Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 так.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
230.4 Кб
Скачать

Тақырып: Капитал есебі

Лекция жоспары:

1.Жарғылық капиталды қалыптастыру тәртібі

2.Акция түрлері мен эмиссиясы шығарылған капитал және эмиссияның кіріс есебі

3. Қайтарып сатып алынған капиталды есепке алу

4. Дивиденттер есебі

5. Резервтік капитал есебі

1.Жарғылық капиталды қалыптастыру тәртібі

Алуан түрлі шаруашылық ұйымдары Қазақстан Республи­касы экономикасының негізін білдіреді. Шаруашылық жүргізуші ұйымдар қызметінің міндеттерін оның меншік иесі айқындайды және ол міндеттер кіріс алуға мүмкіндік беретін, жоғары сапалы бәсекеге төтеп бере алатын өнімдер шығару мен оны өткізуді қамтамасыз етуден тұрады.

Шаруашылық жүргізуші ұйымдар, егер ол заңмен тыйым салынбаған және жарғыға сәйкес келетін болса, көптеген қызмет түрлерін жүзеге асырады. Жарғыда шаруашылық жүргізуші ұйымның түрі, оның атауы, орналасқан жері, қызметтің заты мен мақсаты, жетекшінің өкілеттігі, басқару және бақылау органдары, олардың құзыры, ұйым мүлкін қалыптастыру тәртібі және кірістерді бөлу, қайта құру мен қызметін тоқтату жағдайлары айқындалады.

Шаруашылық жүргізуші ұйымдар толық шаруашылық есеп, өзін-өзі қаржыландыру және дербестік негізінде өнімдер өндіреді, жұмыстар орындайды, қызметтер көрсетеді.

Оларда қажетті мүліктердің болуы шаруашылық жүргізуші ұйымдардың қызметін жүргізудің қажетті жағдайлары болып саналады. Меншікті капитал ұйым мүлкін қалыптастырудың негізгі көзі болып саналады.

Меншікті капитал – бұл міндеттемелерді шегеріп тастағаннан кейінгі активтер. Меншікті капитал құрылымы шаруашылық жүргізуші ұйымдардың ұйымдық-құқықтық формаларына қатысты ажыратылады.

Ұйымдардың жарғылық капиталын қалыптастыру тәртібі олардың ұйымдық – құқықтық формаларына қатысты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен белгіленген.

Жауапкершілігі шектелген және қосымша жауапкершілік жүктелген серіктестіктердің құқықтық жағдайлары, олардың қатысушыларының құқықтары мен міндеттері, серіктестікті құру, қызметін жүргізу қайта құру және тарату тәртіптерін Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілік жүктелген серіктестіктер туралы» Заңы айқындайды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі және «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңға сәйкес, жарғылық капиталы салымдардың белгіленген тең акцияларының белгілі бір санына (үлестің номиналдық құнына сәйкес) бөлінген серіктестік акционерлік қоғам болып танылады.

Қоғам мүшелері (акционерлер) оның міндеттемелері бойын­ша жауап бермейді, оларға жататын акциялар шегінде оның қызметімен байланысты шығындар тәуекелін көтереді. Акционерлік қоғам ашық және жабық болуы мүмкін.

Ашық акционерлік қоғам акционерлері басқа мүшелерінің келісімінсіз оларға жататын акцияларды иеліктен айыруға құқығы бар.

Жабық акционерлік қоғам акциялары оның құрылтайшы­лары арасында ғана немесе күні бұрын анықталып қойылған тұлғалар шеңбері арасында ғана таралады.

Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы шығарылған акциялардың белгіленген құнының сомасына тең, бірақта заңмен белгіленген ең төменгі мөлшерден аз болмауы тиіс.

Акционерлік қоғамды құру кезінде оның бүкіл акциялары құрылтайшылар арасында бөлінген болуы тиіс. Акцияларға ашық жазылуды жүргізуге жарғылық капиталды толық төлеген­ге дейін рұқсат етілмейді.

Жарғылық капиталды көбейту акционерлердің жалпы жина­лысының шешімі бойынша:

  • акциялардың нақтылы құнын өсіру;

  • қосымша акциялар (қосымша эмиссия) шығару жолы­мен жүзеге асырылуы мүмкін.

Акционерлік қоғамның жарғылық капиталын азайту акцио­нер­лердің жалпы жиналысының шешімі негізінде:

  • акциялардың нақтылы құнын төмен түсіру;

  • олардың жалпы санын қысқарту мақсатымен акция­лар­дың бір бөлігін сатып алу және қайтарып алу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

Егер өзге (негізгі) шаруашылық серіктестігі оның жарғы­лық капиталына тұлға 50%-дан артық басым үлеспен қатысса немесе олардың арасында жасалған шартқа сәйкес немесе басқалай түрде осындай серіктестік қабылдайтын шешімдерді айқындау құқығына ие болса, мұндай шаруашылық серіктестік еншілес серіктестік деп танылады.

Тәуелді серіктестік - өзге (қатысушы, басым үлеспен қатысушы) заңды тұлға 20%-дан артық оның акциялар дауысына ие болатын серіктестік. Бір-бірінің жарғылық капиталына акционерлік қоғамдардың өзара қатысуы әрбір жарғылық капиталдың жиырма бес пайызынан артып кетпеуі тиіс.

Заңды тұлға өндірістік кооператив формасында ұйымдастырылуы мүмкін. Олардың жеке еңбекпен қатысуы және оның мүшелерінің мүліктік жарналарын (пайларын) біріктіруіне негізделген бірлескен кәсіпкерлік үшін мүшелік негізінде азаматтардың ерікті түрде бірігуі өндірістік кооператив болып танылады.

Өндірістік кооператив жарғысы заңды тұлға жарғысының жалпы ережелерінен өзге, кооператив мұшелерінің пайдалары туралы кооператив мүшелерінің құрамы мен пайлар салу тәртібі туралы және пайлар салу бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін олардың жауапкершілігі туралы; кооператив қызметіне оның мүшелерінің еңбекпен қатысу тәртібі туралы; кооператив пайдаларын бөлу мен шығындарын (зияндарын) өтеу тәртібі туралы; кооперативті басқару органдарының құрамы мен құзырлары туралы жағдайлардан тұруы тиіс.

Салынған пай кооператив мүшесінің үлесі болып санала­ды.

Кооператив пайдасы, егер кооператив жарғысында басқа­лай қаралмаған болса, олардың еңбектеріне сәйкес, кооператив мүшелері арасында бөлінеді.

Мемлекеттік кәсіпорындарға:

  • шаруашылық жүргізу құқығымен құрылған мемле­кет­тік кәсіпорындар;

  • жедел басқару (қазынашылық кәсіпорындар) құқы­ғы­мен құрылған мемлекеттік кәсіпорындар жатады.

Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі мемлекетке жатады, бөлінбейтін болып саналады және салымдар (үлес, пай) бойын­ша, оның ішінде кәсіпорын жұмыскерлері арасында бөлінбейді.

Мемлекеттік кәсіпорындар өкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша құрылады. Мемлекет мемлекеттік кәсіпорын­ның құрылтайшысы болып қатысады. Жарғылық капитал мемле­кет бөлген мүлік есебінен қалыптасады.

Шаруашылық жүргізу құқығымен құрылған мемлекеттік кәсіпорынның өзгешелікті сипаты болып мыналар саналады:

  • өзіне жататын барлық мүлікке өзінің міндеттемелері бойынша жауап бере отырып, мемлекет міндеттемелері бойынша жауап бермейді

  • құрылтайшының әрекетінен туындай отырып, оны бан­крот деп жариялағаннан басқа жағдайларда, мемлекет бұл кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Егер кәсіпорынның кредиторлар талабын қана­ғат­тандыру үшін қаржылары (құралдары) жеткі­лік­сіз болғанда, кәсіпорын міндеттемелері бойынша мемлекет жауап береді.

Мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындар, оның міндетте­ме­лері бойынша құрылтайшылардың субсидарлы жауапкершілік көтеретіндігімен сипатталады.

Коммерциялық емес сипаттағы басқарушылық, әлеуметтік – мәдени және өзге де міндеттерді жүзеге асыру үшін меншік иесі құрған және сол қаржыландыратын ұйым, коммерциялық емес ұйым, яғни мекеме болып танылады.

Коммерциялық емес ұйымдар:

  • қоғамдық бірлестіктер;

  • қоғамдық қорлар;

  • тұтыну кооперативтері;

  • діни бірлестіктер;

  • қауымдастықтар (одақтар) формасындағы заңды тұлға­лар­дың бірлестіктері жатады.

Коммерциялық емес ұйымдарға мыналар тән емес болып саналады:

  • мекеме құқығы, оған мүлікті бекітіп беру, олардың қызметін басқару және бақылау тәртібі олардың жарғысымен айқындалады;

  • меншікті мүлік, жарғыда қаралған ерікті мүліктік не­ме­се кіру және мүшелік жарналар есебінен, сондай-ақ ерікті қайырмалдықтар, демеушілік және т.б. қаражат­тар­дан құрылады;

  • оларды, саяси мақсат көздейтін шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына рұқсат етілмейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]