
- •1. Маркетингтік зерттеулердің теориялық негіздері
- •Маркетингтік зерттеулердің мәні
- •Маркетингтік зерттеулердің бағыттары мен классификациясы.
- •2. Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық нарықтың жағдайын талдау және бағалау.
- •2.1. Қазақстанның дәрілік препараттар нарығының жалпы сипаттамасы.
- •2.2. Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығын талдау («Химфарм» компаниясының мысалында)
- •2.3 Дәрілік препараттарды сатып алушылардың тұтынушылық таңдауларын зерттеу
- •3. Фармацевтикалық нарықты жетілдірудің негізгі бағыттары
- •3.1. Дәрілік препараттар нарығын дамытудың бағыттары бойынша ұсыныстар
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе ……………………………………………………………………….….. .3
Маркетингтік зерттеулердің теориялық негіздері..........................................5
Маркетингтік зерттеулердің мәні.............................................................. 5
Маркетингтік зерттеулердің бағыттары мен классификациясы............. 6
Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық нарықтың жағдайын талдау және бағалау...........................................................................................9
Қазақстанның дәрілік препараттар нарығының жалпы сипаттамасы.....9
Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығын талдау («Химфарм» компаниясының мысалында)............................................ 11
Дәрілік препараттарды сатып алушылардың тұтынушылық таңдауларын зерттеу..................................................................................26
Фармацевтикалық нарықты жетілдірудің негізгі бағыттары.......................34
Дәрілік препараттар нарығын дамытудың бағыттары бойынша ұсыныстар...................................................................................................34
Қорытынды............................................................................................................37
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................39
К І Р І С П Е
Қазіргі замандағы әлемдік медицина әртүрлі дәрілік препараттардың шамамен он мыңдай түрін пайдаланады. Медициналық тәжірибеде қолданылатын маңызды препараттардың тізіміне шамамен 700 түрі кіреді. Әлемдік елдердің бірде біреуі медикаменттердің толық номенклатурасын өндіре алмайды. Әлемнің дамыған елдері маңызды дәрілердің өндірісін қамтамасыз етуге, ал тапшылықты өзара жабдықтаулармен толықтыруға тырысады. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсібі дамуы жағынан артта қалды. Біздің мемлекетіміздің қажеттілігі соммасы 500 миллион АҚШ долларынан асатын медикаменттерге болып отыр. Ішкі күштер жылына қажеттіліктердің 11 пайызын қамтасыз етеді. Қалғаны жақын және алыс шетелден импортталады. Осыған байланысты, бүгінгі күні республиканың денсаулық сақтау басқармасы шетелден дайын дәрілік препараттарды сатып алу үшін қажет валюталық құралдардың бар болуына 94 пайыздан астам тәуелді.
Нарықтық экономикаға өту кезеңінде Қазақстан Републикасында қалыптасқан қаржылық тапшылық кезінде дәрілік препараттар импортына тәуелділік дәрілік қамтамасыз ету жағдайын кенет нашарлатты. ЮСАИД мәліметтері бойынша, Қазақстандағы медикаменттердің бағасы (2005 жылы) 1993 жылмен салыстырғанда 386 ретке ұлғайды. Өзіндік дамыған фармацевтикалық өндірістің болмауы нәтижесінде бұл жағдай әлеуметтік маңызы бар мәселеге айналды. Сонымен қатар, импорт бойынша дәрілік препараттарды сатып алуды жалғастыру экономикалық мағынада мынаны білдіреді – шетелдік фармацевтикалық фирмаларды қазақстандық қаржы көздерінен қаржыландыру.
Осының барлығы фармацевтикалық нарық құрылымын зерттеудің өзектілігін және оны жетілдіру бағыттарын жасауды көрсетеді.
Курстық жұмыстың мақсаты – дәрілік препараттар нарығын зерттеу, проблемаларды анықтау және осы нарықты жетілдіру үшін ұсыныстар беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
маркетингтік зерттеудің теориялық аспектілерін зерттеп білу;
дәрілік препараттар нарығына жалпы сипаттама беру;
«Химфарм» акционерлік қоғамының жалпы сипаттамасын беру;
дәрілік препараттар нарығын зерттеу және талдау;
осы нарықтағы проблемаларды анықтап, оларды шешу жолдарын ұсыну.
1. Маркетингтік зерттеулердің теориялық негіздері
Маркетингтік зерттеулердің мәні
Маркетингтік зерттеулер – бұл анықтау тиімділігін жоғарлатуға және маркетингтік мәселелерді (мүмкіндіктерді) шешуге бағытталған ақпаратты идентификациялау, жинау, талдау және таратудың жүйелі және объективті үрдісі.
Олардың негізгі мақсаты маркетингтік шешімдерді қабылдау және олармен байланысты белгісіздік деңгейін төмендету үшін ақпараттық – талдау базасын құру болып табылады.
Міндеті – ақпараттық қажеттіліктерді бағалау және шаруашылық субъектісінің қызметінің шынайы жағдайын көрсететін объективті, сенімді, дәл уақыттағы ақпаратпен қамтамасыз ету.
Осындай зерттеудің пәні – нарықтағы маркетингтік қызмет, сондай-ақ онымен байланысты нарықтық үрдістер.
Объект ретінде шаруашылық субъектінің өзі, ол қызмет жасайтын маркетингтік орта, ол бәсекелік белсенділігін көрсететін нарық, сонымен бірге тауарлық, бағалық, коммуникациялық және өткізу қызметі саласындағы онымен жүргізілетін маркетингтік тырысулар болуы мүмкін.
Маркетингтік зерттеулер басқарушылық үрдістің барлық кезеңдерінде ақпараттық – біріктіруші рөл атқарады және шаруашылық субъектінің маркетингтік қызметін жоспарлау, мәселелерді шешу және бақылау үшін сенімді ақпараттық база болып табылады.
Маркетингтік зертеулерді жүргізуге қажеттілік мына жағдайларда болады, егер шаруашылық субъектісі:
қойылған корпоративтік және маркетингтік мақсаттарға жетпесе;
бәсекелік стратегиялар мен бәсекелік белсенділіктің тиімділігін бағаласа;
өсу стратегиясын іске асыруды жоспарласа;
инвестициялық жобалармен байланысты жаңа портфельді стратегияларды жасаса;
сегментеу және позициялаумен байланысты функционалдық стратегияларды таңдаса.
Маркетингтік зерттеулердің бағыттары мен классификациясы.
Маркетингтік зерттеулердің міндеттері стратегиялық және тактикалық сипатта болуы мүмкін және шаруашылық субъектінің бәсекеге қабілеттілігіне маркетингтік ортаның әртүрлі факторларының әсер ету дәрежесін анықтауға бағытталуы мүмкін. Осыған байланысты маркетингтік зерттеулер келесідей болуы мүмкін:
сыртқы – маркетингтік макро ортаның факторларын (демографиялық, экономикалық, табиғи, технологиялық, әлеуметтік – мәдени), тұтынушыларды, бәсекелестерді, делдалдарды, жабдықтаушыларды, байланыс аудиторияларды зерттеуге бағытталған.
ішкі – шаруашылық субъектінің ішкі ортасын зерттейді (өндіріс, қаржы, НИОКР, маркетинг, ұйымдастырушылық құрылым мен менеджмент, персонал мен корпоративтік мәдениет).
Кесте 1 – Маркетингтік зерттеулер классификациясы.
№
|
Классификация белгілері |
Маркетингтік зерттеулер түрлері |
1 |
Зерттеулер бағыттары бойынша |
|
2 |
Қолдау саласы бойынша |
|
3 |
Зерттеулік дизайн бойынша |
|
4 |
Зерттеулердің мақсаты мен типіне байланысты |
|
5 |
Қолданылатын ақпарат көздеріне байланысты |
|
6 |
Алынатын нәтижелердің сипатына қарай |
|
7 |
Проблеманы қамту дәрежесіне қарай |
|
8 |
Зерттеулерді жүргізу тұрақтылығына байланысты |
|
9 |
Мүдделер саны бойынша |
|
10 |
Территориялық қамту бойынша |
|
11 |
Зерттеулерді жүргізудің ұйымдастырушылық формалары бойынша |
|
Маркетингтік зерттеулер шаруашылық субъектінің сыртқы және ішкі ортасы туралы ақпарат бере алады, ал оның нәтижелері нарықтағы маркетингтік қызметтің тиімділігін жоспарлау, іске асыру және бақылау үшін негіз болып саналады.