Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 так.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
230.4 Кб
Скачать

5. Резервтік капитал есебі

Резервтік капитал ұйымның меншік қаржылары көздерінің бірі болып саналады. Құрылтайшылық құжаттарға сәйкес құралатын, резервтік капиталдың жағдайы мен қозғалысы туралы ақпарат 5400 «Резервтер» шағын бөлімінің: 5410 «Құрылтайшылық құжаттармен белгіленген резервтік капитал» 5420 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв», 5430 «Материалдық емес активтерді қайта бағалауға арналған резерв», 5440 «Сатуға арналған қаржы активтерін қайта бағалауға арналған резерв» 5450 «Шетелдік қызмет бойынша шетел валютасын қайта есептеуге арналған резерв», 5460 «Өзге резервтер» синтетикалық шоттарында көрсетіледі.

Бөлінбеген кірістен резервтік капиталға аударымдар: 5410 «Құрылтайшылық құжаттармен белгіленген резервтік капитал», 5460 «Өзге резервтер» шоттарының кредиті бойынша 5510 «Есепті жылдың пайдасы (залалы)» шотының дебетімен корреспонденцияда көрсетіледі.

Резервтік капитал каражаттарын пайдалану: 5410 «Құрылтайшылық құжаттармен белгіленген резервтік капитал», 5460 «Өзге де резервтер» шоттарының дебеті бойынша мына шоттармен корреспонденцияда көрсетіледі:

1) 3030 – есепті кезеңнің бөлінбеген кірісінің жеткіліксіздігі немесе жоқ болуы жағдайында серіктестік қатысушыларына дивидендтер мен кірістер төлеуге бағытталған сомалардың бөлігі;

2) 5510, 5520 – есепті кезең немесе оның алдындағы жыл үшін субьектінің залалын жабуға бағытталатын сомалардың бөлігі.

Резервтік капиталдың көлемі, меншік иесі анықтаған және субьектінің құрылтайшылық қаражаттарында тіркелген сомадан асып кетпеуі тиіс.

Акционерлік қоғамның резервтік капиталының қаражатын пайдалану тәртібін директорлар кеңесі айқындайды.

Шаруашылық серіктестіктерінде, сондай-ақ резервтік капитал жасау көзделуі мүмкін. Серіктестіктердегі резервтік капитал есебі акционерлік қоғамдардағы есепке ұқсас жүргізіледі.

Негізгі құралдарды, инвестицияларды қайта бағалаудан алынған капитал сомасының қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпарат 5420 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв шотында жинақталады.

5420 шоты негізгі құралдарды толық бағалау сомасына кредиттеледі және 2410 «Негізгі құралдар» шоты дебеттеледі.

Негізгі құралдар құнының өзгеруіне пропорционал түзету енгізілген тозу сомасына, 5420 шотының дебеті бойынша және 2420 «Негізгі құралдар амортизациясы және құнсыздануы» шотының кредиті бойынша жазбалар жасалады.

Негізгі құралдардың ағымдағы құнының азаюы жағдайында бұрын жүргізілген қайта бағалаулар сомасы шегіндегі сомалардың азаюы резерв есебінен қайта бағалауға есептен шығарылады, ал бұрын жүргізілген қайта бағалаулардан артық сома кіріс болып танылады, соған сәйкес жинақталған тозу сомасына түзетулер енгізіледі.

Негізгі құралдардың толық бағалану сомасын есептен шығару, оларды пайдалануға қарай 5420 шотының дебеті бойынша және 5510 шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

Негізгі құралдардың бөлінбеген кіріске шығарылуы (кетуі) кезінде қайта бағалаудың барлық сомасы көшіріледі.

Инвестициялардың құнын төмендету кезіндегі оны азайту сол инвестициялардың толық бағалану сомасы есебінен жүргізіледі және 5440 шотының дебеті бойынша және 1200 (1220-дан 1240-қа дейін) және 1100 «Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар» шағын бөлімдері шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.

Сол инвестициялардың толық бағалану сомаларының жеткіліксіздігі жағдайында оның құнының төмен түсуі 5510 немесе 6160 шотының дебетіне жатқызылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]