Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
191.04 Кб
Скачать

1991 Жыл, 16 желтоқсан – «қр Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды

Дәл осы күні ҚР Жоғары Кеңесі «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдады. Осы сәттен бастап, республика өз аумағында барлық билікті жүргізетін, ішкі және сыртқы саясатын өзі анықтап, өзі жүргізетін тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекетет құзіретін заңды тұрғыда рәсімдеді.

Бұл заңды көп ұлтты бүкіл Қазақстан халқы күткен-тін. Бұл сан жылдар бойы тәуелсіздік үшін күресіп келген жүздеген ұрпақтың арман-мүддесінің орындалуы еді. Осы тәуелсіздіктің нәтижесінде біздің республика БҰҰ-ға мүшелікке өтуге, өз еркімен халықаралық аренаға шығуға, басқаның нұсқауы бойынша емес, өз еркімен өркениетті түрде болашаққа қадам жасуға құқылы болды.

Әрбір қазақстандық өз өнері мен қабілетін туған республикасына беруі керек, халықтың өмір сүру деңгейі көтеретін нарықтық экономикаға тезірек өтуге ықпалын тигізуі керек. Тәуелсіздік, егемендік статусты республика халықтарына Жаңа Конституцияны жасаумен байланысты сұрақтарға, азаматтық және миграциялық процестердің мәселелеріне жаңаша көзқарастың орнығуына мүмкіндік берді.

Қазақ халқы тәуелсіздікке дейін ұзақ та қиын жолдан өтті. 1986 жылы желтоқсан айында тоталитарлық жүйенің орталығына қарсы наразылық білдіруге шыққан жастардың арманы да осы  болатын. Осылай республиканың тәуелсіз ел болуына елдегі демократиялық бағыт себеп болды. Ал декларативті интернационализммен емес, ақиқаттығымен ерешеленетін мұндай мемлекетте қазақ халқы өзінің ұлттық тілін, мәдениетін, дәстүрін сақтап қала алады. Осы құқықты иеленуге ол лайық болатын. Болашақ достыққа апаратын жолда барлық демократиялық күштер бірігеді. Бұл Қазақстан азаматы саналатын барлық ұлттар құқығының кепілі болмақ.

 

1992 жыл, 2 наурыз – Қазақстан БҰҰ-на мүшелікке қабылданды Осы күні Бас Ассамблеяның 46 сессиясының пленарлық мәжілісінде ҚР БҰҰ-ға мүшелікке қабылданды. Атаулы шешім дауысқа салу арқылы емес, жалпылама қолдаудың негізінде қабылданды. Қазақстанмен бірге БҰҰ-ға Әзербайжан, Армения, Қырғызстан, Молдово, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан қабылданды. Шешім шыққаннан кейін БҰҰ-ның протокол бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының делегациясына Бас Ассамблеяның мәжіліс залына жол сілтеді.

Мәжілісте Қазақстанның өкілетті өкілі Ақмарал Арыстанбекова сөз сөйледі. Ол барлық мемлекеттерге, ұлттар қауымдастығы мүшелеріне осы шешім үшін алғысын білдірді. Ол өз сөзінде Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның жарғысы бойынша алған міндеттемесін мүлтіксіз орындайтындығын және мүмкіндігінше БҰҰ қызметіне өз үлесін қосатындығын жеткізді.

Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға кіруі арқылы осы ұйымның тұрақтандыру рөлін бекітуге бағытталған, оның бейбітшіл қызметін жетілдіруді көздейтін, ұлттар мен бейбіт қауымдастық мүшелерінің әрекеттерін үйлестірудің ерекше механизмі ретінде рөлі зор екені атап өтілді.

Қазақстан Республикасы тарихи және саяси тұрғыда географиялық жағынан ерекше орынға ие. Ол Шығыс пен Батыстың мәдениетін біріктіре отырып, Еуропа мен Азияны қосатын алтын көпір секілді.

Қазақстанның БҰҰ-ға кіруі республика үшін бейбіт саяси өмірді көркейтіп, ғылым және мәдениет жетістіктерін алмасуда кең мүмкіндіктер берді.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]