Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Заканчивание скважин каз. УМК.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
5.46 Mб
Скачать

2.5 Курстық жоба тақырыптары

2-ші өндірістік практикадан жинаған материалдарға байланысты мұғалім арқылы келесі курстық жоба тақырыптары бекітіледі:

1. Ұңғыма аяқтау жобасы.

2. Ұңғыма бекіту жобасы.

3. Ұңғыма цементтеу жобасы.

4. Өнімді горизонттарды сынау жобасы.

5. Ұңғыманы байқау және сынау жобасы.

2.6 Курстық жоба мазмұны

Курстық жобаға қойылатын талаптар

Кіріспе

1. Ұңғыма аяқтаудың геологиялық жағдайлары

2. Өнімді қабаттарды ашу. Ұңғыма конструкциясын жобалау

3. Шегендеуші тізбекті беріктікке есептеу

4. Шегендеуші тізбекті ұңғымаға түсіру режимі

5. Цементтеу тәсілін таңдау және шегендеуші тізбекті цементтеу есебі

6. Ұңғыманы байқау және сынау

7. Жобаланған ұңғыманы аяқтау кезінде қоршаған ортаны, жер қойнауын, еңбекті

қорғау және техника қауіпсіздігі.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер және тақырып бойынша жинаған материалдар.

Курстық жоба әр бір студентке жеке беріледі. Тапсырманы орындау мерзімі 3 апта.

Тапсырманы кафедрадан алу – 14 - апта. Курстық жобаны комиссия алдында

қорғау – 15 - апта. 14 – ші аптадан кейін курстық жоба қабылданбайды.

2.7 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізетін сабақтардың жоспары (соөж)

1. Тапсырма Сүзгіштер. Әр түрлі сүзгіштерті таңдау бойынша есептеу методикасы

Әдістемелік ұсыныстар: Сүзгіштердің конструкциясы, жұмыс істеу принципі, артықшылықтары және кемшіліктері оқып үйретіледі.

Нег: 1 (13-15)

Қос: 2 (8-11)

Жүргізу түрі – дисскусия.

2. Тапсырма Буферлі сұйықтың мөлшерін есептеу

Әдістемелік ұсыныстар: Буферлі сұйықтың тығыздығы, мөлшері, және түрі

анықталады.

Нег: 1 (33-36).

Жүргізу түрі – дисскусия.

3. Тапсырма Атқылауға қарсы құрылғыларды таңдау принципі

Әдістемелік ұсыныстар: Қалақшалы, универсальді және айналғыш превенторлар құрылыстары ерекшеліктері оқып үйретіледі.

Нег: 1 (37-54)

Қос: 2(65-74), 8(3-20)

Жүргізу түрі – дисскусия.

4. Тапсырма Тампонаж ерітіндісі түрін таңдау принципі.

Әдістемелік ұсыныстар: Тампонаж заттарының түрлері және оларды таңдау жағдайы оқып үйретіледі.

Нег: 1(61-76)

Қос: 2(36-38), 13.

Жүргізу түрі – дисскусия.

5. Тапсырма Шегендеуші тізбекті түсіруге дайындық жұмыстар

Әдістемелік ұсыныстар: Ұңғымадағы шегендеуші тізбектің жұмыс істеу жағдайы қарастырылады. Шегендеуші тізбекті түсіруге дайындық жұмыстар жүргізіледі. Шегендеуші тізбекті түсіріледі.Шегендеуші тізбектің төменгі бөлігі таңдалады.

Нег: 1 (81-82,103-105)

Қос: 2(85-90), 11.

Жүргізу түрі – тренинг.

6. Тапсырма Сынау кезінде қысым диаграммасын интерпретациялау

Әдістемелік ұсыныстар: Қабат сынағыштармен жұмыс істегенде нәтижелерді өңдеу үшін Хорнер әдісі қолданылады. Әдіс тұралы түсінік.

Нег: 1 (105-108)

Қос: 2 (62-63), 6.

Жүргізу түрі – тренинг.

7. Тапсырма Қабаттың гидродинамикалық көрсеткіштерін анықтау

Әдістемелік ұсыныстар: Қысымдар диаграммаларын математикалық талдау үшін белгілі әдістерді тұралы ұғымдар.

Нег: 1 (154-157)

Қос: 2(101-108).

Жүргізу түрі – дисскусия.

8. Тапсырма Тізбектің қозғалуында пайда болатын гидродинамикалық қысым

Әдістемелік ұсыныстар: Тізбектің қозғалуында пайда болатын гидродинамикалық қысым механизмі қарастырылады.

Нег: 1(194-195).

Жүргізу түрі – дисскусия.

9. Тапсырма Әр түрлі геологиялық жағдайларда ұңғыма конструкциясын жобалау

Әдістемелік ұсыныстар: Аралықтар бойынша қабат қысымы және қабаттық гидрожарылу анықталады. Ка, Кп және о бойынша біріктірілген график құрастырылады, шегендеуші тізбеті түсіру тереңдігі және саны анықталады, әр бәр тізбекте бұрғылау үшін қашау диаметрлері таңдалады.

Нег: 1 (191-194)

Қос: 2 (146-148), 17.

Жүргізу түрі – тренинг.

10. Тапсырма Ұңғымаларды цементтеу технологиясы. Цементтеу кезіндегі технологиялық сұйықтар.

Әдістемелік ұсыныстар: Ұңғыманы цементтеу тәсілі анықталады, цемент, буферлі және айдау ерітіндісі мөлшерлері есептеледі.

Нег: 1 (198-202)

Қос: 2(193-195).

Жүргізу түрі – дисскусия.

11. Тапсырма Алғаш ашу тәсілін таңдау принципі

Әдістемелік ұсыныстар: Өнімді қабат құрылымы және қаныққандығын, коллектор тау жыныстарының беріктігін, қабат қысымының аномальді коэффициентін ескере отырып бұрғылау сұйығының түрі және көрсеткіштері, алғаш ашу тәсілі таңдалады.

Нег: 1 (218-221)

Қос: 2(188-190).

Жүргізу түрі – дисскусия.

12. Тапсырма Шегендеуші тізбекті беріктікке есптеу принципі

Әдістемелік ұсыныстар: Шегендеуші тізбекке әсер ететін ішкі және сыртқы артық қысым мәндері, өнімді қабат аралығында тізбекке әсер етуші ең жоғарғы қысым мәні анықталады, ішкі және сыртқы қысым эпюралары тұрғызылады, көрсетілген көрсеткіштерді ескере отырып, тізбек үшін керекті шегендеу құбырлары таңдалады.

Нег: 1(247-253)

Қос: 2(160-168)

Жүргізу түрі – тренинг.

13. Тапсырма Екі сатылы цементтеу технологиясы

Әдістемелік ұсыныстар: Сатылы цементтеу тау жыныстар жарылуы, тампонаж ерітіндісі қатуы кезінде мұнайгаз көрінісі немесе керекті цементтеу агрегатының жоқтығында жүргізіледі. Көрсетілген жағдайларға байланысты ұңғыма цементтеудің гидравликалық бағдарламасы құрастырылады.Одан соң цемнттеудің тәсілі таңдалады.

Нег: 1 (264-268)

Қос: 2 (172-188).

Жүргізу түрі – дисскусия.

14. Тапсырма Ұңғыма игеру технологиясы және ұйымдастырылуы. Өнімді қабатты сынау

Әдістемелік ұсыныстар: Қабаттан сұйықты шақырумен байланысты барлық үрдістер ұңғыма игеруге жатады. Сұйықты қабаттан ұңғымаға шақыру тәсілдері зерттеледі, және де өнімді қабатты сынау тәсілдері оқып үйретіледі.

Нег: 1 (320-321).

Жүргізу түрі – дисскусия.

15. Тапсырма Өнімді қабаттарды сынау

Әдістемелік ұсыныстар: Өнімді болашағы бар горизонттарды сынау кезінде қарастырылатын мәселелер оқып үйретіледі, қабат сынағыштар конструкциясы, олардың артықшылықтары және кемшіліктері.

Қос: 2 (20-27).

Жүргізу түрі – дисскусия.