Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 так.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
230.4 Кб
Скачать

2.Акция түрлері мен эмиссиясы шығарылған капитал және эмиссияның кіріс есебі

Заңға сәйкес, өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам болып танылады.

Акционерлік қоғам жарғысында шығаруға рұқсат етілген акциялардың саны мен олардың номинал құны көрсетіледі. Акционерлік қоғам айналысқа, бірден барлық акцияларды шығармауға құқылы. Егер акционерлік қоғамның айналымында акциялардың ең көп саны бар болса, оған қосымша қаражат қажет болса, онда жарғылық капиталды ұлғайтуға өкілетті органнан рұқсат алып, мемлекеттік органдардан жарғыны қайта тіркеуден өткізу қажет.

Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталы жаңа акциялар шығару немесе құнын өтеп сатып алумен және шығарылған акцияларды кейіннен күшін жою жолымен өзгертілуі мүмкін. Бұл ретте шығарылған акциялардың жиынтық номинал құны тиісті қоғам типінің шығарылған (төленген) жарғылық капиталы үшін белгіленген, ең төменгі мөлшерден аз болмауы тиіс.

Акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша шығаруға барлық хабарланған акцияларды төлегеннен және орналастырғаннан кейін ғана қоғамның жарғылық капиталын ұлғайтуға рұқсат етіледі. Қоғамның хабарланған жарғылық капиталы хабарланған және шығарылған (төленген) капитал арасындағы айырма сомасына ғана азайтылуы мүмкін және өзінің барлық кредиторларын хабарлағаннан кейін акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша рұқсат етіледі.

Акционерлердің меншік құқығы айналымдағы акциялардың санымен, яғни шығаруға рұқсат етілген акциялардың санымен емес, сатып алынған акциялардың санымен айқындалады. Мысалы, егер акционерлік қоғамға 100 000 акция шығаруға рұқсат етілсе, ал оның 80 000 ғана сатылса, осы 80 000 акциялардың иелері акционерлік қоғамның 100% активтеріне иелік ететін болады.

Осылайша, акционерлік қоғамның жарғылық капиталы, акционерлер сатып алған қоғам акцияларының номинал құнынан тұрады. Акциялардың номинал құны – оны шығару кезінде айқындалған, бағалы қағаздар құнының ақшамен көрсетілуі.

Акциялар жай және артықшылық берілген акцияларға бөлінеді. Жай және артықшылық берілген акциялардың арақатынасы заңмен реттеледі. Қазіргі уақытта артықшылық берілген акциялар қоғамның хабарланған жарғылық капиталының 25%-ынан (құнынан) артық шығарылмайды.

Артықшылық берілген акциялар күні бұрын айқындалған кепілдік берілген мөлшерде дивидендтер алуға, сондай-ақ қоғамды таратқаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігін алуға құқық береді.

Жай акциялардың иелері шаруашылық қызметінің нәтижелеріне қатысты және есепті кезең нәтижелері бойынша дивидендтер төлеуге бағытталатын таза кіріс сомасы туралы акционерлер жиналысының шешімімен сол бойынша дивидендтер алады.

Қоғамның хабарланған жарғылық акционерлік капиталының мөлшері шығаруға барлық хабарланған акциялардың жиынтық номинал құнына тең, ол акционерлік қоғамның жарғысында көрсетіледі. Хабарланған жарғылық капитал сомасына бухгалтерлік есепте ешқандай жазулар жүргізілмейді. Олар шығарылған акциялардың сомасына ғана жүзеге асырылады.

Акциялар есебі үшін шоттар жоспарында 5000 «Жарғылық капитал» шағын бөлімінің: 5010 «Артықшылығы бар акциялар» және 5020 «Қарапайым акциялар» 5030 «Салымдар мен пайлар» шоттары көзделген.

Акционерлік қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру акциялар шығару және сату жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте бухгалтерлік есепте акциялар шығару кезінде мынадай жазбалар жасалады:

Д-т шот 5110 К-т шот 5010,5020,5030

Құрылтайшылардың жарғылық капиталға салымдарының нақты түсуі бухгалтерлік есепте 5110 «Төленбеген капитал» шотының кредиті бойынша мына шоттармен корреспонденцияларда көрсетіледі:

- ақшамен төлеу кезінде: ақша қаражаттарының шоттары;

- негізгі құралдар және материалдық емес активтер түрінде төлеу кезінде: 2400 және 2700 шағын бөлімдерінің шоттары;

- қорлармен төлеу кезінде: 1300 шағын бөлімінің шоттары.

Шетел валютасындағы салымдар бойынша құрылтайшылардың берешектерінен туындаған бағамдағы айырмашылықтар, бағамдағы айырмашылықтан алған кірістер және шығыстар ретінде, қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы Есепте көрсетіледі.

Егер акцияның сату құны оның номинал құнынан асып кететін болса, онда меншікті акцияларды өткізу құнының номинал құнынан асып кеткен сомасы 5310 «Эмиссиялық кіріс» кредиті бойынша, ақша қаражаттары немесе дебиторлық берешек есебі бойынша шоттармен корреспонденцияда көрсетіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]