жасауға бәйге жарияланды. Осы бәйге барысында азаматтар мен қоғамдық ұйымдардан түскен ұсыныстар талқыланды. 453 эскиз (нұсқа), 142 хат қаралды. Ежелден бейбітшілік, біртұтастық, сабырлық және амандықтың белгісі – байрақ үшін көгілдір түс таңдалды.

Елтаңбаны таңдауда басты белгілер мифологиялық желі мен тарихи салт-дәстүр болды. Топ 245 жұмысты және 67 жазба ұсыныстарды қарап шықты. Елтаңбаның негізгі түсі – мейрімділік, ізгілік, белгісі – алтын түсті. Ортада шаңырақ және жұлдыз, сонымен қатар мифологиялық аттар мен «Қазақстан» жазуы бейнеленген. Эпостық аттың, қанатты тұлпардың образы, Есікте табылған «Алтын адамның» бас киімінен алынған.

Мемлекеттік Әнұранның ең жақсы жобасы конкурсына бүтіндей әні мен сөзі бар шығармалар да, сонымен бірге, жеке өлең шумақтары мен музыкалық шығармалар да қарастырылды. Конкурсқа 51 музыкалық нұсқа және 132 өлең мәтіндері келіп түсті. Сонымен қатар, жұмыс тобының шешімі бойынша, басқалармен бірге 1944 жылы жазылған бұрынғы Әнұранның әуені де конкурста қарастырылды. Бірнеше тыңдап шыққаннан кейін, осы музыкалық редакцияны қалдыру жөн деп табылды. Оның авторлары – М. Төлебеав, Е. Брусиловский, Л. Хамиди болатын. Ұсыныстар мен естертулерді ескере отырып, Жоғарғы Кеңес  Мемлекетік Елтаңбаны, Туды және Мемлекетік Гимннің музыкалық редакциясын бекітті. Содан 2006 жылдың 6 қаңтарында еліміздің қос палаталы Парламенті Мемлекетік Әнұранды өзгерту туралы ұсынысты талқылап, әйгілі сазгер Шәмші Қалдыаяқовтың «Менің Қазақстаным» атты әнін лайық деп тапты. Бұл ән заманмен үндес. 1954 жылдары Тың өлкесі құрылып, оған солтүстіктегі бес облыс біріктірілді. Ел арасында «бұл өлке Ресейге қарап кетуі мүмкін» деген сөз тарады. Осыған қарсылық ретінде туған ән. Сөзін дарынды ақын Ж. Нәжімединов жазған. Бірақ Елбасы оған уақыт, заман тұрғысынан өзгерістер енгізді. Осыны негіздей отырып Парламент депутаттары Нұрсұлтан Әбішұлын Әнұранның сөзін жазған автор деп таныды.

 

1992 Жыл, 29 қыркүйек – Алматыда Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы өтті

Осы жылдың 29 қыркүйегі мен 3 қазан аралығында Алматыда қазақтардың І Дүниежүзілік құрылтайы болып өтті. Оған Министрлер Кабинетінің «Қазақтардың бүкілдүниежүзілік конгресін дайындау және өткізу туралы» Қаулысы себеп болды. Осындай конгресті өткізу туралы идея Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Түркияға сапары кезінде туған еді.

Атаулы қаулыдан кейін ұйымдастыру комитеті мен штаб құрылды. Әлеуметтік орта, қоғамдық ұйымдар, коммерциялық құрылымдар атсалысты. Әлемнің әр түкпірінен келген қонақтар үшін кеңейтілген мәдени бағдарлама даярланды. Құрылтайға Түркия, Иран, Монголия, АҚШ, Қытай, Австралия, Германия, Англиядан т.б. 30-дан астам елден барлығы 700-ден аса делегат келді. Құрылтай шеңберінде Қазақстан және шетел ғалымдары Ә. Қайдаров, М. Қозыбаев, С.Сартаев, З.Исмайлдың қатысуымен ғылыми практикалық конференция өтті. Қазақ ұлттының азаматтары Қазақстанға қайта оралған жағдайда, оның әлеуметтік қорғалуы жөнінде бірқатар құжаттар қабылданды. Қонақтар Түрікстандағы Қожа Ахмет Яасауидың мавзолейіне, Жезқазған облысына Ұлытауға барып қайтты. Құрылтай қонақтары үшін Республика сарайында концерт қойылды. Құрылтайдың өткізілу барысы мерзімді баспасөзде, радио және теледидар бойынша кең хабарланып отырды. Құрылтайдың негізгі жаңалығы – 30 қыркүйекте Республика сарайында өткен салтанатты мәжіліс болды. Онда Қазақстан Республикасының Президентті Н.Назарбаев сөз сөйледі. Президент өз сөзінде: «Қазіргі уақытта әлемнің 40-тан астам елдерінде 4,5 миллиондай қазақтар тұрады, сондықтан Республиканың құрметті міндеті – қай жерде тұратына қарамастан, әрбір қазақ өз ұлтының тең құқылы өкілі ретінде сезінетіндей жағдай жасау» деп атап көрсетті. Құрылтай 1992 жыл 30 қазанында сенбі күні жабылды. Осындай конгресті өткізу Қазақ халқының өзіндік бірлігін нығайтып, мәдениеті мен дәстүрлерін қалпына келтіру және көтеруге ықпал етті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]