- •Қазақстан Білім және Ғылым Министрлігі Абылай хан атындағы Қазақ Халыкаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті.
- •Мемлекеттік тәуелсіздік түралы Заңның қабылдануы тәуелсіздік шежіресі
- •1990 Жыл, 25 қазан – «Қазақ сср-нің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды
- •1991 Жыл, 29 тамыз – «Семей ядролық полигонын жабу туралы» ҚазСср Президентінің жарлығы шықты
- •1991 Жыл, 1 желтоқсан – Қазақстан тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық Президент сайлауы өтті
- •1991 Жыл, 10 желтоқсан – «ҚазСср» атауы «Қазақстан Республикасы» болып өзгертілді
- •1991 Жыл, 16 желтоқсан – «қр Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды
- •1992 Жыл, 4 маусым – қр-ның Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Гимнінің музыкалық редакциясы бекітілді
- •1992 Жыл, 29 қыркүйек – Алматыда Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы өтті
- •1993 Жыл, 28 қаңтар – қр-ның алғашқы Конститутциясы қабылданды
- •1994 Жыл, 6 шілде – қр Жоғары Кеңесінің жалпы отырысына Елбасы н.Назарбаев астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс енгізді
- •1998 Жыл, 10 маусымда – Астананың халықаралық тұсаукесері болып өтті
- •2001 Жыл, 16 желтоқсан – қр-сы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы тойланды
Мемлекеттік тәуелсіздік түралы Заңның қабылдануы тәуелсіздік шежіресі
1990 Жыл, 25 қазан – «Қазақ сср-нің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды
Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда, республиканың тең құқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынан басқа, алғаш рет ҚазССР-інің егемендік құқығы жағдайы үшін принципиалды мемлекеттік-құқықтық нормалар бекітілді. Олар:
Одақтың шешуіне берілген мәселелерді қоспағанда, ҚазССР территориясында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы;
Одақтық Жоғары органдардың ҚазССР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілердің өз территориясында күшін жою құқы;
ҚазССР-інің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жан-жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның территориясындағы барлық ұлттық байлықтар – экономикалық және ғылыми-техникалық әулеті туралы:
Республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмаз, валюта қоры және алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субьектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы.
Сонымен қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғары Кеңеске берілді. Президент Республика басшысы болып, жоғары атқарушы билікті иеленді. Ал, сот билігі Жоғары Сотқа берілді. Мемлекеттің әлеументтік негізін анықтауда таптық тұрғыдан қараудан бас тартты. Ресублика территориясында ядорлық қаруды сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрлысы мен қызметіне тиым салды.
Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеументтік – экономикалық және мәдени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан жаңа Конституциясын жасау басталды.
1991 Жыл, 29 тамыз – «Семей ядролық полигонын жабу туралы» ҚазСср Президентінің жарлығы шықты
Семей ядорлық полигоны 1949 жылы 29 тамызда ашылған. Содан кейінгі 42 жыл ішінде мыңдаған тұрғындардың өмірі мен денсаулығына аса зиян тигізетін 500-ге жуық ядролық жарылыс жасалды. КСРО әскери-өнеркәсіптік кешені 1991 жылы желтоқсан айында полигонда қуаты 20 килотонно, үзілісі 30-40 секунд болатын екі үлкен жерасты жарылысты жасауды жоспарлаған еді. Осыған қарамай Елбасының жарлығы шығып, полигон жабылды.
Полигон үздіксіз жұмыс жасаған 42 жылдың ішінде сол өңірді мекендейтін халықтың жартысы иммундық жетіспеушіліктің зардабын шекті. Ал, радиациялық факторлар жәбірленушілердің генетикалық тегіне еніп, орны толмас зиян әкелді. Радиация тараған аумақта жоғары көз патологиясы тарағаны анықталды.
Ауыр ядролық сынақтардың зардабын Семей облысынан басқа Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының аудандары тартты. Полигон жабылғаннан кейін зардаптың таңбасын кетіру және жан-жақты әлеументтік жандандыру жұмысы басталды. Осы орайда, балалар орталығы, ана мен баланы қорғау орталығы, әскери-өнеркәсіптік кешеннің қатысуымен көп профильді аурухана салынды. Оның сыртында бірқатар медициналық және мәдени обьектілер құрлысы салынып іске қосылды.
Жарылыстың зардабын зерттеп, оны жоюмен айналысатын радициялық медицина және экология институты құрылып, диагностикалық және офтальмологиялық обьектілер қызметке қосылды. Жәбір көрген тұрғындар компенсациялық төлемдер алды.
Осылай ядролық полигонның жабылуы арқылы әскери-өнеркәсіптік кешеннің сол аумақта бақылаусыз шаруашылық жүргізуін тоқтатты. Осылай еліміздің алдында тұрған тағы бір экологиялық мәселе шешімін тапты. Бұл егеменді мемлекет болудың нәтижесінде ғана іске асқан үлкен істің бірі еді.
