Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Заканчивание скважин каз. УМК.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
5.46 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И. СӘтпаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті

Қ. Тұрысов атындағы Геологиялық барлау институты

«Ұңғымаларды бұрғылау технологиясы және техникасы» кафедрасы

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

«Ұңғымаларды аяқтау» пәні бойынша

050708 «Мұнай газ ісі» мамандығы үшін

Алматы, 2007

Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ «Мұнай газ ісі» 050708 мамандығының студенттеріне арналған «Ұңғымаларды аяқтау» пәні бойынша оқу - әдістемелік кешен.

Құрастырушылар: Исраилов К.С., Аршидинова М.Т., Джунисова Р.Е.

Алматы: ҚазҰТУ, 2007

Құрастырушылар: Исраилов Керим Садырович – «Ұңғымаларды бұрғылау технологиясы

және техникасы» кафедрасының доценті

Аршидинова Махирам Тургановна - Ұңғымаларды бұрғылау технологиясы және техникасы» кафедрасының аға оқытушысы

Джунисова Рауан Еркиновна – «Ұңғымаларды бұрғылау технологиясы және техникасы» кафедрасының ассистенті

Аңдатпа. 050708 – Мұнай және газ ісі мамандығы студенттеріне арналған «Ұңғымаларды аяқтау» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешенінде Sullabus бағдарламасы қарастырылған, онда оқылатын пәннің жалпы құрылымы және бөлімдердің мазмұны, дәріс, зертханалық және өзіндік сабақтарды логикалық кезектілікпен және өзара байланыспен өткізуге мүмкіндік беретін оқу-әдістемелік материалдар келтірілген. Пәннің негізгі теориялық мәліметтері зертханалық сабақтармен және өндірістің нақты қажеттіліктермен тікелей байланысты сұрақтарды шешу бойынша студенттердің өзіндік жұмысымен толықтырылады.

© Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық

техникалық университеті, 2007

  1. Пәннің оқу бағдарламасы - syllabus

    1. Оқытушы туралы мәліметтер:

Исраилов К.С. – доцент

Аршидинова М.Т. – аға оқытушы

Джунисова Р.Е. - ассистент

Мекен-жайы: 92-99-97, ішкі 3-72

1.2. Пән туралы мәліметтер:

Атауы – Ұңғыларды аяқтау

Кредит көлемі - 4

Өткізу орны - ГУК, МҒ

1 – кесте - Оқу жоспарынан көшірме

Курс

Семестр

Кредит

Бір аптадағы академиялық сабақтар көлемі

Бақылау түрі

Дәрістер

Зерт.

сабақ

Тәжирібелік сабақтар

СӨЖ

СОӨЖ

Бар-лығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

4

7

4

2

1

1

4

4

12

Емтихан

1.3 Алдыңғы реквизит: жоғарғы математика, физика, материалдар кедергісі, гидравлика, гидроаэромеханика, мұнай-газ ісі негіздері.

1.4 Соңғы реквизит: Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау технологиясы, Күрделі жағдайларда ұңғыларды бұрғылау, Ұңғыны жуу және жуу сұйықтары, Ұңғыны қисайту және бағытталған бұрғылау, Мұнай және газ кен орындарын игеру

1.5 Пәннің қысқаша мазмұны: «Ұңғымаларды аяқтау» пәні негізгі пәндер қатарына жатады. Ол мұнай-газ ісі инженерлерінің қалыптасуына, бұрғылау жұмыстарын кәсіби түрде меңгеруге, ұңғы құрылысының нәтижелерін бағалауға, білікті түрде пайдалануға көмектеседі.

Пәнді оқытудың мақсаты мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау технологиясын, бұрғылау режимін және қашаудың жұмыс көрсеткіштерін жобалауды, бұрғылау тәсілдерін және мұнай-газ бар нысандарды герметикалық айыруды, сондай - ақ ұңғыны бұрғылау кезінде кездесетін шиеленістердің алдын алу және өнімді қабатты ашуды зерттеу, сонымен қатар ұңғымаларды аяқтау жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізетін мамандарды дайындау болып табылады.

Пәнді оқытудың мәселелері студенттерге ұңғы құрылмасын жобалауды, ұңғы қимасын бұрғылануы бойынша нормативтік аралықтарға бөлуді, ұңғы режимінің және қашау түрінің тиімді параметрлерін таңдуды, ұңғыны бұрғылау үшін жуу сұйығының түрін және параметрлерін таңдауды, өнімді қабаттарды ашуды, кездесетін мүмкін болған шиеленістердің алдын алуды, бұрғылау жабдықтарын білікті пайдалануды және қауіпсіз жұмыс жасауды, өнімді қабатты ашу жолдарын үйрету, сонымен қатар ұңғыманы игеру және сынау қарастырылады.