
- •Қазақстан Білім және Ғылым Министірлігі Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық Қатынастар және әлем тілдері университеті
- •1 Маркетингтік зерттеудің мақсаты, міндеті, жалпы түсінігі
- •Қазақстандық компанияларының зерттеушілік қызметі*
- •1.1 Маркетингтік зерттеулер процесі және оның кезеңдері
- •2 Кондитерлік өнімдерінің нарықтағы алатын орны мен жалпы жағдайы
- •2.1 Әлемдік нарықтағы кондитерлік өнім саласы
- •2.2 Қазақстан нарығындағы кондитерлік өнімге жалпы шолу
- •Қазақстан нарығындағы кондитер өнімдерінің анализі
- •3 Аақ «Рахат» кондитер фабрикасы және маркетинг қызметі.
- •3.1 Аақ «Рахат» кондитер фабрикасының кондитерлік саясаты.
2 Кондитерлік өнімдерінің нарықтағы алатын орны мен жалпы жағдайы
2.1 Әлемдік нарықтағы кондитерлік өнім саласы
Әлем нарығында кондитер өнімдері үлкен концентрациялық өткізу негізімен мінезделеді. Кондитер өнімдерін өндіруде 2004 ж. лидер болып саналады:
1. Mars Inc.
2. Nestle SA.
3. Hershey Foods Corp.
4. Cadbury Schweppes Plc.
5. Kraft Foods Inc.
6. Wrigley Jr. Co. William.
7. Ferrera SpA.
8. Phizer Inc.
9. Perfetti Van Melle Group.
10. Lotte Group.
Кесте 1. Ірі кондитер өнімдерін өндірушілер.
Аты
|
Мемлекет |
Жылдық сату көлемі (млрд. АҚШ доллар) |
Mars Inc |
АҚШ |
14 |
Nestle SA |
Швейцария |
7.2 |
Hershey Foods Corp |
АҚШ |
4.12 |
Cadbury Schweppes Plc |
Ұлыбритания |
0.97 |
Әлемде кондитер өнімдерінің ірі импортшы мемлекеттердің бірі АҚШ, Германия, Франция, ал экспортшылары - Ұлыбритания, Испания, Нидерланд, Бельгия, Италия.
Кондитер өнімдерінің әлемдік нарығы жылдан жылға өсуде, бұл өнімге өспелі сұраныс реакциясын көреміз. Дамыған елдерде кондитер өнімдерін тұтыну жоғары.
Солтүстік Еуропа елдерінде кондитер өнімдерін тұтыну деңгейі әлемде ең үлкен болып байқалады. Данияда жан басына шаққандағы көрсеткіш 16.6 кг жылына. Бұл әлемдегі кондитер өнімдерін ең көп тұтынатын ел. Ал Еуропа елдерінде орташа тұтыну жан басына шаққанда 9-12 кг құрайды. Ең көп тұтыну деңгейі жан басына шаққанда 2002 ж. Швейцарияда, содан соң Португалияда, Данияда және Финляндияда белгіленген.
Диаграмма 1. Кондитер өнімдерінің тұтыну деңгейі (1адам басына шаққанда 1кг/ж )
Әлем нарығындағы кондитер өнімдерінің ерекшеліктері айрықша көрсетіледі:
Маусымдық сұраныс
Бағалы емес бісекелестік
Өндіріс қуатын барынша қолданбауы (20-30%)
Өндіріс, дәстүрлі ассортиментті шығаруға бағыт
Шикізаттың жетіспеуі
2.2 Қазақстан нарығындағы кондитерлік өнімге жалпы шолу
Қазақстанда 1999-2002 жж. кезеңінде кондитер өнімдерін өндіру көлемі 60.7% өсті.
Диаграмма 2. Кондитер өнімдерін өндіру динамикасы.
2004 ж.кондитер өнімдерін өндірумен 694 кәсіпорын айналысқан.
Кесте 2. Кәсіпорындардың аймақтар бойынша саны.
Облыстар
|
Кәсіпорын саны |
Ақмола облысы |
42 |
Ақмола облысы |
26 |
Батыс Қазақстан |
12 |
Алматы облысы |
67 |
Атырау облысы |
12 |
Жамбыл облысы |
26 |
Қарағанды облысы |
67 |
Қостанай облысы |
43 |
Қызылорда облысы |
28 |
Маңғыстау облысы |
18 |
Оңтүстүік Қазақстан |
36 |
Павлодар облысы |
33 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
13 |
Шығыс Қазақстан облысы |
91 |
Астана қаласы |
32 |
Алматы қаласы |
126 |
2004 жылы Қазақстан Республикасына кондитер өнімдерінің нарық көлемдерінің 49% импорттаған. Қазақстан Республикасын кондитер өнімдерімен жабдықтаушылар Ресей мен Украина.
1990 жылдары Қазақстан бойынша кондитер өнімдерін орташа тұтынуы жан басына шаққанда 15 кг болған, ал 2000 жылы бұл көрсеткіш 5.4 кг дейін төмендеді. Ал Еуропа мемлекеттерінде бұл көрсеткіш 12-13 кг бодса, Ресейде 13.6 кг.
Қазақстанның ішкі нарығы тұтынушы сұранысының бірқалыпты болмауымен ерекшкленеді. Тұтынушының сұранысына қарай Қазақстан аймақтарын жоғары сқраныс, орта сұраныс, ортадан төмен сұраныс және төмен сұраныс деп бөлуге боллады.
Отандық өнімдер бәсекелестігін жоғарлату қиын. Бұған себеп, шикізат импортына тәуелді болу.
Кесте 3. Шикізат импорты.
Крахмал, глюкоза |
Украина |
Кондитер майлары |
Германия |
Орама |
Ресей |
Құрал жабдықтар, саймандар |
Швейцария, Италия, Германия |
Ал енді осы ҚР Үкіметінің «Кондитерлік бұйымдардың кейбір түрлерін әкелуге уақытша қорғау шараларын анықтау мен енгізудің басталуы туралы» 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1448 қаулысы осы жылдың 7 қаңтарында күшіне енгелі бері тәттілер әлемінде айтарлықтай оң өзгерістер болып жатыр ма?» деген сауалға жауап беріп көрейік. Республика кондитерлік кәсіпорындары үшін шын мәнінде осы қаулы керек пе еді? Мұндай сұрақты қоюымыздың да өзіндік себебі бар. Өйткені республикадағы көлемі жағынан ең үлкен «Рахат» АҚ кондитер фабрикасының басшысы А.Попелюшка журналистермен баспасөз мәслихаттарының бірінде рахаттықтардың ешқандай бәсекеден қорықпайтынын, ДСҰ-ға мүше болған кезде бәсекенің көкесі бұдан да зор болатынын ашық айтып, өзге әріптестерінің Ресей мен Украина кәмпиттері алдында асып-сасқандарын түсінбейтін сыңайын ашық білдірген болатын. Өз көзқарасына деген адалдықты рахаттықтар республикадағы кондитер фабрикалары құрған ассоциацияға мүше болудан бас тартып та дәлелдегендей болды. «Импорттан қорықпауының басты себебі, «Рахат» өнімдері солтүстік, батыс аймақтағы фабрикалар секілді импорт ағынымен тікелей кездеспейді, оңтүстік өңір Ресейден алыстау жатыр. Бірақ осыдан бес жыл бұрын олар үшін де қорғаныс қажет болғанын айта кету керек» дейді қалған үш фабрика өкілдері. Сонымен, 2004 жылы ассоциация импорт өнімдерінен қорғауын сұрап, Үкіметке өтініш жазды. Себебі ресейлік және украиналық карамельдер ағынына отандық кондитер өнімдерінің шыдас беруі мүмкін емес еді. Өз рыноктарынан өздерін еріксіз тықсыра бастаған импорт тәттілерге тосқауыл қоймаса болмайтынын жоғары эшелондағылар да түсінді. Бұл кездері, яғни 2003 жылдың соңына қарай отандық рыноктың 60 пайыздық үлесі импорттық кондитер өнімдері жаулап та алған болатын. 2000 жылдан басталған «жаулап алу» 2003 жылы өз шарықтау шегіне жетіп, қалған 40 пайыздық үлеске ауыз сала бастады. Егер 2001 жылы елімізге 7 мың тонна карамель келген болса, 2004 жылдың басында оның деңгейі 70 мың тоннаға жетіп үлгерген. Ал Ресей мен Украинадан келетін шоколадтық өнімдер мен азық-түліктер 20-25 есеге өсіпті. Әрине, осындай мылтықсыз жаулап алу көрсеткіштері көз алдында тұрғанда Үкіметтің үнсіз қалуына болмайтын еді. Үкімет тарапынан қойылған шектеу кондитерлік өнімдердің тек үш тобына ғана қатыстылығына қарамастан, берген нәтижесі таудай. «Егер осындай шара үш жыл бұрын қолға алынғанда, біз бүгіндері халықаралық рынокты игере бастаушы едік» дейді еліміздегі ірі кондитерлік кәсіпорынның бірі қостанайлық «Баян-сұлу» кондитер фабрикасы АҚ басқарма төрағасы Виталий Трайбер. Шындығына келетін болсақ, қазақстандық кондитер саласының технологиялық жабдығы Ресей мен Украина стандарттарынан кем емес. Мәселе бағада болып тұр. Тұтынушы сіз бен біз секілді, әзірше бағасы арзандауына жүгіретіні белгілі. Ал шектеу қойылғаннан кейін 2004 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда, биылғы тоқсанда Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды кондитер фабрикаларының өнім шығару көлемі орта есеппен 40-50 пайызға бірден көтерілген. Егер шектеу қойылғанға дейін бұл фабрикалардың өндірістік қуатының тек 30-40 пайызы ғана жұмыс істеген болса, соңғы үш айда оның көлемі 75 пайызға жеткен. Өнімді мол шығаруға украиндық және ресейлік кондитер өнімдеріне шектеудің қойылуы тікелей әсер еткенін байқау қиын емес. Мүмкін өнімдер бағасы төмендетілген шығар деген де күмәнді ойлар тууы мүмкін. Бірақ баға сол қалпында және кейбір шикізат өнімдерінің бағасы өскеніне қарамастан, тұтынушы өз өнімімізді ала бастаған. Бұл тұтынушы үшін күрес өз нәтижесін бере бастады деген сөз. Өнім шығару өскен соң, міндетті түрде жабдықтарды да жаңалау мәселесі өз-өзінен туындайды. Соған қарай аталған фабрикалардың жабдықтарының 15 пайызы жаңартылып үлгергенін де тілге тиек етуге болады. Жаңа желілердің іске қосылуы тек осы тоқсанның өзінде қосымша жұмыс орнын 250-ге дейін көбейтуге мүмкіндік беріп отыр. Адамдарды ақысыз демалысқа жіберу де тыйылған. Тек арзан баға килігіп кетпесе болғаны. Арзан баға демекші, рыноктың қамын қатты ойлағанситын кейбір ұйымдар, әсіресе, импорт тасушылар мен олардың шетелдік әріптестері уақытша шектеудің соңын тіпті Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық теке тіреске апарып соқтыруға да бейіл. Ал кезінде Ресейдің өзі арзан украиндық карамельге 3 жылға дейін шектеу қойып, құлдырап кеткен кондитер саласын түзеп алғанын еске алғылары келмейді. Сөзіміз дәлелді болу үшін төрт жыл кейінге шегініс жасайық. 2001 жылы Ресейдің кондитерлер ассоциациясы Ресей үкіметіне өздерін украиндық арзан кәмпиттерден қорғауын сұрап, өтініш жазған болатын. Соның нәтижесінде 3 жылдық шектеу қойылып, банкротқа ұшырауға шақ қалған ресейлік кондитерлер карамельдерінің сыртын шоколадпен қаптап, әупірімдеп жатып еңселерін тіктеді. Бұл туралы бар БАҚ жазды да. Одан кейін баж салығынсыз Украинадан Ресейге қарай ағылған карамельдер бізге бет бұрды. Украинада келісі 180 теңге тұратын карамельдің біздің елде 130 теңгеден сатылатыны осы күнге дейін жұмбақ күйде қалып отыр. Украиндық Маркетинг VC атты маркетингтік агенттіктің 2003 жылғы зерттеуі бойынша, украиндық экономиканың ерекше сипаты оларға карамель бағасын 30 пайызға арзандатуға мүмкіндік береді. Кәсіпқой кондитерлердің пікірінше, олай болуы мүмкін емес. Қостанай фабрикасының басшысы Трайбер «кеденнен ешбір салықсыз бері қарай өткізілетінін есептемегеннің өзінде, өнімге жұмсалатын шикізаттың өзін 130 теңге еш ақтамайды» дейді. Жалпы, егер импорттың көлемі өз деңгейінен артып кетсе және оған қосымша демпингтік бағамен сатылатын болса, ондай импорт отандық өндірістің түбіне жетпей қоймайтыны белгілі. Сондықтан да импорттық өнімдер көлемін бақылап, реттеп отыру Үкімет басындағылардың міндеті болуы керек. Олай болмаған күнде экономикалық қауіпсіздікке сызат түседі. Және де шектеу қою дегеніңіз, тұтынушылардың құқығына қол сұғу емес, себебі импорттан қорғану мәңгілік емес, уақытша, еңсені көтеріп, аяқтан нық тұрғанша ғана. Отандық кондитерлердің бүгінгі тілегі осы. Ал импорттық өнімдерге кедендік баж салығын ендіру мемлекеттің бюджетіне кері әсер етеді деп мәлімдеушілерге де олардың айтар жауабы дайын. Бюджеттің импорт тасушылардан жоғалтатын қаржы бөлігін отандық кәсіпорындардың өнім өндіруді ұлғайтуы есебінен-ақ екі-үш есе қайтарып алуға болады. Қазақстан нарығында кондитер өнімдерін өндіру дамып, үлкен жетістіктерге жетуде. Біздің нарықта қазір қызмет көрсетіп, өнім өндіріп, тұтынушының көңілінен шығып, бәсекеге қабілеті бар кәсіпорындар біршама. Оларды атап кетсек, ААҚ «Рахат», «Баян Сұлу», «Қарағанды кәмпиттері».