
- •Қазақстан Білім және Ғылым Министрлігі Абылай хан атындағы Қазақ Халыкаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті.
- •Мемлекеттік тәуелсіздік түралы Заңның қабылдануы тәуелсіздік шежіресі
- •1990 Жыл, 25 қазан – «Қазақ сср-нің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды
- •1991 Жыл, 29 тамыз – «Семей ядролық полигонын жабу туралы» ҚазСср Президентінің жарлығы шықты
- •1991 Жыл, 1 желтоқсан – Қазақстан тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық Президент сайлауы өтті
- •1991 Жыл, 10 желтоқсан – «ҚазСср» атауы «Қазақстан Республикасы» болып өзгертілді
- •1991 Жыл, 16 желтоқсан – «қр Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды
- •1992 Жыл, 4 маусым – қр-ның Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Гимнінің музыкалық редакциясы бекітілді
- •1992 Жыл, 29 қыркүйек – Алматыда Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы өтті
- •1993 Жыл, 28 қаңтар – қр-ның алғашқы Конститутциясы қабылданды
- •1994 Жыл, 6 шілде – қр Жоғары Кеңесінің жалпы отырысына Елбасы н.Назарбаев астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс енгізді
- •1998 Жыл, 10 маусымда – Астананың халықаралық тұсаукесері болып өтті
- •2001 Жыл, 16 желтоқсан – қр-сы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы тойланды
1991 Жыл, 1 желтоқсан – Қазақстан тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық Президент сайлауы өтті
Қазақстан Республикасы тарихында халық алғаш рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады. Дауыс беруге құқылы 9 млн 960 мың азаматтың 88,42 пайызы сайлау уческілеріне келіп, сайлауға қатысты. Олардың 98,76 пайызы Президенттікке үміткер Нұрсұлтан Назарбаевты қолдап дауыс берді.
10 желтоқсанда Республика сарайында Президенттің қызметке кірісуіне арналған ҚР Жоғары кеңесінің салтанатты мәжілісі өтті. Қадірлі ақсақалдар Д.Снегин, Қ.Қожамияров, Э.Айрих, Ы.Қожахметовтер Елбасына шапан жауып, қарт ақын Шәкір Әбенов бата берді.
Осылайша Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүкіл халық сайлаған алғашқы Қазақстан Республикасының Президенті мандатына ие болды. Бұл оқиға аталмыш тұлғаның әлеументтік ортада жоғары беделге ие екендігін аңғарты.
Сайлау нәтижесі саяси-этникалық тұрғыдан республикамызда ұлтаралық татулықтың бекем екендігін көрсетті. Бүкілхалықтық бұл сайлау тәуелсіздік жолында қабырғасы қаланып келе жатқан мемлекеттің демократиялық бағытының айқан екендігін растады.
Бұл сайлаудан шаруалар жерді, кәсіпкерлер бостандықты, еңбек ұжымдары экономикалық саясаттағы дұрыс бағытты күтті. Бұл орайда, Елбасының тұлғасы республика күштерінің бірлігін білдірді. Сонымен қатар, азаматтар дауыс беру арқылы өмірді жақсарту, экономиканың құлдырауы мен бағаның өсуін тоқтатуға бағытталған шешімдер қабылдап, кей жерлерде қатал шараларды қолдану қажеттігін, мемлекеттің өркендеуі және оның ішкі саяси тұрақтылығын қамтамасыз ете алатын мықты биліктің қажеттігін көрсетті.
Осылай 1991 жылы 1 желтоқсанда елімізде халық қолдаған Президенттік биліктің есебі басталды. Бұл республика үшін құқықтық демократиялық мемлекеттің және азаматтық қоғам мүдделерін қорғауды көздейтін жаңа мемлекеттік институт болды.
1991 Жыл, 10 желтоқсан – «ҚазСср» атауы «Қазақстан Республикасы» болып өзгертілді
Елдің атауын өзгерту жай бір термин ауыстыру емес, өмірдегі өзгерістер болып жатқан жаңа тарихи кезеңде республика өркениетті демократиялық қоғамды таңдағанын білдіреді. Бұл үшін бүкіл әлеументтік-экономикалық негізді түп тамырымен өзгерту керек болады.
Осы мақсатта біртұтас идея қажет еді. Ол – егеменді демократиялық Қазақстан мемлекеті. Бұрынғы тоталитарлық жүйенің құрамында болған республика өміріне сай көне атаудан бас тарту осымен түсіндірілді. Өзін өзі жойған «советтік» және «социалистік» идеологиялық терминдер жалпы демократиялық құқықтық даму жолына түскен, көппартиялық және плюрализмі бар республика титулына қала алмайтын болды.
Жаңа атау, өзінің мемлекет құру құқын жеңіп алған титулды, жергілікті қазақ ұлтының рөліне ерекше көңіл аудара отырып, ұлтаралық келісім бағытымен келе жатқан республиканың саяси-этникалық ерекшелігіне де жауап береді. Қазақстанды мекендеген жаңа бауырластық қоғамының қалыптасу бастамасы осылай қаланды. Осы сәттен бастап, «Қазақ Советтік социалистік Республикасы» атауын өзгерту туралы заңда айтылғандай, Қазақстан халқы өзін өзі билеу, адам құқы бостандығын баянды ету принциптерімен, қоғамның саяси, экономикалық және идеологиялық көпқырлылығына негізделген демократиялық, тәуелсіз, бейбіт өмірді сүйетін, құқықтық мемлекет құруға тиіс делінді.
Осылайша, Қазақстан аумағында жоғары деңгейде дамыған саяси-этникалық өркениеттің құрылуы басталды. Онда қазақ ұлты қайта туады, оған кіретін ұлттар мен ұлыстар өзін еркін сезінетін болады. Іс жүзіндегі егеменді Қазақстанды әлемдік экономикалық және саяси кеңістікте белсенді әрекет ететін, халықаралық қатынастардың өзіндік субьектісіне айналдыру қажеттілігі айқындалды.