
- •Тақырып: Капитал есебі
- •1.Жарғылық капиталды қалыптастыру тәртібі
- •2.Акция түрлері мен эмиссиясы шығарылған капитал және эмиссияның кіріс есебі
- •3. Қайтарып сатып алынған капиталды есепке алу
- •4. Дивиденттер есебі
- •5. Резервтік капитал есебі
- •Тақырып: Кірістер мен шығыстарды есепке алу
- •2. Шығындар түсінігі және олардың есебі
- •3. Кәсіпорынның қызметінің нәтижесінің есебі
Тақырып: Кірістер мен шығыстарды есепке алу
Лекция жоспары:
1. Табыстар түсінігі және олардың есебі
2. Шығындар түсінігі және олардың есебі
3. Кәсіпорынның қызметінің нәтижесінің есебі
1. Табыстар түсінігі және олардың есебі
№18 Халықаралық қаржылық есептілік стандарты операциялар мен оқиғалардың белгілі бір типтерінен алған кірістер есебінің тәртібін айқындайды. Кіріс активтердің түсуі немесе өсімі немесе міндеттемелердің азаюы формасында болатын есепті кезең ішіндегі экономикалық пайданың ұлғаюы ретінде анықталады, бұл компанияның меншік иелерінің жарналарымен байланысты емес капиталдың ұлғаюынан көрінеді. Кіріске компанияның түсімі, сол сияқты өзге де кірістер кіреді. Компания түсімі – бұл, сату, сыйақы, пайыздар, дивидендтер және лицензиялық төлемдер сияқты әртүрлі аталатын қызметтердің әдеттегі түрлерінен қаражаттың түсуі.
«Есептеу принциптері» методологиясына сәйкес сатудан алған кірістер, тауарға меншік құқығы сатып алушыға өткен, сол есепті кезеңде алынған болып саналады. Егер тіпті сатылған тауарлар, өнімдер, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің ақшалары есепті кезең ішінде және одан кейінгі кезеңде алынбайтын болса, онда кірістерді шығыстармен байланыстыру (кірістерді идентификациялау) ережесіне сәйкес, олар тауарларды сату кезінде, яғни оларды беру (сатып алушыларға жеткізу) кезінде алынған ретінде байланыстырылады (идентификацияланады). Осы себеп бойынша сатудан алған кірістер мен аталған есепті кезең ішінде сатудан алған ақша қаражаттары арасындағы айырманың болуы толықтай ықтимал болып саналады. Кіріс – белгілі бір уақыт аралығы ішінде кәсіпорынның тауарлар жасау мен қызметтер көрсетуінің динамикалық процесі.
Кірістер ұйымның өмір сүру көзі болып саналады. Кіріссіз пайда жоқ, ал пайдасыз кәсіпорын да жоқ.
Кіріс:
тауарлық-материалдық қорларды сатудан;
қызметтер көрсетуден;
ұйымға жататын, сыйақы (мүдде), роялти мен дивидендтер әкелетін активтерді пайдалануға беруден алынуы мүмкін.
Кірістер – бұл активтердің құйылуы немесе өсуі жолымен, яки субьектінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде міндеттемелердің азаю жолымен экономикалық ресурстардың ұлғаюы.
Табыс - бұл ұйымның күнделікті қызметінен пайда болған жалпы экономикалық табыс түсімдері, олардың нәтижесінде меншікті капиталдың ұлғаюы, меншік иелерінің салымдары есебінен меншікті капиталдың көбеюі.
Кірістер екіге бөлінеді
Негізгі қызметтен алынған кірістер
Негізгі емес қызметтен алынған кірістер
Табыс өзіне ұйымның меншікті капиталына жататын түстін жалпы экономикалық түсімді жатқызады. Бұған қоса, үшінші жақ есебіне түсетін сомалар, яғни тауарлар мен қызметкерлерге қосыған құн салығы экономикалық табысқа жатқызылмайды және меншікті капиталдың ұлғаюына қосылмайды. Сондықтан олар табыстан алынып тасталады.
Табысты анықтау өзіне негізгі қызметтен түсетін және басқа да табыстарды кіргізеді. Ұйымның негізгі қызметінен түсетін табысқа өткізуден түскен, дивидендтерді, роялти, сыйақылықтан және түскен түсімдерді жатқызады.
Өзге де табыстар басқа статьяларды кіргізеді, олар ұйымның күнделікті қызметі барысында туындауы да, туындамауы да мүмкін. Олар экономикалық табыстың ұлғаюына әсер етеді және негізгі қызметтен түсетін табыстан айырмашылығы болмайды, сондықтан олар берілген құжаттарды жеке элемент ретінде қарастырылмайды.
Өзге де табыстар негізгі емес қызметтен түсетін түсімдер жатқызылады, мысалы, негізгі құралдарды өткізуден түскен, және өткізуден емес түскен түсімдер.
Пайда мен залал туралы есепте мұндай табыстарды мойындау негізінде негізгі қызметтен түсетін табыстардан бөлек қарастырылады, себебі олар туралы ақпарат дұрыс экономикалық шешім қабылдауға қажет. Мұндай табыстар сәйкесінше шығындар есебінде жиі көрініс табады.
Активтерді тану көп жағдайда табыстың өсуімен жүргізіледі. Бұған мысал ретінде ақша, дебиторлық берешек, тауарлы – матариалды қорлар, дайын өнімді өткізуден түскен түсімдер бола алады.
Табыстар міндеттемелерді реттеу кезінде де пайда болуы мүмкін. Мысалы, ұйым қарыз берушіге міндеттеміні жабу үшін дайын өнімді түсіруі мүмкін.
Бухгалтерлік есептің кірістер есебіне үлгі шоттар жоспарында 6 «Кірістер» бөлімі арналған. Осы бөлімдер өзіне мыналарды кірістіреді:
6000 «Өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден алынатын кіріс»
6100 «Қаржыландырудан алынатын кірістер»
6200 «Басқа да кірістер»
6300 «Тоқтатылатын қызметке байланысты кірістер»
6400 «Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесі».
«Кірістер» бөліміндегі шоттар пассивті болып келеді. Кредит бойынша көрсетілген шоттар кіріс сомалары туралы ақпаратты көрсетеді, ал дебит бойынша кірістер сомасының жалпы көшірілімі, яғни алдыңғы кезеңдегі қорытынды пайданы ұлғайту.
Өнімдер сату және орындалған жұмыстардан және көрсетілген қызметтерден түскен түсім кез келген ұйым қаражаты айналымының аяқталған бөлігін білдіреді.
Негізгі қызметтен алған кірістер есебі 6010 «Өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден алған кіріс» пассив шотында жүргізіледі. Оған аналитикалық шоттар ашылуы мүмкін, оның атауы қызмет салалары бойынша кірістердің көздері мен түрлеріне қатысты болады және нақты компания шоттарының бекітілген жұмыс жоспарында бекиді. Есепті кезең ішінде 6010 шотының кредитіне, тиісті шоттарда: «Қорларды өткізуден алған кіріс», «Тауарларды өткізуден алған кіріс», «Жүктермен жолаушылар тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуден алған кіріс», және т.б. көздерінен алынған кіріс сомалары тиісті шоттарда жинақталады.
Есепті кезең соңында 6010 кредиті бойынша алынған кірістер сомасы 5610 «Қорытынды пайдасы (залалы)» шотына көшіріледі. Осы шоттың ақпараты 2 «Пайда мен залал туралы есеп» үлгісін толтыру үшін негіз болып табылады.
6010 «Өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден алған кіріс» шотындағы шоттар корреспонденциясы келесі кестеде келтірілген. Өнімдерді сатудан ( жұмыстар, қызметтер көрсетуден) табыстар мен шығындарды тану әдістеріне тоқталатын болсақ, келесіге көңіл аударайық:
6000 «Өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден алынатын кіріс» өзіне синтетикалық шоттарды кіргізеді:
6010 «Өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден алынатын кіріс»;
6020 «Сатылған өнімді қайтару»;
6030 «Бағадан және сатудан жеңілдіктер».
Өнімдерді сатудан және қызметтерді көрсетуден алынатын кіріс.
Кредит бойынша 6010 «Өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден алынатын кіріс» есептік отчет кезінде өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден алынатын кіріс сомалары көрсетіледі, ал соңғы отчет беру кезінде дебиттен қорытынды пайданың ұлғаюы кезінде көшіріледі. № 6 «Кірістер» бөлімі бойыша қалдық қалмайды.
№ п/п |
Шаруашылық операцияларының мазмұны |
Шоттар корреспонденциясы |
|
Дебет |
Кредит |
||
1. |
Шот-фактуралар, тауар-көлік құжаты негізінде дайын өнім (тауар) тиеліп жөнетілді: - шарттағы бағалар бойынша - ҚҚС сомасына |
1210 1280 1210 1280 |
6010 3130 |
2. |
Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін шоттар қойылды: - ҚҚС сомасына |
1210 1280 1210 1280 |
6010 3130 |
3. |
Ұсынылған сомалар үшін төлем банктегі шоттарға келіп түсті. |
1030 |
1210 1280 |
4. |
Ағымдағы кезеңге жатқызылған, өткен кезеңде алынған кірістер. |
3520 |
6010 |
5. |
Есепті кезең соңында 6010 шоты 5610 шотының ұлғаюына жабылады. |
6010 |
5610 |
Негізгі емес қызметтен алынған табыстарға
- Қаржыландырудан алынатын кірістер
- Басқа да кірістер және т.б.
Бухгалтерлік есепте қаржыландырудан алған кірістер үшін шоттар жоспарының бір атаулы шағын бөлімінің 6100 шоты көзделген:
- 6110 «Сыйақылар бойынша кірістер»;
- 6120 «Дивидендтер бойынша кірістер»;
- 6130 «Қаржылық жалдаудан алған кірістер»;
- 6140 «Қозғалмайтын мүлікке инвестициялармен жасалған операциялар бойынша кірістер»;
- 6150 «Қаржы құралдарының әділетті құнының өзгеруінен алған кірістер»;
- 6160 «Қаржыландырудан алған басқа да кірістер».
Өзге де кірістер үшін 6200 «Басқа да кірістер» бөлімінің шоттары көзделген:
- 6210 «Активтердің шығуынан алынатын кірістер»;
- 6220 «Өтеусіз алған активтерден алынатын кірістер»;
- 6230 «Мемлекеттік субсидиялардан алынатын кірістер»;
- 6240 «Құнсызданудан келген залалды қалпына келтіруден түсетін кірістер»;
- 6250 «Бағамдағы айырмашылықтан түсетін кірістер»;
- 6260 «Операциялық жалгерліктен түсетін кірістер»;
- 6270 «Биологиялық активтердің әділетті құнының өзгеруінен түсетін кірістер»;
- 6280 «Өзге кірістер».
6100 және 6200 шағын бөлімдерінің шоттары бойынша шоттар корреспонденциялары кестеде беріліп отыр.
Шоттар бойынша аналитикалық есеп, ұйымның бекітілген есеп саясаты бойынша кәсіпорынның өзі әзірлейтін баптар номенклатурасы бойынша ведомостерде жүргізіледі.
№ п/п |
Шаруашылық операцияларының мазмұны |
Шоттар корреспонденциясы |
|
Дебет |
Кредит |
||
1. |
Шарттағы, сату бағасы бойынша өткізілді: • А) материалдық емес активтер - ҚҚС • Б) негізгі құралдар - ҚҚС • В) акциялар облигациялар және өзге бағалы қағаздар (құндағы айырмашылықтар) • Г) сатып алушыларға шоттар үсынылды. |
1210-1280 1210-1280 1210-1280 1210-1280
1030
1210-1280 |
6210 3130 6210 3130
6160
6280 |
2. |
Акциялар бойынша өзге сатып алған бағалы қағаздар бойынша тиесілі дивидендтер, пайыздар есептелді |
1270 |
6120 |
3. |
Сатып алған бағалы қағаздар үшін кәсіпорын қызметкерлеріне шоттар ұсынылды |
1250 |
6160 |
4. |
Қол ақшамен есеп айырысу үшін бағалы қағаздарды өткізу |
1010 |
6160 |
5. |
Дебиторлармен есеп айырысу шоттары бойынша бағамдағы айырмадан алған кірістер мен ақша қаражаттары: • А) сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен; • Б) еншілес (бағыныштағы) серіктестіктермен; • В) берілген аванстар бойынша • Г) ақша қаражаттарының шоттары бойынша |
1210
1220-1240
1610 1010,1030 |
6250
6250
6250 6250 |
6. |
Кредиторлармен есеп айы-рысулар шоттары бойынша бағамдық айырмашылықтан алған кіріс: • А) еншілес (бағыныштағы) серіктестіктермен • Б) алынған аванстар бойынша • Б) жеткізушілермен және мердігерлермен • Г) несие операциялары бойынша |
3320-3340 3510 3310 4010-4020 |
6250 6250 6250 6250 |
7. |
Кәсіпорын билік органда-рынан субсидия алды: • А) мектепке дейінгі балалар мекемесін ұстауға; • Б) әлеуметтік сала обьектілерін ұстауға; • В) карантин шараларын жүзеге асыруға, эпидемиямен күресуге, жергілікті жолдарды ұстап тұруға және т.б. |
1030 1030
1030 |
6230 6230
6230 |
8. |
Негізгі құралдарды ағымдағы жалгерлікке беруден алған кіріс |
3360 |
6260 |
9. |
Келтірілген шығын есебіне еңбекақыдан ұсталынған сомалар |
3350 |
6280 |
10. |
Өзге заңды және жеке тұлғалардан өтеусіз алған активтер |
Активтер шоттары |
6280 |
11. |
Шоттарды жабу |
6100, 6200 |
5610 |
Есепті кезең аяқталғаннан кейін 6100, 6200 шағын бөлімдер шоттары 5610 «Қортынды пайда (залал)» шотының дебетіне жабылады.