
- •Тақырып: Капитал есебі
- •1.Жарғылық капиталды қалыптастыру тәртібі
- •2.Акция түрлері мен эмиссиясы шығарылған капитал және эмиссияның кіріс есебі
- •3. Қайтарып сатып алынған капиталды есепке алу
- •4. Дивиденттер есебі
- •5. Резервтік капитал есебі
- •Тақырып: Кірістер мен шығыстарды есепке алу
- •2. Шығындар түсінігі және олардың есебі
- •3. Кәсіпорынның қызметінің нәтижесінің есебі
3. Кәсіпорынның қызметінің нәтижесінің есебі
Кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижесі есепті кезең аяғында табыстар мен шығындарды салыстыру жолымен 5610 «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» шотында анықталады.
Есепті кезең аяғында берілген шотқа көшіріледі:
өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден алынатын кірістер, 6000 ішкі бөлімшесі шоттарында ескерілген «Өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден алынатын кірістер» (6010);
қаржыландырудан алынатын кірістер, 6100 ішкі бөлімшесі шоттарында ескерілген «Қаржыландырудан алынатын кірістер» (6110-6160);
басқа да кірістер, 6200 ішкі бөлімшесі шоттарында ескерілген «Басқа да кірістер» (6210-6180);
сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтің өзінді құны 7000 ішкі бөлімшесі шоттарында ескерілген «Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтің өзінді құны» (7010);
кезең шығыстары 7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шотында көрсетілген, 7210 «Әкімшілік шығыстар»:
қаржыландыруға арналған шығыстар 7300 ішкі бөлімшесі шоттарында ескерілген «Қаржыландыруға арналған шығыстар» (7310-7340);
басқа да шығыстар 7400 ішкі бөлімшесі шоттарында ескерілген «Басқа да шығыстар» (7410-7470);
тоқтатылған қызметпен байланысты шығыстар, бір шотта ескерілген 7510;
үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдар пайдасының (залалының) үлесі. Бұл сальдолық нәтиже (пайда немесе залал) үлестік қатысуы бойынша басқа ұйымдарда 6410 «Қауымдастырылған ұйымдардың пайда үлесі» шотында ескерілген 6420 «Бірлескен ұйымдардың пайда үлесі», 7610 «Қауымдастырылған ұйымдардың залалындағы үлес», 7620 «Бірлескен ұйымдардың залалындағы үлес»;
корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар 7710 «Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар» шотында ескерілген.
Есепті кезеңге табыстар мен шығыстардың әсерінен кейін 5610 «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» шотында шоттың кредиті бойынша табыстарды және к
Дебиті бойынша шығыстарды салыстыру жолымен шаруашылық қызметтің есепті жылының таза табысы анықталады.
5610 «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» шоты кредиттік қалдық – таза пайданы, ал дебиттік қалдық – шығынды көрсетеді. Берілген 5610 «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» шоттары шығыс және кіріс қаржылық есебін құрғанда қолданылады. Қаржылық есепті құрардың алдында жыл аяғында 5610 «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» шоты есеп беру жылында 5510 шотына шығын немесе таза кірістің сомасын көшіргенде жабылады.
Есеп беру жылының шоттар корреспонденциясындағы табыстар (шығындар) есебі.
№ |
Шуруашылық операциялардың мазмұны |
Шоттар корреспонденциясы |
|
Дебит |
Кредит |
||
1 |
Есепті жылдың кірісінің көрінісі |
|
|
|
Өнімді өткізу мен қызмет көрсету |
6010 |
5610 |
2 |
Есепті жылдағы өткізілген өзіндік құнның көрінісі |
|
|
|
Қызметте көрсетілген қызметтегі өнім |
5610 |
7010 |
3 |
Есепті жылдың шығысының көрінісі |
|
|
|
А)өнімді өткізу мен қызмет көрсету |
|
|
|
Б) әкімшілік шығыстар |
5610 |
7210 |
|
В) қаржыландыруға арналған шығыстар |
5610 |
7310-7340 |
4 |
Есепті жылдың басқа да кірістерінің көрінісі |
|
|
|
А) |
6210 |
5610 |
|
Б) |
6310 |
5610 |
|
В) алынатын активтердің өтеусіз кірісі |
6220 |
5610 |
|
Г) бағамдық айырмадан түсетін кірістер |
6250 |
5610 |
|
Д) басқа да кірістер |
6230 |
5610 |
|
Ж) басқа да кірістер |
6280 |
5610 |
5 |
Қаржыландырудың кірісінің көрінісі |
|
|
|
А) сыйақылар бойынша кірістер |
6110 |
5610 |
|
Б) дивиденттер бойынша кірістер |
6120 |
5610 |
|
В) қаржылық жолдау бойынша кірістер |
6130 |
5610 |
|
Г) (жылжымайтын) инвестициялық жылжымайтын мүлік операцияларынан алынатын кірістер |
6140 |
5610 |
|
Д) қаржылық аспаптардың әділ құнының өзгеруінен түскен кірістер |
6150 |
5610 |
|
Ж) басқа да қаржыландырудан түскен кірістер |
6160 |
5610 |
6 |
Есепті жылдың шығындарының көрінісі |
|
|
|
А) қаржыландыруға арналған |
5610 |
7310-7340 |
|
Б) басқа да шығыстар |
5610 |
7410-7470 |
|
|
5610 |
7710 |
7 |
Сальдолық қорытынды көрінеді |
|
|
|
А) қысқартылған қызметпен байланысты кірістер |
6310 |
5610 |
|
Б) қысқартылған қызметпен байланысты шығындар |
5610 |
7510 |
|
Қызметтік қатысулардан бастап сальдолық қорытынды жыл аяғындағы есеп беруде көрінеді. |
|
|
|
А) қауымдастырылған ұйымдардың пайда үлесі |
6410-6420 |
5610 |
|
Б) қауыдастырылған ұйымдардың залалындағы үлес |
5610 |
7610,7620 |
8 |
5610 «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» шотының жабылуы |
|
|
|
А) Таза пайда |
5610 |
510 |
|
Б) залал шоты бойынша жабылды |
5510 |
5610 |
9 |
Есептік жылдың пайдасынан резервтік капиталдың бөліну көрінісі |
5510 |
5410 |
10 |
Есептік жылдың табысынан дивиденттердің бөліну көрінісі |
5510 |
3030 |