
- •1. Маркетингтік зерттеулердің теориялық негіздері
- •Маркетингтік зерттеулердің мәні
- •Маркетингтік зерттеулердің бағыттары мен классификациясы.
- •2. Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық нарықтың жағдайын талдау және бағалау.
- •2.1. Қазақстанның дәрілік препараттар нарығының жалпы сипаттамасы.
- •2.2. Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығын талдау («Химфарм» компаниясының мысалында)
- •2.3 Дәрілік препараттарды сатып алушылардың тұтынушылық таңдауларын зерттеу
- •3. Фармацевтикалық нарықты жетілдірудің негізгі бағыттары
- •3.1. Дәрілік препараттар нарығын дамытудың бағыттары бойынша ұсыныстар
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2.3 Дәрілік препараттарды сатып алушылардың тұтынушылық таңдауларын зерттеу
Қазіргі уақытта әрбір дәріхана дәрілік препараттар ассортиментінің кеңдігімен, қолайлы бағалармен, ішкі көрінісімен және қазіргі заманғы құрал – жабдықтармен мақтана алады. Яғни фармацевтикалық нарықта бәсекелестік орта қалыптасқан. Осы жағдайда дәріханалар нарықта белгілі бір орынды алу, тұтынушыларды тарту және табыстарды жоғарлату үшін бәсекеге қабілеттілікті жоғарлатудың неғұрлым тиімді тәсілдерін ендіріп, пайдалану керек.
Зерттеудің міндеттері:
тұтынушылар арасында дәрілік препараттарды сатып алу жиілігін анықтау;
белгілі бір дәріханаға байланысты тұтынушылық таңдауларға әсер ететін факторларды айқындау;
қарапайым сатып алушылардың дәріханадағы қызметкерлердің кәсіби қасиеттерін бағалауы;
тұтынушылар неғұрлым жиі сатып алатын дәрілік препараттарды анықтау;
дәрілерді сатып алуға әсер ететін критерийлерді анықтау;
респонденттердің дәрілік препараттарды сатып алу қабілеттілігін анықтау;
дәрілік препараттар бағасының деңгейіне байланысты сатып алушылардың пікірін анықтау.
Пікір сұрау үшін социологиялық зерттеу әдісі – сауалнама пайдаланылды. Респонденттер ретінде дәрілік препараттарды тұтынатын 1130 адам болды. Респонденттердің құрамы 16 – дан бастап 65 – ке дейін және одан жоғары жас аралығындағы адамдардан тұрады.
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей негізгі тұтынушылар болып әйелдер (86,7 %) табылады. Сонымен қатар талдау барысында тұтынушылардың көп бөлігінің (62,9 %) жоғары білімі бар екендігі, ал респонденттердің қалған 37,1 % орта кәсіптік және орта техникалық білімі бар екені анықталды.
Зерттеу барысында дәрілік препараттарды тұтынушылар осы заттарды көбінесе дәріханада алуды ұнататындығы анықталды. Дәрілерді сатып алудың осы орнын респонденттердің 92,9% көрсетті. Тек қана тұтынушылардың 7,1% дәрілік препараттарды дәріханалық дүңгіршектерде, супермаркеттерде және басқа жерлерде сатып алатынын көрсетті (сурет 5).
Сурет 5 – Дәрілік / медициналық препараттарды сатып алу орны.
Дәрілік препараттарды сатып алғанда респонденттер көбінесе олар сатып алатын тауардың сапасына көңіл бөледі (бұндай жауапты дәрілік препараттарды тұтынатын сатып алушылардың 88 пайызы берді). Тұтынушылардың тек 12 пайызы ғана дәрілерді таңдап алғанда олардың сапасына емес, көбінесе бағасына қарайды (сурет 6).
Сурет 6 – Дәрілерді / медициналық препараттарды сатып алғанда бағасына көңіл бөлу
Аптасына 2 – 3 рет дәріханаға баратын респонденттерге 16 мен 24 жас аралығындағы адамдар жатады, дәріханаға айына бір реттен көп баратын респонденттерге 55 – тен бастап және жоғары жастағы тұтынушылар жатады. Осы топқа көбінесе қызметкерлер мен зейнеткерлер жатады.
Сатып алушылардың белгілі бір дәріханаға әрқашан барып жүруі бірнеше факторлармен анықталады. Дәрілік препараттарды сатып алғанда респонденттер үшін провизордың ықыласпен көңіл бөлуі маңызды фактор болып табылады. Осындай жауапты 820 адам (72,6%) көрсетті. Сонымен қатар маңызды факторлардың бірі болып дәріхананың орналасқан жері – 650 адам (57,5%) және қолайлы бағалар – 790 адам (70%) саналады. Ассортимент кеңдігі мен тез қызмет көрсетуді сәйкесінше 510 адам (45%) және 410 адам (36,3%) көрсетті.
Зерттеу барысында провизордың кәсіби қасиеттерін және дәріханадағы қызмет көрсету сапасын бағалау керек болды. Респонденттердің 49,6% дәріханадағы қызметкерлердің қасиеттерін жақсы деп бағалады, ал 7,1% қанағаттанарлық деп бағалады. Респонденттердің 58,4% дәріханадағы қызмет көрсету сапасы жақсы деп санайды.
Сонымен бірге респонденттер үнемі сатып алатын дәрілік препараттардың тізімі анықталды. Халық арасында неғұрлым кең тараған дәрілік препараттар болып дәрумендер (77,9%), суық тию мен тұмауға қарсы дәрілер (73,5%), ауырмайтындай етуге (жансыздандыруға) бағытталған дәрілер мен қызуды төмендететін дәрілер (63,7%), жөтелге және тамақ ауруына қарсы дәрілер (57,5% және 54%) саналады (кесте 5).
Кесте 5 – Үнемі сатып алынатын дәрілік препараттар
Дәрілік препараттар |
% |
Дәрумендер |
77,9 |
Суық тию мен тұмауға қарсы дәрілер |
73,5 |
Ауырмайтындай етуге бағытталған дәрілер мен қызуды төмендететін дәрілер |
63,7 |
Жөтелге қарсы дәрілер |
57,5 |
Тамақ ауруына қарсы дәрілер |
54 |
Дәріқағазсыз (рецепті жоқ) дәрілік препараттарды сатып алғанда тұтынушыларға белгілі бір факторлар әсер етеді. Осы факторлардың арақатынасын өнімді нарыққа жылжытқан кезде есепке алу маңызды болып табылады.
Дәрігердің ұсыныстары, фармацевтің кеңестері, сонымен бірге дәрілік препараттардың бағасы мен оның тиімділігінің арақатынасы дәріқағазсыз дәрілік препараттарды сатып алған кезде неғұрлым жиі әсер ететін факторлар болып табылады. Тұтынушылардың жартысы дәрілік препараттарды сатып алған кезде өздері бұрын пайдаланған дәрілерді алады. Дәрілік препараттарды сатып алғанда тұтынушылардың 20% жарнамаға сенеді. Соның ішінде респонденттердің 16% дәріханадағы жарнамаға, ал қалған сатып алушылар бұқаралық ақпарат құралдарына (БАҚ) сенеді.
Дәрілік препараттарды таңдағанда тұтынушылар мыналарды басшылыққа алады:
Өзіндік тәжірибесі. Тұтынушылардың негізгі бөлігі өзін нашар сезінген кезде дәрігерге бармай, тексеруден өткен дәрілік препараттарды қолданады. Бұл ОРЗ мен ОРВ-ді емдеуге арналған халық арасында кең тараған дәрілерге қатысты.
Дәрігер кеңесі. Негізінен дәрігерге екі жағдайда: «қатты қысқан кезде» немесе «бұндай бұрын болмаған кезде» барады.
Таныс адамдардың кеңесі. Таныстардың кеңесіне негізінен аурулардың алдын алу кезінде жүгінеді.
Жарнама. Көптеген адамдар дәрілерді сатып алғанда жарнамаға сүйенетінін мойындамайды. Сонымен бірге, кейбіреулері жарнаманы естіген кезде көбінесе жарнамаланған дәрілік препаратқа сапалы зат ретінде сенім білдіретінін айтады.
Фармацевтердің кеңестері. Адамдардың көпшілігі алдымен дәрігерге бармай, дәріханаға барып, сол жерде кеңес сұрайды. Бұл жағдай келесі суретте көрсетілген:
Сурет 7 – Дәрілерді таңдау қалай жүзеге асырылады.
Сатып алушылардың экономикалық жағдайының деңгейін анықтау үшін оларға қажетті дәрілерді сатып алу мүмкіндігі туралы сұрақ қойылды. Тұтынушылардың жартысынан көбі (51,8%) қажетті дәрілердің тек кейбіреулерін сатып алуға мүмкіндігі бар деп жауап берді. Бірақ сатып алушылардың 46,4% - да қажетті дәрілерді әрдайым сатып алуға мүмкіндігі бар.
Содан кейін респонденттер дәріханадағы бағалар деңгейін анықтауы керек болды. Тұтынушылардың 7,6% дәріханадағы бағаларды жоғары, 69,8% - орташа, 11,3% - төмен деп санайды.
Бірақ, жоғарыда айтылғанға қарамастан, тұтынушылардың көп бөлігі (80,4%) дәріханадағы бағаларды қолайлы деп санайды.
Зерттеу нәтижелерін қорытындылай келе дәріхананың орташа сатып алушысын сипаттауға болады. Бұл айына 2–3 рет дәріханаға баратын, қажетті заттарды, соның ішінде дәрілерді сатып алуға табысы жететін жоғары білімі бар, орта жастағы әйел.
Тұтынушының дәрілік препараттарды сатып алу туралы шешіміне провизор үлкен әсер етеді. Провизор осы салада сарапшы болғандықтан, тұтынушыға белгілі бір дәрілік препарат туралы кеңес бере алады. Көбінесе провизордың кеңесі сатып алушы үшін шешуші болады.