
- •Тақырып: Капитал есебі
- •1.Жарғылық капиталды қалыптастыру тәртібі
- •2.Акция түрлері мен эмиссиясы шығарылған капитал және эмиссияның кіріс есебі
- •3. Қайтарып сатып алынған капиталды есепке алу
- •4. Дивиденттер есебі
- •5. Резервтік капитал есебі
- •Тақырып: Кірістер мен шығыстарды есепке алу
- •2. Шығындар түсінігі және олардың есебі
- •3. Кәсіпорынның қызметінің нәтижесінің есебі
3. Қайтарып сатып алынған капиталды есепке алу
Акционерлік қоғам акцияларды қайта бөлу, яки олардың күшін жою мақсатында және қоғам жарғысында көзделген өзге де негіздер бойынша оған жататын акцияларды өздерінің акционерлерінен құнын өтеп сатып алуы мүмкін.
Қоғам акциялардың құнын өтеп сатып алуды:
1) эмитеттелген акцияларды толық төлегенге дейін;
2) қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталы, құнын өтеп сатып алу нәтижесінде шығарылған (төленген) жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерінен аз болса;
3) егер, қоғам акциялардың құнын өтеп сатып алу кезінде төлем қабілетсіз немесе банкрот болып саналса немесе акциялардың құнын өтеп сатып алу нәтижесінде осындай жағдайға ұшыраса;
4) егер акциялардың құнын өтеп сатып алу кезінде қоғамның меншікті капиталының мөлшері шығарылған (төленген) жарғылық капитал мөлшерінен аз болса, жүзеге асыруға құқылы емес.
Қоғам құнын өтеп сатып алған акциялар туралы мәлімет, қоғам акцияларын ұстаушылардың реестріне міндетті түрде енгізуге жатады.
Акционерлік қоғамның өзі айналымнан алған акциялардың саны, құны көрсетіле отырып 5210 «Сатып алынған меншікті үлестік құралдар» шотының дебетінде ақша қаражаттары есебінің тиісті шоттарымен корреспонденцияларда есепке алынады. Жарғылық акционерлік капиталдың айналымнан алынған акциялар сомасына азаюы 5110 «Төленбеген капитал» шотының дебеті бойынша және 5210 «Сатып алған меншікті үлестік құралдар» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Құнын өтеп сатып алған акциялар белгісіз уақытқа дейін сақталуы мүмкін, сондай-ақ қайтадан шығарылуы және мүлдем алынып қойылуы мүмкін. Құнын өтеп сатып алынған меншікті акциялар оларды шығаруды қайыра айналымға жібергенге дейін ешқандай құқыққа (дивидендтер алу құқына, дауыс құқығына, оны таратқан жағдайда ұйым активтерінің үлесіне құқықты иеленуге) ие емес.
Құнын өтеп сатып алған акциялар құны, негізінен, оның номинал құнынан ерекшеленуі мүмкін. Шығарылған акцияларды қоғамның құнын өтеп сатып алуы, шығарылған акцияларды құнын өтеп сатып алу туралы хабарланған оның алдындағы күннен, соңғы 30 күнтізбелік күн ішінде қолданыстағы заңға сәйкес айқындалған, олардың орта мөлшердегі нарықтық құны бойынша немесе құнын өтеп сатып алу туралы талап етілген баға бойынша жүргізіледі.
Егер акциялар номинал құнынан төмен баға бойынша сатып алынса, онда сатып алу құны мен номинал құны арасындағы айырма 5310 «Эмиссиялық кіріс» шотында көрсетіледі.
4. Дивиденттер есебі
Дивиденттер есептеу негіздері 2 ҰҚЕС келесідей көрсетілген
Субъект мыналарды қоса алғанда, осы бөлімді акцияларға негізделген төлемдердің барлық операцияларын есепке алу кезінде қолдануға тиіс:
1) субъектінің үлестік құралдары үшін өтем ретінде субъект тауарларды немесе қызметтерді алатын, олар бойынша есептеме үлестік құралдармен жүргізілетін акцияларға негізделген төлемдердің операцияларын (акцияларды немесе акцияларға опциондары);
2) субъектінің акцияларының бағасына (немесе құнына) немесе басқа да үлестік құралдарына негізделген соманы төлеу жөнінде осы тауарларды немесе қызметтерді берушілер алдында міндеттемелер қабылдау жолымен субъект тауарларды немесе қызметтерді сатып алатын, олар бойынша есептеме ақшалай қаражатпен жүргізілетін акцияларға негізделген төлемдердің операцияларын; және
3) субъект тауарларды немесе қызметтерді алатын немесе сатып алатын және оған сәйкес субъект операция жөніндегі есептемені жүзеге асыра алатын не ақшалай қаражатпен (немесе өзге активпен) не үлестік құралдар шығару жолымен келісімнің шарттары субъектіге немесе осы тауарларды немесе қызметтерді берушіге таңдау ұсынатын операцияларды.
Субъект тауарларды немесе қызметтерді алу кезінде акцияларға негізделген төлем операциясының нәтижесінде алынған немесе сатып алынған тауарларды немесе қызметтерді тануға тиіс. Субъект, егер тауарлар немесе қызметтер олар бойынша есептеме үлестік құралдармен жүргізілетін, акцияларға негізделген төлем операциясының нәтижесінде алынған болса, капиталдағы тиісті ұлғайтуды немесе егер тауарлар немесе қызметтер олар бойынша есептеме ақшалай қаражатпен жүргізілетін, акцияларға негізделген төлем операциясының нәтижесінде сатып алынған болса, міндеттемені таниды.
Егер акцияларға негізделген төлем операциясының нәтижесінде алынған тауарлар немесе қызметтер активтер ретінде тану өлшемдеріне жауап бермейтін болса, онда субъект оларды шығыстар ретінде тануға тиіс.
Субъект есептеме үлестік құралдармен жүргізілетін, акцияларға негізделген төлемдердің операцияларын өлшеу кезінде тиісті ақпаратты ашып, ХҚЕС (ІFRS) «Акцияларға негізделген төлем» деген 2-тармақты қолданады.
Есептеме ақшалай қаражатпен жүргізілетін, акцияларға негізделген төлемдердің операцияларын есепке алу үшін субъект сатып алынған тауарларды немесе қызметтерді және міндеттеменің әділ құны бойынша туындаған міндеттемені өлшеуге тиіс. Міндеттеме өтелмейінше, субъект әділ құнның кез келгенін өзгерісін кезең үшін пайданың немесе залалдың құрамында тани отырып, әрбір есепті күні және өтелетін күні міндеттеменің әділ құнын қайтадан өлшейді.
Қызметкерлермен жасалатын операциялар кезінде үлестік құралдар белгілі бір қызмет кезеңін аяқтағанға дейін қызметкерлерге берілмейді, субъект осы кезең ішінде қызметкерлер қалай қызметтер көрсететіне қарай алынған қызметтерді тануға тиіс.
Келісім шарттары субъект оған сәйкес операция бойынша есептемені ақшалай қаражатпен (немесе басқа да активтермен) немесе үлестік құралдар шығару жолымен жүзеге асыратын не субъектіге, не қарсы тарапқа таңдау ұсынатын, акцияларға негізделген төлемдердің операциялары үшін субъект, егер субъект өзіне есептемені ақшалай қаражатпен немесе басқа да активтермен жүргізуге міндеттеме қабылдаған шамада немесе есептеме олар бойынша үлестік құралдармен жүргізілетін, акцияларға негізделген төлем операциясы сияқты, егер осындай міндеттеме қабылданбаған шамада есептеме олар бойынша ақшалай қаражатпен жүргізілетін, акцияларға негізделген төлем операциясы ретінде осындай операцияны немесе осы операцияның компоненттерін есепке алуға тиіс. Ақшалай қаражатпен төлеу мүмкіндігі бар, акцияларға негізделген төлемдердің операцияларын есепке алу кезінде ХҚЕС (ІFRS) 2 «Акцияларға негізделген төлем» талаптары қолданылады.
Субъект көшу талаптары, ұсынылған опциондардың ең жоғары мерзімі және есептеу тәсілі (мысалы, ақшалай қаражатпен немесе үлестік аспаптармен) сияқты әрбір келісімнің негізгі шарттарын қоса алғанда, кезең ішінде қолданыста болған, акцияларға негізделген төлемдер туралы келісімдердің әрбір түрінің сипаттамасын ашады. Акцияларға негізделген төлемдер туралы келісімдердің елеулі түрде ұқсас түрлері бар субъект олар туралы ақпаратты біріктіре алады.
Субъект кем дегенде акцияларға, кезең үшін субъектінің пайдасына немесе залалына және оның қаржылық жағдайына негізделген төлемдер операцияларының әсері туралы мынадай ақпаратты ашқаны жөн:
1) осы операциялардың нәтижесінде туындайтын шығыстардың жалпы сомасының бір бөлігін жеке ашуды қоса алғанда, оның шеңберінде алынған тауарлар мен қызметтер активтер ретінде тануға жатпайтын, сондықтан да шығыс ретінде тез арада танылады, акцияларға негізделген төлемдер операциялары бойынша кезең үшін танылған шығыстардың жалпы сомасын;
2) акцияларға негізделген төлемдер операциялары нәтижесінде туындайтын міндеттемелер үшін;
кезеңнің соңындағы жалпы баланстық құнды; және
қарсы тараптың ақшалай қаражатқа немесе басқа да активтерге құқығы кезеңнің соңында көшкен кезеңнің соңындағы міндеттемелердің жалпы ішкі құнын (мысалы, акциялардың құнын өсіруге көшкен құқық).
Дивиденттер бойынша акционерлермен есеп айырысу 3030 «Қатысушылардың дивиденттері және кіріс бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотында есепке алынады . Төленуге тиісті дивиденд есептелгенде 5510, 5410 шоттардың дебеті 3030 шоттың кредитіне жазу жүргізіледі. Есептелген дивидендтер төленгенде жазу 3030 шоттың дебетіне 1030,1010 шоттар кредитіне жүргізіледі.